Куәландырушы орталығының қызмет көрсетуі туралы
№ ______ ШАРТ
Алматы қ. «___» ______________ 2009 ж.
Осы Шарт «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны Куәландырушы орталықтың бұдан әрі – «Куәландырушы орталық» деп аталушы, Клиентке қызметтерді ұсынады және түрлерін анықтайды. Клиенттің осы Шарт бойынша қызметтерді қабылдау келісімі Клиенттің осы Шартқа қосылу туралы өтініште анықталады да, осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылады.
ӨТІНІШ ЖӘНЕ КЕПІЛДІКТЕР:
Куәландырушы орталық мәлімдейді және кепілдік береді:
а) ол Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңды тұлға бола отырып, осы Шартты өз атынан жасауға құқылы;
б) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес қажет рұқсаттары және лицензиялары бар, куәланырушы орталықтардың іс-әрекетіне қойылатын барлық біліктілік талаптарға сай;
в) осы Шарт тиісті түрде заңдастырылған және осы Шартта баяндалған шарттарға сәйкес орындалуы қажет Куәландырушы орталықтың қолданыстағы және заңды күші бар міндеттемелерін білдіреді;
г) осы Шарттың мазмұны және оның шарттарының тиісті түрде орындалуы Қазақстан Республикасының заңнамасының және Куәландырушы орталықтың Жарғысының талаптарының бұзылуына себеп болмайды;
д) осы Шарттың шарттарына сәйкес Куәландырушы орталықтың Клиентке берген электронды сандық қолтаңбаның құралдары сертификациялау тәртібінде сертификатталған;
е) осы Шартта қолданылатын түсініктер Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы № 370-ІІ «Электронды құжат және электронды сандық қолтаңба туралы» заңында белгіленген.
1. ШАРТТЫҢ МӘНІ
1.1. Куәландырушы орталық Клиентке мынадай қызметтер көрсетеді:
1.1.1. Заңсыз кіруден электронды сандық қолтаңбаның жабық кілттерін қорғау шараларын жүзеге асыра отырып, электронды сандық қолтаңба кілттерін жасайды;
1.1.2. тіркеу куәлігін береді, тіркейді, қайтарып алады, сақтайды, сонымен қатар тіркеу куәліктерінің тіркелімін жүргізеді;
1.1.3. қолданыстағы және қайтарып алынған тіркеу куәліктерінің есебін жүргізеді;
1.1.4. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген, Куәландырушы орталықта тіркелген тәртіпте Клиенттің электронды сандық қолтаңбасының ашық кілтінің тіркеу куәлігінің тиесілі және күші бар екенін растайды.
1.2. Куәландырушы орталық Клиентке Астана қаласының уақыт белдеуін ескере отырып, осы Шарт бойынша қызмет көрсетуді ұйымдастырады.
2. ТАРАПТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕМЕЛЕРІ
2.1. Куәландырушы орталық:
2.1.1. клиентке берген тіркеу куәлігін мынадай жағдайларда қайтарып алуға:
2.1.1.1. Клиенттің немесе оның уәкілетті өкілінің талабы бойынша,
2.1.1.2. Клиенттің іс-әрекет жасауы тоқтаған жағдайда;
2.1.1.3. заңды күшіне енген сот шешімі бойынша.
2.1.2. қажетті тіркеу құжаттары дұрыс рәсімделмеген жағдайда Куәлдандырушы орталықта Клиентті тіркеуді қабыл алмауға;
2.1.3. тіркеу куәлігінің белгіленген әрекет мерзімі біткен жағдайда Клиенттің тіркеу куәлігінің әрекетін қайтарып алуын қабыл алмауға;
2.1.4. әрекеті тоқтатылған тіркеу куәлігінің иесіне дәлелді себептері көрсетілген хабарлама жібере отырып, Куаландырушы орталықтың Пайдаланушысының қолтаңба кілтінің сертификатының әрекетін біржақты тәртіпте тоқтата тұруға құқылы.
2.2. Клиент:
2.2.1. Егер Клиент, Куәландырушы орталықтың Клиентке берген тіркеу куәлігінде көрсетілген ашық кілтке сәйкес келетін электронды сандық қолтаңбаның жабық кілтіне кіру режімі бұзылған деп санаса, Куәландырушы орталықтан тіркеу куәлігін қайтарып алуды талап етуге.
2.2.2. Куәландырушы орталық дайындаған ашық кілттің тіркеу куәлігіндегі электронды сандық қолтаңбаның шынайылығын растауы үшін оған жүгінуге.
2.2.3. электронды сандық қолтаңбаның жабық және ашық кілттерін өзі қалыптастыруға.
2.2.4. электронды құжат айнылымы жүйесінің қатысушыларының тіркеу куәліктерінің мәртебесін тексеру үшін Куәландырушы орталық дайындаған қайтарып алынған тіркеу куәліктерінің тізімін алуға және қолдануға.
2.2.5. Астана уақытымен, жұмыс күндері сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін, Куәландырушы орталықтың қызметкерлерінен орталықтың жұмысына байланысты сұрақтар бойынша кеңес алуға.
2.2.6. осы Шарт бойынша Куәландырушы орталықтан міндеттемелерін тиісті және толық орындауын талап етуге.
2.2.7. Куәландырушы орталықтың ашық кілтінің тіркеу куәлігін алуға.
2.2.8. Куәландырушы орталықпен дайындалған, ашық кілттің тіркеу куәліктеріндегі электронды сандық қолтаңбасын тексеру үшін Куәландырушы орталықтың ашық кілтінің тіркеу куәлігін қолдануға.
2.2.9. тіркеу куәлігіндегі ашық кілтке сәйкес келетін электронды сандық қолтаңбаның өзіндегі жабық кілтін Клиенттің тіркелген тіркеу куәлігінің және/немесе тіркеу куәлігін және кілттерді дайындау өтінішінде көрсетілген қолдану аясына сай қолдануға құқылы.
2.3. Куәландырушы орталық:
2.3.1. бастапқы инициализация кілттерін Клиенттің тіркелген тіркеу куәлігінің және/немесе тіркеу куәлігін және кілттерді дайындау өтінішіне сәйкес жасауға және оларды қажет бағдарламалармен Клиентке беруге.
2.3.2. осы Шарттың 3.1. тармағына сәйкес құжаттарды әкелген сәттен бастап 2 (екі) күн ішінде Клиентке төменде көрсетілген мәліметтері бар тіркеу куәлігін беруге:
2.3.2.1. тіркеу куәлігінің нөмірі және оның әрекетінің мерзімі көрсетілген;
2.3.2.2. Клиентті электронды сандық қолтаңбаның тіркеу куәлігінің иесі ретінде сәйкестендіретін мәліметтері бар;
2.3.2.3. электронды сандық қолтаңбаның ашық кілті бар (бастапқы инициализация);
2.3.2.4. электронды сандық қолтаңбаның тиісті жабық кілтін жасауға пайдаланылатын электронды сандық қолтаңбаның құралдары туралы мәліметтері бар;
2.3.2.5. электронды сандық қолтаңбаның қолданылу аясы және қолданудың шектеулері туралы ақпараттары бар;
2.3.2.6. Куәландырушы орталықтың деректемелері көрсетілген.
2.3.3. Клиентке берілген тіркеу куәліктерінің көшірмелерін сақтауға және осы Шартқа сәйкес тіркеу куәліктерінің берілген сәтінен бастап, 5 (бес) жыл бойы тіркеу куәліктерінің тіркелімін жүргізуге.
2.3.4. электронды сандық қолтаңбаның ашық және жабық кілттерін қалыптастыру үшін Клиентке бағдарламалық құралдарын беруге және Куәландырушы орталыққа тіркеу куәліктеріне электронды тапсырыс беруге;
2.3.5. егер Клиент тіркеу куәлігінде көрсетілген ашық кілтке сәйкес келетін электронды сандық қолтаңбаның жабық кілтіне кіру режімі бұзылған деп санап, Клиенттің тіркеу куәлігін қайтарып алу үшін электронды тәсілмен талап жасаса немесе Куәландырушы орталықтың тіркеу орталығана немесе уәкілетті өкіліне өтініш берсе, жедел түрде Клиенттің тіркеу куәлігін қайтарып алуға;
2.3.6. электронды құжат айналымы жүйесінің кез келген қатысушысы жүгінген жағдайда, өзі берген және осы орталықта тіркелген электронды сандық қолтаңбаның ашық кілттерінің тіркеу куәліктерінің тиесілі екенін және шынайылығын растауға;
2.3.7. сақталып жатқан Клиенттің электронды сандық қолтаңбасының ашық кілттерінің тіркеу куәліктерінің жоғалуының, жаңартылуының және көшірмесінің жасалуының алдын алу үшін барлық шараларды қолдануға;
2.3.8. өзі жасап жатқан тіркеу куәліктерінің сериялық нөмірлерінің бірегейлігін және жасалған тіркеу куәліктеріндегі ашық кілтердің мәнінің бірегейлігін қамтамасыз етуге;
2.3.9. тіркеу куәліктерінің тіркелімінде барлық жасалған тіркеу куәліктері туралы мәліметтерді уақтылы жариялауға;
2.3.10. Куәландырушы орталықтың тіркеу куәліктерінің тіркеліміне Клиенттің кіруін қамтамасыз етуге;
2.3.11. тіркеу куәлігін қайтарып алған сәттен бір сағаттан кешіктірмей, Куәландырушы орталықтың сайтында (http://ca.kisc.kz/cgi/RevListGOST.crl) орналасқан қайтарып алынған тіркеу куәліктерінің тізіміне өзгертулер жасауға;
2.3.12. Шарттың мерзімі ішінде осы Шарт бойынша, профилактикалық жұмыстар уақытын санамағанда, тәулік бойы қызмет көрсетуге;
2.3.13. жалпы ұзақтығы жылына 7 (жеті) тәуліктен аспайтын профилактикалық жұмыстарды тек жексенбі күндері (демалыс күндері) немесе түнгі уақытта істеуге;
2.3.14. дайындалып жатқан тіркеу куәліктеріне енгізілетін ақпараттарды санамағанда осы Шарт бойынша кез келген ақпаратты жарияламауға міндеттенеді.
2.4. Клиент:
2.4.1. Осы Шарттың шарттарын орындауға;
2.4.2. Куәландырушы орталыққа, осы Шарттың 3.1.1. немесе 3.1.2. тармағына сәйкес, құжаттар өткізуге;
2.4.3. электронды сандық қолтаңбаны қалыптастыру үшін Клиенттің тіркеу куәлігінде көрсетілген электронды сандық қолтаңбаның ашық кілтіне сәйкес келетін электронды сандық қолтаңбаның тек қолданыстағы жабық кілтін Клиенттің тіркелген тіркеу куәлігінің және/немесе тіркеу куәлігін және кілттерді дайындау өтінішінде белгіленген қолдану аясында қолдануға;
2.4.4. өзінің электронды сандық қолтаңбаның жабық кілті туралы ақпараттың заңсыз жариялануына жол бермеуге;
2.4.5. электронды сандық қолтаңбаның жабық кілтін құпия сақтауға, оның жоғалуының, белгілі болуының, өзгеруінің және заңсыз пайдалануының алдын алу үшін барлық мүмкін шараларды қолдануға;
2.4.6. жабық кілт жоғалған, (басқаларға) белгілі болған, өзгерген немесе оны басқа тұлғалар пайдаланған жағдайда, жедел түрде Куәландырушы орталыққа өтініш жазып (Қосымша № 3, немесе Қосымша №7) немесе Куәландырушы орталықтың сайты арқылы электронды тәсілмен өзінің электронды сандық қолтаңбаның тіркеу куәлігін қайтарып алуға жүгінуге;
2.4.7. тіркеу куәлігінің күші бітуіне 7 (жеті) жұмыс күні қалғанға дейінгі мерзімнен кешіктірмей тиісті жаңа тіркеу куәлігін шығару туралы электронды түрде тапсырыс жіберуге;
2.4.8. Куәландырушы орталықтың Қызметі үшін, осы Шарттың шарттарына сәйкес, уақтылы және толық төлеуге (төлем туралы түбіртек көрсетіледі);
2.4.9. Куәландырушы орталыққа берілген құжаттарға жасалған өзгертулер туралы, өзгерту болған сәттен 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей Куәландырушы орталыққа хабарлауға міндеттенеді.
3. ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ТӘРТІБІ
3.1. Тіркеу үшін қажет құжаттар тізімі:
3.1.1. Жеке тұлға:
а) Куәландырушы орталығының қызмет көрсету туралы Шартына қосылу туралы өтініштің түпнұсқасы (Қосымша № 1);
б) кілттер және тіркеу куәліктерін жасау және/немесе тіркеу куәлігін тіркету үшін жазылған Өтініштің түпнұсқасы (Қосымша № 2);
в) электронды сандық қолтаңбаның ашық кілтінің тіркеу куәлігін(терін) жасау үшін және жылдық қызмет көрсету үшін ақысын төлегені туралы түбіртек.Клиенттің уәкілетті өкілінің атына сенімхат (Қосымша № 3);
г) Куәландырушы орталығының тіркеу орталығына сәйкес құжаттарды ұсыну құқығына өкіл ұйымға Клиенттен Сенімхат (Қосымша № 4). Клиенттің өкіл ұйымына тек қана жүгінген кезде талапетеді.
3.1.2. Заңды тұлға:
а) Куәландырушы орталығының қызмет көрсету туралы Шартына қосылу туралы өтініштің түпнұсқасы (Қосымша № 5);
б) кілттер және тіркеу куәліктерін жасау және/немесе тіркеу куәлігін тіркету үшін жазылған Өтініштің түпнұсқасы (Қосымша № 6);
в) электронды сандық қолтаңбаның ашық кілтінің тіркеу куәлігін(терін) жасау үшін және жылдық қызмет көрсету үшін ақысын төлегені туралы түбіртек.Клиенттің уәкілетті өкілінің атына сенімхат (Қосымша № 8);
д) электронды сандық қолтаңба ашық кілт тіркеу куәлігінің жылдық қызмет көрсету және дайындаушы құнының төлемі туралы түбіртек;
г) Куәландырушы орталығының тіркеу орталығына сәйкес құжаттарды ұсыну құқығына өкіл ұйымға Клиенттен Сенімхат (Қосымша № 9). Клиенттің өкіл ұйымына тек қана жүгінген кезде талап етеді.
3.2. Осы Шарттың 3.1. тармағында көрсетілген құжаттар топтамасы Куәландырушы орталықтың тіркеу орталығында немесе уәкілетті өкілдің Куәландырушы орталықтың сенімхаты бар немесе сәйкес шарт қабылданады. Куәландырушы орталықтың қызмет көрсету туралы Шартқа қосылу туралы өтініште сақталатын мәліметтер, кілттерді және тіркеу куәліктерін дайындау өтініші және/немесе тіркеу куәлігінің тіркелімі және тіркеу куәлігін (жою) қайтарып алу өтініші қағаз тасымалдаушыларында ресімделген құжаттарда расталады (жеке куәлік/төлқұжат, СТН, СН, заңды тұлғаның тіркелімі туралы куәлік)
3.3. Клиентті тіркеу Куәландырушы орталықтың тіркеу орталығында жүзеге асады;
3.4. Осы Шарттың 3.1. тармағында көрсетілген құжаттар болған жағдайда Клиент Куәландырушы орталықтың тіркеу орталығында немесе Куәландырушы орталығында бар сенімхатты, уәкілетті өкілден төмендегілерді алады:
а) электронды құжат формасындағы (бастапқы инициализацияның) электрондық сандық қолтаңба тіркеу куәлігін;
б) қағаз формасындағы (бастапқы инициализацияның) электрондық сандық қолтаңба тіркеу куәлігін;
в) электронды құжат формасындағы Куәландырушы орталықтың тіркеу куәлігін;
г) (бастапқы инициализацияның) электрондық сандық криптографиялық кілттерін.
3.5. Клиент бастапқы инициализацияның кілттері мен тіркеу куәлігін алғаннан кейін ары қарай жұмыс істеу үшін оларды Куәландырушы орталықта электронды тәсілмен, Клиенттің тіркелген тіркеу куәлігінің және/немесе тіркеу куәлігін және кілттерді дайындау өтінішінде белгіленген қолдану аясына сәйкес, криптографиялық кілттерге және электронды куәліктерге алмастыруы қажет.
4. ТӨЛЕМ ТӘРТІБІ
4.1. Клиент осы Шарт бойынша көрсетілген Қызметтердің ақысын, Куәландырушы орталықтың ресми сайтында (http://www.kisc.kz/ca/tariff.html.) жарияланған қолданыстағы қызметтерге белгіленген тарифтер бойынша Куәландырушы орталықтың шотына ақша аудару арқылы жүзеге асырады.
4.2. Куәландырушы орталықтың қызметі үшін тіркеу куәлігінің ашық кілтін алған күннге дейін ақы төленуі керек.
4.3. тіркеу куәлігінің күші бітуіне 10 (он) жұмыс күні қалғанға дейінгі мерзімнен кешіктірмей, алғашқы тіркелген жерде ақысын қайта төлеуі тиіс.
5. ТАРАПТАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
5.1. Тараптар осы Шарт бойынша өздерінің міндеттемелерін орындамаған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады.
6. ҚҰПИЯЛЫҚ
6.1. Клиенттің ашық кілтінің тіркеу куәліктеріне сәйкес келетін Клиенттің бастапқы инициализация мен электронды сандық қолтаңбасының жабық кілттері Клиенттің құпия ақпараты болып саналады.
6.2. Ашық кілттердің тіркеу куәлігіне енгізілетін ақпарат және Куәландырушы орталық басып шығаратын қайтарып алынған тіркеу куәліктерінің тізімі құпия болып саналмайды.
6.3. Шарт бойынша Тараптардың әрбірі әр Тараптың құпия ақпаратқа деген тиісті режімін сақтайды және аталған ақпаратты паш етілуден қорғауға барлық қажет шараларды жасайды.
6.4. Куәландырушы орталық тіркеу куәліктерінің иелері туралы мәліметтерді қорғауды қамтамасыз етеді және оларды тек Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көрсетілген жағдайда ғана хабарлайды.
7. ФОРС-МОЖОР
7.1. Өкілетті органдар растаған, Тараптар алдын ала болжай алмаған және Шарттың орындалуына әсер еткен еңсерілмейтін күштердің салдарынан: су тасқыны, өрт, жер сілкінісі, блокада, ереуіл, әскери қимылдар, террористік актілер және тағы басқа жағдайларда, Шартты орындамағаны немесе лайықты орындамағаны үшін Тараптар жауапкершіліктен босатылады. Еңсерілмейтін күштер жағдайына ұшыраған Тараптың міндеттемелерін орындау мерзімі, сондай жағдай болған мерзім көлеміне ұзартылады.
7.2. Осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындауы мүмкін болмайтын жағдайға дұшар болған Тарап, Шарттың 7.1. тармағында көрсетілген жағдайдың басталғаны және біткені туралы 10 (он) күнтізбелік күннен кешіктірмей, қарсы Тарапқа хабарлауы тиіс.
7.3. Шарттың 7.1. тармағында көрсетілген жағдайлар 1 (бір) айдан астам уақыт жалғасса, Тараптар Шарт бойынша міндеттемелерін орындаудан бас тартуға құқылы және Тараптардың ешбірі қарсы Тараптан қандайда-бір шығынын өтеуді талап ете алмайды.
8. ТАЛАСТАРДЫ ШЕШУ ТӘРТІБІ
8.1. Талас болған жағдайда, Куәландырушы орталық пен Шартқа қол қойған (Клиент) Тарап Таластағы Тараптар болып саналады.
8.2. Шарттың шарттарын орындау кезінде қайшылықтар туған жағдайда, оларды Тараптар өзара қызығушылықтарын ескере отырып, келіссөздер жүргізу жолымен шешуге тырысады. Тараптар ол қайшылықтарды соттан тыс тәртіпте шешуге барлық қажет шараларды қолданады.
8.3. Тараптар ортақ келісімге келмеген жағдайда, талас Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот арқылы шешіледі.
9. БАСҚА ТАЛАПТАР
9.1. Шарт қол қойылған сәттен күшіне енеді және тіркеу куәлігінің(терінің) әрекетті мерзімінде күшінде қала береді. Ешбір Тарап Шартты бұзу туралы мәлімдемеген жағдайда, ол автоматты түрде белгісіз мерзімге ұзартылады.
9.2. Әрбір Тарап, Шартты белгіленген бұзу мезгілінен 30 (отыз) күн бұрын қарсы Тарапқа жазбаша хабарлап, Шартты бұзуға құқылы.
9.3. Шарттың барлық Қосымшалары оның ажырамас бөлігі болып саналады.
9.4. Тараптардың бірі таратылған жағдайда, Шарт бойынша оның құқықтары мен міндеттері тоқтатылмайды және олар заңды қабылдаушысына көшеді.
9.5. Іс-әрекеті тоқтаған жағдайда, Куәландырушы орталық өзінің іс-әрекетінің тоқтауынан 30 (отыз) жұмыс күні бұрын Клиентке жазбаша түрде хабарлауы тиіс.
9.6. Куәландырушы орталықтың іс-әрекеті тоқтаған жағдайда, ол берген тіркеу куәліктер, тіркеу куәліктерінің иелері туралы мәліметтер, Клиентпен жасалған қосымша, жазбаша келісім бойынша басқа куәландырушы орталықтарға беріледі. Басқа куәландырушы орталықтарға берілмеген тіркеу куәліктері өз күштерін жояды және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сақталады.
9.7. Шартқа өзгертулер мен толықтырулар енгізу, Шартқа Тараптардың уәкілетті өкілдері қол қоятын, қосымша келісім жасау жолымен жүзеге асады.
9.8. Шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәлімдеме Куәландырушы орталықтың өзгерістер мен толықтырулар көрсетілген сайтында Куәландырушы орталықтың мекен жайы http://www.kisc.kz/ca/doc/dogovorca.rtf бойынша жүзеге асырылады.
9.9. Шарттың кез келген өзгерістері мен толықтырулары Шартқа қасылған барлық тұлғаларға таратылады, соның ішінде өзгерістер мен толықтырулар күні бұрын Шартқа қосылғандар.
9.10. Осы Шарттың өзгерістері мен толықтырулары барлық Қосымшалары оның ажырамас бөліктері болып саналады.
10. ТАРАПТАРДЫҢ ЗАҢДЫ МЕКЕНЖАЙЛАРЫ МЕН ДЕРЕКТЕМЕЛЕРІ
КУӘЛАНДЫРУШЫ ОРТАЛЫҚ:
«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорын
050040, Алматы қаласы, «Көктем-3» ш/а, 21-үй
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығындағы коды 125 ЖСК 000 342 311
СТН 600400060664,
ББК 190201125,
Резиденттік белгісі 1,
Экономика секторы 5,
Төлемді белгілеу коды 851.
Қосымша № 1
Куәландырушы орталықтың қызмет көрсетуі туралы Шартқа
Куәландырушы орталықтың қызмет көрсету туралы Шартына
(жеке тұлғалар үшін)
ҚОСЫЛУ ТУРАЛЫ ӨТІНІШ
Мен, ________________________________________________(аты – жөнін толығымен көрсету), жеке бас куәлігі (паспорт) № ____________________, берілді ________________________ (берілген күні) _________________________ (берген орган),
бұдан әрі – «Куәландырушы орталық» деп аталушы «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорнымен (ҚР ҰБ ҚБЕО РМК) құрылған куәландырушы орталықтың қызмет көрсету туралы Шартына (бұдан әрі Шарт) оның барлық қосымшаларына қосыламын, және «Клиент» ретінде барлық құқықтар мен міндеттерді өз мойыныма аламын.
Осы өтінішке қол қоя отырып, мен, Шарттың барлық талаптарымен таныс екендігімді растаймын, барлық талаптарға қандай да бір қарсылықсыз және ескертусіз келісемін.
Мен Куәландырушы орталық қызметінің барлық тарифтерімен таныстым және толығымен келісемін.
__________________ ___________________________________________________
(қабылданған күн) (Кленттің А.Ж.Т.)
__________________
(қолы)
__________________ ________________________________________________
(қабылданған күн) (уәкілетті жұмысшысының А.Ж.Т.)
__________________
(қолы)
________________ ________________________________________________
(қабылданған күн) (Куәландырушы орталық жұмысшысының А.Ж.Т.)
__________________
(қолы)
Қосымша № 2
Куәландырушы орталықтың қызмет көрсетуі туралы Шартқа
КІЛТТЕР ЖӘНЕ ТІРКЕУ КУӘЛІГІН ЖАСАУ ЖӘНЕ/НЕМЕСЕ ТІРКЕУ КУӘЛІГІН ТІРКЕУ ҮШІН ӨТІНІШ
(жеке тұлғадан)
Осымен ________________________________________________ (Аты, жөні, тегі)
мекен жай бойынша тұратын: _____________________________________________________________________________,
_____________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ (төлқұжатының/жеке куәлігінің сериясы мен нөмірі, кім және қашан берген, ЖСН, СТН, ӘЖК, зейнеткер куәлігінің нөмірі)
сұраймын: (қажетті тармақтарға сәйкес таңдау керек)
1. менің атыма электронды сандық қолтаңба кілтін және электронды сандық қолтаңба ашық кілттің тіркеу куәлігін жасауды;
2. келесі электронды сандық қолтаңбаның ашық кілтін және ашық кілттің тіркеу куәлігін және _________________________________________________________________ ашық кілттің мағынасы (міндетті емес) _____________________________________________________________________________ куәландырушы орталықтың атауы _____________________________________________________________________________куәландырушы орталықпен жасалған менің тіркеу куәлігім осы өтініште көрсетілген мағлұматтарға сәйкес куәландырушы орталығының тіркеу куәліктерінің тіркеліміне тіркеуді.
Электронды сандық қолтаңба кілттері үшін сәйкестендіру мәліметтері:
Сәйкестендіру мәліметтері:
аты-жөні: _______________________________________
субъектінің атауы (CN name 64 белгіге дейін): ___________________________________
елдің атауы: _______________________________________
облыс, ауданның атауы: _______________________________________
жұмыс орнының атауы: _______________________________________
электронды мекенжайы: _______________________________________
уәкілетті тұлғаның сәйкестендіру нөмірі: _______________________________________
Тіркеу куәлігінің қолданылу аясы (қатынасты айқындайтын нысандық сәйкестендірушілер):
(қажетті тармақтарға сәйкес таңдау керек)
Сандық қолтаңба
Клиентті аутентификациялау
Бастапқы инициализация
___________________
Тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімі ___________________
Сәйкес жабық кілтті жасау және алгоритм стандартын («Tumar CSP 4»; ГОСТ 34.310-2004) белгілеу үшін қолданылатын электронды сандық қолтаңбаның құралдары тұралы мәліметтер
Аты-жөні: ____________________________________________________
Қолы: _______________________________________________________
Күні: «____» ______________________ 200___ ж.
Қосымша № 3
Куәландырушы орталықтың қызмет көрсетуі туралы Шартқа
ТІРКЕУ КУӘЛІГІН ҚАЙТАРЫП АЛУ (ЖОЮ) ТУРАЛЫ ӨТІНІШ
(жеке тұлғадан)
Осымен ________________________________________________ (аты, жөні, тегі)
мекен жай бойынша тұратын: _____________________________________________________________________________,
_____________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ (төлқұжатының сериясы мен нөмірі, кім және қашан берген, тұрғылықты жері, ЖСН, СТН) ________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ (тіркеу куәлігін қайтарып алу себебі: жабық кілттің беделін түсіру, жұмысын тоқтату және т.б.) байланысты __________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
сериялық нөмірлі тіркеу куәлігін (жою) қайтарып алуды сұраймын. (серия нөмірі және тіркеу куәлігінің берілген күні)
Аты-жөні: ____________________________________________________
Қолы: _______________________________________________________
Күні: «____» ______________________ 200___ ж.
Қосымша № 4
Куәландырушы орталықтың қызмет көрсетуі туралы Шартқа
СЕНІМХАТ
(жеке тұлға үшін)
қ. (елді мекен атауы)
Мен ________________________________________________(жеке тұлғаның АЖӘ), СТН_________________, жеке куәлігі №_________________берілді (берілген күні), ______________________мекен жайында тұратын, сеніп тапсырамын (ұйымның атауы), заңды мекен жайы _________________________, тіркеу туралы куәлік № ______________________ «__» бастап _____ж., берілді __________________, _____________________ атынан, ___________________________ негізінде іс-әрекет жасайтын, куәландыру орталығының тіркеу орталығына сәйкес құжаттарды ұсынылсын.
Сенімхат 30 күн мерзімімен берілді.
А.Ж.Т. __________________
Қолы ____________________
Күні «__» ____________200__ж.
Қосымша № 5
Куәландырушы орталықтың қызмет көрсетуі туралы Шартқа
Куәландырушы орталықтың қызмет көрсету туралы Шартына
(заңды тұлғалар үшін)
ҚОСЫЛУ ТУРАЛЫ ӨТІНІШ
________________________ атынан (ұйымының атауын көрсету қажет) мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (қайта тіркеу) № ______________ берілді _________________(берілген күні) (А.Ж.Ә., кәсіпорын ұйымының уәкілетті тұлғаның лауазымын көрсету қажет) _________________________________________________ (құқық беретін құжатты көрсету қажет, мысалы, Жарғы, Сенімхат, т.б.) негізінде жұмыс жасайтын бұдан әрі – «Куәландырушы орталық» деп аталушы «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорнымен (ҚР ҰБ ҚБЕО РМК) құрылған куәландырушы орталықтың қызмет көрсету туралы Шартына (бұдан әрі Шарт) оның барлық қосымшаларына қосыламын, және Клиент ретінде барлық құқықтар мен міндеттерді өз мойыныма аламын.
Осы өтінішке қол қоя отырып, Шарттың барлық талаптарымен таныс екендігімізді растаймыз, барлық талаптарға қандай да бір қарсылықсыз және ескертусіз келісеміз.
Куәландырушы орталық қызметтерінің тарифтерімен таныстық.
Бекітілген тарифтеріне келісімімізді растаймыз.
__________________ ___________________________________________________
(қабылданған күн) (Кленттің А.Ж.Т.)
__________________
(қолы)
__________________ ________________________________________________
(қабылданған күн) (уәкілетті жұмысшысының А.Ж.Т.)
__________________
(қолы)
________________ ________________________________________________
(қабылданған күн) (Куәландырушы орталық жұмысшысының А.Ж.Т.)
__________________
(қолы)
Қосымша № 6
Куәландырушы орталықтың қызмет көрсетуі туралы Шартқа
КІЛТТЕР ЖӘНЕ ТІРКЕУ КУӘЛІГІН ЖАСАУ ЖӘНЕ/НЕМЕСЕ ТІРКЕУ КУӘЛІГІН ТІРКЕУ ҮШІН ӨТІНІШ
(заңды тұлғадан)
Осымен ________________________________________________ (заңды тұлғаның атауы)
мекен жай бойынша тұратын: _____________________________________________________________________________,
_____________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ (төлқұжатының/жеке куәлігінің сериясы мен нөмірі, кім және қашан берген, ЖСН, СТН, ӘЖК, зейнеткер куәлігінің нөмірі)
сұраймын: (қажетті тармақтарға сәйкес таңдау керек)
1. менің атыма электронды сандық қолтаңба кілтін және электронды сандық қолтаңба ашық кілттің тіркеу куәлігін жасауды;
2. келесі электронды сандық қолтаңбаның ашық кілтін және ашық кілттің тіркеу куәлігін және _________________________________________________________________ ашық кілттің мағынасы (міндетті емес) _____________________________________________________________________________ куәландырушы орталықтың атауы _____________________________________________________________________________куәландырушы орталықпен жасалған менің тіркеу куәлігім осы өтініште көрсетілген мағлұматтарға сәйкес куәландырушы орталығының тіркеу куәліктерінің тіркеліміне тіркеуді.
Электронды сандық қолтаңба кілттері үшін сәйкестендіру мәліметтері:
Сәйкестендіру мәліметтері:
аты-жөні: _______________________________________
субъектінің атауы (CN name 64 белгіге дейін): ___________________________________
елдің атауы: _______________________________________
облыс, ауданның атауы: _______________________________________
жұмыс орнының атауы: _______________________________________
электронды мекенжайы: _______________________________________
уәкілетті тұлғаның сәйкестендіру нөмірі: _______________________________________
Тіркеу куәлігінің қолданылу аясы (қатынасты айқындайтын нысандық сәйкестендірушілер):
(қажетті тармақтарға сәйкес таңдау керек)
Сандық қолтаңба
Клиентті аутентификациялау
Бастапқы инициализация
___________________
Тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімі ___________________
Сәйкес жабық кілтті жасау және алгоритм стандартын («Tumar CSP 4»; ГОСТ 34.310-2004) белгілеу үшін қолданылатын электронды сандық қолтаңбаның құралдары тұралы мәліметтер
(Ескерту: Сәйкестендіру мәліметтерін, Тіркеу куәлігінің қолданылу аясын және Тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімін тіркеу куәліктерін шығару үшін талап етілетін санына сәйкес қанша рет шығарылуын көрсету қажет)
Аты-жөні: ____________________________________________________
Қолы: _______________________________________________________
Күні: «____» ______________________ 200___ ж.
Қосымша № 7
Куәландырушы орталықтың қызмет көрсетуі туралы Шартқа
ТІРКЕУ КУӘЛІГІН ҚАЙТАРЫП АЛУ (ЖОЮ) ТУРАЛЫ ӨТІНІШ
(заңды тұлғадан)
Осымен ________________________________________________ (заңды тұлғаның атауы)
мекен жай бойынша тұратын: _____________________________________________________________________________,
_____________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ (төлқұжатының сериясы мен нөмірі, кім және қашан берген, тұрғылықты жері, ЖСН, СТН) ________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ (тіркеу куәлігін қайтарып алу себебі: жабық кілттің беделін түсіру, жұмысын тоқтату және т.б.) байланысты __________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
сериялық нөмірлі тіркеу куәлігін (жою) қайтарып алуды сұраймын. (серия нөмірі және тіркеу куәлігінің берілген күні)
Аты-жөні: ____________________________________________________
Қолы: _______________________________________________________
Күні: «____» ______________________ 200___ ж.
Қосымша № 8
Куәландырушы орталықтың қызмет көрсетуі туралы Шартқа
СЕНІМХАТ
___________________ (елді мекеннің атауы) «___» ____________ 200__ ж.
____________________________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы)
заңды мекенжайы ____________________________________________________________
тіркеу туралы куәлігінің № __________, «___» ______________ ________ жылы ___________________ берген, оның атынан ________________________________________ негізінде әрекет жасайтын ______________________________________________________ (аты-жөні) осы сенімхатпен ____________________________________________________ ______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ (аты-жөні, төлқұжатының/жеке куәлігінің сериясы мен нөмірі, кім және қашан берген, тұрғылықты жері, СТН, ӘЖК) ______________________________________________ (ұйымның атауы) атынан төменде көрсетілген әрекеттерді жүзеге асыруға уәкіл етеп тағайындайды:
(қажетін таңдау керек)
кілттер мен тіркеу куәлігін жасауға;
куәландырушы орталықтың тіркеу куәліктерінің тіркеліміне тіркеу куәлігін тіркеуге;
куәландырушы оралықта тіркелген тіркеу куәлігін қайтарып алуға.
Уәкілге осы Сенімхатта белгіленген тапсырмаларды орындау үшін куәландырушы орталықтың тиісті құжаттарына қол қою құқығы беріледі.
Қолы (аты-жөні) ______________________________________________ растаймын.
Сенімхат бір ай мерзімге, басқа біреуге жүктеу құқығысыз берілді.
Аты-жөні: ____________________________________________________
Лауазымы: ___________________________________________________
Қолы: _______________________________________________________
Күні: «____» ______________________ 200___ ж.
Қосымша № 9
Куәландырушы орталықтың қызмет көрсетуі туралы Шартқа
СЕНІМХАТ
(заңды тұлға үшін)
қ. (елді мекен атауы) «__» _____________2009 жыл
________________________ (заңды тұлғаның атауы) заңды мекен жайы _________________________ тіркеу туралы куәлік №________________________ «__» бастап ___________2009 ж., берілді _______________
___________________атынан, ________________ негізінде сеніп тапсырамын (ұйымның атауы) ______________________, заңды мекен жайы _________________________, тіркеу туралы куәлік № «__» бастап _____ж., берілді __________________, _____________________ атынан, негізінде іс-әрекет жасайтын, куәландыру орталығының тіркеу орталығына сәйкес құжаттарды ұсынылсын.
Сенімхат 30 күн мерзімімен берілді.
А.Ж.Т. __________________
Қолы ____________________
Күні «__» ____________200__ж.
Достарыңызбен бөлісу: |