.
Жұмыс үлгілері
Қайрау және жетілдіру:
1) Саптаманың үңгілері;
2) Қатты қорытпалардан жасалған пластинкалары бар бұрғылар;
3) Салынбалы пышақтары бар фрезалар.
559. Электрмен қайраушы 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Күрделі құралды электрмен қайрау станоктарында қайрау және жетілдіру. Берілген электр режимге станоктарды теңшеу. Қайралатын құралдың типіне қарай станоктың жұмыс режимін айқындау. Арнайы бақылау-өлшеу құралдарын және қайраудың дұрыстығын айқындау және процесс барысын қадағалау үшін станокқа орнатылған аспаптарды пайдалану. Пайда болған ақаулықтардың себептерін белгілеу және күрделі емес бұзылуларды жкесу.
Білуге тиіс: электрмен қайрау станоктарының кинематикалық және электрлік тәсімін, құралды электрмен қайрау және жетілдіру тәсілдерін, жұмыстың қажетті режимін таңдау ережесі мен принциптерін, өңделетін материалдардың қасиеттерін, арнайы құрылғылардың конструктивтік құрылғысын және күрделі әрі фасонды құралды салыстыру мен қайрау үшін оларды пайдалану ережесін, электрмен қайраудың дәлдігі мен тазалығына қойылатын талаптарды, бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарының құрылғысын, шақтамалар мен қондырмалардың жүйесін, кедір-бұдырлық квалитеттері мен пармаметрлерін.
Жұмыс үлгілері
Қайрау және жетілдіру:
1) Жылдам фрезерлеуге арналған қалпақшалар;
2) Ауыспалы кесу бұрыштары бар кескіштер;
3) Арнайы бұрамалы кескіштер;
4) Фасонды кескіштер;
5) Бұрамдық және саусақты фрезалар.
Электр химиялық өңдеуші
560. Электр химиялық өңдеуші 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Бапталған электр химиялық станоктарда Ra 20- 5 кедір-бұдырлық параметрі бойынша тесіктер мен фасонды бетті электр химиялық өңдеу. Бапталған дискілі және ленталы анодты-механикалық станоктарда дайындамаларды кесу. Дайын рецептура бойынша электролитті дайындау. Центрифугаларды тазалау.
Білуге тиіс: бір типті электр химиялық станоктардың құрылғысын және жұмыс істеу принциптерін, едәуір кең таралған әмбебап әрі арнайы құрылғылардың атауын, міндетін және қолдану ережесін, бақылау-өлшеу құралдарының құрылғысын, орындалатын жұмыс көлемінде электр техника мен электр химия негіздерін, қолданылатын электродтардың материалдарының маркасын, шақтамалар мен қондырмалардың жүйесін, кедір-бұдырлық квалитеттері мен параметрлерін.
561. Электр химиялық өңдеуші 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Күрделі емес әмбебап әрі арнайы жарақтарды қолдана отырып, технологиялық карта немесе шебердің (баптаушының) нұсқауы бойынша өткелдер мен өңдеу режимдердің жүйелілігін белгілей отырып, электр химиялық станоктарда Ra 5- 2,5 кедір-бұдырлық параметрлері бойынша бетті, жазықтық пен тесіктерді электр химиялық өңдеу. Бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарын қолдана отырып, бөлшектер мен бұйымдарды бір өлшемде өңдеу. Шебердің қадағалауымен станоктың механикалық және электрлік бөлігінде ұсақ ақаулықтарды жкесу. Өңдеу режимін өздігінен таңдай отырып, дайындамаларды дискілі және ленталы анодты-механикалық араларда кесу.
Білуге тиіс: бір типті электр химиялық станоктардың құрылғысын, әмбебап әрі арнайы құрылғылардың құрылғысын және қолдану ережелерін, бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарының міндеті мен қолдану ережесін, электр химиялық өңдеудің процесін, орындалатын жұмыс көлемінде электр техника мен электр химия негіздерін, шақтамалар мен қондырмалардың жүйесін, кедір-бұдырлық квалитеттері мен параметрлерін.
562. Электр химиялық өңдеуші 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Өңделетін бөлшектерді орната және салыстыра отырып, бір типті электр химиялық станоктарда Ra 2,5 - 1,25 кедір-бұдырлық параметрі бойынша бетті, жазықтықты және тесіктерді электр химиялық өңдеу. Фасонды жазықтардың, тесіктердің формасын жасау операцияларын орындау. Электродтарды электр химиялық әдіспен пішіндеу. Технологиялық немесе нұсқаулық карта және станоктың паспорты бойынша бір типті электр химиялық станоктарды өздігінен баптау.
Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін бір типті станоктардың құрылғысын, кинематикалық тәсімін, баптау және дәлдікке тексеру ережесін, электр химиялық станоктардыңәр түрлі электр жүйесінің қызмет принциптерін, оқшаулау жамылғыларды, әмбебап әрі арнайы құрылғылардың конструктивтік ерекшеліктерін және қолдану ережесін, бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарының құрылғысын, өңделетін бөлшектерді орнату және салыстыру ережесін, шақтамалар мен қондырмалардың жүйесін, кедір-бұдырлық квалитеттері мен параметрлерін.
563. Электр химиялық өңдеуші 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Әр түрлі типті электр химиялық станоктарда Ra 1,25 0,63 кедір-бұдырлық параметрлері бойынша күрделі бөлшектердің беті мен тесіктерін электр химиялық өңдеу. Техникалық шарттарға сәйкес бөлшектерді жетілдіру. Электр химиялық станоктарда ажарлау және жылтырату. Өңделетін бөлшектерді оптикалық аспаптардың көмегімен тексеру. Механикалық және электрлік бөлігіндегі ақаулықтарды жоя отырып, әр түрлі типті және қуатты электр химиялық станоктарды баптау. Күрделі бөлшектердіөңдеу және станоктардың жұмыс режимінің жүйелілігін белгілеу.
Білуге тиіс: әр түрлі типті станоктардың конструктивтік ерекшеліктерін, кинематикалық тәсімін, баптау және дәлдікке тексеру тәсілін: режимдерді таңдау және орнату принциптерін, режимдердің параметрлері, өнімділік, дәлдік және өңдеу тазалығы арасындағы байланысты, бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарын теңшеу және реттеу ережесін, қатты және ыстыққа төзімді қорытпаларды, жартылай өткізгіш материалдарды өңдеудің технологиялық ерекшеліктерін, электр тәсімін тексеру әдістерін, қоректену көздерінің қызмет принциптерін, өңделетін материалдың өңдеу түрі мен маркасына қарай сұйықтықтарды таңдау ережесін.
564. Электр химиялық өңдеуші 6-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Әр түрлі типті және конструкциялы электр химиялық станоктарда Ra 0,63-0,32 кедір-бұдырлық параметрлері бойынша күрделі бөлшектерді электр химиялық өңдеу. Станоктың тиімді жұмыс режимін белгілей отырып, күрделі бөлшектерді өңдеудің технологиялық процесін әзірлеуге қатысу.
Білуге тиіс: әр түрлі типті станоктардың конструкциясын, баптау және дәлдікке тексеру ережесін, станоктардың тиімді режимдерін таңдау және белгілеу принциптерін, режимнің параметрлері, өнімділік, дәлдік және таза өңдеу арасындағы байланысты.
Орта кәсіптік білімді талап етеді.
Электроэрозионист
565. Электроэрозионист 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Бапталған станоктарда әр түрлі конфигурациялы тесіктерді электр ұшқынды және электр импульсті өңдеу, 12-14 квалитеттер немесе Ra 20-5 кедір-бұдырлық параметрлері бойынша қарапайым таңдамаларды, ойымалар мен бунақтарды алу. Фланецтерді ойып кесу, пісіруден фаскалар пайда болған құбырларды кесу, артықтарды кесіп тастау. Бапталған станоктарда – автоматтар мен жартылай автоматтарда сыртқы және ішкі цилиндрлік бетті ажарлау. Бөлшектерден сынған құралдарды алып тастау. Электр ұшқынды бекіндіргіштерге арналған қондырғылардағы және дірілдердегі кескіш құралды бекіндіру.
Білуге тиіс: бір типті электр ұшқынды және электр импульсті станоктар мен дірілдердің құрылғысын және жұмыс істеу принципін, едәуір кең таралған құрылғылардың атауын, міндетін және қолдану шарттарын, бақылау-өлшеу құралдарының құрылғысын, орындалатын жұмыс көлемінде электр техниканың негіздерін, қолданылатын электродтардың материалдарының маркаларын, шақтамалар мен қондырмалардың жүйесін, кедір-бұдырлық квалиететтері мен параметрлерін.
566. Электроэрозионист 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Өңделетін бұйымдарды орнату және салыстыру үшін күрделі емес әмбебап әрі арнайы жарақтарды қолдана отырып, электр эрозионды және электр импульсті станоктарда 8 - 11 квалитет немесе Ra 5 - 2,5 кедір-бұдырлық параметрлері бойынша фасонды бетті, жазықтықты, тесіктер мен ойықтарды электр ұшқынды және электр импульсті өңдеу. Технологиялық карта немесе шебердің (баптаушының) нұсқауы бойынша өңдеу жүйелілігі мен режимін белгілеу. Тесіктер арасында 0,1 мм жоғары тұйықтағыш бар тұтастай металды електер мен торлар жасау. 8-10 квалитет бойынша бөлшектерді қажетті салыстырумен көшіргіш бойынша бұйымдарды ойып кесу. Күрделі конфигурациялы бөлшектердің фасонды және қисық сызықты жазықтықтарын алдын ала өңдеу. 8-11 квалитет бойынша күрделі бөлшектерді, сондай-ақ өтулердің қарапайым формасы бар сатылы тесіктерді электр эрозионды ажарлау.
Білуге тиіс: бір типті электр ұшқынды және электр импульсті станоктар мен қондырғылардың құрылғысын, әмбебап әрі арнайы құрылғылардың құрылғысын және қолдану ережесін, бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарының міндетін және қолдану ережесін, орындалатын жұмыс көлемінде электр техниканың негіздерін және электр ұшқынды өңдеудің теориясын, шақтамалар мен қондырмалардың жүйесін, кедір-бұдырлық квалитеттері мен параметрлерін.
567. Электроэрозионист 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Өңделетін бөлшектер мен электрод-құралды салыстыра және орната отырып, 7-10 квалитет немесе Ra 2,5-1,25 кедір-бұдырлық параметрі бойынша дәл және күрделі фасонды құралдың, күрделі штампылардың, турбина қалақтарының бетін, жазықтығын, тесіктері мен ойықтарын электр ұшқынды, электр импульсті әуелі-плазамалы өңдеу. Қатты немесе шыңдалған қорытпалардан жасалған бөлшектерде электр ұшқынды ойма жұмыстарын орындау. Берілген координат бойынша үздіксіз қозғалып отыратын электродпен күрделі фасонды бөлшектерді ойып кесу. Тесіктер арасында 0,1 мм жоғары тұйықтағыш бар тұтастай металды електер мен торлар жасау, тар саңылаулар кесу, арнайы қорытпалар мен болаттарда терең тұйық тесіктерді өңдеу. 7-10 квалитет бойынша бөлшектерді электр эрозионды ажарлау. Технологиялық немесе нұсқаулық карта және станоктың паспорты бойынша бір типті станоктарды әр түрлі өңдеу режиміне өздігінен баптау.
Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін бір типті станоктардың құрылғысын, кинематикалық тәсімін, баптау және дәлдікке тексеру ережесін, электр ұшқынды өңдеу кезінде әр түрлі электр жүйелерінің қызмет принципін, өңдеу түріне қарай әр түріл жұмыс ортасын қолдану ережесін, күрделі фасонды құралды орнату және салыстыру үшін әмбебап әрі арнайы құрылғылардың конструктивтік ерекшеліктерін және қолдану ережелерін, бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарының құрылғысын, әмбебап және арнайы жарақтарды пайдалана отырып, бөлшектер мен құралдарды орнату және салыстыру ережесін, электрод-құралдың өлшемін есептеу әдісін, шақтамалар мен қондырмалардың жүйесін, кедір-бұдырлық квалитеттері мен параметрлерін.
568. Электроэрозионист 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. 6-7 квалитет немесе Ra 1,25 - 0,63 кедір-бұдырлық параметрі бойынша бірнеше жазықтықта салыстыра отырып, ауыстыруды және құрамды бекітуді қажет ететін сирек кездесетін пресс-қалыптардың, штампылар мен кокильдердің әр түрлі конфигурациялы әдеттен тыс орналасқан және сатылы тесіктері мен ойықтарын, сыртқы әрі ішкі қисық сызықты бетті электр ұшқынды, электр импульсті өңдеу. Қатты қорытпалардан және сынғақ материалдардан жасалған бөлшектерде тесіктерді, сондай-ақ 0,05 мм жоғары дәлдікпен әр түрлі өту формалары бар сатылы тесіктерді электр эрозионды ажарлау.
Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін әр түрлі станоктардың конструктивтік ерекшеліктерін, кинематикалық тәсімін баптау және дәлдікке тексеру тәсілін, күрделі және сирек кездесетін бөлшектерді орнату, бекіту және салыстыру тәсілін, бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарын теңшеу және реттеу ережесін, электр тәсімдерін тексеру әдістерін, қоректену көздерінің қызмет принципін, өңдеу түріне және өңделетін материалдардың маркаларына қарай әр түрлі жұмыс ортасын таңдау ережесін.
569. Электроэрозионист 6-разряд
Жұмыс сипаттамасы. 1- 5 квалитет немесе Ra 0,63 - 0,32 кедір-бұдырлық параметрі бойынша бірнеше жазықтықта салыстыра отырып, ауыстыруды және құрамды бекітуді қажет ететін сирек кездесетін пресс-қалыптардың, штампылар мен кокильдердің әр түрлі конфигурациялы әдеттен тыс орналасқан және сатылы тесіктері мен ойықтарын, сыртқы әрі ішкі қисық сызықты бетті электр ұшқынды, электр импульсті өңдеу. 0,05 мм дейін дәлдікпен әр түрлі өту формалары бар сатылы тесіктерді электр эрозионды ажарлау. Ыстыққа төзімді және қатты қорытпалы материалдардан жасалған бұйымдарды өңдеу.
Білуге тиіс: әр түрлі типті станоктардың, аппараттар мен қондырғылардың конструкциясын, баптау және дәлдікке тексеру тәсілдерін, режимдерді таңдау және белгілеу принциптерін, олардың маңызын, режим параметрлері, өнімділік, дәлдік және таза өңдеу арасындағы байланысты, қатты және ыстыққа төзімді қорытпаларды, жартылай өткізгіш материалдарды өңдеудің ерекшелігін, оларды өңдеудің тиімді режимін айқындау, диэлектрлік сұйықтықты ауыстыру мүмкіндігін.
Орта кәсіптік білімді талап етеді.
«Металдар мен басқа да материалдарды механикалық өңдеу» бөлімінде қарастырылған жұмысшы кәсіптері атауларының, олардың қолданыстағы БТБА 2002 жылғы шығарылымының атаулары көрсетілген тізбесі БТБА-ның (2-шығарылым), 6- бөлімінің 6-қосымшасында келтірілген.
Достарыңызбен бөлісу: |