Айнымалы жұлдыздар — негізінен температурасы мен радиусының бірде ұлғаюы, бірде кішіреюі салдарынан жарығы құбылып тұратын жұлдыздар.
Айнымалы жұлдыздар туралы деректер Ежелгі Қытай жылнамаларында кездеседі. Өзінің жарығын өзгертіп отыратын жұлдыздарды алғаш рет 1596 жылы Кит шоқжұлдызынан неміс астрономы Давид Фабрициус байқаған. Ал 1667 жылы франциялық астроном И.Бульо оның жарығының периодты болатындығын анықтаған. Айнымалы жұлдыздарға тек 19 ғасырдың ортасынан жүйелі түрде бақылау жүргізіле бастады. Айнымалы жұлдыздардың саны қазір 50 мыңнан асады. Әрбір шоқжұлдыздағы айнымалы жұлдыздар латын әрпімен (R-ден Z-ке дейін немесе солардың әр түрлі ауысымы арқылы) белгіленеді. Олар т ұ т ы л м а л ы қ о с ж ұ л д ы з д а р және ф и з и к а л ы қ айнымалы жұлдыздар болып 2 топқа бөлінеді. Т ұ т ы л м а л ы қ о с ж ұ л д ы з д а р белгілі бір жүйемен, жалпы ауырлық центрінен айналады, әрі ерекше оптикалық айнымалы жұлдыздар тобына енеді. Ф и з и к а л ы қ айнымалы жұлдыздар жарығының өзгеруі, жұлдыздар қойнауы мен оның сыртқы қабатындағы физикалық процестерге байланысты болады. Олардың қатарына лапылдамалы (пульсациялы) айнымалы жұлдыздар (қ. Цефеидтер) жатады. Сондай-ақ айнымалы жұлдыздардың эруптивті, пульсарлар, тығыз орналасқан қос жұлдыздар сияқты түрлері де бар. Айнымалы жұлдыздар жарығының өзгеру периоды бірнеше сағаттан (Лирадағы RR, Қалқандағы δ және Үлкен Арландағы β), ондаған (Цефеидтер, Торпақтағы RV), тіпті жүздеген (Кит шоқжұлдызы) тәулікке дейін созылады.
№ 13 дәріс тақырыбы Біздің галактика, өлшемдері, пішіндері. Құс жолы.
Галактика (көне грекше: Γαλαξίας — Құс жолы)– құрамына Күн жүйесі енетін алып аумақты жұлдыздық жүйе. Ол шамамен екі жүз миллиард жұлдыздан, сондай-ақ жұлдыз шоғыры мен тобынан, газ бен тозаң тұмандықтарынан және жұлдызаралық кеңістікке таралған жеке атомдар мен түйіршіктерден құралған. Бұлардың үлкен бөлігінің пішіні линза тәріздес, оның көлденеңі шамамен 30 кпк, ал қалыңдығы 4 кпк. Кіші бөлігінің пішіні сфера тәріздес, оның радиусы шамамен 15000 пк. Галактиканың (кейінгі гр. galaktіks – сүт тәрізді, грекше gala – сүт) барлық құраушылары кіші симметрия осінен айналатын, бірыңғай динамикалық жүйе болып байланысқан.
Достарыңызбен бөлісу: |