|
1. Атомдық ядролардағы заттың тығыздығын бағалаңызӨз бетімен шығару үшін есептер
|
бет | 12/22 | Дата | 19.05.2023 | өлшемі | 1,11 Mb. | | #42683 |
| 1. Àòîìäû? ÿäðîëàðäà?û çàòòû? òû?ûçäû?ûí áà?àëà?ûç2.2.3. Өз бетімен шығару үшін есептер
Радиактивті ыдырау заңы.
Протондық радиактивті ыдырау кезінде массалық сан мен элементтің нөмірі қалай өзгереді?
йод изотопы әрбір миллиард ядросынан 1 с ішінде қанша ядро ыдырайды?
Радиактивті изотоптың бастапқы массасы 8 сағат ішінде 3 есе азайды. Бастапқы уақыттан бастап, үш тәулік ішінде қанша есе азаяды?
Радиактивті йод изотоп атомының соңғы секундтағы ыдырау ықтималдығы W қандай?
және радий изотоптарының λ ыдырау тұрақтыларын табу керек.
рубидий изотопының ыдырау тұрақтысы λ=0,00077 с-1. Оның Т1/2 жартылай ыдырау периодын анықтаңыз.
торий радиактивті изотопының бір жылда бастапқы атомдар санынан қанша атомы ыдырайтынын табыңыз.
Радиактивті актинийдің бастапқы атомдар санының 1) 5 тәуліктен кейін; 2) 15 тәуліктен кейін қандай бөлігі қалады?
Бір жылдың ішінде бастапқы радиактивті изотоптың мөлшері 3 есе азайды. Екі жылда неше есе азаяды?
Егер жартылай ыдырау периоды Т1/2=24 сағ болса, радиактивті ядроның изотопының бастапқы мәнінің ¼ қандай t уақытта ыдырайды?
t = 8 тәулікте радиактивті изотоптың ¾ мөлшері ыдырады. Жартылай ыдырау периодын анықтаңыз.
Радиактивті нуклидтің Т1/2 жартылай ыдырау периоды 1 сағатқа тең. Осы нуклидтің орташа өмір сүру уақытын анықтау керек.
Радиактивті нуклидтің орташа өмір сүру уақытының жартысына тең t уақыт ішінде бастапқы мөлшерінің қандай бөлігі ыдырап үлгереді?
t уақыт аралығында препараттың А активтілігі 250 есе азайды. t уақыт аралығы қанша Т1/2 жартылай ыдырау периодына тең?
t=1 тәулік ішінде изотоптың активтілігі А1=118 ГБк–ден A2=7.4 ГБк –ге дейін азайды. Осы нуклидтің Т1/2 жартылай ыдырау периодын анықтаңыз.
Радийдің жартылай ыдырау периоды Т = 1600 жыл. Радий ядросының орташа өмір сүру уақыты неге тең?
изотопының ядросын жою үшін қандай минимал энергия жұмсалу керек?
Радон изотоптарының біреуінің атомдарының саны 1,91 тәулікте қанша есе кемиді? Радонның бұл изотопының жартылай ыдырау периоды Т = 3,82 тәулік.
1 г радийдің 1 с ішінде болатын ыдырау санын табу керек.
1млн. атомдардан бір тәулік ішінде қанша полоний атомы ыдырайды?
Бір тәуліктегі радон атомының саны 18,2 процентке кемиді деп, радонның ыдырау тұрақтысын анықтаңыз.
Радиактивті препараттың ыдырау тұрақтысы λ=1,44·10-3сағ-1. Қанша уақыттан кейін оның бастапқы мөлшерінен 75 % ыдырайды?
Қайсысы үлкен - радиактивті ядроның τ орташа өмір сүру уақыты ма, әлде Т жартылай ыдырау периоды ма? Қанша есе?
λ ыдырау тұрақтысын біле отырып, табу керек: 1) 0-ден t уақыт аралығындағы ыдырау ықтималдығын; 2) оның орташа өмір сүру уақытын.
изотопының жартылай ыдырау периоды шамамен 5,3 жыл. Осы изотоп атомының ыдырау тұрақтысы мен орташа өмір сүру уақытын анықтаңыз.
Қандай да бір радиактивті элементтің 60 % бір жылда ыдырады. Осы элементтің жартылай ыдырау периодын анықтаңыз.
Массасы 1 г тритийдің оның орташа өмір сүру уақыты ішінде қанша ядросы ыдырайды?
изотопының жартылай ыдырау периоды шамамен 5,3 жыл. 5 жыл ішінде осы ядролардың қандай мөлшері ыдырайды?
Радиактивті аргонның жартылай ыдырау периоды 110 мин. Қанша уақыт ішінде осы мөлшердің 25 % -ы ыдырайды?
Радонның бастапқы массасы 10 г болса, бір тәулік ішінде ыдыраған атомдар саны мен ыдырау тұрақтысын анықтаңыз. радонның жартылай ыдырау периоды 3,82 тәулік.
Радиактивті изотопының жартылай ыдырау периоды тәулік. Осы радиактивті изотоп атомдарының 1с-та, 1 тәулікте, 1 айда қандай бөлігі ыдырайды?
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|