Жұмыстың орындалу реті
Оқытушы электрқауіпсіздігін тексеру объектісін таңдап алуы.
Берілген жұмыс түрін орындаған кезіндегі жұмыс операцияларын оқу.
16.Методические указания к лабораторным занятиям
№1 жұмыс Оқу ғимараттарында жұмыс орнының микроклиматын
(метеорологиялық жағдайлары) зерттеу
Жұмыс мақсаты: ауа қозғалысының температурасын, ылғалдылығын, жылдамдығын өлшеу және бұл микроклимат параметрлерін санитарлық нормалар негізінде бағалау.
Приборлар мен бұйымдар: термограф, стационарлық немесе аспирациондық психрометр, анемометр, секундомер.
Жұмыстың орындалу реті
Ауа қозғалысының температурасын, ылғалдылығын, жылдамдығын өлшеуге арналған приборларды оқу.
Гигроскопикалық матамен термометрлердің біреуін орап, ылғалдатып, аспирациондық психометрдің көмегімен ауаның салыстырмалы ылғалдылығын анықтау.
Пипетканың көмегімен психометрді ылғалдатқан кезде, су гильза (қауыз) мен прибордың басына ақпауы үшін оны тігінен ұстау қажет.
Жауап бармей қалғанға дейін вентилятор механизмін кілтпен жүргізу немесе приборды электр желісіне қосып, психометрді жұмыс зонасына орналастыру (еденнен 1, 5 –2 метр биіктікте).
-ның абсолюттік ылғалдылығын төмендегі формула бойынша есептеу:
= ылғ – b (tқ - tылғ) 1
бұнда ылғ – Мпа ылғалды термометр температурасы негізіндегі қоюлатылған сулы булардың қысымы. Бұл шаманы «Түрлі температураларда қоюлатылған су булары мен тығыздығының қысымы» кестесі бойынша анықтайды; b – 2 тең психорометрикалық коэффицент: tқ – құрғақ термометр көрсеткіші, 3; атм – атмосфералық қысым, МПа; атм – орташа атмосфералық қысым, 0, 1МПа-ға тең.
4. формуласы бойынша ауаның салыстырмалы ылғалдылығын анықтау. Құрғақ термометр температурасы бойынша қ (МПа) қоюлатылған су буларының қысымын жоғарыда (2 пунктегідей) табу.
Ауаның салыстырмалы ылғалдылығын психометрикалық кесте бойынша немесе приборға қосымша келтірілетін, психометрикалық график бойынша анықтау.
Психометрикалық кесте немесе график бойынша есептелген және анықталған салыстырмалы ылғалдылық нәтижелерін салыстыру. Айырмашылық пайызы 5 пайыздан аспауы керек. Нәтижелерді санитарлық нормалармен салыстырып, қорытынды жасау.
Анемометрдің көмегімен ауа қозғалысының жылдамдығын өлшеу. Ол үшін циферблаттың стрелкаларының көрсеткіштерін жазып алып, приборды ауа ағымына орналастыру және бұл кезде доңғалақтың айналу өсі ауа ағымының бағытына параллельді болуы керек. Анемометрдің қанаттарынаприбордың инертциясын басып өтіп, максималды жылдамдықты алуына мүмкіндік беру қажет. Рычатканың кейін бұрылысымен стрелкаларды жағып, олардың қалыптарын белгілеу және уақытты да байқап қалу. Осылайша бірнеше рет қайталап, нәтижелерін санитарлық нормалармен салыстырып, қортынды жасау.
Есептелген және өлшенген бірліктердіңнәтижелерін зерттеу хаттамасына жазу.
2 – жұмыс
Оқу шеберханаларының, зертханалардың, кабинеттердің
жарықпен қамтамасыз етілуін зерттеу
Жұмыс мақсаты: Табиғи және жасанды жарық кезіндегі оқу ғимараттарының жарықпен қамтамасыз етілуін анықтайтын приборлар мен әдістерді оқу.
Приборлар мен бұйымдар: Ю-116 (Ю-117) типті объективті люксметр, екі хронометр немесе секундтық стрелкасы бар сағат, үлкен шамдардың орналасуы көрсетілген оқу ғимаратының жоспары.
Достарыңызбен бөлісу: |