1 дәріс: Психология пәні, салалары және даму тарихы



жүктеу 1,05 Mb.
Pdf просмотр
бет18/98
Дата07.09.2022
өлшемі1,05 Mb.
#39174
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   98
Ӛзіндік сана-сезім
- сананың ӛзіңді білу мен ӛзіңе қатынастың бірлігі ретінде кӛрінетін бір түрі. 
Ӛзіндік сана-сезім сыртқы ортаны және ӛзіңді ӛзің танудың бейнелеуінен 
біртіндеп қалыптасады. 
Басқаларды тану арқылы ӛзіңді тану.
Жас бала бастапқыда ӛзін 
қоршаған ортадан бӛліп қарамайды. Ол ойыншықты қозғап та, аяғын 
қимылдатып та - бірінен-бірін айырмай ойнай береді. Бірте-бірте ол ӛзін, ӛзінің 
мүшелері мен тұтас денесін қоршаған заттардан бӛле қарап, ажырата бастайды. 
Бұл физикалық саралау процесі сыртқы дүние мен ӛзін танудың нәтижесінде 
және алғашқы кезде проприоцептивтік деңгейінде (ӛз мүшелерінің қалыпты 
жайы мен қимыл қозғалысын сӛзіну) ӛтеді. "Баланың ӛзін-ӛзі аңғаруынан кейін, 
есейген соң ӛз санасының актілеріне сын кӛзбен қарауға, яғни ӛзінің бүкіл ішкі 
дүниесін сырттан келіп қосылатын барша құбылыстардан бӛліп қарауға, оны 
талдауға және сыртқымен салыстыруға, бір сӛзбен айтқанда, ӛз санасының 


актін зерттеуге мүмкіндік беретін ӛзіндік сана-сезім туады" - деп, И.М.Сеченев 
дәріптеген. Күрделі психикалық құбылыстарды, әсіресе ӛз басының қасиеттерін 
танып білу - іс-әрекет және қарым-қатынас процестерінде ӛтеді. Қарым-
қатынас процесінде адамдар бірін-бірі біліп, біріне-бірі баға береді. Ӛзгенің 
осындай бағалауы әр адамның ӛзін-ӛзі бағалауынан кӛрініс танытатын болады. 
Адамның ӛзін-ӛзі тануда, оны басқаның бағалауы мен ұжымдық бағаның 
маңызы ерекше. Егер бір адамның іс-әрекеті мен мінез-құлқын сыңар жақты 
бағалау тұрақты сипат алса, онда сол адам ӛзінің қабілеті немесе мінезі 
жайындағы осы сыңар жақ бағаны малданып алады да соған мойын ұсынады. 
Ӛзін-ӛзі тану ӛзіндік сана-сезімнің қалыптасуында маңызды рӛл атқарады. 
Ӛзін-ӛзі тану - адамның ӛз психологиялық және физикалық ерекшеліктерін 
зерттеп білуі. Адам 
ӛзін тікелей де, жанама
түрде де танып біледі. 
Ӛз іс-әрекеті мен мінез-құлқын талдау арқылы адамның ӛзін-ӛзі тани 
алуы.
Ӛзін жанама тану ӛз іс-әрекетінің нәтижелерін талдау жолымен жүзеге 
асырылады. Белгілі бір саладағы жетістіктерін талдай және бағалай отырып, 
жұмысқа жұмсалған уақыт пен күшті есептей отырып, ӛз қабілеттерінің 
деңгейін анықтауға болады. Қоғамдағы ӛз мінез-құлқын бағалау арқылы адам 
ӛз басының адамгершілік және психологиялық ерекшеліктерін танып біледі. 
Жанама танымда ӛзін-ӛзі зерттеп жүрген тұлғаға айналасындағылардың ӛзі 
жайындағы кӛзқарасын талдаудың да маңызы зор. Жақын адамдардың, 
қызметтес жолдастардың объективті бағасы ӛзіңді тереңірек танып білуіңе 
кӛмектеседі. 
Ӛз басының қасиеттеріне берген ӛз бағасы мен басқа жұрттың бағасын 
салыстыру да маңызды. Ол ӛз танымының ӛзгелердің ойымен бірдей шығу-
шықпауын, ӛзін-ӛзі не артық, не кем бағалап жүргенін айқындауға мүмкіндік 
береді. 
Бұдан шығатын қорытынды, басқа адамдармен неғұрлым кең қарым-
қатынаста болу ӛз басыңның жағымды және жағымсыз жақтарын жан-жақты 
салыстыруға, танып білуге комектеседі екен. 
Ӛзін-ӛзі байқау арқылы ӛзін-ӛзі тану.
Тікелей ӛзін-ӛзі тану, ӛзін-ӛзі 
байқау формасында кӛрінеді. Қабылдау, елестету, ойлау процестерінде адам 
белгілі бір сәтке зейінін психикалық іс-әрекет объектісінен жеке басының 
жағдайына аударады және оны бағалайды. Ӛзін-ӛзі бақылау осыған негізделген. 
Адамның ӛзін-ӛзі байқауы үшін байсалды, қалыпты жағдай неғұрлым қолайлы 
болады. Психикалық іс-әрекеттің сылбырлығы немесе оның шамадан тыс 
шиыршық атуы ӛзін-ӛзі тану мен ӛзін-ӛзі байқаудың мүмкіндігін кемітеді. 
Жүрек алып-ұшып, тым ӛрепкіген сәтте, бір нәрсемен құштарлана әуестену 
немесе бір нәрсені шоғырландыра кӛру кезінде ӛзін-ӛзі бақылау мүмкіндігі 
тарыла түседі. Мұндай жағдайда адамның ӛзінің кӛңіл-күйі туралы ӛзіне-ӛзі 
есеп беруі толыққанды болмайды. Сондықтан ӛзін-ӛзі байқау неғұрлым толық 
және әрі айқын болуына жеткізетін шекара табалдырықтар деген болады. 
Тұлғалар іскерлігі мен дағдылануына қарай ӛз психикасын әр түрлі деңгейде 
байқай алады. 
Ӛзін-ӛзі бақылау және ӛзін-ӛзі тәрбиелеу.
Ӛзін-ӛзі тану - адамға ӛз 
басын жетілдіру үшін, сондай-ақ ӛмір және еңбек жоспарларына сәйкес ӛз іс-


әрекетін жолға қойып отыру үшін қажет. Адам ӛз күшін біле отырып, оны 
еңбекте барынша тиімді пайдалануға ұмтылады. Бұл үшін ол ӛзінің қимылы 
мен әрекетін, қылығы мен мінез-құлқын бақылап және талдап отырады. Адам 
ӛзін-ӛзі бақылау арқылы іс-әрекетіндегі қателіктерін байқайды, еңбегін дұрыс 
ұйымдастыра алады. Ӛзін-ӛзі бақылау жедел сипатта болады және сол сәтте 
ӛтіп жатқан әрекетті ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Демек, ол ӛз бойыңдағы 
жақсы мен жаманды аңғаруға, сол арқылы болашақ ӛмір жолыңды құруына 
кӛмектеседі. Егер ешқандай күш салу іс-әрекетті жақсарта алмаса, онда адам ӛз 
бойында белгілі бір қажетті қасиетті дамытудың немесе қалыптастырудың ұзақ 
мерзімді жоспарын жасайды. 
Ӛзін-ӛзі тәрбиелеу адам дамуының жаңа мүмкіндіктеріне жол ашады. 
Ӛзін жетілдірумен айналыса бастаған адам тәрбиелеудің объектісі ғана емес, 
сонымен бірге субъектісіне де айналады, яғни оны тек қоғам тәрбиелеп қана 
қоймайды, ол ӛзі күш жұмсап та тәрбиеленеді. 

жүктеу 1,05 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   98




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау