«Театрлік хореографиялық өнер және кітапханатану» кафедрасы



жүктеу 0,95 Mb.
бет5/11
Дата24.01.2020
өлшемі0,95 Mb.
#27242
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Дәріс №6

Тақырыбы: Библиографиялық сипаттама жазудың негізгі әдістері.

Дәрістің мақсаты: Библиографиялық сипаттама жазудың негізгі әдістерінің

ерекшеліктерін анықтау



Дәрістің мазмұны: Сипаттама обьектісіне байланысты сипаттаманың мына түрлері болады:

  1. монографиялық

  2. аналитикалық

  3. жиынтық сипаттама



Монографиялық сипаттама жеке басылымға және көптомды басылымның жеке бір томына жазылады. Ол бір бөлімнен тұрады.

Аналитикалық сипаттама (талданған сипаттама) құжаттың жеке бір құрамдас бөлігіне жазылады.

Мысалы: Жинақтың ішіндегі бір шығармаға, кітаптың кіріспесіне, газет-журналға жазылады.

Аналитикалық сипаттама 2 бөлімнен тұрады:


  1. Құжаттың құрамдас жөніндегі бөлігі туралы мәліметтер.

  2. Сол бөлік берілген құжат туралы мәліметтер.


Жиынтық сипаттама – көп томды басылымның барлық томдарында және сериалдық басылымдарға жазылады.

Сипаттама 2 бөлімнен тұрады:

  1. Жалпы көп томды басылымдар жөнінде мәліметтер.

  2. Жеке томдар жөнінде бірыңғай мәліметтер.

Алфавиттік каталогта әр басылым бір немесе бірнеше сипаттамамен көрсетілуі мүмкін. Оның біріншісі негізгі сипаттама болады. Ол барлық құжаттарға жазылады.Негізгі сипаттаманың 2 схемасы бар. Ал қалғандары қосымша сипаттамалар болады, ол барлық құжаттарға емес қажет жағдайда керек кезінде ғана жазылады. Оның 3 схемасы бар. Негізгі сипаттамада құжат жөнінде толық құжат беріледі. Ал қосымша сипаттамада барлық салалар емес мәліметтер қысқартылып беріледі. Қосымша сипаттаманың алғашқы элементі негізгі сипаттаманың басынан болуы керек.

Құжатты іздестіру мақсатымен алфавиттік каталогта қосымша сипаттамамен қатар сілтеме және анықтама карточкалар қолданылады. Сипаттама жазу процесінде библиографиялық жазбаның 1-ші элементін таңдаудың маңызы зор. Себебі ол сипаттама карточканың алфавиттік каталогтағы орнын анықтайды. 1-ші элементті таңдау басылымның түріне полиграфиялық басылым ерекшелігіне, автордың көрсетілу немесе көрсетілмеуіне және автордың санына байланысты болады. 1-ші элементті таңдауға байланысты сипаттамасына кітаптың авторынан немесе оның атынан басталуы мүмкін. Егер автордан басталса ол авторлық сипаттама деп аталады. Көпшілік кітапханаларда көбіне дәстүрлі карточкалар каталог ұйымдастыруда яғни стандартты размерлі 12,5 см, 7,5 см стандартты арнаулы карточкаға құжаттың библиографиялық сипаттамасы жазылады. Таза карточкада екі тік сызық және бірнеше көлденең сызықтар берілген. Кітаптың атынан басталатын сипаттамада берілген сипаттама екінші тік сызықтан басталады. Кітаптың негізгі аты көрсетіледі. Ал сипаттама автордан басталса ол бірінші тік сызықтан басталып бірінші жолға жазылады. Кейде автордың орнына құжаттың авторы болмаған жағдайда оны әзірлеген мекеменің ұжымның аты жазылуы мүмкін. Шығарманы бір автор немесе бірнеше авторлар жазуы мүмкін егер құжаттың 1-3 авторы болса, олар сипаттаманың басында көрсетіледі, ал 4 автор болса, одан да көп болса сипаттама кітаптың атынан басталады да авторлар жауаптылықты көрсететін салада жазылады. Ұжымдық автордан бастап төмендегі құжаттардың түрлеріне сипаттама жазылады.



  • Жоғары советтің, яғни палатаның жарлықтары.

  • Саяси партиялардың құжаттарына

  • Қоғамдық ұйымдардың халықаралық ұйымдардың құжаттарына қаулыларымен үндеулеріне т.б. документтер.

Бірақ бұл материалдардың түрлі жинақтарына сипаттама жазғанда сипаттама құжаттың атынан басталып жазылады. Екі мекеменің, екі елдің арасында болған келіссөздерге сипаттама бірінші мекеменің атынан басталып жазылады. Ол көп жақты халықаралық келіссөздерге бірнеше елдер арасындағы келісімдердің жинақтарында сипаттама құжаттың атынан басталып жазылады. Төмендегідей құжаттардың түрлерін сипаттама кітаптың атынан бастап жазылады:

  • Автор көрсетілмеген басылымдарға не авторы титул бетінде көрсетілмей құжаттардың басқа жерінде жағдайында;

  • 4 және одан да көп авторлық құжаттар;

  • Әртүрлі автордың шығармаларының бір атпен шыққан жинақтары;

  • Жеке томдары әртүрлі авторлармен жазылған көп томды басылымдар;

  • Халық творчествосы шығармаларының жинақтары жеке шығармалары, анонимді классикалық шығармалар;

  • Библиографиялық басылымдар автор көрсетілмеген жағдайда;

  • Әртүрлі анықтамалар мен тілдік түсіндірме және библиографиялық сөздіктер;

  • Оқулық құралдар, хрестоматиялар есептер мен жаттығулар;

  • Ғылыми еңбектердің жинақтары;

  • Заңдық материалдар, кодекстер мен халықаралық келісімдер;

  • Тәжірибе алмасу және ғылыми техникалық ақпарат материалдары.

Дәріс №7

Тақырып: Монографиялық сипаттаманың салалары мен элементтерінің схемасы.

Дәрістің мақсаты: Монографиялық сипаттаманың салалары мен элементтерінің схемасы анықтау.

Дәріс мазмұны: Сипаттаманың басы (заголовок)

Кітаптың атымен жауаптылықты көрсететін мәліметтер саласы

Негізгі тақырып

: атына байланысты мәліметтер.

/ жауаптылықты көрсететін алғашқы мәліметтер., жауаптылықты көрсететін келесі мәліметтер. Басылу саласы. Басылу жөнінде мәліметтер.

Шығу мәліметтерін көрсететін сала, оған жататындар:



  1. Басылып шыққан жер

; Келесі басылып шыққан жер

: Баспаның немесе басылып шығарған ұйымның аты.

, Шығу датасы

Сандық мінездемені көрсететін сала.

Көлемі (бетсана)

: Суреттер жөнінде мәліметтер.

+ Қосымша материалдар

Сериалар саласы

( Серияның негізгі тақырыбы

: Серияның тақырыбына байланысты мәліметтер

/ Серияның жауаптылық мәліметтері

Серияның шығарылымының нөмірі

Ескертулер саласы

Кітаптың халықаралық стандартты нөмірі, бағасының таралымын көрсететін сала

ИСБН

: бағасы, таралымы



Монографиялық сипаттаманың элементтерінің карточкада орналасу схемасы

Сипаттаманың басы.

Негізгі тақырып аты: Атына байланысты мәліметтер/жауаптылықты көрсететін алғашқы мәліметтер;

Жауаптылықты көрсететін келесі мәліметтер.- Басылуы жөнінде мәліметтер.-Алғашқы шыққан жері;Келесі шыққан жері:Баспа басылу датасы. – Көлемі суреті+қосымша мәліметтер.-Серияның негізгі аты: Серияның атына байланысты шығарымның номері. – Ескертулер. – ИСБН: Бағасы,Таралымы.


Дәріс №8

Тақырып: Салалар мен олардың элементтеріне мінездеме.

Дәрістің мақсаты: Салалар мен олардың элементтерінің мінездемесін анықтау.

Дәрістің мазмұны: Сипаттаманың басы – карточкада бірінші тік сызықтан басталып бірінші жолға жазылады. Мұнда жеке автордың фамилиясы (3 авторға дейін) және ұжымдық автордың аты. Атау септігінде инициалдары қысқартылып жазылады. Фамилиялар мен ұжымның аты барлық жағдайда біркелкі формада қолданылуы тиіс. Егер автордың фамилиясының әртүрлі транскрипциясы болса сипаттама басында формасының әдебиетте белгілі формасы алынады. Ал қалған формаларынан оларға сілтемелер беріледі.

Португалия авторлары сипаттамада фамилияның соңғы бөлімі көрсетіледі

Мысалы:Фернандо Намора. Намора Ф.

Араб фамилиясының алдында келетін Абу, Ибу деген бөлшектер бас әріппен жазылады. Ал, кіші әріппен жазылған әл,ар,ал,эль,уль бөлшектері дифиспен бірге сақталып кіші әріппен жазылады.

Мыс:әл-Фараби

Егер кітаптың авторы екеу болса, сипаттаманың басында автордың 2-нің араларына (,)белгісі қойылып, жазылады. Егер 3 автор болса, сипаттама басында бірінші автор жазылады да т.б сөзі қосылады. Ал автордың 3-і түгелдей жауаптылықты көрсететін салада жазылады. Кей жағдайда 3 автордың үшеуі де көрсетіледі, онда жауаптылық саласында авторлар көрсетілмейді.




Дәріс №9

Тақырыбы: Кітаптың аты мен атына байланысты мәліметтер мен жауаптылықты көрсететін сала.

Дәрістің мақсаты: Кітаптың аты мен атына байланысты мәліметтер мен жауаптылықты көрсететін саланың жалпы әдісін үйрену.

Дәрістің мазмұны: 1.Карточкада екінші тік сызықтан басталып мына рядпен жазылады.

Кітаптың негізгі аты титул бетінен алынып, сөздері қысқартылмай толық жазылады. Титул беттегі аты мұқабадан өзгешелеу болса, мұқабадағы аты ескертуде жазылады.

Кітаптың аты тым ұзақ болса, онда алғашқы сөздерін жазып, көп нүкте қойып қысқартуға болады. Егер титул бетте бір авторды бірнеше шығармаларының аты көрсетілсе, онда олардың араларына нүктелі үтір қойылып түгел жазылады.

Кітаптың атындағы мәліметтер, оның негізгі атын толықтырады, мазмұнын ашады, кімге арналғандығын, жанрын көрсетеді. Оларды негізгі атынан соң қос нүкте қойып жазады. Егер ол мәліметтер түрліше болса, әрқайсысының алдына қойылып жазылады.

Мыс: Избранное:Стихотворение: Пер.с англ.

Жауаптылықты көрсететін мәліметтерде кітапты жазған жеке адамдардың фамилиясы (3-ші автор) және басқа да жауапты адамдар жөнінде мәліметтер жазылады. Басуға әзірлеген мекеменің аты көрсетіледі. Жауаптылықты көрсететін алғашқы мәліметтер арасы белгіленеді. Егер кітап авторы көрсетілмеген болса, кітаптан басталып, одан соң басқа адамдар жөнінде мәліметтер жазылады.

Жауаптылықты көрсететін өз ішінде ; біртектес мәліметтерді бөлу үшін, оның алдындағы түсініктеме сөздіктен соң : қойылады.

Мыс: Сост: Беляев А.Б. и др. немесе Редкол.:Андреев К.Н. и др. Егер кітаптың авторы 3 болса жауаптылықты көрсететін мәліметтерде олар түгел жазылады. Егер 5 немесе одан көп болса, жауаптылықты көрсететін мәліметтерде алғашқы фамилиясы қосылады т.б. кітапты әзірлеуге қатысқан басқа жауапты адамды көрсеткенде, фамилия алдында түсініктеме сөз қосып жазылады. Кітаптың басына жауапты мекемелер титул бетінің жоғарғы жағында көрсетіледі және олар бірнешеу болса сипаттама бірден көрсетіледі.


Дәріс №10

Тақырып: Кітаптың басылуын көрсететін сала.

Дәрістің мақсаты: Кітаптың басылуын көрсететін саланы анықтау.

Дәріс мазмұны: Кітаптың нешінші басылуын және сипатын көрсетеді. Басылу саны араб цифрларымен жалғау қосылып жазылады. Сөздері қысқартылып сипаттап көрсетіледі.

. - 21-е изд., доп.

. - Перераб. и доп. изд.

. - Препр.

. - Репринт. воспроизведение изд. 1834 г.

Мыс: изд. перераб. и доп.

3.Басылымның деректерін көрсететін сала.

Оның қай жерде, қай баспадан, қай жылы шыққанын көрсетеді. Егер кітап 2 жердегі баспадан шықса, 2 қаланың аты да арасына ; бөлініп жазылады. Баспа атының алдында : қойылады. Шығу датасының алдында , қойылады. Баспа аты «» алынбайды.

. - Ярославль : Верхне-Волж. кн. изд-во, 1993

. - Липецк ; Воронеж : ВПИ, 1991

. - М. : МП "Avers", 1993

. - СПб. : Андреев и сыновья, 1993

. - Ростов н/Д : Юг, 1993

. - СПб. : Лики России ; М. : Джулия, 1993

. - М. ; с. Первомайское (Хасавюртов. р-н, Респ. Дагестан) : ПК

"Сантлада", 1993

. - М. : Журн. "Россия - 2010" : Независимый методол. ун-т, 1993

. - [Б.м.], [Б.г.]

Мыс: Алматы: Қазақстан, 1995 немесе М.:Мир,1997

Дәріс №11

Тақырып: Сандық мінездемелерін көрсететін сала.

Дәрістің мақсаты: Сандық мінездемелерін көрсететін саланың жалпы әдістемесін анықтау.

Дәріс мазмұны:

Кітаптың көлемі, онда суреттеу немесе басқа қосымша материалдың барлығы көрсетеді. Алдымен бет саны көрсетіліп одан соң суретті екені одан соң қосымша материалдары көрсетіледі.

Бет саны араб цифрмен жазылады. Егер кітапта 2 погинация болса (бетін нөмерлеу) 2-де алдында нүкте қойылып жазылады. Егер сурет берілген беттер номерленбесе олар өз алдына есептеліп саны тек жақшаға алынып көрсетіледі.

. - 174, [2] с. : ил.; 23 см.

. - 252, [1] c. : цв. ил.; 22 см.

. - 110 с. : ил., карт.; 26 см.

. - 468 с. : граф.; 30 см.

. - 99 с., [6] л. ил. 6 ил.; 20 см. + 1 л. схем.

. - 157, [1] с., [8] л. табл. : ил.; 26 см.

. - VIII, 638, XVI с.

Мыс: 320 с., [5] л. ил., портр.


  1. Сериялар саласы түгелдей дөңгелек жақшаға алынып, тексте төмендегі тәртіппен жазылады. Серияның негізгі аты, атына байланысты мәліметтер; шығарылымның номері. Егер кітап 2 серия бойынша шықса 2-де өз алдына дөңгелек жақшаға алынып көрсетіледі. Құжаттың сериясы титул бетінің жоғарғы жағында немесе арт жағында, кітаптың соңында шығарылу мәліметін көрсеткен жерде берілуі мүмкін.

. - (Б-ка зарубеж. классики).

. - (Жизнь замечательных людей : ЖЗЛ : Серия биографий : Основа-

на в 1933 г. М. Горьким; Вып. 724).

. - (Азбука закона / Рос. гос. юнош. б-ка).

. - (Знак вопроса; 3/91).

. - (Христианская Россия, 20 век). - (Потаенная сокровищница).

Мыс: (Жизнь замечательных людей: серия биографий; Вып. 4 (500)).

Дәріс №12

Тақырып : Ескертулер саласы.

Дәрістің мақсаты: Ескертулер саласын анықтау.

Дәріс мазмұны: Сипаттаманың алдыңғы саласында қосымша мәліметтерді көрсетеді. Ол кітаптың сипатының әртүрлі аспектілерін: оның көркемделуін, мазмұнын т.б. қамтиды. Алдымен сипаттаманың элементтерімен салаларына қатысты ескертулер одан соң жалпы басылымға қатысты ескертулер жеке сөздер қысқартылып жазылады. Бірнеше ескертулер аралары : бөлініп жазылады.

Авт. указан на обл.

Загл. обл.: Письма из Меджюгорья

[при разночтениях: на тит. л.: Письма из Меджугорья]

Загл. также: тувин. - Текст парал. : рус., тувин., англ.

Библиогр.: с. 58-59 (38 назв.). - Имен. указ.: с. 60-64

Изд. на средства авт.

О собр. соч. Р. Штайнера: Библиогр. обзор: с. 236-239

Указ. авт.: с. 153-158. - Предм. указ.: с. 159-170

Мыс: библиограф. В конце глав. – предм указ. : с. 365-366


  1. Кітаптың халықаралық стандартты номерінің бағасы мен тиражын көрсететін сала

Кітапты тіркеуге, кітап айырбастауға, кітап саудасымен баспа статистикасы үшін қажетті мәліметтерді қамтиды. ИСБН он цифрдан тұратын төрт топқа бөлінген. Әріптік сандық тіркеу коды. Оның бір тобының нысаны елді көрсетеді. Екіншісі баспаны, үшіншісі кітаптың реттік нөмірін, төртіншісі бақылау қадірін көрсетеді. Егер кітапта ИСБН берілмесе, (бұрынғы КСРО кезеңі). Онда сала кітаптың мұқабалы екендігін көрсетуден басталып, бағасы жазылады.

ISBN 5-7035-0364-7 : 25 к., 300 экз.

ISBN 5-253-00170-0 (в пер.) : 6 р. 40000 экз. (1-й з-д 12000 экз.).

Б. ц., 500 экз.

Беспл., 375 экз.

Мыс: (В пер.):, 10000 экз.



Дәріс №13

Тақырып: Құжаттарға сипаттама жазудың жеке әдістері.

Дәрістің мақсаты: Құжаттарға сипаттама жазудың жеке әдістерінің әдістемесін анықтау

Дәріс мазмұны: Автордың атынан немесе ұжымның атынан басталып жазылатын сипаттама бір автордың жеке шығармасына, таңдамалы жинақтарына, 2-3 автор бірігіп жазған кітаптарға сипаттама кітаптың авторынан басталады. Құжаттарға библиографиялық сипаттама екі мақсатта қолданылады: тізім жасау үшін, каталогтық карточкаларға жазу үшін. Тізім үшін құжатқа сипаттама жазғанда әрбір сипаттама жаңа жолдан абзацтан басталып, қалған элементтері салалары жалпы ережеге сәйкес араларына бөлу белгілері қолданылады. Ал каталогтық карточкаларда берілген екі тік сызыққа байланысты сипаттама басы бірінші тік сызықтан басталып, ал құжаттың аты жаңа жолдан екінші тік сызықтан басталып жазылады. Топтармен элементтрдің орналасуы араларындағы бөлу белгілері екі жағдайда бірдей қолданылады. Екі үш авторлы кітаптарға алдымен негізгі сипаттама, одан соң қосымша сипаттамалар толтырылады. Негізгі сипаттама екі автор болса, екеуі де көрсетіледі. Ол үш автор болса біреуі көрсетіліп т.б. сөздері жазылады.

Көпшілік кітаптардың карточкалы алфавиттік каталогтарда ең қажетті деген қосымшасы ғана толтырылады.

Мыс: 2 автор болған жағдайда 2 фамилияға, 3 авторлы кітапқа 2 және 3 фамилияға, редактордың, құрастырушының, өңдеушінің фамилиясына, аударушының, суретшінің фамилиясына 4-5 немесе оданда көп авторлы кітаптарға бірінші авторға қосымша сипаттама толтырылады. Негізгі сипаттама автордан басталған жағдайда, егер ол оқулық анықтамалық әдебиет болған жағдайда шығарманың атына қосымша сипаттама жазылады. Негізгі сипаттаманың текстінің соңында қосымша сипаттаманың барлығы жөнінде екінші тік сызықтан бастап белгі жазылады. Екі және үш авторлы кітаптардың 2-3-ші авторларының қосымша сипатаманың схемасы бойынша сипатталады.

Қосымша сипатаманың басы.

Негізгі сипаттаманың басы.

Негізгі тақырып: тақырыпқа байланысты мәліметтер/ жеке автор жөнінде мәліметтер. – басылған жері: датасы.- көлемі.

Төрт және одан көп авторлы кітаптарға және авторы көрсетілмеген кітаптарға негізгі сипаттама:

Қосымша сипаттаманың басы.

Негізгі тақырып: тақырыпқа байланысты мәліметтер.- басылу жөнінде мәліметтер.- басылған жері мен датасы.- көлемі.

Кітаптың атына қосымша сипаттаманың схемасы.

Негізгі тақырып аты: тақырыпқа байланысты мәліметтер.- басылуы жөнінде мәліметтер.- басылған жері мен датасы.- көлемі.

Негізгі сипаттаманың басы.

Сипатама карточкада жазылғанда фамилия екінші тік сызықтан басталады да келесі жолда қараңыз немесе см. деген сөз жазып, жаңа жолдан бірінші тік сызықтан басталып, сілтеме берілген фамилия көрсетіледі

Устав


Уставы организации см. в алф. каталоге под наименованием соответсвующие организации.

Например: демократическая партия Казахстана, Устав.

Салтыков – Щедрин М.Е.

Подменная фамилия автора:

М.Е. Салтыков, писал так же под псевданим Салтыков.
Квадрит Н.Ф.

Коллективный псевданим

Авторов: Т.А. Аронов М.Л. Гольдштейн, Ю.Я. Фиалков, Ю.В. Шанин.
Қолдан жазылатын шрифт

Үлкен әріптің биіктігі 4мм, көлденеңі 3 мм. әріп пен әріптің арасы 1мм., кіші әріптердің биіктігі 2 мм., көлденеңі 2 мм., әріп пен әріптің арасы 1 мм. Созылып жазылатын ш әріпінің көлденеңі 3 мм. Б, Р әрпінің биіктігі Р-дің төмен кетуімен, Б-ның жоғары кетуінен 3 мм. Сөзбен сөз арасы 4 мм. Сандардың биіктігі 3 мм. Көлденеңі 2 мм.

Аа Бб Вв Гг Дд Ее Жж Зз Ии Кк Лл Мм Нн Оо Пп Рр Сс Тт Уу Фф Хх Цц Шш Щщ ъ Ыы ь Ээ Юю Яя

1 2 3 4 5 6 7 8 9 І V X LCOM

!?() «» +

Дәріс№14

Тақырып: Ұжымдық автордан басталатын сипаттаманы жазу.

Дәрістің мақсаты: Ұжымдық автордан басталатын сипаттаманы жазып үйрену.

Дәріс мазмұны: Алфавиттік каталогта белгілі бір ұйымның, мекеменің, қоғамның ресми материалдарын бір жерге жинақтап көрсету мақсатымен сипаттама басында ұжымның аты көрсетіліп, ұжымдық автор бойынша сипатама жазылады.

Ұжымдық автор ретінде мемлекеттік басқару органдары президенттік министрліктер кабинеті, саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар, кәсіподақ, техникалық және спорттық қоғамдар, халықаралық ұйымдар, жоғары оқу органдары, ғылыми мекемелер, т.б. алынады.

Ұйымның сипаттамасында қолданылмайтын атынан қолданылатын түріне сілтеме картотекалары толтырылады. Саяси партиялардың аттары сипаттама басында толық көрсетіледі.

Мыс: Независимая партия Казахстана.


Кітаптың атынан басталатын сипаттама жазу
Авторы көрсетілмеген кітаптарды төрт және одан да көп авторлы кітаптарға сипаттама кітаптың атынан басталып жазылады егер авторлар төрт болса, жауапты көрсететін мәліметтерде қисық сызықтан соң төртеуі де көрсетіледі. Егер авторлар бесеу болса, онда жауапты көрсететін мәліметтерде алғашқы үш автордың фамилиясы жазылады да «т.б.» сөздері қосылады. Екі жағдайда да автордың фамилиясына қосымша сипатама жазылады. Негізгі сипаттама берілген карточкалардың соңында қосымша сипатама екі схемасы бойынша толтырылады. Егер кітаптың авторы көрсетілмеген болса, сипатама кітаптың атынан басталады да, оның редакторы мен құрастырушысы титул бетте берілсе, олардың фамилиясына қосымша сипаттама кітаптың атынан басталады.

Үш адамның бір-біріне немесе басқа бір адамға жазған хаттарының жинағына және хаттардан басқа онда басқа да материалдар берілсе сипаттама кітаптың атынан басталып жазылады. Бір немесе бірнеше жазушылардың шығармалары бойынша жазылған әртүрлі авторлардың инсценеровка жинақтарына да сипаттама кітаптың атынан басталады. Қысқартылып, өңделіп, өзгертіліп басылған басылымға сипаттама шығарманың түпнұсқасының авторы бойынша жазылады.

Халық творчествосының шығармаларына анонимді шығармаларына, олардың түрлеріне сипаттама кітаптың атынан басталып жазылады. Библиографиялық құралдарға сипаттама кітаптың атынан басталып жазылады, бірақ авторы көрсетіліп, библиографиялық құралдарға сипаттама автордан басталып жазылады. Кітаптың атына, құралдың аттарына қосымша сипаттама толтырылады.

Елагин В.

В лабораториях завтрашнего дня;

Для ср. возраста.- М. : Детиз, 1963,- 78 с.

Скупин Л.

Полимерные растворы и пласт бетоны/ Пер. С чеш. Г. Ричагова;

Науч. Ред. Н.А. Машанский.- М. : Стройиздат., 1967.-174с.-(Новое строительные материалы).-Библиограф.-с.170-173.

Иванов А.П, Абрамов С.Б.

Регистрация и сбор первичной информации в АСЦП.-М.: Энергия, 1976.-86с.-(Б-ка по автоматике; Вып. 581).

/ Абрамов



4авторлы кітапқа сипаттама

Гибкие производственные системы Н.П. Меткин, М.С. Лопин, С. Н.Кленменов. В.М.Критекский.-М.:Издатеьство стандартов, 1989.-331с..ил.-Библиограф:с.308-309.- ISBN 5-70500037-5



Авторы көрсетілмеген кітап

Хрестоматия по техническому переводу: Для уч-ся 10 кл шк. С углубл. Изуч.англ.яз./сост Н.Д.Чебурекин.-3-е изд.,

Просвящение, 1988.-159с.: ил.- ISBN-09-000663-6./.сост.
Дәріс№15

Тақырып: Көп томды басылымдарға сипаттама жазу.

Дәрістің мақсаты: Көп томды басылымдарға сипаттама жазуды үйрену.

Дәріс мазмұны: Екі және одан да көп номерленіп шыққан томдардан тұратын басылымдарды көп томды басылымдар дейді. Олар мазмұнына және көркемдеу жағынан біртұтас басылым болып есептеледі. Егер барлық томдары түгел болса, көп томды басылымға жинақ сипатама толтырылады. Ал әрбір жеке томға монографиялық сипаттама немесе жинақты сипаттама толтыруға болады. Жинақты сипаттамада көп томды басылым жөнінде барлық мәліметтер қамтылады да, ол жалпы бөлімнен және арнайы бөлімнен тұрады немесе кейде тек қана жалпы бөлімнен тұруы мүмкін. Жалпы бөлімде түгелдей көп томды басылым жөнінде мәліметтер беріледі. Жалпы бөлім үшін мәліметтерді жазық титул беттің сол жағындағы титул беттен алады. Арнайы бөлім үшін мәліметтерді әр томның оң жағындағы титул беттен алады. Жинақты сипаттамада сипаттаманың элементтері кітаптың негізгі аты ретінде көп томды басылымның жалпы аты аталатын кітаптың атына байланысты мәліметтерге жанры, басылымның түрі, кімге арналғандығы, басылымның неше томдық екені көрсетіледі. Жауаптылықты көрсететін мәліметтерде авторлардың және кітапты басуға қатысқан адамның фамилиясы көрсетіледі. Шығу мәліметтерде кітаптың шыққан жері, баспаның аты алғашқы және соңғы томның шыққан жылдары арасына сызықша қойылып жазылады.

Егер бір ғана бөлімнен тұратын жинақы сипаттама жазылса онда сан мәліметтерде томдардың жалпы саны көрсетіледі. Ал жалпы бөлімнен және арнайы бөлімнен тұратын жинақы сипаттамада кітаптың көлемі арнайы бөлімде көрсетіледі, жалпы бөлімде көрсетілмейді.

Сипаттаманың жалпы бөлімінен кейін 2ші тік сызықтан жаңа жолдан басталып арнайы бөлім жазылады, немесе арнайы бөлім жаңа карточкадан басталып жазылады. Әрбір том жөнінде арнайы бөлім екінші тік сызықтан жаңа жолдан басталып томның номері көрсетіліп жазылады. Томның номерінен соң, томның жеке аты болса, үтір қойылып жазылады. Атына байланысты мәліметтер жазылады. Егер әрбір том әр жылы шықса,шыққан жылы, одан әрі томның көлемі және ескертулер жазылады. Егер бәр шығарма екі томда берілсе, томның аты бір рет жазылады да, келесі томда атының орнына «то же» (тағы да сол) деген сөз жазылады. Егер томның жеке аты болмаған жағдайда томның номерінен кейін шыққан жылы мен бет саны көрсетіледі. Егер көп томда сипаттаманың томдары бір жылы шықса, ол жыл жалпы бөлімде көрсетіледі де, олар арнайы бөлімде жыл көрсетілмейді. Ескерту саласында көп томды басылым жөнінде қосымша мәліметтер беріледі. Егер сипаттама есеп каталогына немесе алфавиттік каталогта арналса, кітаптың бағасы мен таралым саны да көрсетіледі.

Соловьев В.С.

Сочинения: В 2.т.-М.: Мысль, 1988.-(Философское наследия)

Т.1.-893с., (2) л. Портр.,факс.-(..:;104)

Т.2-822с. (2) л. Ил-(..:;105)

Толстой А.К.

Избранное сочинения. В 3Т/Вет. Уп. Ст. и примеч. П.И.Соболева.-М.: Худож лит., 1988-1989.-(Б-ка учителя).-ISBN 5-280-00011-6.

Т.1.-1988.-670е.,(8) л. ил.- ISBN 5-280-00012-4

Т.2.-1988-686с., .,(8) л. ил.- ISBN 5-280-00013-2

Т.3.-1989-670с., (8) л. ил,портр. ISBN 5-280-00014-0

Истории античности В 2т.

Сост. Вступ. ст. и примеч.М.Томашевский.-М.: Правда,1989

Т.1: Древняя пер. С древнегреч.-в 19с.:ил.

Т.2: Древнии Рим. Пер. С латин. 637.:ил.

Ефремов И.А.

Собрание соченении: В5т-М.: Мол.гвардия, 1986-1989.- ISBN 5-235-00026-9

Т.1 Научно фантастический рассказы/ Е.Брандияса, В.Дмитриевского.-1980-574с.:ил.

Т.2.:Дорога ветров.-1986-414с..ил.

Т.3:Гуманность Андромиды: Роман, звездные корабли сердце 3 мес, повести;Пять картин: Рассказ.-1987-478с.

, . .


Т. 5,кн. 1: На краю отдушены, Повесть.- 1989-364.: ил- ISBN 5-135-00504-*
Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Ағылшын тілінен өткізілетін сыныптан тыс жұмыстардың РӨЛІ
dmdocuments -> Ағылшын тілі пәнін интерактивті тақтада өткізудің тиімділігі р. Б. Сариева
dmdocuments -> А. С. Иргалиев (қолы) (аты-жөні)
dmdocuments -> Оқу -әдістемелік кешен
dmdocuments -> Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
dmdocuments -> Факультетінің деканы
dmdocuments -> Бүгін БҚму құрамында 7 факультет, 24 кафедра, ғылыми орталықтар, it орталығы, лабораториялар бар
dmdocuments -> Кдр (IV курс) Вопросы: Вопрос №1

жүктеу 0,95 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
Жұмыс бағдарламасы
рсетілетін қызмет
бекіту туралы
Жалпы ережелер
Сабақ тақырыбы
қызмет стандарты
туралы хабарландыру
Қазақстан республикасы
Әдістемелік кешені
республикасы білім
Сабақ жоспары
титулдық парағы
білім беретін
Қазақстан республикасының
Қазақстан облысы
Конкурс туралы
жылдарға арналған
мемлекеттік әкімшілік
біліктілік талаптары
Республикасының білім
бойынша оқыту
жұмыс істеу
ткізу туралы
қойылатын жалпы
мемлекеттік қызметшілері
денсаулық сақтау
қағидаларын бекіту
жалпы біліктілік
қатысушыларға қойылатын
мамандығы бойынша
қатысушыларына арналған
ортақ біліктілік
Мектепке дейінгі
арналған ортақ
пәнінің мұғалімі
конкурс қатысушыларына
жалпы білім
оқыту әдістемесі
Республикасы кіметінің
біліктілік талаптар
мамандығына арналған
Республикасы білім
бағдарламасының титулдық
мемлекеттік мекемесі
жұмыспен қамту
мектепке дейінгі
учебная программа
Бастауыш сынып