1.3-тапсырма. Жағдаятты талдау.
Сіз сыныбыңызда оқу бағдарламасындағы бөлімді оқушылардың меңгеру деңгейін анықтау үшін қағаз түрінде жиынтық бағалау бойынша тест өткіздіңіз. 24 оқушының 16-сы өте төмен балл алды («екі» деген бағаға сәйкес).
Мұның себебі неде болуы мүмкін?
Осындай жағдайда сіз ең алдымен неге назар аударасыз?
Егер менің сыныбымда мұндай жағдай орын алса, сол оқушылардың бөлімді меңгеруі нәтижесін анықтау үшін алған жиынтық бағалауымның бөлім тақырыбы мен оқу мақсатына, оқушының ойлау дағдыларының деңгейіне сәйкес құрылғандығына баса назар аударамын.
Қорытынды:
Қорыта айтқанда, жиынтық бағалауды ұйымдастыру барысыныда ең алдымен оқушы деңгейі, тапсырманың тақырып төңірегінде болуы, оқу мақсатына сай келуін міндетті түрде ескеру қажет
Достарыңызбен бөлісу: |