1 дәріс: Психология пәні, салалары және даму тарихы


 Қабылдаудың қасиеттері мен түрлері



жүктеу 1,05 Mb.
Pdf просмотр
бет67/129
Дата08.02.2022
өлшемі1,05 Mb.
#37393
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   129
   
2. Қабылдаудың қасиеттері мен түрлері. 
 
Қабылдаудың кӛріп қабылдау, естіп қабылдау, иіс сезіп, дәм сезіп, сипап 
сезіп қабылдау деген түрлері болады.  
    Қабылдаудың  қасиеттері:
Тұтастығы:
 
  Заттарды  қабылдағанда  біз  оны 
белгілі  бір  құрамға  ие  тұтас  зат  деп  түсінеміз.  Мысалы:  телефон  арқылы 
сӛйлескенде  кейбір  дыбыстарды  шала  естісек  те,  әңгіменің  мағынасын 
түсінеміз.  Егер  «Қыз  Жібек»  операсындағы  «Гакку»  ариясының  бір  бӛлшегін 
құлағымыз шалса да біз «Гакку» әнін толық қабылдайтын боламыз. Тӛрт аяқты 
столдың  суретте  3  аяғы  салынса  да,  оның  4-ші  аяғын  елемей,  4-аяқты  стол 
есебінде қабылдаймыз.  


 
Қабылдаудың  мағыналылығы  мен  жалпылау. 
Адам  ӛзі  үшін  белгілі 
маңызы бар заттарды қабылдағанда, мысалы: ӛзіміз түсінбейтін тілде сӛйлеген 
сӛзді мүлдем ұқпайтын болсақ, азын – аулақ хабарымыз бар тілді шала – шарпы 
қабылдаймыз.  Мысалы:  кӛпшілік  арасынан  таныс  адамды  бірден  тану,  кӛп 
киімнің  ішінен  ӛз  пальтоңды  бірден  тану  оңай  болдаы.  Әрбір  жеке  заттарды 
немесе  құбылыстарды  қабылдаумен  бірге  біз  оларды  жалпылап,  ұқсас 
заттардың  тобына  енгізіп,  жіктеп,  топтап  отырамыз.  Мысалы:  біз  шортанды 
қабылдағанда,  оның  балық  екенін  еске  алып,  балық  тобына  қосып 
қабылдаймыз. 
    Қабылдаудың 
таңдамалылығы.
Адамға 
әсер 
ететін 
заттар 
мен 
құбылыстардың  молдығы  сонша  біз  олардың  барлығын  бірдей  бір  мезгілде 
қабылдап,  жауап  қайтара  алмаймыз.Толып  жатқан  объектінің  ішінен  біреуін 
іріктеуіміз (оның қасиетін, сапасын)  
қабылдаудың таңдамалылығы
 делінеді. 
    Қабылдаудағы  зат  пен  фон. 
Мұғалім  оқушылардан  үй  тапсырмаларын 
сұраған  кезде  оған  бір  баланың  жауабы  ерекше  ұнайды.  Бұған  ол  аса  зейін 
қояды.  Сонда  мұғалімнің  объектісі  сол  бала  болады,  қалғандарының  жауабы 
жӛнді еленбейді. Жаңағы жауап берген баланың жауабы, қабылдаудың заты, ал 
қалғандарыныкі  соның  фоны  болады.  Осы  жағдайды  мына  сурет  жақсы 
кӛрсетеді.  Мәселен,  мұндағы  суреттің  бірінде  қара  түстегі  2  адамның  профилі 
байқалады, ақ түс жай кӛрініс деп қабылданады; ал екінші жағдайда керісінше. 
Осы  суреттегі  ақ  ваза  затқа  айналады  да;  оның  тӛңірегіндегі  қара  түс  фон 
болады.  
Мұнда  фон  мен  заттың  орны  ауыстырылып  отыр.  Қабылдаудың  заты  мен 
фоны  жылжымалы.  Қабылдау  заты  болған  нәрсе  қажет  болмай  қалса,  фонмен 
құйылысып  кетеді,  фондағы  нәрсенің  бірі  белгілі  бір  уақытта  қабылдаудың 
затына айнала алады.  
Қабылдаудың  тұрақтылығы  (константтылығы).
Константтылық  деп 
сыртқы  жағдайдың  ӛзгеруіне  қарамастан,  заттардың  кейбір  қасиеттерінің 
бірқалыпты  болып  қабылдануын  айтады.  Мысалы:  ақ  қағазға  жасыл 
лампочканың  жарығы  түссе  де,  қызыл  лампочканың  жарығы  түссе  де  бәрі  бір 
ақ болып қабылдана береді.  
Апперцепция. 
Қабылдаудың  мазмұны  мен  бағыт  –  бағдарының  адамның 
тәжірибесіне,  білім  байлығына  байланыстылығын  апперцепция  деп  атайды 
(Апперцепция  –  латынның  апперцептио  деген  сӛзінен  алынған,  қазақша 
қабылдауға қосымша деген мағынаны білдіреді).  
     Апперцепция 
тұрақты,  уақытша
  болып  2  –  ге  бӛлінеді.  Тұрақты 
апперцепция  адамның  қызығуы  мен  мамандығы,  білімі  мен  дүниетанымына 
байланысты  болып  отырады.  Мысалы:  «түбір»  деген  сӛзді  әр  адам  түрліше 
қабылдайды.  Тіл  маманы  «сӛздің  түбірі»,  ал  ботаник  «шӛптің  түбірі», 
математик «санның түбірі» деп қабылдайды. 
     Әр  түрлі  иллюзиялардың  негізінде  адам  жаңсақ  пікірде  болады,  мұны 
уақытша апперцепция дейді. Апперцепцияның уақытша түріне А.С. Пушкиннің 
«Вурдалак»  деген  ӛлеңі  жақсы  мысал  бола  алады.  Осы  ӛлеңінде  Ваня  деген 
қорқақ бала түнде зират арқылы жүріп бара жатады. Ол қорыққаннан қара терге 


 
түседі,  сүйек  кеміріп  жатқан  итті  қабырдан  шыққан  ӛлікке  балайды.  Ӛйткені 
оның ӛзі осындай кереметтердің «болатынына» сенетін. 
      М.Әуезов  «Қыр  әңгімелерінде»  Жортар  қарттың  басынан  кешкен  бір 
оқиғаны  былайшы  суреттейді:  «Бейіттің  іші  әлгіден  де  жарық  болып  кетіп, 
артынан бәсеңдегендей болды  ...  құдай кӛрсетпесін кӛзіне ӛзінің бұрын түсін 
кӛрмеген, атын естімеген бір пәле  кӛрінді.  Алғашқы кӛрген кезде  «жалмауыз» 
дедім.  Нобайы  адамға  ұқсамайды.  Қап  –  қара,  тырдай  жалаңаш.  Бойы 
еңгезердей, үлкен, биіктігі кісі бойы, қол сұғымдай шашы бұрқырап тұр, кӛзіне 
түскен,  әсіресе,  қорқынышты  жері  –  аузы.  Ырсиып,  от  болып,  тістері  ақсиып, 
сойдиып тұр екен. Аузынан кәдімгідей от бүркіп тұр ... ӛзге еш жері кӛрінбейді. 
Қараңғы бұрышта қып – қызыл от болып жанып тұрған ырсиған ауыз, ақсиған 
тіс қана кӛрінгендей болды ... тұрайын десем буынымды баса алтын емеспін ... 
қозғаларға  шамам  жоқ  ...  құр  сүлдем  отыр  ...  Бір  мезгілде  ...  ақырын  келіп, 
иығымнан бас салды».  
Жын  –  шайтан,  пері,  албасты  дейтін  ұғымдарға  қатты  сенетін  адамға 
бейіт  ішінде  осындай  «керемет»  кӛріністерді  туғызған  жауыннан  паналап 
жүрген  екінші  бір  адамның  әлсін  -  әлсін  әлі  жағып  жүрген  сіріңкесі. 
«Қорыққанға  қос  кӛрінеді»  деген  мәтел  осындай  адамдардың  психологиясын 
ӛте жақсы кӛрсетеді. 
Қабылдаудағы  иллюзия.  (иллюзия  латын  сӛзі,  қазақша  алдану  деген 
мағынаны  білдіреді).
Заттарды  қабылдау  кейде  қате  болып  шығады.  Қателер 
(иллюзиялар)  әр  түрлі  талдағыштар  қызметінде  де  кездесіп  отырады.  Кӛру 
иллюзиясы  кӛбірек  белгілі:  Мысалы:  ақ  кӛйлекті  әйел,  қоңырқай  киімдіге 
қарағанда толықтау болып кӛрінеді. Кӛлденең жолақты мата мүсінді толықтай, 
тік жолақты биіктеу етіп кӛрсетеді. Иллюзияны тәжірибе арқылы тексеріп кӛру 
– қабылдаудың дұрыстығының бірден – бір ӛлшемі. 
Иллюзиялар аффектілік, вербалдық, парейдолиялық болып бӛлінеді. 
Аффектілік  иллюзия
  – 
кӛбіне  қорқыныш,  мазасыз  кӛңіл  –  күйде 
басталады.  Бұл  жағдайда  бӛлменің  бұрышында  ілінген  киім  немесе  халат 
жасырынып  тұрған  кісі  ӛлтіруші,  асханадан  естілген  дыбыстар  соны  ӛлтіретін 
қаруға ұқсап кетеді. 
Вербалдық  иллюзияда
 
әңгіменің  мазмұнын  жалған  қабылдауға 
байланысты.  Айналадағы  адамдардың  әңгімелерінен,  сұрақтарынан    ауруға 
қатысты  болмасада,  олар  ӛзіне  арналған  айыптаулар,  сӛгіс,  кінәлау  деп 
қабылдайды. 
Парейдолиялық  иллюзия.
 
Оның  мазмұны  қиялға  ұқсайды.  Бұйымдардың 
жиектері,  киімдегі  ою  -  ӛрнектер,  қабырғаның  жарығында  түсқағаздар  бәрі 
әрекеттен тыс киім киген адамдар, ертегі кейіпкерлері, сұлу кӛріністер ретінде 
қабылданады.  
Иллюзияны  адамның  нерв  жүйесінің  ауруға  шалдығуына  байланысты 
туатын  заттардың  жалған,  теріс  бейнелері  –  галлюцинациялардан  ажырату 
қажет. 
Галлюцинация
  –
  латын  сӛзі,  қазақша  қиялдану,  шатасу  деген  мағынаны 
білдіреді.  Галлюцинация  –  бұл  нақты  объект  болмай  –  ақ  пайда  болатын 
қабылдау  (елес,  алдамшы  дыбыс,  дауыс,  иіс).  Галлюцинация  кезінде  аурулар 


 
шын  мәнінде  бірдеңелерді  кӛрсетеді,  иістерді  сезеді,  қиялдайды,  елестетеді. 
Галлюцинация кӛру, есту, иіс, дәмдік, жалпы сезімдік болып бӛлінеді.  
Кӛру  галлюцинациясы
  формасыз  –  жалын,  түтін,  тұман  түрінде  болуы 
мүмкін.  Жекелеген  образдар,  заттың,  денелердің  бір  бӛлігі  (бір  кӛз,  беттің, 
құлақтың  жартысы)  топ  адамдар,  аңдар  тобы,  насекомдар,  фантастикалық 
заттардың  тобы  елестейді.  Бұлар  үрей,  қорқыныш,  қызығушылық,  масаттану 
туғызуы мүмкін. 
Есту  галлюцинациясында
 
–  салдыр  –  гүлдір  шуды,  атысты  есту,  сӛзді, 
дауысты, музыканы т.б. есту. 
Тактильдік галлюцинация
 – денеңе жәндік, құрт ӛрмелеп бара жатқандай, 
дененің  бетінде  немесе  тері  астында  белгісіз  бір  заттың  пайда  болуы  сияқты 
сезіледі 
Гипногогикалық  галлюцинацияда
  – 
ұйықтар  алдында,  кӛз  жұмулы, 
қараңғылық  кезінде  пайда  болады.  Мұнда  ғажайып,  тамаша  ӛрнектер, 
фантастикалық  тіршілік  иелері,  әр  түрлі  заттар,  жануарлар,  пейзаждар, 
панораммалар байқалады. 
 

жүктеу 1,05 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   129




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау