315
Еліміздің жоғары оқу орындарында оқытудың кредиттік технологиясы 2001 жылдан
бастап енгізіліп келеді. Сонан бері 10 жыл мерзім өтсе де бұл жүйе оқу үрдісіне толығымен
енгізілді деп айтуға болмайды. Сол себептен, министрлік кредиттік оқыту технологиясын
ары қарай дамытуға бағытталған саясатын дұрыс жүргізіп келеді. Кредиттік оқыту
технологиясы оқыту үрдісінде кредиттерді жинақтау мен трансферттеуде еуропалық жүйені
пайдалануды, ECTS үлгісі бойынша кредиттерді қайта есептеудің қазақстандық моделі
шеңберінде
академиялық
ұтқырлықты
ұйымдастыруды,
Қазақстандағы
кредиттік
технологияны бағалау шкаласы мен ECTS және білім беру бағдарламаларын сәйкестендіруді,
білім беру бағдарламаларын модульдік құрастыруды көздейді. Енді модульдік оқыту
жүйесіне тоқтала кетсем:
Модульдік оқыту — бұл білім беру бағдарламасының шегінде бірнеше оқу курстары
мен пәндерін немесе олардың аяқталмай қалған тарауларын оқытатын құрылымдық бөлімі.
Кредиттік модуль жүйесінің басты айрықша белгілері:
Оқу жоспарында көрсетілген пәндерден әр бір студент өзі оқитын пәндерді тандап,
жеке оқу жоспарын құрады; Білім беру траекториясында студенттерге оқытылатын пәндерді
тандау кезінде таңдауға көмектесуге оқу процесіндегі академиялық кеңесшілерді (тьютер,
білім беру бағдарламасының жетекшілерін) тарту; Әр пән бойынша оқытушылар мен
студенттердің жұмысаған еңбегін бағалау үшін сынақ бірлігі (кредит) жүйесін енгізу;
Студенттердің оқытылатын пәнді меңгеруін бағалау үшін баллдық рейтинг жүйесін қолдану.
Европа елдерінің үкіметтері болашақ 10 жылға жасаған жоғарғы оқу орындарын
реформалау қызметтің басты бағытын көрсететін міндетемелердің мазмұндық жобасын –
Болондық үдеріспен байланысты. 2003 жыл 19 қыркүйектегі РФ білім минстрлігі қол
қойылған Болондық декларацияға сәйкес, европалық білім беру кеңістігі құруда. Осыған
байланысты шетелдік оқу орындарының кредиттік модуль жүйесін қолданудағы
тәжірибесіне үлкен қызығушылық танытып отыр [10.12].
Европалық университеттерде бір модуль шеңберіне жалпы ғылымдық мәртебесіне
қарамастан бір біріне тақырыптық жағынан жақын пәндер біріктіріледі. Модульді құрудағы
басты принцип жеңілден қиынға, методологиялықтан қолданбалы пәндерге өту. Сондықтан,
модульдің құрамында «жалпы кәсіби», «жалпы ғылымдық» және т.б. пәндер болуы мүмкін.
Модульдік оқыту шеңберінде толық шектелген фундаменталдық және қолданбалы пәндерде
қатар қолданылады. Модульдік жүйенің маңызды ерекшелігі студенттік тәжірибеге
бағытталуында, соның ішінде зерттеушілік болып табылады. Модуль білім алушылардың
тұжырымдамалық білімі мен тәжірибелік дағдысының үйлесуіне қарай, бір бағыттан екінші
бағытқа, бір деңгейден екінші деңгейге тез әрі тиімді өтуіне мүмкіндік береді. Сондықтан
магистратура сатысындағы модульдік оқытуды ұйымдастыру процесінде магистранттың
жеке бағдарламасымен (магистрлік диссертация тақырыбымен) байланысты болуы керек [1,
6]. Европалық кеңістік шеңберінде бірнеше жоғары білімдер курстар(пәндер) модульмен
аталады. Студент алған білімін модуль аяқтағаннан кейін тәжірибе жүзінде көрсетіп шығуы
керек. Модуль белгілі пәннің тұсында бүтіндей ұғым қалыптастырады және студент осы
модульді меңгергеннен кейін белгілі бір құзіретте істеу арқылы көрсету (тәжірибе жүзінде)
керек. Модуль тақырыбымен емес студенттің білім жетістігімен анықталады. Семестрдегі
модулдің санын, студент бір семестрдегі жеткен нәтижесінің сәйкестігімен анықталады.
Студент оқу жетістігінің өлшемі ретінде оқу процесінде әрбір студент кредит жинайды.
Европалық студент қанша ұзақ уақыт керек болсада болашақ дипломдарының есебіне
кредиттер санын жинай алады. Жиналған кредиттар студентке біліктілігін жоғарылатуға
мүмкіндік береді. Мысалы, қосымша жоғарғы білім алуға. Кредит арқылы студент оқудан
ұзаққа созылатын үзіліс ала алады. Бұл жағдайда, алдын ала жиналған кредиттері күшін
жоймайды. Қандайда бір себептермен студент оқудан шығып, қайтадан оқуын
жалғастыратын болса алдын ала жиналған кредиттері күшін жоймай саналады. Бұл
студенттің жоғары білім алуын жеңілдетеді.
Ен алғаш рет академиялық кредиттер XVIII және XIXғ.ғ.аралығында АҚШ
университеттеріндегі оқу процесін ырықтануын құру кезінде енгізілген. Кредиттік бірліктің
316
енуі, студенттердің өз бетімен оқу процесін жоспарлауға, оқу процесінің сапасын бағалауға
және бақылау жүйесі арқылы принциптік өзгерістер енгізуіне ықпал ететін оқыту
технологиясын толық жетілдіруге жағдай жасады. Осы орайда атап өту керек, әлемдік білім
беру жүйесінде кредиттің бірнеше мағынасы бар. Осыдан кредиттік модульдік жүйенің
әрқилы моделін көруге болады.
Үш басты басты түрін атап көрсетуге болады: ең алдымен академиялық ұтқырлықты
қамтамасыз ету үшін кредиттік аударымдарға бағытталған жүйе. Мысалы, USTS (UMAP
Credit Transfer Scheme – азия-тынық мұхиты аймағы университетінің кредиттік аударым
жүйесі); кредиттерді жинақтауға бағытталған кредиттік жүйе. Мысалы, USCS (United States
Credit System – АҚШ университеттерінде қолданылатын кредиттік жүйе) [1, 32].
Бір уақытта кредиттерді аудару мен жинақтауға бағытталған аралас түрдегі кредиттік
жүйе. CATS (Credit Accumulation and Transfer System – Великобритания университетіндегі
кредиттік жүйе), ECTS (European Credit Transfer and Accumulation System – Европалық
жүйедегі кредиттерді аударым мен жинақтау).
Жоғарыда аталған модельдер тек қана басты міндеттерімен ғана емес сонымен бірге,
кредиттің анықтамасы мен түсік беру тәсілдеріменде ерекшеленеді. Ережеге сай, кредиттік
сынақ жүйесі, білім беру бағдарламасын немесе оның бір бөлігін меңгеру үшін кеткен
еңбегін бағалаудағы кредиттік бірілктің түсінігінен шығады. Негізі кредиттік жинақтау
жүйесін, білім беру бағдарламасындағы алған білімі мен іскерлік дағдысының нәтижесінде
кредиттерді бағалау бірлігі ретінде анықтайды.
Білімді бағалаудағы тіркеу студенттің шетелде оқығанға дейінгі және кейінгі жетістігін
көрсетеді. ECTS кредиті құжатында тек қана жергілікті оқытудың жағдайындағы сәйкес
келетін курстардың деңгейін және сонымен қатар ECTS кредитінің шкаласын ғана көрсетеді.
Жергілікті оқыту деңгейі мен ECTS кредитінің сәйкес келуі студенттің басқа жоғарғы оқу
орнындаоқуына сандық және сапалық мінездемесін береді. Шетелде оқып білім алу өз елінде
білім алған сияқты бірдей бірақ, оқу бағдарламаларында айырмашылықтары емтихандарда
және білім деңгейін бағалау формалары болуы мүмкін [3, 21].
2011 – 2020 жылдарға жасалған білім бағдарламасы жоғарғы оқу орындарында
кредиттік модульдік жүйесін оқытуды енгізгелі отыр. Бұл жоғарғы оқу орынындағы
түлектерге академиялық және мамандандырылған білім беруді дамытады және білім алудағы
қарқынды әдістерді үйретеді. Отандық кредиттік модульді оқыту жүйесі қазіргі кезде даму
үстінде. Осыған байланысты кредиттік модульді оқыту жүйелері бағдарламасының аясында,
Қазақ қыздар педагогикалық университетінде «Оқу үдірісіне модульдік оқытуды енгізу
мәселелері»
тақырыбында
конференцияны
ұйымдастырып
отыр.
Бұның
өзі
оқытушыларымызға модульдік білім беру жүйелерін талқылап, білім беру мазмұнында оқу
үрдісіне модульдік білім жүйесін енгізудің тиімді көздерін береді.
Қазіргі кезде біздің Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік
білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу-тәрбие
үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім беру парадигмасы өзгерді,
білім берудің жаңа мазмұны пайда болуда: білім мазмұны жаңа біліктермен, ақпараттарды
қабылдау қабілеттерінің дамуымен, ғылымдағы шығармашылық және нарық жағдайындағы
білім беру бағдарламаларының нақтылануымен байланысты; ақпараттық дәстүрлі әдістері –
ауызша және жазбаша, телефон және радиобайланыс – қазіргі заманғы компьютерлік
құралдарға ығысып орын беруде; баланың жеке басын тәрбиелеуде, оның жан дүниесінің
рухани тұлға ретінде қалыптасуына көңіл бөлінуде; мектеп, отбасы мен қоршаған әлеуметтік
ортаның бала тәрбиесіндегі бірлігіне ұмтылыс жасалуда; қоғамдық біліммен бара-бар
педагогикалық технологияның кеңінен қолданылуына және ғылымның роліне мән берілуде.
оқыту технологиясын жетілдірудің психологиялық-педагогикалық бағыттағы негізгі ой-
тұжырымдары төмендегіше сипатталады; есте сақтауға негізделген оқып білім алудан,
бұрынғы меңгергендерді пайдалана отырып, ақыл-ойды дамытатын оқуға көшу;
Қазір Республика оқу орындары, педагогикалық ұжымдары ұсынылып отырған
көпнұсқалыққа байланысты өздерінің қалауына сәйкес кез келген үлгі бойынша қызмет
Достарыңызбен бөлісу: |