4. Ұсынылатын шаралар.
Кәмелетке толмағандарға қатысты жасалатын қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу шеңберінде:
1) бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып, профилактикалық жұмыс жүргізуге:
- ата-аналар, педагогтар және кәмелетке толмағандар арасында кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау саласындағы заңнаманың талаптары туралы, оларды сақтау қажеттілігі және оларды бұзған жағдайда нақты құқықтық салдарлардың туындау мүмкіндігі туралы құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
- ересектер мен балаларды арнайы брошюралар, бейнероликтер дайындау арқылы олардың құқықтары мен міндеттерін бекітетін құқықтық актілермен таныстыру;
- ғаламтор-ресурстарда жасөспрімдерге қарсы қылмыстың ағымдағы жағдайын, оның кең таралған түрлерін, жасалу тәсілдері мен оларға қатысты қылмыс жасауға неғұрлым бейім адамдарды және т.б. жариялау.
2) кәмелетке толмағандардың жеке қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдау:
- жасөспірімдерді қылмыс фактілері туралы хабарламаларды жіберуге болатын мекенжайлар мен телефондар туралы ақпаратпен қамтамасыз ету;
- «мектеп оқушысының қауіпсіздік паспорты» қауіпсіз жүріс-тұрыс қағидаларын шығару және тарату;
- жағдайларды модельдеу арқылы арнайы симуляциялық тренингтер өткізу, іс-әрекет алгоритмін тәжірибелік өңдеу.
3) кәмелетке толмағандарға оң ықпал ету жолымен отбасы мен баланы қолдау бөлігінде мемлекеттің әлеуметтік саясатын жүргізу.
Уақытылы көрсетілген әлеуметтік-психологиялық және педагогикалық көмек (психологтар, әлеуметтік қызметкерлер, медициналық бағыттағы педагогтар) отбасында мінез-құлықты қалыптастыруға оң әсер етеді.
Кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстардың профилактикасында, әлеуметтік және медициналық қызметкерлер волонтерлік негізде терапия және мұқтаж адамдардың бейімделуін жүргізетін адамдарға байланысты проблемаларды шешуге көмек көрсететін арнайы медициналық мекемелерді құру да өз ықпалынтигізеді.
Сонымен қатар, мамандарды зорлық-зомбылық құрбандарымен жұмыс істеу бойынша, оның ішінде жасырын құрбандарын анықтау бойынша оқыту жұмыстарын жүргізу қажет.
Сондай-ақ әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, зорлық-зомбылық құрбандарына қолдау көрсету шеңберінде кәмелетке толмаған- жәбірленушілерге келтірілген зиянды міндетті түрде өтеу туралы мәселені қарау қажет.
Құқықтық қорғау құралдарын белсенді пайдалану құрбандардың психологиялық оңалуына және олардың әділ сот төрелігіне деген сенімін қалпына келтіруге ықпал етер еді.
4) қолданыстағы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу шеңберінде телекоммуникация желілерін пайдалану жолымен кәмелетке толмағандармен байланысқа түскен адамдардың, оның ішінде адамдардың белгісіз тобына жолданған хабарламаларды тарату кезінде қылмыстық жауаптылығын көздеу ұсынылады.
Жалпы кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстық құқық бұзушылықтарды төмендету динамикасыныңнәтижелі болуы көп аспектілікті, кешенділікті, елеулі материалдық, ұйымдастырушылық және өзге де шығындарды, әртүрлі мемлекеттік органдар мен қоғамдық құрылымдардың күш-жігерін біріктіру мен үйлестіруді талап етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |