3.17 Бөлімдердің жұмысын жақсарту мақсатында түзетуші және ескертуші әрекеттерді
ұйымдастырады;
4 ҚҰҚЫҒЫ
Оқу істері жөніндегі проректор құқылы:
4.1 Жоғары басшылықтың өзінің қызметіне қатысты шешімдерімен танысуға.
4.2 Осы қызметтік нұсқауда көрсетілген жұмысты жақсартуға байланысты ұсыныстарын
жоғары басшылықтың қарауына беруге;
4.3 Барлық бөлім басшыларымен басқа мамандардан өзінің қызметтік міндеттерін іске
асыруға қажетті ақпаратпен құжаттарды талап етуге;
4.4 Басқа құрылым мамандарын, қызметкерлерін өзіне жүктелген міндеттерді шешуге
қатыстыруға.
4.5 Жоғары басшылықтан өзінің құқықтары мен міндеттерін орындауға байланысты
көмек талап етуге.
4.6 Қызмет барысында ҚР Еңбек Кодексіне сәйкес жылына 1 рет кезекті демалысқа
шығуына және емделу ақысын алуға.
4.7 Қызмет барысында үстінен арыз-шағымдар түскен жағдайда, ҚР заңдарына сәйкес өз
құқығын қорғауға және өз құқығының қорғалуын талап етуге.
4.8 Оқу процесінің сапасын арттыруға байланысты мәселелерді университеттің Ғылыми
кеңесіне қоюға;
4.9 Түзетуші және ескертуші әрекеттер бойынша ұсыныс жасауға;
4.10 Оқу сабақтарының барлық түрлеріне емтихандармен МАК отырыстарына қатысуға;
4.11 ПОҚ және қызметкерлерден оқу процесін бұзу жөнінде түсініктеме талап етуге;
4.12 Қызметкерлерді тағайындау, жұмыстан босату, ауыстыру, ерекешеленген
қызметкерлерді марапаттау, оқу процесімен еңбек тәртібін бұзғандарға шара қолдануға
университет ректорына ұсыныс жасауға;
4.13 Кітапхана, компьютерлік орталық, университеттің барлық ғылыми оқу бөлімдерінің
ақпараттық қорларының қызметімен пайдалануға.
5 ЖАУАПКЕРШІЛІК
5.1 Қазақстан Республикасының еңбек заңдарының шегінде өзінің қызметтік
міндеттерін атқармаса.
5.2 Өзінің қызметін атқару барысында: әкімшілік, қылмыстық, азаматтық заңдарға
сәйкес құқық бұзушылыққа жол берген жағдайда.
5.3 Қазақстан Республикасының еңбек және азаматтық заңдарына сәйкес материалдық
зиян келтірген жағдайда.
5.4 Құрылымның ұйымдастыру жұмыстарының деңгейі төмен болған жағдайда.
5.5 Университеттің ішкі ережесіне өз міндеттері шегінде немқұрайлы қараса.
5.6 Жұмыс барысында қызмет этикасын сақтамаған жағдайда.
5.7 Техникалық қауіпсіздік ережесін бұзған жағдайда.
5.8 Жоғары басшылықтың тапсырмаларын уақтылы орындамаған жағдайда.
5.9 Конфиденциалды қызметтік ақпаратты сақтамаған жағдайда.
Қызметтік нұсқаумен таныстым және екінші данасын алдым:
______________________________________________________ «____»______ 20___ ж.
БЕКІТЕМІН
Шымкент университетінің ректоры,
х.ғ.к., доцент
____________________Шингисбаев Б.М.
«________»________________ 2014 ж.
ТӘРБИЕ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОРДЫҢ ҚЫЗМЕТТІК НҰСҚАУЫ
1 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1 Шымкент университетінің тәрбие ісі жөніндегі проректоры басшы санатына жатады,
университеттің ректорының бұйрығы негізінде қызметке қабылданады және
босатылады.
1.2 Тәрбие ісі жөніндегі проректор тікелей университет ректорына бағынады.
1.3 Өз қызметі барысында тәрбие ісі жөніндегі проректор төмендегі құқықтық
нормативтік актілер мен құжаттарды басшылыққа алады:
- өз қызметіне байланысты құқықтық және нормативтік құжаттарды;
- университет жарғысын;
- ішкі еңбек тәртіп ережелерін;
- университет ректорының бұйрықтары мен өкімдерін;
- осы қызметтік нұсқауды.
1.4 Тәрбие ісі жөніндегі проректор жұмыста болмаған уақытта, оның міндеттерін тиісті
түрде орындауға толық жауапкершілікте болатын, белгіленген тәртіппен тағайындалған
тұлға атқарады.
1.5 Шымкент университетінің тәрбие жұмыстарының нәтижесіне тәрбие ісі жөніндегі
проректор толық жауапты.
2 БІЛІКТІЛІК ТАЛАПТАР
2.1 Тәрбие ісі жөніндегі проректоры қызметіне жоғары кәсіби білімі бар (мәдени іс-
шаралар және спорт саласында) тұлға тағайындалады.
2.2 Тәрбие ісі жөніндегі проректоры білуге тиіс:
- ҚР Еңбек Кодексін ;
- Қызметтік этиканы;
- Осы қызметтік нұсқауды;
- Университеттің ішкі тәртіп ережелерін;
- Тәрбие бөлімі туралы ережені.
3 МІНДЕТТЕР
3.1 Тәрбие үрдісі бойынша тұжырымдамалар түзеді, бекітуге ұсынады, олардың
орындалуын бақылайды.
3.2 Университеттің факультет декандарының, кафедра меңгерушілерінің, топ
эдвайзерлерінің тәрбие ісімен шұғылданатын басқа да қоғамдық құрылым өкілдерінің
есептерін тыңдайды.
3.3 Факультет пен кафедраның тәрбие жұмыстары жөніндегі жоспарларының,
эдвайзерлердің топ жоспарларының, жастар комитеті мен тәрбие ісімен айналысатын
басқа қоғамдық құрылым өкілдерінің іс-шара жоспарларының сапасы мен орындалуын
тексеруді ұйымдастырады. Факультеттердің тәрбие жұмысының есебін тыңдайды.
3.4 Университет ауласында темекі шегуге және пісте шағуға, спирттік ішімдіктер ішуге
қатаң тыйым салуға;
3.5 Қызметтік ақпараттардың құпиялығын қамтамасыз етуге.
3.6 Еңбек және атқарушы тәртібін сақтауға.
3.7 Қауіпсіздік техникасы талаптарын сақтауға.
3.8 Қызметтік этиканы сақтауға.
4 ҚҰҚЫҒЫ
4.1 Жұмысына қатысты университет басшылығының шешім жобаларымен танысуға.
4.2 Осы нұсқаудағы көрсетілген міндеттерге байланысты өз жұмысын жақсарту
мақсатында басшылыққа ұсыныстар, пікірлер енгізуге.
4.3 Университет құрылымдық бөлімшелерінің басшыларынан қажет болған жағдайда
мәлімет, құжаттар алуға.
4.4 Өзінің қызметтік міндеттері мен құқықтарын жүзеге асыру үшін университет
басшыларының ықпал етуін талап етуге.
4.5 Белгіленген тәртіпте тәрбие ісі бөлімінің мәселелері бойынша өткізілетін
жиналыстар мен семинарлар жұмысына қатысуға.
5 ЖАУАПКЕРШІЛІК
5.1 Осы қызметтік нұсқауда көрсетілген міндеттерін, орындамаған жағдайда, ҚР-ның
қазіргі таңдағы заңды күшіндегі еңбек заңдылығына сәйкес шаралар қолданылады.
5.2 Қазіргі таңдағы күші бар ҚР-ның әкімшілік, қылмыстық және азаматтық
заңдылықтары шегінде материалдық шығын келтіргені үшін.
5.3 Белгіленген заңдық күші бар ҚР-ның еңбек, қылмыстық және азаматтық
заңдылықтары шегінде материалдық шығын келтіргені үшін.
5.4 Сапасыз жұмыс пен қате іс-әрекет істегені, сондай-ақ, қолданыстағы заңнамаға
сәйкес өз міндетіне жататын шешімдерді қабылдамай, әрекетсіз қалғаны үшін.
5.5 Қызметтік этиканы сақтамағаны үшін.
5.6 Қауіпсіздік техникасының ережесін бұзғаны үшін.
5.7 Қызметтік мәліметтердің құпиялығын сақтамағаны үшін.
Қызметтік нұсқаумен таныстым және екінші данасын алдым:
______________________________________________________ «____»______ 20___ ж.
(аты-жөні, қолы)
______________________________________________________ «____»______ 20___ ж.
(аты-жөні, қолы)
______________________________________________________ «____»______ 20___ ж.
(аты-жөні, қолы)
______________________________________________________ «____»______ 20___ ж.
(аты-жөні, қолы)
Достарыңызбен бөлісу: |