1 дәріс: Психология пәні, салалары және даму тарихы



жүктеу 1,05 Mb.
Pdf просмотр
бет49/98
Дата07.09.2022
өлшемі1,05 Mb.
#39174
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   98
3. Түйсіктің заңдылықтары.


Түйсіктің негізгі заңдылықтарына: 
сезгіштік табалдырықтары, 
адаптация, ӛзара әсер(сенсибилизация), қарама-қарсылық (контраст) және 
синестезия,
 
бір ізді бейнелер. 
Сезгіштік және түйсік табалдырықтары.
Тітіркендіргіштің барлығы 
бірдей түйсік туғызуға қабілетті бола бермейді. Мамықтың денеге сәл тигені 
сезілмейді. Ӛте күшті тітіркендіргіш әсер еткенде түйсіктің тууы тоқтап 
калатын сәт те болады. Жиілігі 20 мың герцтен жоғары дыбысты біз ести 
алмаймыз. Тым күшті тітіркендіргіш түйсік орнына ауру шақырады. Демек, 
түйсіктер белгілі бір қарқынды тітіркендіргіштер әсер еткенде пайда болады 
екен. Түйсік қарқыны мен тітіркендіргіштер күші арасындағы психологиялық 
тәуелділік сипаты түйсік табалдырығы немесе сезгіштік табалдырығы деген 
ұғым білдіреді. Түйсіктердің күші немесе сапасында сол ғана айырмашылық 
туғызатын әсер етуші тітіркендіргіш күшіне қосылған аз ғана қосымша - айыру 
сезгіштігінің табалдырығы деп аталады. 
Психофизиологияда 
абсолюттік сезгіштік табалдырығы
және 
айыру 
сезгіштігінің табалдырығы
деп табалдырықтың екі түрін бӛліп кӛрсетеді. 
Айыру табалдырығы, бұл - түйсіктердің болар-болмас айырмашылығын 
тудыратын тітіркендіргіштердің минималдық айырмасы. Айыру сезгіштігі деп 
рецепторлардың тітіркендіргіштер арасындағы азғантай ғана болмашы 
айырмашылықты түйсіне алуын айтады. Мысалы, жанып тұрған 100 люкстік 
шамға бір люкс қоссақ, жарықтың күшейгені байқалады. Демек, бір люкс 
адамның кӛз рецепторы үшін айыру табалдырығы болып табылады. Дыбысты 
айыратын табалдырықтың күші орта есеппен 1/10-ге тең. Мәселен, 100 кісі 
қатынасқан хорға 10 адам қосылса хор аздап артады. Алғашқы рет сәл 
білінерлік түйсік туғызатын тітіркендіргіштің ең аз күшін сезгіштіктің 
тӛменгі 
абсолюттік табалдырығы
деп атайды. Тітіркендіргіштің осы түрдегі түйсігін 
тағы да туғызатын ең жоғарғы күйін сезгіштіктің 
жоғарғы абсолюттік 
табалдырығы 
дейді. 
Егер тітіркендіргіштер әлсіз болып, түйсіктің тӛменгі табалдырығына 
жетпесе, онда әсер еткен тітіркендіргішті адам түйсіне алмайды. Абсолюттік 
табалдырықтың күші адамның абсолюттік сезгіштігін сипаттайды: абсолюттік 
табалдырық күші неғұрлым аз болса, абсолюттік сезгіштік соғұрлым жоғары, 
ӛткір болады. 
Тітіркендіргіштердің күші мен адамның түйсінуінің арасында логарифмді 
тәуелділік бар екені анықталды. Мұны – психофизикалық заңдылық деп 
атайды. Бұл заңдылықты тұңғыш рет ашқан неміс физиологі Эрнест Вебер 
(1795-1878ж.) және неміс физигі Густав Фехнер (1801-1887ж.) Сондықтан бұл 
заңдылықты Вебер-Фехнер заңы деп атайды. Осы заң бойынша 
тітіркендіргіштің күші геометриялық прогрессия жолымен күшейсе, сол 
тітіркендіргішті тудыратын түйсінудің күші арифметикалық прогрессия 
жолымен ӛседі. 

жүктеу 1,05 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   98




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау