1 дәріс. Сөзжасам – тіл білімінің жеке саласы


Қосарланған күрделі етістіктер



жүктеу 231,81 Kb.
бет41/50
Дата17.09.2022
өлшемі231,81 Kb.
#39298
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   50
kazirgi kazak tilinin sozzhasam nan daris tezisteri

Қосарланған күрделі етістіктер
Қосарланған етістіктер деп екі сыңары да етістіктен жасалған қос сөздер аталады. Қосарланған етістіктер деп белгілі тұлғадағы екі түрлі етістіктен не бір етістіктің қайталануынан жасалған етістіктер аталады: келіп-кетіп, ашып-жауып, жүріп-тұрып, бағып-қағып, сылап-сипап, күліп-ойнап, асып-тасып, өліп-талып, жылап-сықтап, алдап-арбап, асығып-сасып, қорқып-үркіп, ұрып-соғып, келе-келе, айта-айта, көре-көре, жылай-жылай, сұрай-сұрай т.б.
Қосарланған етістіктер сөйлемдегі негізгі қимылдың жайы-күйін білдіреді.

Идиомаланған күрделі етістіктер
Идиомаланған тұрақты тіркестердің бір тобы қимыл мағынасында қолданылады. Мысалы, көзге түрткі болу, көзден ғайып болу, көздеп бір-бір ұшу, зәре-құты қалмау, төбе шашы тік тұру, қара терге бату, қара жер болу, бетегеден биік, жусаннан аласа болу, көзі түсу, көкке көтеру, мойнына қамыт кигізу, тумай жатып картайған, инедейді түйедей ету т.б.
Идиомаланған етістіктер сөйлемде бір сөз қызметін аткарады. Мысалы, Инедейді түйедей ету - сенің әдетің (С.Мұқанов). Идиомаланған етістік сөйлемнің бастауышы болып тұр. Досыңның өскені тамағыңа сүйек болып кадалды. Мұнда идиомаланған етістік мәнді тізбек сөйлемнің баяндауышы.

Әдебиеттер:



  1. Оралбай Н. Қазақ тілінің сөзжасамы. -Алматы, 2002.

  2. Салқынбай А. Қазақ тілі сөзжасамы. –Алматы, 2003.

  3. Бейсембайқызы З. Сөзжасам пәнін модуль бойынша оқыту.-Алматы, 2000.

  4. Төлеуов Ә. Сөз таптары. -Алматы, 1982.

  5. Қазақ грамматикасы. -Астана, 2002.

  6. Қазақ тілінің грамматикасы.- Алматы, 1967.

  7. Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі. -Алматы, 1989.

16 дәріс


Үстеудің сөзжасамы 

Жоспар

1.Үстеудің жасалуының өзіндік ерекшелігі

2. Үстеудің сөзжасамдық тәсілдері

3. Үстеудің жасалуына негіз болатын сөз таптары

4. Есім сөздерден үстеу жасайтын жұрнақтар

5. Үстеудің аналитикалық тәсіл арқылы жасалуы.
Үстеудің сөзжасамы деп үстеудің сөзжасамдық бірліктерінің белгілі сөзжасамдық тәсілдер арқылы туынды үстеулер жасауы аталады. Мысалы, балаша қуанды,қыстай оқуда болды, ілгері басқан жас, тырым-тырақай қаша жөнелді, алдын-ала ескерту керек, ала жаздай не бітірдің? дегенде түрлі туынды үстеулер келтірілді.
Үстеудің басқа сөз таптарындай күрделі сөзжасамдық жүйесі болмаса да, өзіндік ерекшелігі бар, белгілі зандылықтары мен шағын сөзжасамдық бірліктері бар, тілдің сөзжасамдық тәсілдерінің бәрі дерлік қызмет ететін сөзжасамдық жүйесі бар.
Үстеудің сөзжасамдық жүйесінің басқа сөз таптарынан ерекшелігі - олардың жалғаулардың түбірге кірігіп, көнеруі арқылы туынды үстеудің жасалуы. Мысалы, алға, бірге, әзірге, баяғыда, күнде, лезде, төтеден, етпетінен, әуелден, жайымен, ретімен, түйдегімен сияқты үстеулер түбір сөздерге барыс, жатыс, шығыс, көмектес септік жалғауының кірігіп көнеруінен жасалған. Бұл тілдік құбылыс басқа ірі сөз таптарында жоқтың қасы. Тек сын есімде өзге, басқа сияқты жекелеген сөздер ғана осы жолмен қалыптасқан. Үстеудің сөзжасам жүйесінде бұл тәсіл арқылы аумақты бір топ туынды үстеулер жасаған. Сондықтан оны үстеу сөзжасамының өзіндік ерекшелігі деп тану керек.
Үстеу де - өзінің құрамын басқа сөз таптары арқылы толықтыратын сөз табы. Анық айтқанда, үстеудің жасалуында басқа сөз таптарының лексикалық бірліктері негіз сөз қызметін атқарады, өзі де ол қызметке қатысады. Олардан үстеудің өзінен басқа мына сөз таптарын атауға болады: зат есім, сын есім, сан ,есім сөздер мен есімдіктер. Мысалы, әдейілеп келдім, бүтіндей жұтады, екіншілей айтпа, назарын бүкілдей аударды дегендегі әдейілеп үстеуден, қыстай зат есімнен, бүтіндей сын есімнен, екіншілей сан есімнен, бүкілдей есімдіктен жасалған. Үстеудің сөзжасамдық жұрнақтары шағын, алайда олар арқылы тілде бірсыпыра туынды үстеулер жасалған.
Тілде қалыптасқан сөзжасамдық тәсілдердің бәрі дерлік туынды үстеу жасауға қатысады.
Туынды үстеу жасауда синтетикалық тәсіл бірсыпыра қызмет атқарады. Ғалым Қ.Есенов үстеудің 27 сөзжасамдық жұрнағын көрсеткен . Рас, оқулықтарда олардың саны аз көрсетіліп жүр. Туынды үстеу жасауда аналитикалық тәсіл де елеулі қызмет атқарады, ол арқылы жасалған күрделі үстеулер бірсыпыра: бұратала (бір жолата), биыл, бүгін, жайбарақат, жаздыгүні, аққұла (қыдыру), алатөбеде, бірқыдыру, біржола, бірсыпыра, алмағайып, жеделғабыл, әр заманда, бір жақты (шешті),күн бұрын, түн ауа, алдын ала, бер жақ, соңғы рет, елең-аланда, күні кеше, ертеден кешке дейін, күндерде бір күн т.б.
Үстеудің сөзжасамдық жұрнақтары. Үстеу сөзжасамдық жұрнақтар арқылы жасалып, туынды түбір үстеу сөздер жасалады. Мысалы, меніңше, осынша, онша, жыланша (иіріліп), ағашша (иіліп), жаңаша (қарау), былайша, саудырлатып, жаяулата, кешең (шықтым), күнгейлеу (жатыр), байқаусызда т.б. Үстеудің сөзжасамдық жұрнақтары да өнімді, өнімсіз болып бөлінеді. Өнімді жұрнақтар ішінен -ша, -ше жұрнағын ерекше атауға болады. Бұл жұрнақ арқылы жасалған туынды түбір үстеулер үлкен бір топ құрады.
Ал өнімсіз жұрнақ үстеуде көп. Мысалы, Екі жас, жаңа өспірім, Паркте жүрді кешкірім (Ж.Молдағалиев). Есеней тапсырған ту бие кешқұрым сойылды (С.Мүқанов). Осы мысалдардағы -кірім, -құрым жұрнағы басқа туынды сөз жасамаған. Сол сияқты -ғаш (алғаш), -дік (әредік), -еу (көрнеу, кешеу),қар, -кері (тысқары, ішкері, сыртқары), -ы (арнайы) сияқты жұрнақтар жекелеген, бірді-екілі ғана туынды түбір үстеулер жасаған.
Үстеудің сөзжасамдық жүрнақгары да жалаң және құранды болып бөлінеді. Жалаң жұрнақтар: -ша, -ше, -ы, -ай, -лық, -са, -се, құранды жүрнақтар: -лата, -лете, -кірім, -қүрым, -ыртын, -іртін т.б. Синтетикалық тәсілге жалғаулардың түбірге кірігіп, көнеріп, бір түбір сөз жасауын да жатқызуға болады: алға, артта, жүресінен, түнімен, зорға, демде, бірден, кенеттен т.б. Бұл туынды үстеулердегі жалғаулар лексикалық жағынан біртұтас түбір, біртұтас мағына жасағанымен, ондағы түбір мен қосымшаның жігі анық көрінеді, тек мұнда жалғаулар сөзжасамдық қызмет атқарады. Сондықтан оларды туынды көнерген түбірлер деп атаған дұрыс. Үстеудің сөзжасамдық жұрнақтары мағынасы жағынан алуан түрлі, соған қарап, оларды үстеудің түрлі мағыналық топтарын жасайды деп саналады. Бірақ ол үстеудің сөзжасамдық жұрнақтарының мағынасын толық аша алмайды. Сондықтан үстеу жұрнақтарының мағынасын толық ашу үшін, оларды мағынасына қарай көрсету дұрыс. Мезгіл мағыналы жұрнақтар -тай, -дай, -дей жұрнағы мезгіл мәнді зат есім сөзге жалғанып, одан туынды түбір мезгіл үстеулерін жасайды. Мысалы, Жаздай тарының басында жүруден жалықпайды (Ғ.Мүстафин). -ша, -ше жұрнағы үстеу сөздерден мезгіл мәнді туынды түбір үстеу жасайды: қазірше, бүгінше, ғұмырынша, биылша т.б. Мысалы, Дүние-дүние деуменен кейбіреулер, Жүреді ғұмырынша рақатсыз (айтыстан). Бүгінше Сағираның үйіне қонып шығайын (Ж.Тілеков). -сын, -сін жұрнағы үстеуден мезгіл мәнді туынды түбір үстеу жасайды: ертеңгісін, таңғысын, кешкісін, биылғысын, түскісін. Мысалы, Ішкі запыранды төгіп-төгіп алып, едәуірдесін барып басымды көтердім (Ө.Қанахин). Мұрат кеше ертеңгісін полкты қабылдады (Т.Ахтанов). -ын, -ін жұрнағы да зат есімдерден мезгіл мәнді туынды түбір үстеулер жасайды: қысын, жазын, күзін, күндізін. Мысалы, Қысын, жазын сабылып келеді де жатады (С.Мұқанов). -ең: кешең. Мысалы, Алматыға бірнеше сағат кешең ұштым (Т.Бигельдинов). Сонымен бірге септік жалғауларының көнеруі де мезгіл мәнді туынды үстеулер жасайды:

жүктеу 231,81 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   50




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау