Лиро –эпостық(ғашықтық)жырлар
Ғашықтық жырлардың батырлық эпостан айырмашылығы:
1.Батырлық эпоста батырдың халық мүддесі жолындағы күресі негізгі тақырып болса,ғашықтық дастандардың негізгі тақырыбы-екі жастың бақытқа жету жолындағы тартысы,қасірет-зары,махаббаты.
2. Батырлық дастандарда шешуші рөл атқара бермейтін рулық қарым-қатынастар,тұрмыс-салт,әдет-ғұрып ғашықтық жырлардың фабуласына заңды түрде қабысады.
2.Батырлар жырында образдар шындықтан шалғай,шартты түрде алынса,ғашықтық жырларда образдар реалистік түрде сипатталады.
Ғашықтық жырлардың батырлар жырынан үш айырмашылығын атап көрсеткен қаламгер (М.Әуезов)
«Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жыры
«Қозы Көрпеш-Баян сұлу»жыры-қазақ лиро-эпостарының ішіндегі ең көнесі,оның 15 шақты нұсқасы бар.Алғашқы башқұрт тіліндегі нұсқасын 1812 жылы Т.Беляев жазып алып,Қазанда жариялаған.Ең танымалы- Жанақ ақын жырлаған нұсқа.Ш.Уалиханов жырды Атығай Арыстанбай ақынның аузынан жазып алған.1833 жылы А.С.Пушкин де әңгімесін жазып алған.В.В.Радлов неміс тіліне аударып бастырған.Абай Құнанбаев 1884 жылы Жанақ ақыннан жырдың бір нұсқасын жазып алып, Г.Н.Потанинге сыйға тартқан. Радлов,Бейсенбай,Шөже нұсқаларында Қозы өлмей,аман қалады.Г.Н.Потанин: «Бұл жер жүзіндегі ең қымбат әдебиет мұраларына жататын шығарма,»-деп бағалаған.
Қозы Көрпештің әкесі-Сарыбай (75 жаста),сүйген жары –Баян.Қарабай-бай (83 жаста),Баянның әкесі; Ай мен Таңсық-Қарабайдың қыздары,Баянның әпкелері;Тайлақ-Сарыбайдың құрдасы,Сарыбайдың өлімін түсынде көріп,әйеліне жеткізеді;Айбас-Тайлақтың кенже інісі;Сасан би-Қарабай көшіп барған елдің биі;Көсемсары-сері;Қодар-қара күш иесі,батыр;Танаш-Қарабайға құда болып барған кісі. Қарабайдың мінген аты-Аққайың.
Жырдың негізінде Ғ.Мүсірепов «Қозы Көрпеш-Баян сұлу»(1939ж.) трагедиясын жазды.
«Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жыры-адал достықты жырлайтын дастан.Мұнда халықтың дұрыстыққа деген тілеулестігі жырланады.Ұнамды мінездер,ұнамды кейіпкер арқылы жоғары бағаланады».(М.Әуезов)
«Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жыры-махаббат тақырыбына арналған дүние жүзіндегі ауыз әдебиетінің (фолкьклор) төрінен орын алады» (С.Мұқанов)
Ш.Уалиханов «Ромео-Джульетта»жырына теңеген жыр: («Қозы Көрпеш-Баян сұлу»)
«Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырын Шоқан жазып алған ақындар (Арыстанбай,Жанақ)
«Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырын Шоқан жазып алған ақын: (Жанақ)
Ш.Уалихановтың Жанақ ақынның айтуымен ең алғаш қағазға түсірген жыры:
Достарыңызбен бөлісу: |