1 Жаза тайынду институтының қалыптасуы мен дамуының тарихи кезеңдері



жүктеу 1,61 Mb.
Pdf просмотр
бет21/82
Дата26.03.2022
өлшемі1,61 Mb.
#37927
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   82
Binazarov KR Kilmistik atkaru ОҚУЛЫҚ

 
2.2. 
Жазаны жеке даралау кезінде қылмыстық құқық бұзушылықтың
 
сипаты, қоғамға қауіптілігі дәрежесін есепке алу мәселелері
 
 
Жеке адамның жасаған іс
-
әрекеті қылмыс деп табылып, оны заң алдында 
жауапқа тарту үшін, ең алдымен сол іс
-
әрекеттің қоғамға қауіптілік сипаты 
болуы қажет.
 
Қылмыстық  құқық  бұзушылықтың
 
қоғамдық  қауіптілігін  ескеру  тек 
қылмыстық жауапқа тарту сатысында ғана емес, жаза тағайындау кезінде де 
міндетті  болып  есептеледі.  Бұл  мәселе
 
Қазақстан
 
Республикасының
 
қылмыстық заңының 52
-
бабында айтылған
 (34). 
Төменде  біз  жаза  тағайындау,  оны  жеке  даралау  кезінде  қылмыстық 
құқық  бұзушылық
 
сипаты, оның  қауіптілік  дәрежесі  қандай орында,  соттар 
неге баса назар аударуы керек және оның т.б. мәселелеріне тоқталмақпыз.
 
Қазіргі  қолданыстағы  қылмыстық  заң  істелген  қылмыстық  құқық 
бұзушылықтың
 
сипаты,  қоғамдық  қауіптілік  дәрежесі  туралы  анықтама 
бермегендіктен,  ол  ұғымдар  қилы
-
қилы  түсініктермен  келтіріледі.  Біз 
солардың кейбіреулеріне тоқталып
 
өтсек дейміз. Бірінші пікір 
– «
Қылмыстық 
кодекстің  Ерекше  бөліміндегі  қылмыстық  құқық  бұзушылықтардың
 
орналасуы  қылмыстық  құқық  бұзушылықтың  сипатына  байланысты»
 
делінеді
  (35)
.  Бұл  көзқарасқа  сүйенсек,  қылмыстық  заңның  Ерекше 
бөліміндегі  экологиялық  қылмыстық  құқық  бұзушылықтардың  қоғамдық 


36 
қауіптілігі 

бір  сипат,  әскери  қылмыстық  құқық  бұзушылықтардыкі
  - 
бір 
сипат,  меншікке  бағытталған  қылмыстық  құқық  бұзушылықтар
 
және  бір 
сипат болып саналуы керек.
 
Екінші  пікір 
–  «
Қылмыстық  құқық  бұзушылық
 
сипаты  дегеніміз 

қылмыстық  заңның  Ерекше  бөлімінде  көрсетілген  белгілі  бір  баппен 
сараланатын  қылмыстық  құқық  бұзушылықтарға
 
тән  ортақ  белгілері  бар 
қылмыстық  құқық  бұзушылық
 
құрамы»
 
деп  түсіндіріледі.  Дәл  осындай 
мазмұнда болмағанымен, мағыналас тұжырым А.Д. Соловьев, Я.М. Брайнин, 
М.П. Карпушин, В.И. Курляндский, Г.С. Гаверов еңбектерінде де айтылған
 
(36)
.  Бұл  авторлардың  пайымдауына  ден  қойсақ,  олардың  бәрі  бір  тектес 
қылмыстық  құқық  бұзушылықтарға
 
ортақ  сипат  тән  екендігін  айтады. 
Мысалы,
 
қасақана  кісі  өлтіру  қылмыстық  құқық  бұзушылығының
 
қай  түрі 
болсын,  бұзақылық  қылмыстық  құқық  бұзушылығының
 
қай  түрі  болсын 

бәрі бір сипатта.
 
Осы  келтірілген  пікірлерді  айтушы  авторлардың  бәрі  талқыланып 
отырған ұғымға орынсыз кең мағына беріп отырған сияқты. Бұл ойымыздың 
дұрыстығын  енді  дәлелдеп  көрелік.  Заң  шығарушы  қылмыстық
-
құқықтық 
нормалардың  санкцияларындағы  жаза  мөлшерін  тағайындау  кезінде 
(пенализация) 

әманда  қылмыстық  құқық  бұзушылықтың
 
сипатына  назар 
аударып  отырады.  Әр  сипаттағы  қылмыстық  құқық  бұзушылықтар
 
үшін 
түрлі жаза мөлшері көрсетіледі. Бұл заң әдебиетінде баяғыдан қалыптасқан 
тұжырым. Ол туралы айта берудің қажеті шамалы.
 
Жалғыз мысал, Қылмыстық кодекстің 9
9-
бабының 1
-
бөлігінде кінәліге 8
 
жылдан  15  жылға  бас  бостандығынан  айыру  жазасын,  осы  баптың  2
-
бөлігі 
жазаның  мөлшерін  10  жылдан  20  жылға  дейін  бас  бостандығынан  айыру 
жазасын  және  кейде  ату  жазасын  қолдануға  болатынын  белгілейді.  Жаза 
мөлшері  арасындағы
 
алшақтық 

ең  алдымен  қылмыстық  құқық 
бұзушылықтың
 
сипатынан  туындайды,  ендеше  жоғарыдағы  авторлар  осы 
ұғымды беруде біршама қателеседі.
 
Сондықтан  біз  кәнігі  қылмыскерлер  мен
 
қылмыстық  топ  жасаған 
қылмыстық  құқық  бұзушылық
 
мәселелеріне  арналған  еңбегінде  В.Г. 
Татарников  берген  анықтаманы  дұрыс  деп  есептейміз.  Ол:  «Қылмыстық 
құқық бұзушылықтың
 
сипаты дегеніміз 

бір бапта немесе оның бір бөлігінде 
көрсетілген белгілі бір қылмыстың өзіне ғана тән ерекшелігі»
, - 
дейді
 (37). 
Тағы  бір  еңбекте:  «Қылмыстық  құқық  бұзушылықтардың
 
сипаты 
дегеніміз
-
ауырлығына  байланысты  қылмыстық  құқық  бұзушылықтарда
 
аса 
ауыр,  ауыр,  маңызы  шамалы  деп  бөлу  арқылы  туындайтын,  әр  түрлі 
ауырлығы  бар  қылмыстық  құқық  бұзушылықтардың
 
қосындысы
»,  - 
деген 
анықтама беріледі
 (38). 
Бұл  пікірді  жақтаушылар  солай  пайымдаса  да,  олардың  біразы  осы 
пікірді алға тарта отырып, сол кезеңдегі қылмыстық заң баптарында тек ауыр 
қылмыстың
 
түпкілікті  тізімі  берілгендігін,  ал  аса  ауыр,  маңызы  шамалы 
қылмыстық  құқық  бұзушылықтар
 
туралы  ешнәрсе  көрсетілмегендігін 
мойындайды.
 
Жоғарыдағы пікір 70
-
80 жылдары айтылған болатын. Жаңа Қылмыстық 
кодексте осы мәселені түбегейлі шешіп алған сияқтымыз. Себебі, Қазақстан 
Республикасының 
1998 
жылғы  1  қаңтардан  бастап  қолданысқа  енген  жаңа 
Қылмыстық  кодексінде  отандық  заңнамалар  тарихында  тұңғыш  рет 


37 
қылмыстардың санаттарын қарастыратын арнаулы норма енгізілді. Қазақстан 
Республикасы Қылмыстық кодексінің 1
1-
бабына сәйкес:
 
«
Осы Кодексте көзделген әрекеттер сипатына және қоғамдық қауіптілік 
дәрежесіне  қарай  онша  ауыр  емес  қылмыстық  құқық  бұзушылықтарға

ауырлығы  орташа  қылмыстық  құқық  бұзушылықтарға,  ауыр  қылмыстық 
құқық  бұзушылықтарға
 
және  аса  ауыр  қылмыстық  құқық  бұзушылықтарға
 
бөлінеді.
 
Жасалғаны  үшін  осы  Кодексте  көзделген  ең  ауыр  жаза  екі  жылға  бас 
бостандығынан  айырудан  аспайтын  қасақана  жасалған  әрекет,  сондай
-
ақ 
жасалғаны  үшін  осы  Кодексте  көзделген  ең  ауыр  жаза  бес  жылға  бас 
бостандығынан  айырудан  аспайтын  абайсызда  жасалған  әрекет  онша  ауыр 
емес қылмыс деп танылады.
 
Жасалғаны  үшін  осы  Кодексте  көзделген  ең  ауыр  жаза  бес  жылға  бас 
бостандығынан  айырудан  аспайтын  қасақана  жасалған  әрекет,  сондай
-
ақ 
жасалғаны  үшін  бес  жылдан  астам  мерзімге  бас  бостандығынан  айыру 
тұріндегі  жаза  көзделген  абайсызда  жасалған  әрекет  ауырлығы  орташа 
қылмыс деп танылады.
 
Жасалғаны үшін осы Кодексте көзделген ең ауыр жаза он екі жылға бас 
бостандығынан айырудан аспайтын қаса
-
қана жасалған әрекет ауыр қылмыс 
деп танылады.
 
Жасалғаны  үшін  осы  Кодексте  он  екі  жылдан  астам  мерзімге  бас 
бостандығынан айыру тұріндегі жаза немесе өлім жазасы көзделген қасақана 
жасалған әрекет аса ауыр қылмыс деп танылады."
 
Бұл ретте, аталған норманың тұжырымы бойынша, кез келген іс
-
әрекетті 
тиісті  ауырлықтағы  қылмыс  деп  тану  оны  жасау  сатысына  (аяқталған 
қылмыс,  қылмыс  жасауға  дайындалу  және  оқталу),  қылмыстық  құқық 
бұзушылық
 
жасаған адамның жас шамасына (адамның жасы он сегізге толды 
ма,  жоқ  па),  сондай
-
ақ  оның  қылмысқа  қатысу  формасына  (орындаушы 
немесе ұйымдастырушы, азғырушы не көмектесуші болды ма) қарамайды.
 
Жаза  тағайындау  кезінде  қылмыстық  заң  сотты,  оның  бір  немесе 
бірнеше  объектіге  қол  сұғушылығына  қарамастан,  әрбір
 
қылмыстық  құқық 
бұзушылықтың
 
қоғамдық  қауіптілік  сипатын  есепке  алуға  міндеттейді.  Бұл 
орайда  ҚР  Қылмыстық  кодексінің
  52-
б
. 3-
бөлігінде  қандай  да
 
бір  шектеу 
жасалынбаған.  Керісінше,  аталған  нормада  қоғамдық  қауіптілік  сипаты 
бірінші орынға қойылған. Осыған байланысты В.Ткаченконың: «Тек бір ғана 
объектіге  зиян  келтіретін 
«
жай  құраммен
» 
қылмыстық  құқық  бұзушылық
 
жасаған  кезде,  мысалы,  ауырлататын  мән
-
жайларсыз  кісі  өлтіргенде,  оның 
сипаты  жаза  тағайындау  кезінде  ескерілуге  тиіс  емес.  Оның  тек  күрделі 
құрамды  қылмыстық  құқық  бұзушылықтар  үшін  жаза  тағайындау  кезінде 
ғана маңызы бар»
, - 
деген пікірімен келісуге болмайды
 (39). 
Егер  мұндай  позицияны  қолдайтын  болсақ,  онда,  мәселен,  сот  адамды 
«жай  құраммен»  жасалған  қылмыстық  құқық  бұзушылығы
 
үшін  соттаған 
кезде,  ал  олар  ҚР  Қылмыстық  кодексі  бойынша  барлық  қылмыстық  құқық 
бұзушылықтардың
 
үштен бір бөлігін құрайды, олардың сипатын, кейде тіпті 
соның  салдарынан  орын  алған,  түзетілуі  мүмкін  емес  зардап
-
салдарларды 
есепке  алуға  тиіс  емес,  мәселен,  әлгінде  сөз  болған  ауырлататын  мән
-
жайларсыз кісі өлтіру кезінде және басқа осыған ұқсас жағдайларда. Біздің 
ойымызша,  бұл  көзқарастың  ақылға  сыйымсыздығы  өз
-
өзінен  көзге  ұрып 
тұр.
 


38 
Сот  тәжірибесі  басқа  бағытта  қалыптасып  келеді,  оған  мысал  ретінде 
Қазақстан  Республикасы  Жоғарғы  Сотының
 
жалпы  және  нақтылы  істер 
бойынша  шығарған  көптеген  шешімдерін  келтіруге  болады.  Айталық, 
жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтың
 
сипатын есепке алу жөнінде ҚР 
Жоғарғы  Сотының  «Қылмыстық  жаза  тағайындаған  кезде  соттардың 
заңдылықтарды  сақтауы  туралы
», 
«
Контрабанда  үшін  қылмыстық 
жауаптылық  туралы  заңдылықтарды  қолдану  тәжірибесі  туралы»

«
Бұзақылық  туралы  істер  бойынша  сот  практикасы  туралы»
 
және  т.б. 
қаулыларында жан
-
жақты сөз болған.
 
Қылмыстық  құқық  бұзушылықтың  сипаты  дегеніміз 

 
әр  қылмыстық 
құқық  бұзушылықтың  (оның  белгілі  бір  тобының  емес)  өзіне  ғана  тән 
ерекшелігі.  Осыны  есте  қатты  ұстау  керек.  Қылмыстық  құқық 
бұзушылықтың
 
қоғамдық  қауіптілігі  сапалық  және  сандық  қасиеттерімен 
ерекшеленеді.  Сапалық  қасиет 

оның  қоғамдық  қауіптілігінің  сипаты, 
сандық қасиет 

оның қоғамдық қауіптілігінің мөлшері.
 
Қылмыстық  құқық  бұзушылықтың
 
сапалық  қасиеті,  яғни  оның  сипаты 
заң  әдебиеттерінде, сот
 
тәжірибесінде кейде  «қылмыстың ауырлығы»
 
деген 
атаумен көрсетіліп жүр. Республика Жоғарғы Сотының, Алматы, Қарағанды 
облыстық және Астана қалалық соттарының үкімдерімен танысу барысында, 
соттардың  көбі  жаза  тағайындау  кезінде  қылмыстық  құқық  бұзушылықтың
 
сипатын  не  оның  қоғамдық  қауіптілік  мөлшерін  емес,  оның  ауырлығын 
ескердік дегеніне бірнеше рет куә болдық. Мұндай түсінік заңның өзінде де 
ара
-
кідік кездесіп тұрады.
 
Қылмыстық
-
құқықтық  әдебиеттерде  қылмыстық  құқық  бұзушылықтың
 
сипатын жазаны жеке даралау кезінде есепке алудың қажеті жоқ, өйткені оны 
заң шығарушы жазаның мөлшерін тағайындау кезінде ескеріп қойған деген 
пікір бар
 (40). 
Бұл  пікір  дәйекті  емес.  Себебі,  заң  шығарушы  жазаның  мөлшерін 
анықтау  кезінде  тек  қылмыстық  құқық  бұзушылықтың
 
сипатын  ғана  емес, 
басқа  да  жағдайларды  ескереді.  Оларға  сотталушының  жеке  басы, 
жауаптылықты  жеңілдететін  не  болмаса  ауырлататын  және  т.б.  жағдайлар 
жатады.
 
Бір  ғана  мысал.  Бұрын  кісі  өлтірген  адамның  (кәнігі  қылмыскердің) 
қайтадан  қасақана  кісі  өлтіруін  (ҚК  9
9-
б.  2
-
б.)  жеке  ауыр  қылмыс  ретінде 
көрсете отырып, заң шығарушы тек қылмыстық құқық бұзушылық
 
сипатына 
ден қойған деген ойдан адамыз. Бұл жерде ең алдымен, қылмыскердің жеке 
басының қауіптілігі көбірек ескерілген.
 
Қылмыстық  құқық  бұзушылықтарға
 
жаза  тағайындау  тәжірибесін 
зерттеу  барысында  соттар  айыптау  үкімінде  жасалған  қылмыстық  құқық 
бұзушылықтың
 
сипаты  немен  мазмұндалатындығы,  жазаны  жеке  даралау 
кезіндегі  оның  орны  туралы  өте  сирек  айтатындығына  куә  болдық.  Негізгі 
заң 

Конституциямыздың  қағидасы 
–  «
әрбір
 
адамның  заң  алдындағы 
теңдігін»
 
есепке  ала  отырып,  соттар  қылмыстық  құқық  бұзушылықтың
 
қауіптілігін  әрқашанда  үкімде  ашып  көрсетуге  міндетті  екендігін 
ұмытпағаны дұрыс. Жаза тағайындау кезінде қылмыстың сипатын ескерумен 
қоса,  оның  сандық  қасиетін,  қылмыстық  құқық  бұзушылықтың
 
қауіптілік 
дәрежесін  ескерудің  маңызы  зор.  Енді  біз  заң  әдебиеттеріндегі  қылмыстық 
құқық  бұзушылықтың
 
қауіптілік  дәрежесі  қалай  түсініледі,  соған  тоқталып 
өтсек.
 


39 
М.  И.  Бажанов  қылмыстық  құқық  бұзушылықтың
 
қоғамдық  қауіптілік 
дәрежесінің  деңгейі  белгілі  бір  қылмыстың  ауырлығымен  есептеледі  дейді
 
(41)
. Н. А. Беляев, Л. А. Прохоров еңбектерінде бұл мәселе
 
терең зерттелмей, 
тек  қылмыстық  құқық  бұзушылықтың
 
қоғамдық  қауіптілік  дәрежесін 
сипаттайтын белгілерді тізіп берумен шектелген
 (42). 
Қайсыбір  қылмыстық  істі  алсақ  та,  олардың  сипаттары  бірегей 
болғанымен,  қоғамдық  қауіптілік  дәрежесі  әрдайым  әр  түрлі  болады. 
Сондықтан,  соттар  жаза  тағайындау  кезінде  бұл  мәселеге  мұқият  қарауы 
керек.
 
Алматы қаласы Әуезов аудандық халық сотының үкімімен азамат Б. ҚР 
Қылмыстық  кодексінің  9
9-
бабының  1
-
бөлігімен  айыпталып, 

жылға  бас 
бостандығынан айыру жазасына кесілді. Істің қысқаша мазмұны (фабұласы): 
істегі деректер бойынша сотталушы Б. дүкеннен 2 жарты арақ алып, көңілдес 
әйелі  А.
-
ның  үйіне  келеді.  А.
-
ның  үйінде  Б.  танымайтын  Толик  А.  деген 
отырады.  Үшеуі  бірігіп  арақ  ішкен  соң,  мас  болып  қалған  Толик  А.  Б.ның 
намысына тиіп, балағаттай бастайды. Оның бұрын сотталғандығын, түрмеде 
жүргенде «активист»
 
болғанын бетіне салық ете береді. Толик А.
-
ның айтқан 
сөздеріне  кектенген  Б.  қолына  түскен  пышақты  ала  салып,  оның  кеудесіне 
сұғып  алады.  Сот  жаза  тағайындай  отырып,  үкімде  қылмыстық  құқық 
бұзушылықтың
 
қоғамдық қауіптілік деңгейін жәбірленушінің адамгершілікке 
жатпайтын қылығы едәуір төмендететіндігін атап көрсетті
 (43). 
Дәл осы халық сотының үкімімен Ш. деген біреу айыпталып, 88
-
баптың 
2-
бөлігімен ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Істің 
мазмұны тура жоғарыдағы істей: Ш. өзінің көңілдес әйелінің үйіне келіп, сол 
үйде  отырған
 
Ринат  Р.  деген  азаматпен  танысып,  бірігіп  арақ  ішеді.  Мас 
болып  қалған  Ш.  қайта
-
қайта  Ринатқа  орынсыз  тиісе  береді,  өзінің 
көңілдесінен  қызғанатындығын  айтады.  Екеу
-
ара  ұрыстың  кезінде  қолына 
іліккен  пышақты  жәбірленушінің  кеудесіне  сұғып  алады.  Сот  жазаны  жеке 
даралау  кезінде  қылмыстық  құқық  бұзушылықтың
 
қауіптілік  дәрежесіне 
сотталушы іс
-
әрекеті түрткі болды, әсер етті деп атап көрсеткен
 (44). 
Қылмыстық  құқық  бұзушылықтың
 
сипатына  қарағанда  оның  қоғамдық 
қауіптілік  дәрежесі  әр  қылмыстық  құқық  бұзушылық
 
бойынша  жеке 
дараланып  тұрады.  Сондықтан  да  олар  қылмыстық  құқық  бұзушылық
 
құрамынан тысқары болып, саралау кезінде ешқандай рөл атқармаса да, тек 
қылмыстық құқық бұзушылыққа
 
дайындалу және оқталу, қылмысқа қатысу, 
жаза  тағайындау  мәселелерін  шешетін  кезде  ерекше  ескерілетіндігін  айта 
кеткен дұрыс.
 
1999 жылғы сәуірдің 30 жұлдызында болып өткен ҚР Жоғарғы
 
Сотының 
Пленумының  қаулысында  «Үкімде  істелінген  әрбір  қылмыстық  құқық 
бұзушылықтардың
 
сипатын,  оның  қауіптілік  мөлшерін  заңға  сәйкес  шешу 
керек»
 
деп атап
 
көрсетілген. Өкінішке орай, бұл айтылған талаптар көпшілік 
соттардың  үкімінде  өз орнын  таппай  отыр. Соттар көбіне  істегі  мән
-
жайды 
көрсетпей,
 
үкімде тек қана оларды есептегендігін көрсетумен ғана шектеліп 
жүр.
 
Қарағанды  облыстық  сотының  үкімі  бойынша  айыпталған  Р.
-
дың  ісі 

соның айғағы. Қылмыстық кодекстің 99
-
бабы 1
-
бөлігімен айыпталып, жазаға 
тартылған  бұл
 
сотталушының  үкімінде  қылмыстық  құқық  бұзушылықтың
 
сипаты  мен  оның  қауіптілік  дәрежесі  туралы  еш  нәрсе  айтылмай,  тек 


40 
жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән
-
жайлар тізілген.
 
Негізінде,  сот  үкімде  қылмыстық  құқық  бұзушылықтың
 
сипатын 
ескеретіндігін  жай  ғана  сөз  етіп,  содан  кейін  барып  оның  қауіптілік 
деңгейінің  дәрежесін  түгел  түстеуі  керек.  Тура  осы  мәселеге  жоғарыда 
айтылған Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 1999 жылғы 30 сәуірде 
өткен Пленумының қаулысында баса назар аударылған.
 
Жасалған  қылмыстық  құқық  бұзушылықтың
 
қоғамдық  қауіптілік 
дәрежесін анықтаған кезде соттар ҚК қылмыстық құқық бұзушылықтардың
 
ауырлығын  анықтау  тәртібін  реттейтін  10
-
бабының  талаптарының  үдесінен 
шығумен  қатар,  сол  ыңғайда  нақтылы  қылмыстық
 
құқық  бұзушылық
 
іс
-
әрекет  жасалған  барлық  мән
-
жайлардың  жиынтығын  (кінәнің  нысаны, 
себептері,  әдістері,  қылмыстық  құқық  бұзушылық
 
жасаудың  сатысы  және 
мән
-
жайы,  орын  алған  зардаптардың  ауырлығы,  сотталушылардың 
әрқайсысының  жасалған  қылмыстық  құқық  бұзушылыққа
 
қатысу  дәрежесі 
мен сипаты, т.б.) ескеруі қажет
 (45). 
Әрекеттің қоғамдық қауіптілік дәрежесі бірқатар мән
-
жайлармен және ең 
алдымен нақ сол қылмыстық құқық бұзушылық
 
құрамы белгілерімен тікелей 
байланысты барлық мән
-
жайлармен анықталады. Жасалған әрбір қылмыстық 
құқық бұзушылықта
 
тиісті құрамның белгілері әрқалай көрініс
 
табуы мүмкін. 
Мүндай  жағдайларда  аталған  нақтылы  жағдайда  құрамның  жекелеген 
белгілері  қаншалықты  көрініс  тапқанын  тап  басып  анықтау  соттың  міндеті 
болып табылады.
 
Мәселен,  «Есірткі  заттарды  немесе  жүйкеге  әсер  ететін  заттарды 
түтынуға  көндіру  туралы»
 
1998  жылғы  14  мамырдағы  Жоғарғы  Соттың 
қаулысының  15
-
тармағында  есірткі  заттарды  түтынуға  көндіру  деп  басқа
 
адамдардың оны түтынуға тәбетін оятуға бағытталған кез келген қасақана іс
-
әрекеттерді  (азғыру,  ұсыну,  кеңес  беру,  басын  айналдыру,  алдау,  қорқыту, 
т.б.) тану керек, 

делінген
 (46). 
Сөз  жоқ,  есірткі  заттарды  түтынуға  көндірудің  басқа  тұрлерінде 
қылмыстық  құқық    бұзушылықтың
 
қоғамдық  қауіптілік  дәрежесі  барынша 
өзгереді.
 
Жоғарғы Сот Пленумының аталмыш қаулысының осы бір мысалынан
-
ақ 
қылмыстық  құқық  бұзушылықтың
 
қауіптілік  дәрежесіне  әсер  ететін 
қылмыстық  құқық  бұзушылық
 
нәтижесі,  кінәнің  тұрі,  қылмыстық  құқық 
бұзушылықтың
 
жасалу  сатысы,  қылмыстық  құқық  бұзушылықты
 
бірігіп 
жасау,  оның  орындалған  орны,  уақыты  және  т.б.  мағлұматтарды  ескеру 
қажет екендігін байқауға болады.
 
Енді  төмәнде  қылмыстық  құқық  бұзушылықтың
 
қауіптілік  дәрежесіне 
өзінше  әсер  ететін  кейбір
 
жағдайларға  қысқаша  тоқталып  өтсек.  Қауіптілік 
дәрежесін  есептеу  кезінде  жасалған  қылмыстық  құқық  бұзушылық
 
зардабының  ауырлығы  үлкен  маңыз  алады.  Қылмыстық  заңның  өзі  бұл 
жағдайларды кейде жауаптылықты ауырлататын мән
-
жай деп есептесе,
 
кейде 
жасалған  қылмыстық  құқық  бұзушылық
 
зиянды  зардаптарын  болғызбауға 
ұмтылуды жауаптылықты жеңілдететін мән
-
жай деп қарайды.
 
Мысалы,  адам  өміріне  қарсы  бағытталған  қылмыстық  құқық 
бұзушылықтардың  нәтижесі 
– 
қылмыстық
 
құқық  бұзушылық
 
іс
-
әрекеттің 
салдарынан  жәбірленушінің
 
өлуі.  Яғни  бұл  қылмыстық  құқық  бұзушылық
 
аяқталған  деп  есептеу  үшін  заң  шығарушы  жәбірленушінің  қаза  болуын 


41 
басты  фактор  деп  санайды.  Бұл  мәселеге  жете  түсінбеген  кейбір
 
соттар  өз 
үкімдерінде  қылмыстық  құқық  бұзушылықтың
 
осы  нәтижесін,  яғни 
қылмыстың  ауыр
 
зардабын  қылмыстың  қауіптілік  дәрежесін  көтереді  деп 
жүр. 
 
Шын  мәнінде  қылмыстың  ауыр  зардабы  дегеніміз 

қылмыстық  бапта 
көрсетілген  белгілі  бір  нәтиже  емес,  қылмыстық
 
құқық  бұзушылық
 
іс
-
әрекеттің  салдарынан  болатын  қосымша  зардаптар.  Сондықтан  соттардың
 
қылмыстық  құқық  бұзушылықтың  белгілі  бір  нәтижесін  қылмыстық  құқық 
бұзушылық дәрежесіне тікелей әсер етеді деп есептеуі дұрыс емес.
 
Қылмыстық  құқық  бұзушылықтың  қауіптілік  дәрежесіне  ықпал  ететін 
тағы бір нәрсе 

қылмыскердің іс
-
әрекетінің субъективтік жағын сипаттайтын 
кінә,  оның
 
түрлері.  Адам  өміріне  қарсы  бағытталған  қылмыстық  құқық 
бұзушылықтар
 
абайсыздықпен де, қасақана да жасалынатындықтан, олардың 
қауіптілік  дәрежесінде  зор  айырмашылық  бар.  Соттар  олардың  тұрлеріне, 
қауіптілік  дәрежесіне  көп  ден  қойғаны  дұрыс.  Егер  әрекет  қасақаналықпен 
жасалса,  ол  тікелей  қасақаналықпен  жасалынды  ма,  жоқ  жанама 
қасақаналықпен
  
жасалынды ма, соны анықтап, керісінше, қылмыстық құқық 
бұзушылық
 
абайсызда  жасалынса  бұл  жерде  кінә  қылмыстық  құқық 
бұзушылық
 
сипаттағы  менмендіктің  әсерінен  бе,  жоқ  қылмыстық  құқық 
бұзушылық  зардаптар  болмас  деген  немқұрайдылықпен  жасалынды  ма, 
осыны ерекше ескеруі керек.
 
Қылмыстық  құқық  ілімі  қасақана  пайда  болған  қылмыстық  құқық 
бұзушылықтарды
 
кінәлінің  ойында  туу  уақытына  байланысты  бұрыннан 
ойланылып істелінген қасақана қылық, кездей
-
соқ пайда болған қасақаналық 
қылық деп бөлшектейді. 
 
Уақыт  мерзімімен  дараланатын  қасақаналық  қылықтың  осы  бір 
түрлерінің  өзара  айырмашылығын  зерттеп  қарасақ,  олардың  қауіптілік 
дәрежесіндегі  зор  айырмашылықтарды  байқаймыз.  Бірінші  жағдайда 
қылмыстық  құқық  бұзушылық
 
жасаған  адамның  (қылмыстық  құқық 
бұзушылық
 
жасаудағы) пиғылының тұрақтылығы, жеке басының қауіптілігі 
кездей
-
соқ қылықпен жасаған адамнан көп артық екенін білеміз.
 
Бұл жазаны жеке даралау процесінде еске аларлық жай. Р.Т.
 
Нұртаев бұл 
бағыттағы  ойлардан  әрі  асып,  кінәнің  тұрін  есептеу  тек  жаза  тағайындау 
процесінде емес, сол жазаны өтеу кезінде ескерілуі керек дейді
 (47). 
Қылмыстық құқық бұзушылықтың субъективтік жағы кінәмен бітпейді, 
қылмыстық  құқық  бұзушылықты
 
саралау,  жаза  тағайындау  кезінде 
қылмыскердің  ниеті  және  сол  қылмыстық  құқық  бұзушылықты
 
жасаудағы 
алдына  қойған  мақсаты  ерекше  орын  алады.  Бұл 

ежелден  белгілі  қағида. 
Жазаны  жеке  даралау  кезінде  қылмыстық
 
құқық  бұзушылық
 
ниетті
 
есепке 
алу  тек  жауаптылықты  жеңілдететін,  не  ауырлататын  мән
-
жайлардағы 
көрсетілген ниеттерді есептеумен шектелмейді.
 
Адам  өміріне  қарсы  бағытталған  қылмыстық  құқық  бұзушылықтардың
 
ниеті  заңда  көрсетілген  жауаптылықты  жеңілдететін  не  ауырла
-
татын  мән
-
жайлардағы  ниеттерден  ауқымы  жағынан  әлде
-
қайда  кең.  Олардың 
кейбіреулері  Т.
 
Д.
 
Устинова  келтірген  деректерде  де  бар.  Қасақана  кісі 
өлтірудің  59  пайызы  жеке  қарым
-
қатынастағы  араздықтан,  24,8  пайызы 
қызғаншақ
-
тықтан,  7,8  пайызы  төбелес  кезіндегі  бұзақылық  ниетсіз,  6,6 
пайызы  жәбірленушінің  жөнсіз  қылығынан,  2,2  пайызы
 
жаңа  туған  өз 


42 
баласынан құтылу ниетімен жасалғандығын көрсеткен
 (48). 
Адам  өміріне  қарсы  бағытталған  қылмыстық  құқық  бұзушылықтарға
 
жаза  тағайындау  тәжірибесін  зерттеу  аясында  біз  сотталушылардың,
 
қорғаушылардың 100
-
ден астам апелляциялық 100 шағымын қарап едік. Сол 
зерттеулер біраз көңіл аударарлық жайттарды байқатты. 
 
Белгілі бір қылмыстық құқық бұзушылық
 
ниеті 

үлкен психологиялық 
мәселе. Оны дұрыс түсіну үшін көп жайттарға ден қою қажет. Сондықтан да 
кей  кездерде  сот  пен  сотталушының  арасында  осы  мәселе  төңірегінде 
субъективтік пайымдаулар орын алуы өзінен өзі түсінікті. Дегенмен, оларды 
болдырмау  үшін,  түсініспеушіліктің  арасындағы  алшақтықты 
«
қысқарту
» 
үшін  соттар  үкімде  ең  алдымен  сол  қылмыстық  құқық  бұзушылық
 
ниеті 
туралы  толық  айтса  және  қылмыскерді  қылмыстық  құқық  бұзушылық
 
жасауға итермелеген негізгі ниетті неге басты ниет деп есептейтіндігін толық 
сипаттаса  көп  түсінбеушілік  азаяр  еді.  Әрбір  сот  жаза  тағайындай  отырып, 
сол  тағайындалған  жаза  сотталушының  қылмысының 
«
өз  жемісі
» 
екенін 
көрсетіп  беруі  керек.
 
Сонымен  қоса,  соттар  қылмыстық  құқық  бұзушылық 
ниетін есептеу кезінде заң әдебиеттерінде айтылып жүрген пікірлерге, жаңа 
ойларға, тосын көзқарастарға да назар аударғаны жөн.
 
Мысалы,  Р.Т.
 
Нұртаев  қылмыстық  құқық бұзушылық  ниеттердің,  оның 
ішінде  абайсыздықпен  жасалынған  қылмыстық  құқық  бұзушылықтарының
 
ниетін  екі  топқа  бөліп  қарайды.  Оның  пайымдауынша,  кешірімді  ниеттер 
(қоғам мүдделеріне сай келетін) және кешірімсіз ниеттер (қоғам мүдделеріне 
қайшы) арасында көп алшақтық бар.
 
Міне,  осындай  ойлар,  пікірлер  әрқашанда  соттардың  тәжірибесінде 
қолданылуы керек.
 
Осы жерде айта кететін бір жай, мысалы адам өміріне қарсы бағытталған 
қылмыстық  құқық  бұзушылықтардың  кейбіреулерінің  ниеті  қылмыстық 
құқық  бұзушылықтың
 
айқындаушы  белгісі  болып  көрсетілгендіктен,  оның 
тек  өзін
-
өзі  көрсетуі  деңгейін  есептеу  кезінде  қылмыскердің  алға  қойған 
мақсатқа жету табандылығы ескеріліп отыруы да 

маңызды мәселе.
 
Жамбыл облыстық сотының үкімі бойынша қасақана кісі өлтіргені үшін 
С. жауапқатартылды. Істегі деректер бойынша С. өзінің бірге оқыған досы Т.
-
нің үйіне келіп, бірлесіп арақ ішеді. Олар үйде отырған кезде Женя Қ. және 
Қайрат Қ. келеді. Мас болып қалған С. бұл келген екі қонаққа сендер біздің 
арағымызға ортақтасқыларың  келді деп жөнсіз тиіседі. Женя Қ.
-
ның 
«
сенің
 
арағыңның керегі жоқ, маскүнем
»,  - 
деген сөзіне ашуланып, С. оған пышақ 
сұғып алады. 
 
Бұл  қылмыстық
 
құқық  бұзушылық
 
әрекеттен  жәбірленген  Женя  Қ.
-
ны 
құтқару үшін үй иесі  Т. және екінші қонақ
 
Қайрат
 
Қ. қылмыскердің қолын 
бұрап, пышағын тартып алып, басқа бөлмеге қамайды. Қайтсе де қылмыстық
 
құқық бұзушылық
 
ниетін жүзеге асырмақ болған С. терезеден түсіп кетіп, Т. 
және  Қайрат  Қ.  отырған  бөлмені  сыртынан  жауып  қойып,  келесі  бөлмеде 
қансырап  жатқан  жәбірленушіні  басынан  тепкілей  бастайды.  Сот  жазаны 
жеке даралау кезінде қылмыстық құқық бұзушылық қауіптілігінің мөлшерін 
көтеруге  сотталушының  қылмыстық  құқық  бұзушылық
 
нәтижесіне  жету 
үшін
 
көрсетілген мақсат табандылығы әсер етеді деп атап өтті.
 
Тура  осы  мәселелерді  Кант  өзінің  «Метафизика  нравов»  деген 
жұмысында айрықша айтқан еді. Оның пайымдауынша, жауаптылық деңгейі 


43 
әрқашанда соны істеуші адамның сол қылмыстық
 
құқық бұзушылық
 
әрекетті 
жасаудағы  кедергілерді  жеңумен  өлшенуі  керек,  өзі  ойлаған  іс
-
әрекетін 
жүзеге  асыру  үшін  алдында  тұрған  кедергілерді  қылмыстық  құқық 
бұзушылық
 
болғанына  қарамастан,  әбден  қылмыстық
 
құқық  бұзушылық
 
мақсатқа  жеткенше  тоқтатпауы  қылмыстық  құқық  бұзушылықтың
 
деңгейін 
көтере бермек.
 
Қылмыстық  құқық
 
қауіптілік  дәрежесіне  тікелей  байланысты  тағы  бір 
жағдай 
– 
қылмыстық  құқық  бұзушылық
 
жасалған  уақыты  мен  орны.  Г.А. 
Кригер:  «Қылмыстың  жасалған  уақыты  мен  орны,  басқа  да  мән
-
жайлар 
сияқты  әрқашанда  қылмыстық  құқық  бұзушылық  қауіптілігін  немесе 
қылмыскердің жеке басын, болмаса екеуін бірдей мазмұндап береді
», - 
дейді
 
(49). 
Жауапкершіліктің  қай  саласында  болмасын,  ерекше  мәнге  ие  болып 
отыратын қылмыстық құқық бұзушылықтың
 
жасалған орны жаза тағайындау 
кезінде  де  өз  маңызын  жоғалтпайды.  Ол  әрқашанда  қылмыстық
 
құқық 
бұзушылықтың қауіптілік дәрежесіне ықпал ете отырып, соттардың жазаны 
жеке  даралау  ісінде  елеулі  рөл  атқарады.  Сондықтан  әрбір  қылмыстық  іске 
жаза тағайындау кезінде оның жасалған орнына да назар аударған жөн.
 
Өкінішке  орай,  бұл  барыста  кейбір  соттар  дұрыс  бағыт  ұстамай  отыр. 
Оның  себебі 
«
қылмыстық  құқықтың  санкциялары  мөлшеріне  қылмыстық 
құқық  бұзушылықтың  түрі  және  дәрежесіне  белгілі  бір  қылмысқа  жаза 
тағайындауда  ықпал  ететін  теориялық  және  тәжірибелік  ұсыныстардың 
жоқтығынан»
 
емес,  қылмыстық  құқық  бұзушылық
 
жасаған  орын 
жауаптылықты  жеңілдететін  не  ауырлататын  мән
-
жайлар  арқылы  қаралып, 
сонымен  қоса  қылмыстық  құқық  бұзушылықты
 
істеген  жердің  жаза 
тағайындауға байланысты жеке мәні заңдастырылмағандығынан.
 
Жауаптылықты  жеңілдететін  мән
-
жайлардың  тізімі  тұйықталмаған, 
ашық  болғандықтан,  соттардың  қылмыстық  кодексте  көрсетілмеген  басқа 
мән
-
жайларды да есепке алуына болады. Қарағанды облыстық сотының үкімі 
бойынша  Р.  қылмыстық  заңның  93
-
бабымен  сотталды.  Істегі  деректер 
бойынша жәбірленуші А. түн жамылып, Р.ның үйіне терезеден түсіп, басқа 
бөлмеде  ұйықтап  жатқан  Р.
-
ның  қарындасын  зорламақшы  болады. 
Айқайшудан  оянып  кеткен  Р.  орнынан  тұрып,  қарындасы  жатқан  бөлмеден 
А.
-
ны  көріп  қалады.  А.Р.
-
ны  балағаттап  ұмтылған  кезде,  қолына  алдымен 
түскен көсеуді ала салып, А.
-
ның басынан ұрады. 
 
Сот жазаны жеке даралау кезінде Р.
-
ның бұл әрекетіндегі жауаптылықты 
жеңілдетіп, істің қоғамдық қауіптілік дәрежесіне ықпал ететін жағдай ретінде 
жәібрленушінің  түнгі  мезгілде  пәтерге  кіргенін  есепке  алады.  Қылмыстық 
құқық  бұзушылық
 
жасалған  орын
-
сотталушының  пәтеріне  кіріп,  оның 
конституциялық құқығына нұқсан келтіргендік Р.
-
ның жазасының мөлшеріне 
әсер етті.
 
Қылмыстық  істерде  оны  жасаған  жердің  орнын  осындай  жағдайларда 
есепке  алу  бұрын  да  болған.  Тарихқа  шегініс  жасасақ,  мұндай  мәселелерді 
ұшырастыру  қиын  емес.  Мысалы,  Ресейдің  1903  жылғы  «Қылмыстық 
уложениесі
» 
егер  кінәлі  қасақана  түрде  басқа  біреудің  баспанасына  немесе 
басқа тұрғын жайына кіріп шықпай қойса немесе сондай жерлерге рұқсатсыз 
жасырын кірсе, 300 сомға дейін ақшалай айып төлеп немесе 3 айға дейін бас 
бостандығынан айырылуы мүмкін дейді.
 


44 
Жауаптылықты  ауырлататын  мән
-
жайлардың  тұйықталған,  түпкілікті 
тізімі заңдастырылғандықтан жауаптылықты ауырлататын мәнге ие болатын 
қылмыстық  құқық  бұзушылықтың  жасалған  орнын  есептей  алмаймыз.  Бұл 
дұрыс  па?  Әрине  дұрыс  емес.  Біздің  ойымызша,  одан  шығатын  жол 
мынандай. Соттар қылмыстық құқық бұзушылық
 
жасалған орынның мәнісін 
тек  жауаптылықты  жеңілдететін  не  ауырлататын  мән
-
жайлар  арқылы  ғана
 
есептеумен  шектелмей,  қылмыстық  құқық  бұзушылықтың
 
қауіптілік 
деңгейін қарау кезінде де еске алғаны жөн. Тек сонда ғана қылмыстық құқық 
бұзушылық
 
жасалған орнына заңдық тұрғыда толыққанды, мазмұнды түсінік 
бере аламыз.
 
Осы  мәселенің  жалғасы  ретінде  тағы  да  тарихқа  кішкене  шегініс 
жасағымыз  келіп  отыр.  Қазақтардың  әдет
-
ғұрып  құқығы  жаза  тағайындау 
кезінде  қылмыстық  құқық  бұзушылықтың
 
жасалған  уақытына,  орнына 
ерекше назар аударған, осы жағдайлар жаза мөлшеріне әсер етіп отырған. 
 
Мысалы,  қылмыстық  құқық  бұзушылық
 
айдалада,  тау  ішінде,  елсіз 
жерде,  жапан  түзде  жасалса,  онда  ол  үшін  жаза  жеңілдетіліп  отырған,  ал 
қылмыскер қылмыстық құқық бұзушылықты
 
жұрттың көзінше, өз ортасында, 
ауылында  жасаса,  ол  жауаптылықты  ауырлататын  мән
-
жай  ретінде 
қарастырылған.
 
Мұның  себебі,  біздің  ойымызша,  қазіргі  кездері  жиі  айтып  жүрген 
жазаның  алдын  алу  мақсаттарынан  туындап  жатқан  сияқты.  Билер,  ауыл 
ақсақалдары  өз  ауылында  жасалған  қылмыстық  құқық  бұзушылықтардың
 
бұқараға  кері  әсер  ететінін  ескерген,  олар  үшін  ауыр  жаза  тағайындап 
отырған.
 
Сол  сияқты  қазақтардың  әдет
-
ғұрып  құқығы  қылмыстық  құқық 
бұзушылықтың
 
жасалған  уақыты  да  жаза  тағайындау  кезінде  ерекше  орын 
алғандығын келтіріп өтеді. Мысалы, қылмыстық құқық бұзушылық
 
рамазан 
айы кезінде жасалса, ол аса қауіпті деп саналып, қылмыскер жазаның ең ауыр 
түріне тартылған.
 
Тағы  бір  мысал,  басқа  халықтардың  ескі  қылмыстық  заңдары  түнде 
жасалған  қылмыстық  құқық  бұзушылықтардың
 
қауіптілігіне  ден
 
қойса, 
қазақтар  түнде  жасалған  қылмыстық  құқық  бұзушылықтардың
 
қауіптілігі 
күндіз  жасалған  қылмыстық  құқық  бұзушылықтардан  төмен  дейді.  Оның 
негізгі  себебі,  күндіз  қылмыстық  құқық  бұзушылық
 
жасаған  адам  өзінің 
қылмыстық құқық бұзушылық
 
жасап жатқанын жұрт көріп қалады
-
ау деген 
қауіптен  адалығын  көрсетеді,  демек,  оның  жеке  басының  қауіптілігін 
сипаттайды дейді.
 
Біздің ойымызша, бұл мысалдар ғасырлар бойы қалыптасқан әдет
-
ғұрып 
құқығындағы  ережелерді  қазіргі  кездері  де  пайдалануға  болатындығын 
көрсетеді. Сондықтан да заң шығарушы жаңа заң нормаларына қажетті өзекті 
сұрақтардың жауабын ара
-
кідік болса да тарихтан іздегені жөн.
 
Қылмыстық  құқық  бұзушылықтың
 
қауіптілік  дәрежесін  саралау  тек 
жоғарыда  аталған  кінә,  ниет  немесе  қылмыстық  құқық  бұзушылықтың
 
жасалған  орны  сияқты  факторлармен  ғана  шектелмейді.  Оның  қауіптілік 
дәрежесіне қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы әдіс, қылмыстық құқық 
бұзушылыққа
 
қатысушылардың  іс
-
қимылы,  қылмыстық  құқық  бұзушылық
 
салдарынан  орын  алған  зардаптар  және  т.б.  институттар  өз  әсерін  тигізеді. 
Олардың
 
бәрін  түстеп
-
түгендеп  кету,  талдап
-
таразылап  шығу,  әлбетте, 


45 
мүмкін емес, мұның өзі жеке бір зерделі зерттеуге жүк боларлық ұзақ
-
сонар 
әңгіме.
 
Қорыта  келе  айтарымыз,  қылмыстық  құқық  бұзушылықтың
 
қауіптілік 
дәрежесінің  сипаты мен мөлшерін соттың талқыға  салуы,  оны сот үкімінде 
ашып көрсету 

заң талабы.
 

жүктеу 1,61 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   82




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау