1 БӨлім. Глоссарий автотрофный



жүктеу 4,07 Mb.
бет31/36
Дата14.11.2018
өлшемі4,07 Mb.
#19684
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36

40:сурет. Бас миының макроглиясы.

1 — қан тамыры; 2—4—клеткалар; 3 — глиалды талшықтар;
Астроциттердің фибриллярлы құрылысы шығу тегі жөнінен нейрондармен бір екендігін көрсетеді. Астроциттер өте тығыз жатады. Сондықтан оиың тармақтары бір-біріне күшті еніп, нейрон жататын нәзік киіз тәрізді қабат түзеді. Макроглияның тіректік механикалы маңызымен қатар трофикалық та маңызы бар. Ми қабығы және қан тамырлары кұрамына кіретін дәнекер ткані түйіскен жерде астроциттер тармақталып, шекаралық деп аталатын тығыз тор түзеді. Ол торлар арқылы нейрондарға қоректік заттар қанмен жеткізіліп отырады.

Микроглия — дөңгелек немесе қысқа тармақтары бар шамалы созылыңкы ұсақ клеткалардан тұрады. Бұл клеткалар активті түрде орын алмастыруға және әртүрлі өлген элементтер мен бірге бөлшектерді жұтуға қабілетті, яки нерв жүйесінде қорғаныштық қызмет атқаратын нағыз фагоциттер сияқты болады. Микроглия клеткалары мезенхимадан дамып, нерв жүйесіне кейін кірген элементтер болатындығы

туралы мәліметтер бар. Дегенмен микроглиянын шығу тегі әліге дейін толық шешілмеген, даулы болып келеді. (31-сурет). Нервтің ұшты аппараттары. Нейронның организмдегі әртүрлі органдар мен байланысы соларда аяқталатын ұшты нерв
аппаратын тузетін нерв талшықтары арқылы орындалады.

Шеткі органдар мен тканьдердегі ұшты аппараттар біріншіден әртүрлі жарықтың, механикалық және баска энергиялар туғызатын тітіркенуді қабылдауды, екіншіден, қабылданған тітіркенуді орталық нерв жүйесіне және сол тітіркендіргіштерге жауап беретін әртүрлі органдардың қызметін атқарады. Ол қызмет қозғаушы немесе секреторлы болуы мүмкін.

Тітіркендіргіштерді кабылдауга арналған нерв ұштары рецептерлер деп, ал қозуды еткізетін нервтер — сезім талшықтар деп аталынады. Сезім талшықтар қозу импульстерін орталық нерв жүйесіне бағыттап өткізеді, ал орталықтан тараған қозуды органға жеткізуші (эфферентті) талшықтар жүзеге асырады.

Нервтің ұшты аппараты күрделі түзіліс. Ұшты аппараттың кұралымы өздері орналасқан тканьдерге байланысты әртүрлі болады. Олардың құрылысына ешқандай да жалпы схеманы ұсынуға болмайды. Сондықтан бұл аппараттарға сппаттаманы өздері орналасқан тканьдермен бірге қоса беруге тура келеді.



Қозғаушы немесе эффекторлы аппаратқа нерв ұштарының ең карапайым құрылысы жатады. Мысалы, оны түзуге көлденең жолақты еттің талшығы және ондағы тармақталған миэлинді нерв талшығының цилиндрі қатысады. Қозгаушы нерв пен ет бөлімінің шекарасы айқын көрінеді. Ет талшығындағы аксонның тармақтары сарколемма тұтастылығын жоймай, терең орналасады. Миэлинді талшықтың нервриллемасы еш уақытта да сарколеммаға айналмайды. Оған керісінше аксон плазмасы мен саркоплазманың шекарасын субмикроскоптық құрылысты мембрана айырып тұрады. Ол мембрана бес қабаттан тұрады — ақсолемма, сарколемма және солардың арасындағы үш қабат. (32-сурет).




31-сурет, Адам миындағы микроглияның қалыпты клеткасы.

1 — клетканың денесі, 2 — тармақтар.

32 сурет. Қозғалтқыш ұшты нерв аппараты. 1- Шванн клеткасының ядросы; 2- миэлинді қабық; 3 –неврилемма; 4- дәнекер канді клетканың ядросы; 5- қозғалтқыш клетканың ядросы; 6- сарколемма; 7-ет клеткасының ядросы; 8- білікті цилиндр; 9-білікті цилиндің тармақтары.

жүктеу 4,07 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау