1 дәріс. Сөзжасам – тіл білімінің жеке саласы



жүктеу 231,81 Kb.
бет29/50
Дата17.09.2022
өлшемі231,81 Kb.
#39298
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   50
kazirgi kazak tilinin sozzhasam nan daris tezisteri

Сан есім сөзжасамы

Жоспар


  1. Сан есім сөзжасамының өзіндік жүйесі,олардың негізгі белгілері

  1. Сан есімнің сөзжасамдық тәсілдері

  2. Аналитикалық тәсілдің сан есім сөзжасамында негізгі орын алатыны

  3. Синтетикалық тәсілдің сан есім жасауға қатысы

Сан атаулары - өте көне заманнан келе жатқан сөздер, оларды барлық көне жазба ескерткіштерден кездестіруге болады. Сан есім сөздердің сөзжасам жүйесі ерте қалыптаскан, өзіндік сөзжасамдық бірліктері бар, ерекшеліктері бар.


Сан есімнің сөзжасамдық бірліктеріне сан атаулары және сөзжасамдық жұрнақтар жатады. Сан атаулары сөзжасамда негіз сөз қызметін атқарады. Сан есімнің жұрнақтары сөзжасамдық қосымшалар қызметін атқарады. Сан есім сөзжасамына басқа сөз таптарының сөздері қатыспайды яғни басқа сөз табынан сан есім сөздер жасалмайды.
Сан есім сөзжасамында тілде қалыптасқан- сөзжасамдық тәсілдердің біразы қолданылады, бірақ бәрі емес. Мысалы сан есімде семантикалык тәсіл қолданылмайды, синтетикалық тәсіл өте өнімсіз, ал сөзжасамның аналитикалық тәсілі сан есім сөзжасамында негізгі қызмет атқарады.
Сан есімнің сөзжасамдық бірліктерінің қызметі белгілі заңдылықтарға негізделген. Сан есімнің синтетикалық тәсіл арқылы жасалуы белгілі косымшалармен ғана байланысты. Сан есім - қосымшаға өте кедей сөз табы. Сан есімнің сөзжасам қосымшаларының қолданылуының тілде өзіндік заңдылығы қалыптасқан. Сан есім жұрнақтары басқа сөз табына жалғанбай, тек сан есім сөздерге ғана жалғанады. Басқа сөз таптарының қосымшалары өз аясында тұйықталмайтын болса, сан есімде оның сөзжасамдык косымшалары оның өз аясынан шықпайды, яғни баска сөздерге жалғанбайды. Сан есім қосымшалары жаңа сан атауларын жасай алмайды, тек сандык атауларды түрлендіріп, оған түрлі мағына үстейді. Мысалы, Екінші, үшінші күндері ағаш отырғызушылардың тобы көбейе түсті. Иә, айтты — айтпады, өткен жылы төртінші бөлімше колхоз бойынша мемлекетке астық сату жоспарын бірінші болып орындады (Қ.Боранбаев). Осындағы екінші, үшінші, төртінші, бірінші деген сан есімдердің кұрамындағы -нші, -інші жұрнағы реттік сан есімдер жасайды, яғни ол - сан есімнің бір семантикалық тобының жұрнағы. Мұнда осы сөздерге негіз болып тұрған сан атауларынан басқа сандық ұғым, атау жасалмаған. Негіз сөздің сандык ұғымының үстіне реттік мағына косылған. Сан есімнің сөзжасамдық жұрнақтары мағынаны турлендіруші жұрнақтарға жатады.
Мұндай сан есім қосымшалары көп емес, оларға реттік, жинақтық сан есімдердің қосымшалары жатады. Сан есімнің сөзжасамдық жүрнақтары сан есімнің мағыналық топтарын жасайды. Сан есімнің түрлі мағыналық топтарын жасауға басқа сөз таптарының көрсеткіштері де қатысады. Бұл құбылыс та-тіл зандылығынан негізгі орын алмағанымен, тілде бар жағдай. Тілдік бірліктердің өз қызметінен басқа да түрлі қызмет атқаруы-кездесіп отыратын құбылыс. Сан есімнің мағыналық топтарының жасалуында бұл біраз орын алады. Мысалы, Жасы сол кезде кырықтарды алқымдаған, сақалды, мұртты кісі еді (С.Мұқанов). Жасы отыздардағы, қыр мұрынның астына шоқталап мұрт қойған - сіріңке қара жігіг (Ж.Жұмақанов). Мұнда қырықтар, отыздар деген болжалдық сандар сан есімге көптік жалғау жалғану арқылы жасалған, сан есімнің болжалдық семантикалық тобының жасалуына зат есімнің көптік жалғауы қатысып тұр.
