1 Жаза тайынду институтының қалыптасуы мен дамуының тарихи кезеңдері


Қылмыстық құқық бұзушылықты әлденеше рет жасау, қылмыстық



жүктеу 1,61 Mb.
Pdf просмотр
бет34/82
Дата26.03.2022
өлшемі1,61 Mb.
#37927
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   82
Binazarov KR Kilmistik atkaru ОҚУЛЫҚ

Қылмыстық құқық бұзушылықты әлденеше рет жасау, қылмыстық 
құқық бұзушылықтардың қайталануы
 
Қылмыстық  құқық  бұзушылықты  бір  емес,  бірнеше  рет  жасау,  әдетте, 
субъектінің  белгіленген  құқық  тәртіптерімен  есептеспейтінін,  қылмыстық 
құқық  бұзушылық
 
жасау  арқылы  оны  жиі  бұзатынын,  теріс,  қоғамға  жат 
мінез
-
құлықтармен өмір сүруге бейім екенін көрсетеді. Осының бәрі мұндай 
адамның өте қауіптілігін дәлелдейді, оған жазаның қатаң түрлерін қолдануды 
талап етеді.
 
ҚР Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің белгілі бір бабында немесе 
бабының  бөлігінде  көзделген  екі  немесе  одан  да  көп  әрекетті  жасау 
– 
қылмыстық  құқық  бұзушылықтардың  бірнеше  рет  жасалуы  деп  танылады 
(
ҚР ҚК 1
2-
б
.). 
Егер адам бұрын жасаған қылмыстық құқық бұзушылығы
 
үшін заңмен 
белгіленген  тәртіппен  қылмыстық  жауаптылықтан  босатылған  болса  не 
бұрын  жасаған  қылмыстық  құқық  бұзушылығы
 
үшін  соттылығы  жойылған 
немесе  алынып  тасталған  болса,  немесе  мұндай  қылмыстық  құқық 
бұзушылық
 
үшін  жауапқа  тарту  мерзімі  өтіп  кетсе,  қылмыстық  құқық 
бұзушылық
 
бірнеше рет жасалған деп танылмайды.
 
Бұрын  қасақана  жасаған  қылмыстық  құқық  бұзушылығы
 
үшін 
соттылығы  бар  адамның  қасақана  қылмыстық  құқық  бұзушылық  жасауы 
қылмыстың
 
қайталануы  деп  танылады.  Он  сегіз  жасқа  толмаған  адамның 
жасаған  қылмыстық  құқық  бұзушылығы
 
үшін  соттылығы,  сондай
-
ақ 
Қылмыстық  кодексте  белгіленген  тәртіппен  алынып  тасталған  немесе 
жойылған  соттылық  қылмыстық  қайталануын  тану  кезінде  ескерілмейді. 
Қылмыстық  құқық  бұзушылықтардың  қайталануы  Қылмыстық  кодексте 
көзделген негіздер мен шектерде неғұрлым қатаң жазаға әкеп соқтырады.
 
Бұрынғы Қылмыстық кодексте аталмыш мән
-
жай барынша кең ауқымды 
болатын. Бұрынырақта қандай да бір қылмыстық құқық бұзушылық
 
жасаған 
адамның қайталап қылмыстық құқық бұзушылық
 
жасауы ауырлататын мән
-
жай деп танылды. Бірақ, егер қылмыстық
 
құқық бұзушылықтың
 
бірнеше рет 
жасалуы  мен  қайталануы  ҚК  Ерекше  бөлімінің  нақтылы  баптарында  мән
-
жайды  дәрежелейтін  ретінде  көзделген  болса,  мәселен  ұрлық  кезінде,  онда 
олар  жазаны  ауырлататын  мән
-
жайлар  ретінде  емес,  қылмыстық  құқық 
бұзушылықты
 
дәрежелейтін белгі ретінде ескеріледі.
 
Сондай
-
ақ,  онда  бірінші  қылмыстық
 
құқық  бұзушылықтың
 
сипатына 
байланысты сот оны ауырлатушы мән
-
жай деп танымауға құқылы екендігі де 


65 
айтылған  болатын.  Жаңа  қылмыстық  заң  бұл
 
мәселені  шешуде  басқаша 
жолды  таңдады,  сөйтіп  бірнеше  мәртелік  және  қылмыстық  құқық 
бұзушылықтардың  қайталануы  (рецидив)  деген  ұғымдар  енгізді.  Негізінде 
олар өзара ұқсас, өйткені жаңаша мән
-
жайды бұрынғы және кейінгі түсіндіру 
адам сол үшін сотталып отырған және бұрында сотталған, бірақ соттылығы 
алынбаған және жойылмаған қылмыстық құқық бұзушылықтарды
 
біріктіреді.
 
ҚР  Қылмыстық  кодексінің
  12  -
бабына  сәйкес  осы  Кодекстің  Ерекше 
бөлімінің белгілі бір бабында немесе бабының бөлігінде көзделген екі немесе 
одан да көп әрекетті жасау 
– 
қылмыстық құқық бұзушылықтардың бірнеше 
рет  жасалуы  деп  танылады.  Осы  Кодекстің  Ерекше  бөлімінің  түрлі 
баптарында көзделген екі немесе одан да көп қылмыстық құқық бұзушылық 
жасау  осы  Кодексте  арнайы  көрсетілген  жағдайларда  ғана  бірнеше  рет 
жасалған деп танылуы мүмкін.
 
Бірнеше  мәртелік  мынадай  жағдайларда  жаза  мен  жауаптылықты 
ауырлататын мән
-
жайлар болып табылуы мүмкін:
 
1.
 
бірнеше  мәртелікті  тек  қылмыстық  құқық  бұзушылық
 
құрамының 
дәрежелеуші белгілері болып табылмайтын бірдей әрекеттер құрайды;
 
2.
 
адамға  нақтылы  іс  бойынша  таңылған  бірдей  қылмыстық  құқық 
бұзушылықтарға
 
не  адам  олардың  біреуі  үшін  бұрынырақта  сотталған, 
бірақ соттылықты жою мерзімі ішінде жаңадан соған ұқсас қылмыстық 
құқық  бұзушылық
 
жасаған  әрекеттер  бірдей  қылмыстық  құқық 
бұзушылықтар деп танылуы мүмкін;
 
3.
 
бірнеше мәрте деп кез келген бірдей қылмыстық құқық бұзушылықтар

оның  ішінде  ересектер  және  кәмелетке  толмағандар  жасаған
 
қасақана 
және абайсыз қылмыстық құқық бұзушылықтардың
 
танылуы мүмкін.
 
Қылмыстық  құқық  бұзушылықтардың  қайталануын  тек  қасақана 
жасалған  қылмыстық  құқық  бұзушылықтарды
 
біріктіреді,  яғни  бұрын 
қасақана  жасаған  қылмыстық  құқық  бұзушылық
 
үшін  сотталған  адам 
қайталап  қасақана  қылмыстық  құқық  бұзушылық
 
жасайды.  Егер  адам 
бұрынырақта  абайсызда  қылмыстық  құқық  бұзушылық
 
жасаған,  артынан 
қасақана қылмыстық құқық бұзушылық
 
жасаған немесе керісінше болса, екі 
жағдайда  да  қылмыстық  құқық  бұзушылықтардың
 
қайталануы  жоқ.  Соттар 
бұл  мән
-
жайды  ауырлататын  деп  тану  кезінде  қылмыстық  құқық 
бұзушылығының  қайталануының  әр  түрлілігін  және  бұрынырақта  жасалған 
қылмыстық құқық бұзушылығы
 
үшін тағайындалған жазаның түрін ескерусіз 
қалдыруға  тиіс.  Сот  тәжірибесінде,  егер  ҚР  Қылмыстық  кодексінің 
89-
бабында  көзделген  тәртіппен  соттылығы  жойылған  немесе  онысы  алынған, 
18  жасқа  толмаған  адам  жасаса  не  істеуге  болады  деген  мәселе  кездесіп 
жатады.  Бұл  мән
-
жайлардың
 
құқықтық  табиғатын  ескере  отырып  сот  оны 
жазаның  жауаптылығын  ауырлататын  мән
-
жай  ретінде  қарастыруға  тиіс 
емес.  Мынадай  да  жағдайларды
 
айта  кеткіміз  келеді:  қылмыстық  құқық 
бұзушылықтың
 
бірнеше мәрте жасалуы не қайталануының барлығы туралы 
мәселені  шешкен
 
кезде  адам  соңғы  үкім  бойынша  сотталып  отырған 
қылмыстық құқық бұзушылығы
 
аяқталған ба, жоқ па, сондай
-
ақ адам аталған 
қылмыстық  құқық  бұзушылықтардың
 
кез  келгенінің  орындаушысы  немесе 
қоса  қатысушысы  ма,  бұлардың  ешқандай  маңызы  жоқ.  Келесі  сөз 
қылмыстық
 
құқық  бұзушылықтардың  бірнеше  мәрте  жасалуы  мен 
қайталануын бір мезгілде ауырлататын мән
-
жайлар деп тану туралы мәселеге 


66 
қатысты. Егер жасалған әрекетте қылмыстық құқық бұзушылықтың
 
бірнеше 
мәрте  жасалуының  және  қайталануының  белгісі  болса,  онда  соттар  жаза 
тағайындау  кезінде  екі  факторды  бірдей  жауаптылықты  ауырлататын  мән
-
жай ретінде тануы мүмкін.
 

жүктеу 1,61 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   82




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау