Телефондық желіде қосуды орнату алгоритмі. Кез-келген станция түсетін сызықты және адрестік сигналды интерпреттеуді (интерпретировать) және желінің басқа элементтерімен өзара әсерлесу үшін қажетті сигналды генерациялауды (генерировать) білу керек. Шақыруды өңдеудің процесі келесідей операциядан тұрады:
кез-келген абоненттік немесе байланыс жолының жағдайының өзгерісін табу. Жағдайының өзгерісі адрестік ақпаратты сигналмен немесе сызықтымен байланысты болуы мүмкін. Адресті сигналдар тұрақты токтың импульсымен, номерді терудің тоналды сигналымен немесе көпжиілікті сигналмен таратылуы мүмкін;
кіріс сигналдың генерациялануы. Осы сигналдар көмегімен абоненттер оперативті түрде байланысу және ағыту процесі туралы хабар алады және станцияаралық байланыс кезінде өзара әсерлесуді қамтамасыз етеді;
станцияның коммутациялық өрісі арқылы маршрутты таңдау;
коммутациялық өрісте сөйлесу трактын орнату және оны ағыту.
Станцияда әдеттегі процестер тізбегі (типіне тәуелсіз – электромеханикалық, электрондық, цифрлық) байланысудың сәттілігі келесідей:
а) абоненттен немесе байланысу жолынан(арнадан) станцияға дейінгі ресурстарды сұратуды тауып алу;
б) талап етілген ресурстарды табу;
в) абонентке ресурстарды ұсыну туралы ескерту (мысалы, «станциядан жауап» ақпараттық сигналмен) ;
г) нөмер сандарын қабылдау және жинау, «станциядан жауап» сигналды таратуды тоқтату;
д) байланыс жолына немесе станция аралық байланыс каналдарына адресті және сызықты сигналдарды тарату;
е) станцияның коммутациялық өрісінде сөйлесу трактын орнату;
ж) шақырылатын абонент жолының жағдайын анықтау ;
з) егер жол бос болса, шақыру посылкасын (ШП) генерациялау;
и) «шақыру посылкасын бақылау» (ШПБ) сигналын генерациялау;
к) шақырылатын абоненттің жауабын табу, ШП және ШПБ тоқтатау.
Шақыруларға қызмет көрсету жүйесі. Егер КТ-де каналдардың босатылуының күту кезегі болса, онда бас тарту қызмет көрсету жүйесі орын алады. Мұндай желілерде қызмет көрсетудің сапасы бас тартудың ықтималдығымен бағаланады. Телефондық желінің кейбір КТ-рінде мысалы, қалааралық және халықаралықта пайдаланушылардың жеке категориялары үшін каналдарының босатылуының күту кезегін ұйымдастырады. Әдетте күту орындарының саны байланыстың бір бағыты үшін үлкен емес, ал күту уақыты 10 шақты секундпен шектеулі. Кезек ұйымдастырылатын КТ-де қызмет көрсетудің сапасыберілген уақытты күту ықтималдығымен бағаланады.
Телефондық байланыс желісі әртүрлі әдістермен жіктеледі. Бірінші кезекте негізгі абоненттер бөлігіне қызмет көрсетуге арналған. ТФОП жалпы пайдаланылатын телефондық желісін бөліп шығару керек. Арнайы тағайындалған және корпоротивті желілерге қарағанда, ТФОП-ға кез-келген абоненттер қосылуына болады.
Жалпы пайдаланатын телефондық желі жергілікті және қалааралық автоматты телефондық станциялардың және коммутациялық түіндердің, халықаралық коммутация орталықтарының ақырғы абоненттік құрылғыларының және де халықтың, ұйымдардың, мекемелер мен кәсіпорындардың қажеттілігін қамтамасыз ететін каналдар мен телефондық желі жолдарының жиынтығынан тұрады.
12.2 – суретте көрсетілген ТФОП гипотетикалық моделін қарастырайық. Оның құрылымына қалалық телефондық желі (ҚТЖ – ГТС), селолық телефондық желі (СТЖ – СТС) кіреді. Модель 2 тораптық аудандардан тұрады. Тораптық аудандардың номері барлық қызмет көрсететін коммутациондық станциялардың және қосылатын телефондық аппараттардың (ТА) бірінші саны ретінде көрсетілген. Әрбір тораптық ауданның құрамына шығатын хабарлама тораптары (ШХТ – ШСТ) және кіретін хабарлама тораптары (КХТ – КСТ) кіреді. Егер коммутациондық құрылғы КСТ және ШСТ ретінде қолданылса, онда ол шығатын және кіретін хабарлама торабы (ШКХТ – ШКСТ) деп аталады.
Сол жақта тек бір аудандық АТС (ААТС –РАТС) көрсетілген. Оған «15» нөмірі берілген. Бірінші сан тораптық ауданды көрсетеді, ал екіншісі – коммутациялық станцияның реттік нөмірі. Абоненттер терминалы бірінші тораптық ауданның бесінші РАТС-на 3 әдіспен қосылған. Терминалдардың бірінші ТА 1501 РАТС-ға жеке абоненттік жолмен (АЖ –АЛ) қосылады. Үшінші позициядағы «0» саны РАТС және берілген терминал арасындағы аралық коммутациялық түіндердің жоқтығын білдіреді. Екінші терминал ТА1542 төртінші концентраторға(К) қосылған. Ол РАТС-мен қосушы жол (ҚЖ – СЛ) шоғырымен байланысқан. Үшінші терминал ТА1573 РАТС15 қызмет көрсету аумағында орналасқан, аналогты коммутациялық құрылғылар арасында 7-ші номерді иемделген мекемелік АТС-ға (МАТС – УАТС) жатады. РАТС15 үшін арнайы қызмет торабына (АҚТ – УСС-узел спецслужбы) шығуға 2 нұсқа көрсетілген. Қалада ұйымдасқан АҚТ шұғыл және ақпаратты-анықтамалық қызметтерге шығуды қамтамасыз етеді. АҚТ абонентпен терілген нөмірді анализдейді және сәйкес келетін шақыруға қызмет көрсету орталығымен (ШҚО – ЦОВ – центр обслуживания вызова) байланысты орнатады.
Екінші тораптық аудан үшін афтоматтық қалааралық телефондық станциямен (АҚТС – АМТС) бірге РАТС26 байланыс принципі көрсетілген. Шығатын қалааралық байланыс тапсырыс – қосатын жол (ТҚЖ – ЗСЛ заказно-соединительная линия) шоғыр бойынша жалғау орындалады. АМТС-дан байланыс үшін қалааралық хабарламалық кіріс торабы (ҚХКТ – УВСМ) пайда болады. Ол АМТС және РАТС-пен халықаралық байланыспен қосатын жол шоғырымен байланысқан.
12.2 – сурет. ТФОП гипотетикалық моделі
Төменгі оң жақтағы бұрышты СТС-тың жалпы құрылу принципі көрсетілген. Әрбір селолы административті ауданда орталық станция (ОС – ЦС) немесе село-қала маңайы байланыс торабы (УСП – узел сельско-пригородной связи) орнатылады. Олардың айырмашылығы, ЦС-ке аудандық орталықтың қалалық АТС функциялары салынған. Тоғызыншы ЦС үшін ақырғы станциялардың (АС – ОС) қосылу принциптері көрсетілген. СТС – құрылымының сұлбасын радиалды және радиалды-түіндік деп айыруға болады. Үшінші ОС радиалды сұлба бойынша қосылған. Екінші позициядағы «0» саны ЦС және ОС арасында тораптық станцияның жоқ екенін көрсетеді. Бірінші және екінші ОС радиалды-түйіндік сұлба бойынша қосылған. Олар әртүрлі ОС арасындағы абоненттермен байланысты қамтамасыз ететін УС-мен және ЦС-тың шығысымен байланысты.
РАТС-ны цифровизациялау кезінде оны ОПС – опорная станция деп атап кетті. Цифрлық коммутациондық қондырғы комбинирленген станцияларды құруға мүмкіндік береді яғни ТС және ОПТС. Оларға «опорно-транзытные станция» деген анықтама берді.
Достарыңызбен бөлісу: |