1 дәріс: Психология пәні, салалары және даму тарихы



жүктеу 1,05 Mb.
Pdf просмотр
бет59/129
Дата08.02.2022
өлшемі1,05 Mb.
#37393
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   129
руффини
  жасушалары,  екіншісі  - 
тӛмендеп,  салқындықты  түйсінетін 
краузе
  колбалары.  Қалыпты  жағдайдағы 
адамның денесіне тән температураны шартты түрде  - 
"физиологиялық нӛл"
 деп 
атайды. Айналадағы ортаның температурасы осы физиологиялық нӛлден тӛмен 
түсе  бастаса,  краузе  колбалары  тітіркенеді,  егер  де  нӛлден  кӛтеріле  бастаса, 
руффини жасушалары қоза бастайды. 


 
Органикалық  түйсіктер.
Бұлардың  рецепторлары  ішкі  мүшелердің 
қабаттарына (ӛңеш, қарын, ішек, тамыр, ӛкпе, жүрек т. б.) орналасқан. Ашығу, 
шӛлдеу,  ауырсыну,  дененің  қызуы,  жүрек  айну,  тұншығу,  сусын  қанғанды,  іш 
ауырғанды  және  т.  б.  осындай  жағдайларда  болатын  сезінулер  органикалық  
түйсіктерге  жатады.  Адам  тоқ,  дені  сау  кезінде  немесе  іс-әрекет  үстінде 
түйсіктердің  бұл  түрін  байқай  бермейді.  И.М.Сеченов  сондықтан  да 
түйсіктердің бұл тобын «кӛмескі түйсіктер»  деп атаған.  
 
 Органикалық  түйсінулер  адамның  материялдық  қажеттілігімен  және 
солардың  ӛтуімен  байланысты.  Сонымен  қатар,  органикалық  түйсінулер 
адамның эмоциялық сезімдерімен байланысып жатады. 
Кинестезиялық    түйсіктер. 
Кинестезиялық  түйсіктер  дененің  жеке 
бӛлімдерінің бір күйдегі қалпын, қозғалысын түйсінуін айтады.  Кинестезиялық 
түйсіктердің  рецепторлары  -    бұлшық  ет,  тарамыс,  сіңірлерде  орналасқан. 
Мәселен,  қозғалыс  түйсігінің  анализаторына  зақым  келсе,  адам  ӛз  денесіндегі 
бір  мүшесінің  қандай  қалыпта  тұрғанын  сезбейді.  Осы  түйсіктер  адамның 
сӛйлеу әрекетінде де, жазу, сызу жұмыстарьн атқаруда да зор маңыз атқарады. 
Кинестезиялық  түйсіктер  нәтижесінде  дене  мүшелері  қимылдарының  күші, 
жылдамдығы,  траекториясы  жӛніндегі  білім  қалыптасады.  Қимыл-қозғалыс 
рецепторларының басым кӛпшілігі саусақ, тіл, еріндерде орналасқан. Бір сӛзбен 
айтқанда,  адамның  қозғалысқа  түсетін  мүшелерінің  барлығы  да  осы  түйсікке 
сүйенеді.  
Кинестезиялық түйсіктерді дамыту окыту процесінің басты міндеттерінің 
бірі  екендігі  түсінікті.  Еңбек,  дене  шынықтыру,  сурет,  сызу,  оқып  жаттығу 
сабақтары  қимыл  талдағышының  даму  мүмкіндіктері  мен  перспективаларын 
ескере  отырып  жоспарлануы  тиіс.  Оны  тәрбиелеу  үшін,  қимылдың  сұлулығы 
мен жеңілдігін дамытатын би, кӛркем гимнастика, сайыс және спорттың басқа 
түрлерінде жаттығу қажет. 
Кинестезиялық түйсіктің табиғаты күрделі. Ӛйткені ол сапалық жағынан 
айырмашылығы  бар  бірнеше  рецептордың  бір  мезгілде  тітіркенуінен  пайда 
болады.  Қимылдарды  орындағанда  бұлшық  еттегі  рецепторлар  ұшының 
тітіркенуі  бұлшық  еттердің  тонусын  түйсіндіреді.  Тарамыстағы  нерв 
ұштарының  тітіркенуі  бұлшық  еттің  қысқаруын  білдіреді.  Қозғалу 
талдағыштары  арқылы  адам  ӛз  денесінің  және  жеке  мүшелерінің  қозғалуы, 
олардың  тездігі  мен  күші,  бұлшық  еттерінің  қысқарып  босаңсуы,  керілуін 
түйсінуге  мүмкіндігі  жайында  үздіксіз  хабар  алып  отырады.  Кинестезиялық 
талдағыштың шетте не болып жатқаны туралы миға тез хабар жеткізіп отыруын  
кері  афферентация
  деп  атайды.  Денедегі  әр  түрлі  кері  афферентацияға 
байланысты  процестер  адамның  кӛздеген  мақсатына  сай  келмесе,  бұл 
процестерді мүлдем жойып жіберуге мидың шамасы келеді.  
Кинестезиялық  түйсіктер  адамның  сӛйлеу  әрекетінде  де  ерекше  орын 
алады.  Ӛйткені  ерін,  тіл,  дауыс  шымылдығы  қатынанасатын  қимылдардың 
дәлдігінсіз  сӛйлеу  мүмкін  емес.  Жазудың  да  негізі    кинестезиялық  түйсіктер. 
Адам  ӛміріндегі  толып  жатқан  дағдыларды  кинестезиялық  талдағыштарсыз 
меңгеру  мүмкін  емес.  Қимыл  қозғалыс  дағдыларының  барлығына  жуығы 
кинестезиялық түйсікке  сүйене отырып жасалады. 


 
Статикалық  түйсіктер.
  Мұндай  түйсіктерді  тең  басу  түйсіктері  деп  те 
атайды  және  денеміздің  кеңістікте  орналасу  қалпын  бейнелейді.    Статикалық 
түйсіктердің  рецепторлары  ішкі    құлақтағы  вестибұлярлық  аппаратында  
орналасқан.  Дене  қалпының  жер  жазықтығына  қатысты  күрт  және  жиі  ӛзгере 
беруі  (әткеншек  тебу,  теңіз  шайқалысы)  теңіз  ауруына,  бастың  айналуына 
әкеліп  соғады.  Статикалық  түйсік  -  бастың  қозғалысын,  дененің  кеңістіктегі 
алып  тұрған  орнын,  яғни  адамның  тең  басуын  бейнелейді.  Ғарыш  әлемін 
меңгеру  дәуірінде  адамдардың  статикалық  түйсігінің  сезгіштігін  арттырудың 
маңызы ерекше артып отыр. 
Мәселен, 
ғарышкерлерді 
даярлауда 
вестибулярлық 
аппаратты 
жаттықтыру,  оны  кӛру  және  қозғалыс  талдағыштарымен  үйлестіре  дамытуға 
мән  беріледі.  Мәселен,  30-40  секундқа  созылатын  артық  салмақ  түсу  мен 
салмақсыздықтың  алмасып  отыруын  адамдар  түрліше  түйсінеді.  Осы 
ерекшелікке сәйкес адамдарды мынандай үш топқа бӛліп қарастыруға болады. 
Нерв жүйесі неғұрлым тӛзімді адамдар - мұндайға онша қиналмайды, Ал екінші 
біреулер  - тосын тітіркендіргішке кездескенде ыңғайсызданып, тез шаршайды, 
ӛңі бозарып, терлейді,  жүрегі айнып, ӛзін әлсіз сезінеді.Үшінші біреулер  - сәл 
басы айналғанын сезгенімен, кейіннен бұған бейімделіп кетеді. Соңғы топтағы 
адамдардың  да  нерв  жүйесі  күшті,  тӛзімді  келеді.  Олар  ӛз  денесін  ерік-
жігерімен  билейді,  эмоциялық  тӛзімділігі  мол,  қимыл-қозғалыстарын  қандай 
жағдайда  болса да үйлестіріп, денесін  дұрыс бағдарлай алады. 
 
 
Вибрациялық  түйсіктер.
 
Вибрациялық  түйсіктер  деп  қозғалған 
заттардың  ауаны  толқытуын  денеміздің  сезінуін  айтамыз. 
Негізгі 
анализаторлары  - түйсіну мүшелеріз. Дамуы қалыпты жағдайдағы адамдар бұл 
түйсікті байқамайды. Ал егер адам есту қабілетінен айырлса, онда вибрациялық 
түйсіктер  оның  тіршілігінде  ерекше  орын  алады.  Кейбір  саңырау,  керең 
адамдар музыканы, әнді күшті ынта қойып «тыңдайды».  
  
Кӛзі,  құлағы,  тілінен  бірдей  айрылған  американдық  Елена  Келлер  мен 
орыстың ғылыми қызметкері Ольга Скороходованың ӛмірі мен шығармашылық 
әрекеті анализаторлардың адам таң қаларлық жағдайда бір-бірімен байланысып 
отыратындықтарын,  әсіресе,  мұнда  вибрациялық  түйсіктердің  қандай  маңыз 
алатындығын  жақсы  кӛрсетеді.  Ольга  Скороходованың  ақыл-ойының  аса 
жоғарылығын,  дарындылығының  күшті  екендігін  бірнеше  шетел  тілдеріне 
аударылған  «Как  я  воспринимаю  и  представляю  окружающий  мир»  деген 
кітабы және осы тақырыпта қорғаған диссертациясы тамаша дәлелдейді.   
О.Скороходова  ӛзінің  кітабында  соқыр,  керең,  мылқау  адамдардың 
музыканы  қалай  «тыңдайтындығын»,  кітапты  қалай  «оқитындығын»  кӛптеген 
қызықты мысалдармен түсіндіреді. Мәселен, олар дыбысты вибрациялық сезімі 
арқылы  түйсінеді.  Олар  рояльда  ойналған  әуендерді  оның  үстіне  қолын  қою 
арқылы  естиді.  Мұндай  адамдар  оркестрді  тыңдағанда,  концерт  залына 
барғанда сахнаға теріс қарап отыруды ұнатады. Ӛйткені, музыкалық әуендерді 
олар терісіндегі нүктелермен түйсінетін кӛрінеді. 

жүктеу 1,05 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   129




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау