1.Көліктегі қылмыстарды тергеу әдістемесі
Жол-көлік оқиғасыньң тергеу тәжірибесін талдап жалпылау оның типтік тергеу ситуацияларын толық қалыптастыруға, сондай-ақ солардың негізінде жол-көлік оқиғасының тергеу жоспарын ұтымды түрде пайдалану үшін қажетті жедел-іздестіру шараларын және алғашқы тергеу әрекеттерінің жиынтығы мен типтік тергеу болжауларын құруга мүмкіндіктер береді.
Жол-көлік оқиғасын тергеуді дер кезінде жоспарлау қылмыс түрінің объективті әрі нәтижелі тергелуіне белгілі бір дәрежеде маңызды әсер етеді. Ол алғашқы алынған фактілік мәліметтерге сәйкес жүзеге асырылады. Жол-көлік оқиғасының жоспарын құру кезінде тергеуші ситуацияға байланысты және құрылған болжаулар бойынша тергеу әрекеттерін жүргізудің тиімді кезектілігін, сондай-ақ қажет болған жағдайларда жол-көлік оқиғасы болған орыннан кетіп калған көлік құралдары мен жүргізушілерді іздеп табуға бағытталған жедел-іздестіру шараларын жүргізуді анықтауы тиіс.
Берілген категориядағы іс бойынша оқиға болған жерді қарау әрекеті көлік апаты жайында хабар келіп түскеннен кейін дереу түрде жүргізілуі тиіс. Келіп түскен мәліметтерді қабылдағаннан кейін тергеуші оқиға болған жерге жылдамдатып жетуі қажет, ол оқиға болған жерге шықпай турып, мүмкіндігінше, оқиға қашан, қай жерде болғандыгы туралы және кімдер зардап шеккендігі, нақты осы сәтте оқиға болған жерде не болып жатқандығы жөніндегі мәліметтерді барынша нақты анықтап алғаны жөн. Бұл мәліметтер оқиға болған жерге шақырылатын қатысушы тұлғалардың қатарын анықтау мен қарау кезінде қолданылатын техникалық құралдар мен жабдықтарды іріктеп алуға біршама көмегін тигізеді.
Оқиға болған жерді қарауға міндетті түрде: автотехник, криминалист, сот-медицина маманы, куәгерлер, қажет болған жағдайларда қылмыстық іздестіру қызметкерлері қатыстырылады. Мүмкіндігінше жол-көлік оқиғасына катысты жүргізушілерді де оқиғаны қарау әрекетіне қатыстырган дұрыс. Оқиға болған жерге келгеннен кейін тергеуші төмендегідей әрекеттерді жүргізуі қажет:а) жол-көлік апатының зардаптарын жоюға байланысты барлық қажетті шаратар қолдангандыгына көз жеткізуі (жәбірленушіге қажетті көмек көрсету, жәрдем жасау, өрт сөндіру т.б.) және қажетті әрекеттерді ұйымдастыруы немесе жеке өзі жүргізуі тиіс; ә) оқиға болған жердің шекарасын анықтауы және ол жерден артык адамдардың кетуін талап етуі, сондай-ақ оқиға болған жерге күзет қою шараларын жүргізуі керек; б) апатты көзімен көрушілер мен оқиғаға қатысты көлік құралының жүргізушісін анықтау, олардың құжаттарын (жүргізу куәлігін, көліктің техникалық паспортын, жолдама кағазын, жук тасуға байланысты берілетін накладнойларды) алуы қажет; в) мае күйінде болған-болмағандыгын анықтау мақсатында жүргізушіні медициналық куәландыруға жіберуі тиіс;г) көлік жүргізушісі оқиға болған орыннан жасырынып кетіп қалған жағдайларда, оны іздестіру мен ұстау шараларын ұйымдастыру қажет; д) тергеуші оқиға болған жерге келгенше оқиғаның жағдайына қандай да бір өзгерістер енгізілгендігін немесе енгізілмегендігін анықтауы керек. Жағдайдың жай-кұйін өзгеріссіз сақтап қалу мүмкіндігі болмаған жағдайларда көлік құралдарының турған орны бекітіледі, жәбірленушінің орналасу жағдайы, қан іздері, жанар-жағармай материалдары, көлік құралының детальдары мен бөлініп қалған бөлшектері, жүктер және т.б. белгіленеді. Қарау әртүрлі тәртіпте жүргізілуі мүмкін. Мақсатты түрде алдымен жол учаскелері қаралып, содан кейін оқиға болған жер тексерілуі қажет Себебі жол бойындағы немесе т.б. жерлердегі іске кажетті іздер мен басқа да заттай дәлелдемелер жаяу жүрген адамдармен, болмаса көлік құралдарымен жойылып кетуі ықтимал. Содан кейін шыны үгінділерінің, шашыраған балшықтар, жүктен қалған бөлшектер, жол бетіндегі іздердің орналасуы және т.б. бойынша апат болған жердің орталыгы анықталады.
Жоғарыда аталған барлық объектілер олардың орналасқан жері мен көлемдері көрсетіле отырып бекітілуі тиіс. Оларды белгілі бір қөзғалмайтын объектілерге (мысалы, жолдың жагасына, жиегіне, электр бағаналарына және т.б. объектілерге) қатысты бекітеміз.
Әсіресе тежеу іздерін анықтау мен оларды өлшеудің маңызы ерекше. Тежеуішті жедел басқан кезде жолда май жағылған сияқты протектордың таңбасы қалады. Ол бойынша көлік куралының жүру жылдамдыгы мен қөзғалыс бағытын анықтауға болады.
Көлік құралы тайған немесе ол аударылып-төңкеріліп қалған жағдайдаларда оның бурылу радиұсын, жол учаскесінің айналмасының радиұсын анықтау керек. Бұл үшін арнайы мамандар қатыстырылады.
Жолдың, болмаса көшенің түйіскен жерінде соқтыгысу болған жағдайларда, түйіскен жердің өзі қарауға жатады, оған келу мен одан кету, бағдаршамдар, жол белгілері (егер болса), жолды кесіп өтетін белгілер және т.б. қаралып тексеріледі.
Басып өзу кезінде соқтыгысқан жағдайда жол қөзғалысы болған учаскелеріне қарау әрекеттері жүргізіледі. Жолдың тегістік жағдайына, жол белгілерінің көрініп туруына аса назар аударылуы қажет.
Барлық жағдайларда көлік куралының қөзғалыс бағытын анықтап, оқиға болған сәттегі қөзғалысқа катысты жолдың (көшенің) жүретін бөлігін екі жак бағытынан енін бекіту керек.
Мәйітті қарау әрекеті криминалистикамен қалыптастырылган жалпы ережелер бойынша жүргізіледі. Бірақ, жол-көлік оқиғасы ерекшіліктеріне байланысты қараудың бұл түріне кейбір ерекшіліктер тән. Мәйіт пен оның киімдерін қараудың нәтижелері оқиғаның механизмін, оның болу себептерін анықтауға, ал кейбір жағдайларда жол-көлік оқиға бодцы деп инсценировкаланган кездерде қылмыстың болған орны осы жер деп қорытындылар жасауға мүмкіндіктер тугызады, сонымен катар жәбірленушінің киімінен табылған бөлшек іздері бойынша көлік құралдарын идентификациялауға болады
Достарыңызбен бөлісу: |