Сөзжасамдық бірліктер тек қосымшалар ғана емес екені белгілі. Сан есім сөзжасамының түп негізі қосымшаларда емес, түбір сөзге, сандық атауларға қатысты. Сан атауларына тіліміз өте бай. Қандай болмасын сандық ұғымды дәлме-дәл білдіруге тіл байлығымыз, сандық атауларымыз жеткілікті. Осы бай сан атаулары негізінен бір сандық атау мен екінші сандық атаудың бір-біріне тіркесуі арқылы жасалған. Басқаша айтқанда, сан есімде сөзжасамдық негізгі бірліктер - сан атауларының өзі, өйткені сан есімде сан атаулары бір сандық атау мен екінші сандық атаудың тіркесі арқылы жасалған. Олай болса, сан есімде сандық ұғым негізінен күрделі сан атаулары арқылы беріледі.
Сандық атаулардың негізгі жасалу жолы аналитикалық тәсілмен байланысты болғаңдықтан, бұл тәсіл арқылы сан есімдердің жасалуының өзіндік жолы, тіркесу реті, модельдері бар. Сан атауларын бір-бірімен тіркестіретін морфемалар, жалғастырушы қосымшалар тілде жоқ, сан есімнің жасалуы таза аналитикалық тәсілге жатады. Сондықтан сан есім сөзжасамының аналитикалық түрінде сөзжасамға қатынасатын сыңарлардың орын тәртібінің маңызы өте зор. Мысалы, он бір, он бес, отыз алты, елу сегіз, тоқсан тоғыз т.б. Осы сандық ұғымды білдіру үшін сыңарлардың осы орны сақталу керек. Олардың орнын өзгертуге болмайды. Мысалға жоғарыдағы сандардың сыңарларының орнын өзгертіп, бір он, бес он, алты отыз, сегіз елу, тоғыз тоқсан түрінде алсақ, жоғарыдағы мағына сақталған жоқ, мүлдем басқа мағына туды. Бұдан сан есімнің аналитикалық тәсіл арқылы жасалымында сыңарлардың орын тәртібі өте тұрақты, оның ерекше мәні бар.
Сан есім кез келген сандардың бір-бірімен тіркесу арқылы жасалмайды. Мұнда қалыптасқан белгілі заңдылық бар. Ол заңдылык бойынша тілімізде сан атаулының қайсысының калай тіркесуі қалыптасқан. Оны күрделі сандардың тіркесу үлгілерінен көруге болады, ал сан есім сөзжасамдық үлгілерге өте бай. Айталық ондық пен бірлік аралас сандардың жасалу үлгісімен жүздіктердің үлгісін салыстырып қарайық. Ондық пен бірлік аралас сандар он жөне бірлік сыңардан тұратын ондық - бірлік түріндегі үлгі арқылы жасалады да, мағына сыңарлардың мағынасының қосындысынан туады: отыз бес, қырық жеті, елу алты, сексен жеті т.б. Ал жүздік атаулар бірлік-жүздік үлгісімен жасалады да, мағына сыңарлардың мағынасының көбейтіндісінен туады. Мысалы, екі жүз, бес жүз, алты жүз, сегіз жүз т.б. Әр түрлі сандык атаулардың түрлі-түрлі нақтылы үлгілері бар. Ол үлгілердің әрқайсысының белгілі құрамы бар, оған қатысатын сыңарлар тек сан есім сөздер ғана. Әр үлгі бір топ сандардың атауларын жасайды.
Сан есім сөзжасамдық үлгілері күрделі сан атауларының жасалуын көрсетеді, ал сан есім мағыналық топтары да аналитикалық тәсіл арқылы жасалады, бірақ, мұнда сыңарлардың тек қана сан есім болуы міндетті емес, өйткені оған басқа сөз табы, яғни шылаулар да қатыса береді. Мысалы, Оның құны көп болса, 10-15 сом (С.Мұқанов). Айналасы отыз шақты ғана үйлік төрелер бірімен-бірі айнала кұда (С.Мұқанов). Осы мысалда сан есімнің болжалдық тобына жататын екі мысал бар. Оның біріншісі он және он бес сандарының қосарлануы арқылы жасалған, оның сыңарларының екеуі де сан есімнен, ал екіншісі есептік санға шақты шылауының тіркесуі арқылы жасалған.
Нақтылы сандық атаулардың жасалуына қатысатын бірліктер - тек қана сан есімдер. Ал сан есімнің мағыналық топтарының жасалуына сан есімнің өз көрсеткіштерімен қатар, басқа сөз таптарының кейбір көрсеткіштері де белсенді қатысады. Әрине, сан есім мағыналық топтарының жасалуына кез келген қосымша қатыса бермейді. Ондай қызметке араласатын косымшалардың түрлері де, саны да белгілі.
Жоғарыда сан есім сөзжасам жүйесіне берілген сипаттамалардан сан есім сөзжасамының басқа сөз таптарының сөзжасамымен салыстырғанда, өзіндік ерекшелігі молдығы байқалды. Оларды жинақтай келгенде, төмендегі ерекшеліктерді атау кажет. Ол ерекшеліктердің бірі - сан есімнің сөз тудырушы, сандық ұғым жасаушы жұрнақтарының жоқтығы. Сан есім құрамында кездесетін, көне қосымшалардың жағдайы басқашарақ. Олар: -ыз/-із/сегіз, тоғыз/, -ты/-ті/алты, жеті. Бұл морфемалардың этимологиясы белгісіз. Қосымша сөзде кездесетін тілдік бірлік, бірақ ол басқа сандарда қайталанбайды. Ал сан есім сөздердің құрамында кездесетін басқа жымдасқан морфемалардың түп негізі белгілі сөзге барып тіреледі. Бұл заңды, өйткені сан есім сөзжасамының негізі-синтетикалық тәсіл емес, аналитикалық тәсіл. Оған дәлел ретінде құрамы күрделі морфемадан тұратын алпыс, жетпіс, сексен, тоқсан атауларын келтіруте болады. Н.К. Дмитриев кейбір жеке сөздердің этимологиясына келсек, алтмыш /алпыс/, етмеш сөздері /алты/, ете /жеті/ сөздерінен -мыш, -меш жүрнақтары арқылы жасалған, ол алғаш он дегенді білдірген болуы керек. Мұндай сан есім формалары көптеген түркі тілдеріне қатысты дейді. Ол сексен, тоқсан сөздерін сегіз, тоғыз сөздерімен байланыстырады да, олардың құрамындағы екінші сыңары он сөзінің өзгерген түрі деп санайды.
Сын есімнің сөзжасамдық жұрнақтары болмағандықтан, ол өзінің құрамын басқа сөз таптарының лексикалық бірліктері арқылы толықтыра алмайды. Сан есім сөзжасамының басқа сөз таптарының сөзжасамынан негізгі ерекшеліктерінің бірі де осы белгіге байланысты. Сан есім сөзжасамына тек сан атаулары ғана негіз болады, басқа сөз таптары сан атауларының жасалуына негіз бола алмайды. Басқаша айтқанда, сан есім сөзжасамы сан есім аясынан шықпайды. Сан есімдер өзінің ішкі мүмкіндігі арқылы ғана байып, толығып, басқа сөз табының қатысын керек етпейді. Мұндай ерекшелік басқа сөз таптарында кездеспейді. Сондықтан оны сан есім сөзжасамына байланысты негізгі ерекшеліктердің бірі санауға әбден болады.Сан есімнің жекелеген қосымшалары тек сан есімдерге ғана жалғанады, басқа сөз таптарына жалғанбайды яғни мұнда негіз сөз тек сан есім ғана болуға тиіс. Бұл жағдай сан есім сөзжасамының өз ішінде тұйықталуын туғызған, басқаша айтқанда, сан есім сөзжасамы өз аясында қалады, бұл да-сан есім сөзжасамының бір ерекшелігі.
Сан есім сөзжасамында тағы бір ерекшелік өзіне назар аударады. Сан есім сөзжасамындағы негізгі үлгілер мен тәсілдер қазір өз қызметін тұйықтаған, өте пассивтенген, олар-тілді сан атаулармен қазір күнделікті толықтырып отырған үлгілер мен тәсілдер емес. Анығырақ айтсақ, сан есім сөзжасамының үлгілері мен тәсілдері бір кездері өте белсенді қызмет атқарып, тілдегі сан атауларын жасаған. Тілімізге орыс тілінен миллион, миллиард, триллион сияқты сан атаулары енген, олардың тіркесімен талай сан атауларын жасауда сан есім сөзжасамының тәсілдері мен үлгілері қызмет атқарған. Бірақ сан есім сөзжасамының тәсілдері мен үлгілері қазір жаңа сан атауларын жасап, тілге жаңа сан қосып, үздіксіз қызмет етіп отырған жоқ. Сондықтан да сан есім құрамы басқа сөз таптарымен салыстырғанда, тұрақты деуге болады. Аталған жағдайлар сан есім сөзжасамының өзіндік ерекшелігін танытады. Сандық ұғымдарды білдіретін сөздер басқа ешбір халықтың тілінен кем емес. Қазақ тілінде миллионға дейін күрделі сан атаулары жасалған, сан есімді сөз табы дәрежесіне көтеретіндер де — осы күрделі сан атаулары. Бірақ олар санаттан тыс қалып, сөздіктерде көрінбей жүр. Сан есім атауларынан сөздікте небәрі 20 шақты дара сандардың атаулары ғана беріледі.

жүктеу 231,81 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   50




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау