1-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар



жүктеу 1,08 Mb.
Pdf просмотр
бет36/41
Дата29.01.2020
өлшемі1,08 Mb.
#27675
түріКодекс
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41

4)  жұмыскерлерге  қажетті  санитариялық-гигиеналық  жағдайлар  жасауға,  еңбек  жөніндегі 

уәкілетті  мемлекеттік  орган  белгілеген  нормаларға  сәйкес  жұмыскерлердің  арнайы  киімі  мен 

аяқкиімін  беруді  және  жөндеуді,  оларды  профилактикалық  өңдеу,  жуу  және  дезинфекциялау 

құралдарымен, медициналық қобдишамен, сүтпен немесе бірдей тамақ өнімдерімен және (немесе) 

диеталық  (емдік  және  профилактикалық)  тамақтануға  арналған  арнайы  өнімдермен,  жеке  және 

ұжымдық қорғаныш құралдарымен жабдықтауды қамтамасыз етуге

5) 2016.06.04. № 483-V ҚР 

Заңымен

 алып тасталды 



(

бұр.ред.қара

)

 

6) он сегіз жасқа толмаған жұмыскерлердің өздері үшін белгіленген шекті нормалардан асатын 



ауыр заттарды тасуына және қозғалтуына жол бермеуге; 

7) әйелдердің өздері үшін белгіленген шекті нормалардан асатын заттарды қолымен көтеруіне 

және жылжытуына жол бермеуге; 

8) еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғалар мен кәсіптік ауруларды тіркеуді, есепке 

алуды және талдауды жүзеге асыруға; 

9) еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органға және еңбек инспекциясы жөнiндегi жергілікті 

органға,  жұмыскерлердiң  өкiлдерiне  олардың  жазбаша  сұрау  салуы  бойынша  еңбек  жағдайлары, 

еңбек  қауiпсiздiгi  және  еңбектi  қорғау  жай-күйiнің  мониторингі  үшін  қажеттi  ақпаратты 

тоқсанына бір рет беруге;  

10)  еңбек  қызметіне  байланысты  жазатайым  оқиғаларды  Қазақстан  Республикасының 

заңнамасында белгіленген тәртіппен тергеп-тексеруді қамтамасыз етуге;  

11) мемлекеттік еңбек инспекторларының нұсқамаларын және қорытындыларын орындауға; 

12)  еңбек  жөніндегі  уәкілетті  мемлекеттік  орган  бекіткен  қағидаларға  сәйкес  өндірістік 

объектілерді  еңбек  жағдайлары  бойынша  мерзімдік  аттестаттауды  жұмыскерлер  өкілдерінің 

қатысуымен бес жылда бір реттен сиретпей өткізуге; 

13)  өндiрiстiк  объектiлердi  еңбек  жағдайлары  бойынша  аттестаттау  нәтижелерiн  еңбек 

инспекциясы  жөнiндегi  тиісті  жергілікті  органға  бiр  ай  мерзiмде  қағаз  және  электрондық 

жеткiзгiштерде ұсынуға;  

14)  жұмыскер  еңбек  (қызметтік)  міндеттерін  атқарған  кезде  оны  жазатайым  оқиғалардан 

сақтандыруға;  

15)  авариялық  ахуалдың  өршуін  және  жарақаттайтын  факторлардың  басқа  адамдарға  әсер 

етуін болғызбау жөніндегі шұғыл шараларды қабылдауға

16)  еңбек  қауіпсіздігі  және  еңбекті  қорғау  жөніндегі  нұсқаулықтарды  еңбек  жөнiндегi 

уәкiлеттi орган бекіткен тәртіппен әзірлеуді, бекітуді және қайта қарауды жүзеге асыруға; 

17)  келісімде,  ұжымдық  шартта,  Қазақстан  Республикасының  заңнамасында  көзделген 

жағдайларда,  сондай-ақ  еңбек  жағдайларының  өзгеруіне  байланысты  не  кәсіптік  аурудың 

белгілері  пайда  болғанда  басқа  жұмысқа  ауыстыру  кезінде  жұмыскерлерді  міндетті,  мерзімдік 

(еңбек қызметі барысында) медициналық қарап-тексеруден және ауысым алдындағы, ауысымнан 

кейінгі медициналық куәландырудан меншікті қаражаты есебінен өткізуге міндетті. 

19-тарау. ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІН ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ 

183-бап. Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау 

1.  Өндірістік  объектілер  еңбек  жағдайлары  бойынша  міндетті  мерзімдік  аттестатталуға 

жатады. 

2.  Өндірістік  объектілерді  еңбек  жағдайлары  бойынша  аттестаттауды  өндірістік  объектілерді 

аттестаттаудан  өткізу  жөніндегі  мамандандырылған  ұйымдар  бес  жылда  бір  реттен  сиретпей 

мерзімділікпен жүргізеді. 

3. Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша мерзімді міндетті аттестаттаудан өткізу 

тәртібін еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган айқындайды. 

4.  Өндірістік  объектілерді  еңбек  жағдайлары  бойынша  аттестаттауды  жүргізу  тәртібін  бұзу 

анықталған кезде, еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды мемлекеттік бақылау және қадағалау 

органының талап етуі бойынша өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша кезектен тыс 

аттестаттау жүргізіледі. 

Өндірістік  объектілерді  еңбек  жағдайлары  бойынша  кезектен  тыс  аттестаттау  нәтижелері 

өндірістік  объектіні  еңбек  жағдайлары  бойынша  алдыңғы  аттестаттау  материалдарына  қосымша 

түрінде ресімделеді. 

5. Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды жүргізуді ұйымдастыру 

үшін  жұмыс  беруші  құрамында  төраға,  мүшелер  және  өндірістік  объектілерді  еңбек  жағдайлары 



бойынша  аттестаттау  жөніндегі  құжаттаманы  жасауға,  жүргізуге  және  сақтауға  жауапты  хатшы 

бар аттестаттау комиссиясын құру туралы тиісті бұйрық шығарады. 

6. Аттестаттау комиссиясының құрамына басшы не оның орынбасары, еңбек қауіпсіздігі және 

еңбекті қорғау қызметтерінің және келісу бойынша өзге де бөлімшелерінің мамандары, сондай-ақ 

жұмыскерлердің өкілдері кіреді. 

Жұмыскерлер  өкілдерінің  аттестаттау  комиссиясына  қатысудан  бас  тартуы  өндірістік 

объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды жүргізбеу үшін негіз болып табылмайды. 

7.  Өндірістік  объектілерді  еңбек  жағдайлары  бойынша  аттестаттау  аяқталғаннан  кейін 

өндірістік  объектілерді  аттестаттауды  жүргізу  жөніндегі  мамандандырылған  ұйым  оның 

нәтижелері  туралы  мәліметтерді  еңбек  жөніндегі  уәкілетті  мемлекеттік  органға  ол  белгілеген 

тәртіппен күнтізбелік он күн ішінде жібереді. 

8.  Өндірістік  объектілерді  еңбек  жағдайлары  бойынша  аттестаттау  нәтижелері  өндірістік 

объектіні аттестаттау актісі шығарылған кезден бастап күшіне енеді. 

9. Өндірістік объектілерді аттестаттауды жүргізу тәртібінің сақталуын бақылауды мемлекеттік 

еңбек инспекторлары жүзеге асырады. 

184-бап. Жұмыс орындарының қауіпсіздік талаптары 

1.  Жұмыс  орындары  орналасқан  ғимараттар  (құрылыстар)  құрылысы  жағынан  өздерінің 

функционалдық мақсатына және еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарына сәйкес болуға 

тиіс. 


2. Жұмыс жабдығы осы жабдық түрі үшін белгіленген қауіпсіздік нормаларына сәйкес келуге, 

онда тиісті техникалық паспорттары (сертификат), ескерту белгілері болуға және жұмыскерлердің 

жұмыс  орындарындағы  қауіпсіздігін  қамтамасыз  ету  үшін  қоршаулармен  немесе  қорғау 

құрылғыларымен қамтамасыз етілуге тиіс. 

3.  Авариялық  жолдар  мен  жұмыскерлердің  үй-жайдан  шығатын  жолдар  белгіленуге,  бос 

болуға және ашық ауаға не қауіпсіз аймаққа шығаруға тиіс. 

4. Қауіпті аймақтар нақты белгіленуге тиіс. Егер жұмыс орындары жұмыстың сипатына қарай 

жұмыскерге  қауіп-қатер  төндіретін  немесе  құлайтын  заттар  бар  қауіпті  аймақтарда  болса,  онда 

мұндай  орындар  бұл  аймақтарға  бөгде  адамдардың  кіруін  бөгейтін  құрылғыларымен 

жабдықталуға тиіс. 

Жаяу  жүргіншілер  мен  технологиялық  көлік  құралдары  ұйымның  аумағында  қауіпсіз 

жағдайларда жүріп-тұруға тиіс. 

5. Жұмыс орындары орналасқан үй-жайдағы температура, жарық, сондай-ақ желдеткіш жұмыс 

уақыты кезінде санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес болуға тиіс. 



185-бап. Жұмыскерлерді міндетті медициналық қарап-тексеру 

1.  Жұмыс  беруші  ауыр  жұмыстарда,  еңбек  жағдайлары  зиянды  және  (немесе)  қауіпті 

жұмыстарда  істейтін  жұмыскерлерді  Қазақстан  Республикасының  заңнамасында  белгіленген 

тәртіппен  мерзімдік  медициналық  қарап-тексеруден  және  зерттеп-қараудан  өткізуді  меншікті 

қаражаты есебінен ұйымдастыруға міндетті. 

2. Қаупі жоғары жұмыстарда, машиналармен және механизмдермен байланысты жұмыстарда 

істейтін жұмыскерлер  ауысым алдындағы және ауысымнан кейінгі медициналық  куәландырудан 

өтуге  тиіс.  Ауысым  алдындағы  және  ауысымнан  кейінгі  медициналық  куәландырудан  өту  талап 

етілетін кәсіптердің тізімін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайды. 

20-тарау. ЕҢБЕК ҚЫЗМЕТІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ЖАЗАТАЙЫМ ОҚИҒАЛАРДЫ ТЕРГЕП-

ТЕКСЕРУ ЖӘНЕ ЕСЕПКЕ АЛУ 

186-бап. Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексерудің жалпы 

ережелері және оларды есепке алу  

1. Жұмыскерлердің, сондай-ақ: 

1) кәсіптік практикадан өтіп жүрген кезде оқу орындарында оқитын адамдардың; 

2)  әскери  қызмет,  арнаулы  мемлекеттік  органдарда  қызмет  өткерумен  байланысты  емес 

жұмыстарды  орындауға  тартылған  әскери  қызметшілердің,  арнаулы  мемлекеттік  органдар 

қызметкерлерінің; 

3)  бас  бостандығынан  айыру  орындарында  және  сот  үкімі  бойынша  еңбекке  тартылған 

адамдардың; 

4)  азаматтық  қорғау  саласындағы  әскерилендірілген  және  өзге  де  мамандандырылған  кәсіби 

авариялық-құтқару  қызметтері  мен  құралымдарының,  әскерилендірілген  күзеттің  жеке 

құрамының,  авариялардың,  дүлей  зілзаланың  салдарларын  жою  жөніндегі,  адам  өмірін  және 



жүктеу 1,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау