[]


Сурет 59. Басқарушы батырмалар



жүктеу 10,94 Mb.
бет82/93
Дата18.02.2020
өлшемі10,94 Mb.
#29313
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   93

Сурет 59. Басқарушы батырмалар

  1. Егер сіз құрған перзентация көптеген слайдтардан тұрса, онда батырмаларды орнату қолайлы. Мұнда, мысалы, өңделетін (настраиваемая), үйге (домой), анықтама (справка), алыдға (вперед), артқа (назад) т.б. батырмалар орналасқан. Осы батырмаларды керек слайдқа орнатып, оған қандай да бір әрекетті бекітуге болады.

  2. Мысал ретінде, бірінші слайдқа соңына (в конец) батырмасын таңдап, орнатыңыз. Келесі терезе ашылады (Сурет 60).



Сурет 60. Әрекетті реттеу терезесі

  1. Осы терезеден батырманың әрекетін орнатыңыз. Мысалы, Гиперсілтеме арқылы көшу жеріне белгі қойып, Соңғы слайд таңдаймыз. Ок батырмасын шертіңіз. Енді презентацияны көрсету кезінде тышқанмен шертсеңіз көрсету бірден соңғы слайдқа көшеді.

Тапсырма 5

Жоғарыдағы әдістемелік нұсқауларға сүйене отырып орындаңыз.



Тапсыру формасы: Тапсырманы орындап, мұғалімге көрсетіңіз, қалай орындалғанын түсіндіріңіз.

Ұсынылатын әдебиеттер:

[1-9,12]/[1,2,3,4]



Бақылау сұрақтары:

  1. Презентация дегеніміз не?

  2. MS Power Point шаблондарды қайдан таңдауға болады.

  3. Есептер облысында не орналасқан?

  4. Слайдтардың таңдап көрсету

  5. Басқару батырмаларына макростар орнату

Зертханалық жұмыс №8 (2 сағ)

Тақырыбы: Жергілікті және ауқымды желілердің хаттамалары

Мақсаты: Желі түсінігін тереңдету, желі түрлерін қарастыру, желілік хаттамаларымен танысу

Қолданылатын материалдар мен құрал- жабдықтар:

Компьютер, интернет желісі



Теориялық түсініктеме:

Хаттама дегеніміз желіде ақпараттың дұрыс жіберілу шарты.

FTP – INTERNET желісіндегі ең кең таралған, файлдарды жіберу хаттамасы.Бас кезінде бұл командалық жолмен орындалатын терминалдық программа болса, қазір интерфейсі қолайлы, мүмкіндіктері өте көп хаттама.

USENET – ақпараттық серверлер желісі. Usenet-те 200.000 конференциялар бар (қандай да бір тақырыпқа хабарламалар келіп түсетін каталог). Серверлар бір-бірімен үнемі хат алмасып тұрады. ІР хаттама – желіаралық хаттама. Интернетке қосылудың ең кең тараған түрі ІР қосылу.



Тапсырма:

  1. Компьютердің ІР адресін анықтаңыз.

  2. Келесі тапсырманы қадам бойынша орындаңыз

Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулар:

Тапсырма 1

  1. Егер сіздің компьютеріңізде Microsoft Windows ХР ОЖ орнатылған болса, онда Пуск - Сеанс MS-DOS командасын орындаңыз.

  2. Командалық жолға келесі команданы теріңіз.

>ipconfig

  1. Enter пернесін басыңыз.

Нәтиже: ІР адресі бар хабарлама шығады.

Тапсырма 2

  1. Сәйкес Web-сайтты қарап, өз еркіңізбен бір программалық жабдықты көшіріп алыңыз.

  2. FAR Manager программасының көмегімен FTP-архивке кіріңіз.Файлды өз компьютеріңізге сақтаңыз.

  3. Қолданушы өз беттерін тіркейтін сайттардың біріне кіріп тіркеліңіз. Логикалық атын және паролін сақтаңыз.

  4. FAR Manager программасының көмегімен сізге берілген бумаға кіріңіз. Сол бумаға кез келген файлды көшіріңіз.

Тапсыру формасы: Тапсырманы орындап, мұғалімге көрсетіңіз, қалай орындалғанын, не түсінгеніңізді түсіндіріңіз.

Ұсынылатын әдебиеттер:

[1-9,12]/[1,2,3,4]



Бақылау сұрақтары:

  1. Хаттама дегеніміз не?

  2. FTP-сервис деген не?

  3. FTP-сервис қандай жағдайларда қолданылады?

  4. FTP-архивтер дегеніміз не?

  5. ІР деген не?

Зертханалық жұмыс №9 (2 сағ)

Тақырыбы: Бүкіләлемдік Интернет желісі.

Мақсаты: Internet Explorer браузерімен жұмыс істеп үйрену, керек ақпаратты интернеттен алып, оны компьютерде сақтау тәсілдерін меңгеру.

Қолданылатын материалдар мен құрал- жабдықтар:

Компьютер, интернет желісі



Теориялық түсініктеме:

Желі деп ресурстарды, коммуналдық жабдықтар тобын ортақ пайдалану мүмкіндіктерін беретін жеке компьютерді біріктіруді айтады. Желі жұмыс жасауы үшін бір-бірімен сымдар арқылы байланысатын жұмыс станциялары (жеке компьютерленген желілік адаптер) және желілік программалық жасақ болуы қажет.

Сервер - отрақ пайдалануға арналған барлық ресурстар қолданатын компьютер.

Клиент сервер типті желі бар ресурстарды максималды қолдану мүмкіндіктерін береді.

Желілер мынандай топтарға бөлінеді:



  • Жергілікті желілер (локальные сети)

  • Кең ауқымды желілер (глобальные сети)

  • Интернет

Жергілікті желілер – бір-бірімен қатар орналасқан компьютерді біріктіретін жүйелер тобы. Яғни, бір бөлмеде немесе бір ғимаратта орналасқан, әйтпесе қатар орналасқан компьютерлер жиыны.

Ауқымды желі құру үшін көптеген телефон каналдары, жер серіктері арқылы байланысу мүмкіндіктері қажет. Жергілікті желілерде компьютер арасында ақпаратты жеткізу жылдамдығы өте жоғары болады

Терминал - енгізу шығару құрылғысы. Терминал ретінде дербес компьютерді қолдана аламыз.

Порт дегеніміз компьютерге ішкі жабдықтардың қосылуы үшін арналған логикалық-аппараттық құрылғы. Яғни, компьютердің ішкі құрылғылармен байланысқа түсуі үшін онда ақпараттарды қабылдау және тасымалдау қабілеті бар порттар болады.

Модем дегеніміз телефон желілері арқылы компьютер арасында ақпараттарды тасымалдау құрылғысы. Тікелей жалғау кезінде компьютердің бірі – жетекші, ал басқасы қосымшалар болып табылады.

Internet желісі

Әулеметтік пенде болғандықтан адам әрқашаңца өзі сияқтылармен араласу тәсілдері іздестіреді. Соңғы кездегі Іпіегпеі желісінің күрт дамып кетуі (қазіргі кезде 18000 әртүрлі желілерді біріктіріп, күнбе-күн жаңалықтармен толықтыруда) қашықтық үғымын жоққа шыгарып, планетамыздың кез келген нүктесін бір-бірімен бейнелі түрде байланыстыруда.

World Wide Web

World Wide Web (WWW, Web), яғни "дүниежүзілік өрмек" информация іздеп бүкіл дүние жүзіне "электрондық саяхат" жасайтын гипермәтіңді жүйе болып табылады.

Интернет желісінің негізгі қызметтері:

        1. Электронды почта.

        2. Файлдарды жіберу, алу

        3. Хабарламаларды оқу

        4. Ақпара тіздеу

        5. Жойылған басқару (программаларды орнату, сұраныс жасау)

        6. ЧАТ-пен әңгімелесу

        7. Интернет арқылы ойындар ойнау

Тапсырма:

  1. www.yandex.ru сайтының іздеу жүйесін қолданып, «Информатика» пәніне қатысты кітаптар, рефераттар табыңыз.

  2. Табылған материалдың біреуін компьютерге көшіріңіз.

  3. www.rambler.ru іздеу жүйесін қолданып, Турбо Паскаль тілі бойынша теориялық материалдар іздеңіз. Оның ішінде «Массивтер» тақырыбына қатысты материалдарды компьютеріңізге сақтаңыз.

  4. Өз жұлдызнамаңызды тауып оқыңыз.

  5. Өзіңізді қызықтыратын тақырып бойынша іздеу жүргізіңіз (әншілер, суреттер, жаңалықтар т.б.).

  6. Microsoft Internet Explorer программасының көмегімен бірнеше сайттарды ашыңыз. (Өзіңіз таңдаңыз). Сайтта берілген бір суретті Microsoft Word-қа көшіріңіз. Осы суретті жеке файл ретінде сақтаңыз. Ашық тұрған сайттарды толығымен өз компьютеріңізге сақтаңыз.

Yandex іздеу жүйесін қолдана отырып, келесі тапсырмаларды орындау:

  1. «Математикалық логика» пәні бойынша «Тьюринг машинасы» тақырыбынан есептер тауып сақтау

  2. MS Excel электронды кестесі бойынша электронды оқулық тауып, компьютерге сақтау

  3. MS Access мәліметтер қоры бойынша электронды оқулық тауып, компьютерге сақтау

  4. Қазақстандық кез келген әшні топтың жеке сайтына кіріп, сол топ жайлы ақпарат жинақтау.

Rambler іздеу жүйесін қолдана отырып, келесі сұрақтарға жауаптар жазу:

  1. Бұрынғы Ресей президенті Б.Н.Ельциннің туған күні және туған жері

  2. Математик Н.И.Лобачевскийдің туған жері және туған күні

  3. Алла Пугачева қай жылы қай мектепті бітірді

  4. Роза Рымбаеваның туған жері

  5. Honda фирмасының негізін қалаушылар және құрылған жылы

  6. «Beetles» тобының алғашқы концерттік гастрольдері қай жерде өтті

  7. Филипп Киркоровтың туған жері

  8. «Жасқанат» фестивалінің алғаш өткен жылы


Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулар:

  1. URL адрес ресурстың қай жерде орналасқанын және оны қалай табуға болатынын көрсетеді.

  2. Келесі бөлімдерге қос нүктемен бөлініп жазылады:

http://сервер аты/ жолы/файл

  1. Іздеу сервері дегеніміз Интернетте ақпаратты ізеуге мүмкіндік беретін, қолданушының сұрақтарына жауап беретін мамандандырылған сервер.

  2. Іздеуді тақырып бойынша немесе кілттік сөз арқылы жүргізуге болады.

  3. Мысалы іздеу өрісіне «Россия+футбол+чемпионат» осы кілттік сөздер арқылы, ресейдің футбол клубтары жайлы, өткен чемпионат жайлы ақпараттарды табуға болады.

Тапсыру формасы: Тапсырманы орындап, мұғалімге көрсетіңіз, қалай орындалғанын, не түсінгеніңізді түсіндіріңіз.

Ұсынылатын әдебиеттер:

[1-9,12]/[1,2,3,4]



Бақылау сұрақтары:

  1. Желі дегеніміз не?

  2. Интернет желісі қандай желіге жатады?

  3. WWW қалай түсінесіз?

  4. Internet Explorer-ден басқа қандай браузерлер білесіз?

  5. Интернет желісінің қызметтерін атаңыз.


Зертханалық жұмыс №10 (2 сағ)

Тақырыбы: Электрондық пошта жасау және қолдану

Мақсаты: Электрондық пошта құрып, поштамен жұмыс істеп, хат алмасып үйрену

Қолданылатын материалдар мен құрал- жабдықтар:

Компьютер, интернет желісі



Теориялық түсініктеме:

Электронды пошта - ауқымды компьютерлік желіде хат алмасу жүйесі.

Электронды хат – текстік файл немесе хат тексті. Электронды пошта жәшігі – қатты дискідегі пошталық сервердің бөлімі, онда тек пошта жәшігінің иесіне қатысты хаттар келіп түседі. Электронды адрес почта жәшігінің орналасқан орнын көрсетеді. Ол екі бөлімнен тұрады және бір-бірінен @ символымен ажыратылады:

Тапсырма:

Төменде көрсетілген электронды адрестерге қатысты келесі сұрақтарға жауап беріңіз:



  1. Олардың қайсысы қандай адреске жатады:

    • Коммерциялық ұйым адресі

    • Білім орталарының адрестері

    • Желілік қызмет көрсету орталықтары

  2. Осы адрестердің географиялық орналасуын анықтаңыз:

  • Қазақстандық

  • Ресейлік

  • Шет елдердікі

  1. Жеке адамдарға тиісті адрестерді анықтаңыз

  • kuznezov@mei.msk.su

  • Michael@uka.online.edu

  • victor@free.net

  • ksd@glas.apc.org

  • sgpi@.edu.kz

  • kaf_inf@sgpi.kz

  • europa_plus@.kz

  • ainur241@.mail.ru

  • 103670.1256@CompuServe.com

  • Karlheneinz_duerr@uni-tuebingen.de

Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулар:

Берілген теориялық түсініктемеге қарап, Зертханалық жұмыс №9 берілген әдістемелік нұсқауларға сүйене отырып, тапсырмаларды орындаңыз.


Қолданушы аты@пошталық сервер аты
Пошталық адрес сервері бір-бірінен нүктемен ажыратылған бөлімдерден тұрады. @ символына жақын тұрғаны компьютер аты т.б.

Ең соңғы оң жақ бөлік жұрнақ деп аталады және ол мемлекет кодын білдіреді. Мысалы: ru – Ресей, kz – Қазақстан, fi – Финляндия, ni – Никарагуа, mx – Мексика, za – Оңтүстік Африка, de – Германия т.б.



  • edu – білім орталықтары (университеттер, институттар, т.б. )

  • com – коммерциялық ұйымдар

  • gov – үкімет органдары

  • net - телекоммуникациялық қызмет көрсететін огандар

  • mil - әскери ұйымдар

  • org - ұйымдар

Тапсыру формасы: Тапсырманы орындап, мұғалімге көрсетіңіз, қалай орындалғанын, не түсінгеніңізді түсіндіріңіз.

Ұсынылатын әдебиеттер:

[1-9,12]/[1,2,3,4]



Бақылау сұрақтары:

  1. Электрондық пошта дегеніміз не?

  2. Компьютерге электронды поштаны орнату қалай орындалады?

  3. Қолданушы агенті деген не?

  4. Тасымалдау агенті деген не?

  5. Жеткізу агенті деген не?


Студенттің оқытушымен бірге орындайтын өздік жұмысы №1 (1 сағ)
Тақырыбы: Архивтеу программалары

Мақсаты: Файлдарды архивтеу, архивтен шығаруды, өздіігнен ашылатын архивтерді құруды үйрену, көптомды архивтер

Тапсырма:

  1. Уақытша (А:) дискісіне Архив папкасын құрып, оған мәтіннен, суреттен және орындалатын программалардан тұратын файлдардың көшірмесін алып орналастырыңыз

  2. RAR архиваторын қолданып, таратылған(распределенный), өз ашылатын (самораспаковывающийся) және қарапайым архивтер құрыңыз

  3. Құрылған архивтің біреуінің мазмұнын көріңіз. Архивке орналасқан файлдарды архивтен шығарыңыз. Архивтеу нәтижелерін кестеге енгізіңіз

  4. Өздігінен ашылатын архивті дискеттке орналастырыңыз және оны шығарыңыз. Уақытша папканы және құрылған архивті, архивтен шыққан файлдарды жойыңыз

Сұрақтар:

  1. RAR архиваторы

  2. Өздігінен ашылатын архивті құру

  3. Қарапайым архивті құру жолы


Тапсыру формасы: СОӨЖ дәптеріне конспекті жасап, берілген сұрақтарға жауаптар дайындау. Ауызша қорғау. Тапсырмаларды орындап, орындау жолын мұғалімге түсіндіру.

Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулар:

Тапсырма 1

  1. (С:) дискісіне Архив уақытша папкасын құрыңыз.

  2. Кез келген файлдарды осы бумаға көшіріңіз.

  3. Уақытша папкаға орындалатын кез келген файлды көшіріп әкеліңіз (мысалы: far.exe, vc.com, rar.exe және т.б.). Іздеу үшін Пуск|Найти|Файлы и папки командасын қолданыңыз.

Тапсырма 2

  1. RAR архиваторын жүктеңіз.

  2. С: дискісін таңдаңыз (ALT+D).

  3. Уақытша папкаға өтіңіз.

  4. Мәтіні бар, суреті бар, орындалатын файлдарды ерекшелеңіз.

  5. Ерекшеленген файлдардың таратылған архивін құрыңыз (F5).

  6. Көрсетілген файлдардың өздігінен ашылатын архивін құрыңыз (ALT-F5).

  7. Көрсетілген файлдарды қарапайым архивке көшіріңіз (F6). Сұхбат терезесінде архивтің жаңа атын көрсетіңіз.

Тапсырма 3

  1. Құрылған архивтің біреуінің мазмұнын көріңіз (керек архивті ерекшелеп, ENTER пернесін басыңыз).

  2. Суреті бар файлды архивтен шығарыңыз (F4).

  3. Архив мазмұнын көру режимінен шығыңыз (RETURN ерекшелеп, ENTER басыңыз). Суреті бар файлдың жоқтығына көз жеткізіңіз.

  4. Осыған ұқсас орындалатын және мәтіндік файлдарды да архивтен шығарыңыз.

  5. RAR архивінен шығыңыз (ESC).

  6. Архивтеу нәтижесін кестеге енгізіңізРезультаты архивации занесите в таблицы:

Файл типі


Бастапқы өлшемі, SI

Нәтижелік өлшем, SR

Сығу дәрежесі, SR/SI*100%












жүктеу 10,94 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   93




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау