|
1. Дүниетаным, оның құрылымы және тарихи түрлеріҚазіргі заманның жаһандық мәселелері
|
бет | 32/34 | Дата | 22.02.2023 | өлшемі | 80,85 Kb. | | #41447 |
| 1. Ä?íèåòàíûì, îíû? ??ðûëûìû æ?íå òàðèõè ò?ðëåð³48. Қазіргі заманның жаһандық мәселелері
Жаһандану — жаңа жалпы әлемдік саяси, экономикалық, мәдени және ақпараттық тұтастық құрылуының үрдісі. Терминді ғылыми айналымға алғаш рет 1983 жылы енгізген америкалық экономист Теодор Левитт.
Глобальді ( латынның глобус – жер деген сөзінен шыққан ) жер шарын қамтитын , жалпы әлемдік мәселелерді шешуге арналған ғылыми бағыт . Қазіргі ғаламдық мәселелерге термоядролық соғысты болдырмау , айналадағы ортаны экологиялық апаттардан қорғау , жер бетінде демографиялық жағдайды тұрақтандандыру , халықаралық терроризм , нашақорлық , маскүнемдік , СПИД . Бүгінгі таңда осы және көптеген мәселелер тек бір ғана мемлекет , немесе бір ғана құрлықты ғана емес , бүкіл әлемді дүрліктіріп отыр . Қазіргі әлем елдері алдында тұрған глобальді мәселелерді төрт топқа жіктеуге болады :
1. Әлеуметтік – саяси сипаттағы мәселелер : ядролық соғыстың алдын алу , жаппай қарулануды тоқтату ; аймақтық , мемлекетаралық және ұлтаралық Конфликттерді бейбіт жолмен шешу ; халықтар арасындағы өзара сенім принциптеріне сүйене отырып жалпыға бірдей қауіпсіздікті сақтау
2. Әлеуметтік – экономикалық сипаттағы мәселелер : жалпы қоғамдық шаруашылықтың және мәдениеттің дамуы жағынан артта қалушылықты жою ; дүниежүзілік айналымдағы товарларды өндіру мен қайта өндірудегі тиімділікті қамтамасыз ету ; энергия көздеріндегі , шикі зат пен сауда саттықтағы дағдарыстарды шешудің жолдарын іздеуң демографиялық жағдайды жандандыру әсіресе дамушы елдерде
3.Әлеуметтік – экологиялық мәселелер : табиғи ортаның нашарлануына жол бермеу ; атмосфераның газ қабаттарын жақсартуға шаралар қолдану ; тірі және өлі табиғаттың үйлесімді дамуына жағдай жасау ; планета жүйесінің табиғи потенциалын үнемі пайдалану т.б
4. Адам мәселесі : қоғамдық прогреске адами өлшем тұрғысынан қарау ; адамның әлеуметтік , экономикалық және құқықтары мен бостандығын сақтау ; дара тұлғаның рухани дамуы ; адам табиғаттан , қоғамнан , мемлекеттен , басқа адамдардан және өз еңбегінің нәтижесінен өзінің жатсынуын , алмасталуын жою .
Сонымен қатар, Кедейлік мәселесі жаһандық мәселелердің ішінде ең негізгілерінің бірі болып отыр. Кедейлік деп отырғанымыз мемлекеттің сол елдегі адамдарды ең қарапайым және ең арзан өмір жағдайымен қамтамасыз ете алмауы. Әсіресе дамушы елдердегі кедейліктің үлкен масштабтары тек қана ұлттық емес, сонымен қатар әлемдік тұрақты дамуға үлкен қауіп тудырады. Әлемдік экономиканың экологиялық потенциалы адмзаттың шаруашылық қызметі себебінен жиі бұзылып отыруда. Қоршаған ортаны қорғау дамудың маңызды бөлігі болып табылады. ХХ ғасырдың 70-жылдары экономистер қоршаған орта проблемалары экономикалық даму үшін өте маңызды екнін түсінген. Қоршаған ортаның деградация поцестері өздігінен даму сипатына ие. Бұл ресурстардың толықтай жойылып кетуіне алып келуі мүмкін.
Қорыта айтқанда, адамзат дамуының жаһандық мәселелері оның кез келген даму кезеңдерінде өзекті болды.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|