1 Жаза тайынду институтының қалыптасуы мен дамуының тарихи кезеңдері


Аса  қатыгездікпен,  садизммен,  қорлаумен,  сондай



жүктеу 1,61 Mb.
Pdf просмотр
бет42/82
Дата26.03.2022
өлшемі1,61 Mb.
#37927
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   82
Binazarov KR Kilmistik atkaru ОҚУЛЫҚ

Аса  қатыгездікпен,  садизммен,  қорлаумен,  сондай
-
ақ  жәбірленушіні 
қинап қылмыстық құқық бұзушылықты
 
жасау
 
Бұл  аталған  белгілердің  бәрі  субъектіні  барынша  кері  жағынан 
сипаттайды: қаныпезерлік, мейірімсіздік, ашкөздік, т.б. Бұл белгілер баламалы
 
ұғымдар деп аталатын дәрежелеуге жатады.
 
Қылмыстық заң
 
«қатыгездік»
 
терминіне ерекше мән береді. Бұл мән
-
жай 
үшін қатыгездіктің түрлері оның пайда болуының ерекше жай
-
жапсарына тән 
болып  келеді.  Сондықтан  сот  тәжірибесі  қатыгездіктің  пайда  болуы  мен 


73 
айрықша қатыгездіктің мазмұндық жағын шектеуі керек.
 
Аса қатыгездік қылмыстық құқық бұзушылық
 
жасау процесінде ерекше 
азаптау, жапа шектіру, т.б. көрінуі мүмкін (қинау, азаптау, көп көлемде дене 
жарақатын  салу,  өте  қинайтын  уды  пайдалану,  мәйітті  қорлау,  т.б.).
 
Аса 
қатыгездік,  мәселен,  жәбірленуші  адамның  жақындарының  көзінше,  оларға 
бұл ерекше жан күйзелісін келтіретінін сезіне отырып, кісі өлтірген жағдайда 
да көрінуі мүмкін.
 
ҚР  Жоғарғы  Сотының  1994  жылғы  23  желтоқсандағы  «Соттардың 
азаматтардың  өмірі  мен  денсаулығына  қол  сұққаны  үшін  жауаптылықты 
реттейтін заңдылықтарды қолдануы туралы» №7 қаулысының 8
-
тармағында: 
«
Аса  қатыгездікпен  жасалған  қасақана  кісі  өлтіруді  сипаттайтын  мән
-
жайларды бағалау кезінде аса қатыгездік тек объективті іс
-
әрекеттерден ғана, 
сондай
-
ақ айыпкердің өзінің іс
-
әрекетіне деген психикалық көзқарасынан да 
көрініс табуы мүмкін екендігін есте ұстау керек. Аса қатыгездіктің белгілері, 
атап  айтқанда,  адамның  өмірін  қию  немесе  кісі  өлтіру  процесінде 
жәбірленушіні  қинау,  азаптау  немесе  оны  қорлау  жағдайларында,  не  кісі 
өлімі  айыпкер үшін алдын ала белгілі болған, жәбірленушіге айрықша азап 
шектіру  тәсілдерімен  (жәбірленушіге  өте  көп  дене  жарақатын  салу,  ерекше 
әсер  ететін  уды  пайдалану,  тірідей  өртеу,  ұзақ  уақыт  тамақсыз,  сусыз 
қалдыру, т.б.) жасалған жағдайларда орын алады" 
-
деп атап көрсетілген.
 
Бұл  нұсқауды  ҚР  Жоғарғы  Сотының  2002  жылғы  15  тамыздағы  «Сот 
үкімі  туралы»
 
нормативтік  қаулысы  толықтыра  түседі:  «Айыпталушыны 
бағалауға  жататын  белгілер  бойынша  (мысалы,  аса  қатыгездік,  қоғамды 
көрінеу сыйламау, елеулі түрде құқықты бұзу, туындаған ауыр салдар, т.б.) 
қылмыс  жасағаны  үшін  кінәлі  деп  тани  отырып,  сот  үкімнің  дәлелдеу 
бөлігінде  жасалған  әрекетте  сол  немесе  өзге  дәрежелеу  белгісінің  болуы 
туралы  қорытынды  жасау  үшін  негіз  болып  табылатын  мән
-
жайларды 
келтіруге міндетті»

Аса  қатыгездік  тек  кісі  өлтіруге  қатысты  ғана  емес,  сондай
-
ақ  басқа 
қылмыстық құқық бұзушылықтаға
 
қатысты да (денсаулыққа қарсы, құқыққа
 
қарсы)  көрініс  табуы  мүмкін.  Қылмыстық  заңның  ережелері  бойынша 
мұндай қылмыстық құқық бұзушылықтарға
 
күш көрсетіп қылмыстық құқық 
бұзушылық
 
жасау жатады. Оларда адамның денсаулығы, абыройы және ар
-
ұжданы  қылмыстық
-
құқықтық  қорғаудың  негізгі  немесе  қосымша  объектісі 
болып табылады.
 
Аса  қатыгездікті  жәбірленушінің  дене  күшілік  зорлық
-
зомбылық  көруі 
тұрғысында, тар шеңберде қарауға болмайды. Аса қатыгездік басқа да мән
-
жайлардан  көрінуі  мүмкін,  мәселен,  қылмыстық  ойдың,  іс
-
әрекеттің 
мазмұны,  бағыттылығы.  Аса
 
қатыгездік  белгілері  тек  кісі  өлтірумен  ғана 
емес,  сондай
-
ақ  айыпкердің  қылмыстық    құқық  бұзушылықты
 
аса 
қатыгездікпен  жасауға  бағытталған  пиғылмен  әрекет  еткенін  айғақтайтын 
басқа  да  мән
-
жайлармен  байланстырылады.  Мәселен,  мәйітті  адам 
танығысыз ету немесе кісіні өлтіргеннен кейін қорлау. Сот тәжірибесі кейде 
көп  жарақат  салуды  аса  қатыгездік  белгісі  ретінде  таниды.  Бірақ  айта  кету 
керек, соққының, жарақаттың көптігі аса қатыгездіктің даусыз белгісі болып 
табылмайды. Егер адамның ой
-
пиғылы қылмыстық құқық
 
бұзушылықты
 
аса 
қатыгездікпен  жасауға  бағытталмаған,  ал  жарақаттың  көптігі  адамның 
қылмыстық
 
құқық  бұзушылық
 
нәтижеге  жылдам  жетуге  ұмтылғанын 


74 
сипаттайтын  болса,  мұнда  аса  қатыгездік  туралы  сөз  қозғауға  болмайды. 
Мысалы,  күйеуінің  адамшылыққа  жат  қылығына
 
деген  ыза
-
кектің  әсерімен 
әйелі  оның  іші  мен  жүрегіне  пышақты  бірнеше  рет  тығып  алған.  Соттық 
тергеу  барысында  анықталғандай,  сотталушы  соққыларды  жәбірленушіні 
азаптау мен күйзелту үшін емес, жылдам өлтіру үшін жасаған.
 
Аса  қатыгездікпен  қоса  заңда  садизм,  қорлау  туралы,  сондай
-
ақ  қинау 
туралы да сөз болады.
 
Садизм 
– 
қатыгездіктің  шектен  шыққан  көрінісі,  бұл  ретте 
жәбірленушінің  немесе  басқа  адамдардың  азап  шегуінен  қылмыскер  ләззат 
алады, қанағат табады.
 
Қорлау  адамның  арұжданы  мен  қадір
-
қасиетін  төмендетумен 
сипатталады.
 
Қинау 
– 
жәбірленушіге ұзақ мерзім бойы дене ауыртпалығын шектіру. 
Қинау деп адамға азап шектіретін басқа да іс
-
әрекеттерді есептеу керек.
 
Жоғарыда  аталған  мән
-
жайлар  қылмыстық  құқық  бұзушылық
 
құрамының  белгілері  болып  табылатын  жағдайларда  олар  жауаптылықты 
ауырлататын мән
-
жай ретінде ескерілмейді.
 

жүктеу 1,61 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   82




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау