1. Дүниетаным, оның құрылымы және тарихи түрлері


) Абай философиясындағы «толық адам»



жүктеу 80,85 Kb.
бет29/34
Дата22.02.2023
өлшемі80,85 Kb.
#41447
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34
1. Ä?íèåòàíûì, îíû? ??ðûëûìû æ?íå òàðèõè ò?ðëåð³

40) Абай философиясындағы «толық адам».
Абай толық адам болудың негізгі шартын көрсетеді. Ол шарт – Алланың жолымен жүруге қадам басу. «Адам» мен «толық адамның» айырмашылығына келетін болсақ, олардың арасындағы айырмашылық иманның деңгейімен анықталады. Екеуінде де иман болады. Бірақ әртүрлі. «Адам» күнәлі істер жасамайды, ал «толық адам» бұған қоса алдыңғы күнәларын да жояды. Осылайша ол толық тазару жолына түседі. Адам – фәни өмірде оянып, көзі ашылса, толық адам – бақи әлемде оянып, көзі ашылады. Адамның иманы әлсіз, тұрақсыз болады. Кейде тән құмары жеңіп, адам өзінің рухани болмысын ұмытып фәни өмірге беріліп кетеді. Ал толық адамның иманы берік, тұрақты келеді. Оның иманы толық.
Адам Алланың құлдарын сүюге ұмтылса, толық адам Алланың өзін сүюге ұмтылып ұмтылады. Адамдар қоғам өмірімен үнемі тығыз байланыста болса, ал толық адам, керісінше, көпшіліктен бөлектенуді, өзімен-өзі жеке болуға ұмтылады. Ол өмірді өзінің алға қойған мақсатына жету құралы ретінде ғана пайдаланады. Шәкәрім бұл ретте тауға кетіп, қоғамнан бөлек өмір сүрген. Абай да жекеленуге ұмтылған, бірақ қоршаған ортасы оған мүмкіндік бермеген.
Адамның екі мақсаты болады. Бiрi, өзiнiң материалдық құмарлықтарын қанағаттандыру болса, екiншiсi, рухани құмарлықтарын қанағаттандыру. Абай біріншісін – «тән құмары» десе, екіншісін – «жан құмары» дейді. Жан құмарының мақсаты – Алланың разылығы үшін әрекет ету. Мақсатына байланысты әрекет жақсы не жаман деп бөлінеді. Мысалы, хирург пышақпен операция жасайтын болса – бұл жақсы әрекетке жатады. Себебі, ол адамға өмір беру үшін жасалып жатыр. Ал егер пышақты қылмыскер қолданатын болса – бұл жаман әрекет. Себебі, адамның өмірін алу үшін жасалады. Осылайша жасалу мақсатына байланысты іс-әрекет жаман не жақсы болып бөлінеді. Өмірдің мәнді немесе мәнсіз болуы ең алдымен адамның мақсатына және ниетіне байланысты.
Толық адам болудың жолын Абай былай түсіндіреді:
Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста.
Сонда толық боласың елден бөлек.
«Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста» дегені нәпсімен күресе біл дегені. Сол кезде ғана адам елден бөлек болып, толық адам деңгейіне көтеріледі.
Адамдарда имандылық болады. Бірақ бұл толық иман емес. Олар Алланы мойындайды. Бiрақ Алла үшiн әрекет жасамай, Алладан тек өзіне жақсылық тілей береді. «О, Аллам! Маған денсаулық бере гөр, тыныштық бере гөр» деп Алладан сұрайды. Осылайша адам Құдайға құлшылық жасаудың орнына өзiне жақсылық тілеп, өзінің қамы үшін пайдалануға тырысады. Ал толық адам өзi үшін ештеңенi сұрамайды, тек қана Алланың разылығы үшін әрекет етеді. Құдайға құлшылық неғұрлым таза болса, оның нәтижесi де соғұрлым жоғары болады. Сондықтан да Абай әрбір адамзатты таза құлшылыққа шақырады.

жүктеу 80,85 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау