26.Наркоманияның психикалық және физикалық бұзылыс салдары.
Есірткілер мен уыттардын кұрамында және әсер ету жолдарында белгілі айырмашылықтар бар. Соған қарамай олардың дерт туындату әсерлерінде, рухани және физикалык тәуелділіктер дамытуында біршама ортақ жалпы заңдылықтар болады. Бұл жалпы ортақ белгілеріне:
жан - дүниеге әсер ететін заттарды қайталап қабылдауға деген дерттік құштарлық болуы;
оларға организнің төзімділігі қалыптасуы;
бұл заттарға рухани тәуелділік қалыптасуы;
оларға физикалық тәуелділік қалыптасуы – жатады;
Жан - дүниесіне әсерлі заттарды қайталап қабылдауға дерттік кұштар лык мына себептерден дамуы мүмкін.
есірткіні немесе уыттарға әуестендіретін затты қабылдау адамнын көңіл - күйін уақытша сергітіп, жайлылық, шаттық сезім туындатады. Сондықтан оларды қайталап қабылдауға деген ықылас пайда болады . Осындай жағдайды “нығайту ерені” - дейді.
оларды әрбір қабылдаудан кейінгі адамның жадыраңқы күйі дерттік жүйе қалыптасуына әкеледі. Бұл жүйе көңіл - күйдің және әл-қуаттың жайлылығын қамтамасыз ету үшін заттың кезекті жаңа өлшемдерін қабылдауды мұқтаж етеді.
Мида дерттік нығайту жүйенің дәнекерлері болып дофамин , норадреналин , серотонин , эндорфиндер мен энкефалиндер есептеледі . Есірткілер мен көңіл - күйге әсер ететін заттар нығайту жүйені әсерлендіреді . Осыдан қорға жиналған қосымша жүйкелік дәнекерлер көптеп шығарылады . Бұлар көңіл - күйді көтеріп , әл - қуатты артырып , масаттандырады және қайта қабылдауға тұрақты құштарлықты қалыптастырады.
Сонымен қатар физикалық тәуелділік пайда болып оның өзіндік салдарын береді.
Бұл кезде жан-дүниеге әсерлі заттың белгілі деңгейінде қанда болуына организм беимделеді. Осы деңгейден оның мөлшері азайғанда немесе оның қабылдауды тоқтатканда организмде доғару синдромы дамиды. Бұл кезде адамнын коңіл – күйінде қобалжу, қанағаттанбағандық, зарығу, айналасындағыларға өшігу сияқты организмнің жайсыздығы және вегетативтік бұзылыстар байқалады. Нашақор адамның мұрыны бітеуі, жиі түшкіру , кол жасауруы , біресе ысынып біресе қалтырау сезімдері байқалады. Олардың бұлшықеттерінің ауыруы, мезгіл - мезгіл аяқтарынын сіңірлерінің тартылуы, тәбетінің жоғалуы кұсу, іш өту, асқазаны мен ішектерінің ауыруы дамиды. Көңіл - күйге әсер ететін заттарды кайталап қабылдаулардан нейрондардын және түйіспелердін ( синапстардың мембраналарында холестерин және қанықпаған май қышқылдары жинақталады. Осыдан жүйкелік дәнекерлерді қабылдайтын рецепторлардың қозғалыстары жоғалады.
көңіл - күйге әсерлі затты қабылдау біршама сирейді , бірақ оны қабылдау түрде болады;
бұл затты қабылдайтын адам оның өлшемін азайтады;
бұл затты қабылдау организмнің жайсыз жағдайын жоғалтпайды және көңіл - күйін жадыратпайды. Ол тек доғару синдромынан сақтандырады немесе оның өту ауырлығын жеңілдетеді;
адамның бет алпеті әжімделіп , ол тез картайып кетеді, қимыл қозғалыстарынын үйлесімсіздігі дамып , тәлтіректеш жүреді;
бауырдың уытсыздандыру, метаболизмдік және нәруыздар түзу қызметтерінің бұзылыстары, бауырды май басу, оның беріштенуі;
бүйрек қызметінің жеткіліксіздігі;
ми мен жүйкелердің бұзылыстары;
адамның ойлау қабілеті төмендеуден оның азғындауы т.б. көріністер байқалады. Науқастың мінез - құлқы өзгеріп , ақыл - eсі кемиді, парасаты төмендейді, қоршаған ортасына кызығушылық сезімін жане өзіндік даралығын жоғалтады .
Достарыңызбен бөлісу: |