Тарих және құқық



жүктеу 0,82 Mb.
бет5/6
Дата07.02.2020
өлшемі0,82 Mb.
#28525
1   2   3   4   5   6

Қысқаша мазмұны:


Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерi- ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерiне мемлекеттiк табиғи қорықтардың, мемлекеттiк ұлттық табиғи парктердiң, мемлекеттiк табиғи резерваттардың, мемлекеттiк өңiрлiк табиғи парктердiң, мемлекеттiк зоологиялық парктердiң, мемлекеттiк ботаникалық бақтардың, мемлекеттiк дендрологиялық парктер мен мемлекеттiк табиғат ескерткiштерiнiң жерi жатады.Мемлекеттiк қорық аймақтары мен мемлекеттiк табиғи қаумалдардың жер учаскелерi жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардан алынбай, басқа санаттардағы жерлер құрамында бөлiнедi және мемлекеттiк жер кадастрын жүргiзу кезiнде ескерiледi.Мемлекеттiк қорық аймақтары мен мемлекеттiк табиғи қаумалдардың аумағы шегiнде осы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың экологиялық жүйелерiнiң және оларда орналасқан мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң жай-күйiне және оларды қалпына келтiруге терiс әсер ететiн кез келген қызметтi шектеу меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың жер учаскелерiне ауыртпалық болып енгiзiледi және бұл жерге орналастыру құжаттамасында ескерiледi. Epeкшe қорғалатын табиғи аумақтардың жерi мемлекет меншiгiнде болады және жекешелендiруге жатпайды.Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерiн өзге қажеттерге алып қоюға жол берiлмейдi.Ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн пайдаланылатын, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерiндегi ауыл шаруашылығы алқаптары аталған мақсаттар үшiн ерекше қорғалатын табиғи аумақтар шекарасындағы елдi мекендерде тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен берiлуi мүмкiн.Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен және жағдайларда ғылыми, мәдени-ағарту, оқу, туристiк және рекреациялық, шектеулi шаруашылық мақсаттары үшiн пайдаланылуы мүмкiн.
      Мәдени-ағартушылық iс-шаралар жүргiзу үшiн ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда мұражайлар, лекторийлер, экспозициялар, демонстрациялық учаскелер мен басқа да қажеттi объектiлер құрылуы мүмкiн. Туризм үшiн және рекреация жүргiзу үшiн ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда туристiк соқпақтармен, көрсетiлiм алаңдарымен, қосынды алаңқайлармен, көлiк тұрақтарымен, кемпингтермен, шатырлы лагерьлермен, қонақүйлермен, мотельдермен, туристiк базалармен, қоғамдық тамақтандыру, сауда және басқа да мәдени-тұрмыстық мақсаттағы объектiлермен жабдықталатын арнайы учаскелер бөлiп шығарылады.Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда туристiк және рекреациялық қызмет оларды қорғау режимi ескерiле отырып шектеледi және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес реттеледi.Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды шектеулi шаруашылық мақсаттарында пайдалануға тапсырыс режимiмен және шаруашылық қызметтi реттеу режимiмен арнайы бөлiнген учаскелерде ғана жол берiлуi мүмкiн. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың күзет аймақтарының жерлерi - Ерекше күзетудi және қолайсыз сыртқы әсерден қорғауды қамтамасыз ету үшiн ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың айналасына, осы аймақтар шегiнде осы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың экологиялық жүйесiне және оларда орналасқан мемлекеттiк табиғи-қорық қорының объектiлерiне қолайсыз әсер ететiн кез келген қызметке тыйым салынатын және (немесе) шектеу қойылатын күзет аймақтары белгiленедi.Мемлекеттiк табиғи қорықтардың, мемлекеттiк ұлттық табиғи парктердiң, мемлекеттiк табиғи резерваттар мен мемлекеттiк өңiрлiк табиғи парктердiң күзет аймағы аумағында табиғат пайдалану мөлшерi, шекарасы, режим түрлерi және тәртiбi оларды құру жөнiндегi жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негiздемелермен айқындалады, осы жер кодексте және "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген тәртiппен облыстардың (республикалық маңызы бар қала, астана) атқарушы органдарының шешiмдерiмен белгiленедi.Сауықтыру мақсатындағы жер - сауықтыру мақсатындағы жерге табиғи шипалы факторлары бар курорттар, сондай-ақ аурудың алдын алу мен емдеудi ұйымдастыру үшiн қолайлы жер учаскелерi жатады.Адам ауруының алдын алу мен емдеудi ұйымдастыру үшiн қолайлы санитарлық және экологиялық жағдайларды сақтау мақсатында сауықтыру мақсатындағы аумақтар жерiнде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес санитарлық-қорғау аймақтары белгiленедi.Сауықтыру мақсатындағы жердiң күзет, санитарлық-қорғау және өзге де қорғау аймақтарының шекарасы мен оны пайдалану режимiн жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар айқындайды.Белгiленген санитарлық режимге сәйкес осы жер учаскелерiн шаруашылық айналымынан толығымен алып қою (санитарлық-қорғау аймағының бiрiншi белдеуi) көзделетiн жағдайларды қоспағанда, санитарлық-қорғау аймақтары шегiндегi жер учаскелерi жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардан алып қойылмайды. Бұл ретте аталған учаскелер жер Кодексте белгiленген шарттарға сәйкес мемлекеттiк қажеттiктер үшін алып қойылады (сатып алынады).Жер учаскелерiн санитарлық-қорғау аймақтарының екiншi және үшiншi белдеулерi шекарасында пайдалану осы аймақтарды күзетудiң белгiленген режимi сақтала отырып жүзеге асырылады.

Тарихи-мәдени мұра объектілері, оның ішінде тарих және мәдениет ескерткіштері орналасқан жер учаскелері тарихи-мәдени мақсаттағы жерлер деп танылады.


      Аумақтарды игеру кезінде жер учаскелері бөліп берілгенге дейін тарихи-мәдени мұра объектілерін анықтау жөнінде зерттеу жұмыстары жүргізілуге тиіс.
      Тарихи, ғылыми, көркемдік және өзге де мәдени құндылығы бар объектілер табылған жағдайда, жер пайдаланушылар одан әрі жұмыс жүргізуді тоқтата тұрып, бұл туралы тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану жөніндегі уәкілетті органға хабарлауға міндетті. Тарихи-мәдени мұра объектілерінің сақталып тұруына қатер төндіруі мүмкін жұмыстардың барлық түрлерін жүргізуге тыйым салынады.

11 тақырып : Орман және су қорының жерлері түсінігі мен құқықтық ерекшеліктері



  1. Орман қорының жері ұғымы мен оның құрамы

  2. Орман қорының жерін ауыл шаруашылығы мақсаттары үшін жер пайдалануға беру

  3. Су қорының жері ұғымы және оның құрамы

  4. Су қорының жеріне меншік құқығы

Мақсаты: Орман және су қорының жерлері туралы түсінік қалыптастыру.

Қысқаша мазмұны:

Орманды, сондай-ақ ағаш өспеген, бiрақ орман шаруашылығының қажеттерiне берiлген жер учаскелерi орман қорының жерi деп танылады.Орман қорының жерi мемлекеттiк және жекеше орман қоры жерiнен тұрады.Табиғи өскен орманы бар және мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен отырғызылған жасанды орманы бар жер, сондай-ақ орман шаруашылығын жүргiзетiн мемлекеттiк ұйымдарға тұрақты жер пайдалануға берiлген ормансыз жер мемлекеттiк орман қорының жерiне жатады.Жекеше орман қоры жерiне осы жкр кодекске сәйкес орман өсiру үшiн нысаналы мақсатта жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға жеке меншiкке немесе ұзақ мерзiмдi жер пайдалануға берiлген жерлерде, солардың қаражаты есебiнен отырғызылған қолдан өсiрiлген ормандар, агроорман-мелиорациялық екпелер, арнайы мақсаттағы плантациялық екпелер және бюджет қаражаты есебiнен отырғызылған агроорман-мелиорациялық екпелер өсiп тұрған жер жатады.Орман қоры жерiндегi орман шаруашылығының қажеттерiне пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы алқаптары Қазақстан Республикасының орман заңдарына сәйкес ауыл шаруашылығы мақсаттары үшiн жеке және заңды тұлғаларға берiлуi мүмкiн.Орман қорының жерiн орман шаруашылығын жүргiзумен байланысты емес мақсаттар үшiн жердiң басқа санаттарына ауыстыруды Қазақстан Республикасының Үкiметi жүзеге асырады. Орман алқаптарын орман шаруашылығын жүргiзумен байланысты емес мақсаттарға пайдалану үшiн алып қоюдан немесе жеке және заңды тұлғалардың қызметiнен болған әсердiң нәтижесiнде жер сапасының нашарлауынан туындаған орман шаруашылығы өндiрiсiндегi шығасы бюджет кiрiсiне өтелуге тиiс.Орман шаруашылығы өндiрiсiндегi шығасыны өтеудi орман және ауыл шаруашылығын жүргiзумен байланысты емес қажеттер үшiн орман қоры жерiнен жер учаскелерi берiлетiн тұлғалар жүргiзедi.



Су қорының жері - су айдындары (өзендер және олармен теңдестiрiлген каналдар, көлдер, су қоймалары, тоғандар мен басқа да iшкi су айдындары, аумақтық сулар), мұздықтар, батпақтар, су көздерiнде орналасқан, ағысты реттейтiн су шаруашылығы құрылыстары алып жатқан жер, сондай-ақ осы құрылыстардың су күзет аймақтары мен белдеулерiне және ауыз сумен қамтамасыз етудiң бас саға жүйелерiн санитарлық күзет аймақтарына бөлiнген жер су қорының жерi деп танылады. Су қорының жерi мемлекет меншiгiнде болады. Ауданаралық (облыстық) және шаруашылықаралық (аудандық) маңызы бар су шаруашылығы құрылыстары (cуapу және кәрiз жүйелерi) алып жатқан су қоры жерiнiң құрамындағы жер учаскелерi, сондай-ақ шаруашылық жүргiзушi бiр субъектiнiң жер учаскесiне қызмет ететiн ирригациялық құрылыстары, аталған құрылыстар жекешелендiрiлген жағдайда, Қазақстан Республикасының азаматтары мен мемлекеттiк eмec заңды тұлғаларының жеке меншiгiнде болуы мүмкiн.
Жергiлiктi атқарушы органдар су ресурстарын басқарудың уәкiлеттi органымен келiсiм бойынша жеке және заңды тұлғаларға ауыл шаруашылығының, орман, балық, аңшылық шаруашылықтарының қажеттерi үшiн және жер учаскесiнiң негiзгi нысаналы мақсатына қайшы келмейтiн басқа да мақсаттар үшiн уақытша жер пайдалануға су қоры жерiнiң құрамынан жер учаскелерiн беруi мүмкiн.

12 тақырып : Сервитуттар түсінігі мен мақсаты.



Мақсаты: Бөтен жер учаскесiн шектеулi нысаналы пайдалану құқығы (сервитут) туралы түсінік қалыптастыру.

  1. Сервитут туындауының негіздері

  2. Жеке тұлғаның бөтен жер учаскелерінде болу және солар арқылы өту құқығы

  3. Көрші немесе өзге де жер учаскелерін шектеулі пайдалану құқығы

  4. Сервитуттың тоқтатылуы

  5. Сервитутты тіркеу

Қысқаша мазмұны:  

     ҚР Жер кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнде көзделген жағдайларда меншiк иесi немесе жер пайдаланушы өзiне меншiк немесе жер пайдалану құқығымен тиесiлi жер учаскесiн мүдделi жеке және заңды тұлғаларға шектеулi нысаналы пайдалану құқығымен беруге мiндеттi. Бөтен жер учаскесiн шектеулi нысаналы пайдалану құқығы (сервитут):

1) тiкелей нормативтiк құқықтық актiден;

2) мүдделi тұлғаның меншiк иесiмен немесе жер пайдаланушымен шартының негiзiнде;

3) жергiлiктi атқарушы органның актiсi негiзiнде;

4) сот шешiмi негiзiнде;

5) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда туындауы мүмкiн.

Жеке тұлғалардың жалпы жұрттың кiруiне жабық емес жер учаскелерiнде еркiн, қандай да бiр рұқсатсыз болуға құқығы бар.Егер бiреудiң жеке меншiгiндегi немесе жер пайдалануындағы жер учаскесi қоршалмаған болса немесе жеке меншiк иесi немесе жер пайдаланушы учаскеге өзiнiң рұқсатынсыз кiруге болмайтынын өзге де әдiспен белгiлеп қоймаса, егер бұл жеке меншiк иесiне немесе жер пайдаланушыға зиян келтiрмейтiн болса, осы учаске арқылы кез келген адам өте алады. Көршi немесе өзге де жер учаскесiн шектеулi пайдалану құқығы - жеке меншiк иесi немесе жер пайдаланушы - көршi жер учаскесiне жеке меншiк немесе жер пайдалану құқығының субъектiсiнен, ал қажет болған жағдайда өзге учаскеге де жеке меншiк немесе жер пайдалану құқығының субъектiлерiнен осы учаскелердi шектеулi пайдалану құқығын (жекеше сервитут) табыстауды талап етуге құқылы. Көршi немесе өзге де жер учаскесiн шектеулi пайдалану құқығы (жекеше сервитут):


      1) егер жеке меншiк иесiнiң немесе жер пайдаланушының өз учаскесiне басқа жолмен өтуi мүмкiн болмаса, өте қиын болса немесе шамадан тыс шығындарды керек етсе, көршi немесе өзге де жер учаскесi арқылы жаяу және көлiкпен жүрiп өтудi;
      2) көршi немесе өзге де учаскеге сервитут белгiленбейiнше қамтамасыз етуге болмайтын, электр таратудың, байланыстың қажеттi желiлерiн тартуды және пайдалануды, сумен, субұрғышпен, жылумен жабдықтауды, мелиорацияны және жеке меншiк иесiнiң немесе жер пайдаланушының басқа да қажеттерiн қамтамасыз ету үшiн белгiленуi мүмкiн.Көршi немесе өзге де учаскеге жекеше сервитут осы учаскелерге жеке меншiк құқығы немесе жер пайдалану құқығы субъектiлерiмен жасалатын шарт бойынша белгiленедi.Жер учаскесiн шектеулi құқықпен пайдаланушы құқық субъектiсi жеке меншiк иесiне немесе жер пайдаланушыға сервитутпен байланысты келтiрiлген барлық шығынды өтеуге тиiс.Егер бұл мемлекеттiң және жергiлiктi халықтың мүдделерiн қамтамасыз ету үшiн қажет болған жағдайларда жергiлiктi атқарушы органдардың нормативтiк құқықтық актiлерiнiң негiзiнде жер учаскелерiн алып қоймай, қауымдық сервитуттар белгiленуi мүмкiн.

Қауымдық сервитуттар:

1) ортақ пайдаланудағы объектiлерге, зираттарға, қорымдарға және өзге де ғибадат объектiлерiне жер учаскесi арқылы жаяу немесе көлiкпен өту;

2) жер учаскесiн коммуналдық, инженерлiк, электр және басқа да желiлер мен тораптарды, сондай-ақ көлiк инфрақұрылымының объектiлерiн жөндеу мақсатында пайдалану;

3) жер учаскесiнде межелiк және геодезиялық белгiлер мен оларға өту жолдарын орналастыру;

4) су алу және суат;

5) жер учаскесi арқылы мал айдап өту;

6) жер учаскесiн белгiленген мерзiмде және белгiленген тәртiппен аң аулау, жер учаскесiнде орналасқан тұйық су айдындарында балық аулау, жабайы өсiмдiктердi жинау мақсатында пайдалану;

7) iздестiру, зерттеу және басқа да жұмыстар жүргiзу мақсатында жер учаскесiн уақытша пайдалану;

8) жағалау белдеуiне еркiн өту;

9) мемлекеттiк органдардың шешiмiмен жер учаскесiн мәдени-көпшiлiк iс-шаралар өткiзуге пайдалану;

10) қоғамдық және мемлекеттiк мүдделерге байланысты өзге де жағдайлар үшiн белгiленуi мүмкiн.Сервитуттың тоқтатылуы - Сервитуттың қолданылуы құқық иесiнiң бас тартуы, ұзақ уақыт (3 жыл) пайдаланылмауы, оның белгiленген мерзiмiнiң өтуi нәтижесiнде, тараптар арасындағы келiсiм негiзiнде, сот шешiмi негiзiнде және Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген өзге де негiздер бойынша тоқтатылады.Қауымдық сервитут қоғамдық қажеттер үшiн белгiленiп, ол қажеттер болмаған жағдайда жергiлiктi атқарушы органның сервитутты жою туралы шешiм қабылдауы арқылы тоқтатылуы мүмкiн.Сервитуттың қолданылуы Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде немесе тараптардың келiсiмiнде көзделген негiздер бойынша бiржақты тәртiппен тоқтатылады.Сервитут құқық иесiнiң тиiсiнше пайдаланбауына, сондай-ақ ол белгiленген негiздердiң болмауына байланысты жеке меншiк иесiнiң немесе жер пайдаланушының талап етуi бойынша сот тәртiбiмен тоқтатылуы мүмкiн.Сервитут белгiлi бiр мерзiмге белгiленген жағдайларда, егер тараптардың келiсiмiнде өзгеше белгiленбесе, оның қолданылуы белгiленген мерзiм аяқталған соң тоқтатылады. Сервитут шарт негiзiнде талап етiлетiн кезге дейiн немесе белгiсiз мерзiмге белгiленген жағдайларда сервитуттың қолданылуы сервитутпен ауыртпалық салынған жылжымайтын мүлiк иесiнiң сервитутты тоқтату туралы талап еткен кезiнен бастап бiр ай мерзiм өткен соң тоқтатылады.
Сервитутты тiркеу кезiнде, сервитуттың туындауына негiз болған құжаттарға осы сервитутты берушi тұлға куәландырған, сервитуттың қолданылу аясының шекарасы бейнеленген жер учаскесiнiң жоспары қоса берiледi. Егер сервитут барлық жер учаскесiне қатысты болса, жер учаскесiнiң жоспарын беру талап етiлмейдi.

13 тақырып : Жер салығы.

Мақсаты: Жер салығы және оны төлеушілер, оның мөлшерi жөнінде түсінік беру.

1. Жер салығы және оны төлеушілер

2. Салык салу объектілері

3. Салык ставкалары

4. Салыкты есептеу тәртібі

Қысқаша мазмұны: Салық салу мақсатында барлық жерлер олардың арналған нысанасы мен тиесiлiлiгiне қарай мынадай санаттарға:

1) ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге

2) елдi мекендер жерлерiне;

3) өнеркәсiп, көлiк, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы емес мақсаттағы жерлерге (бұдан әрi - өнеркәсiп жерлерi); 

4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерiне, сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жерлерге (бұдан әрi - ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерi);

5) орман қорының жерлерiне;

6) су қорының жерлерiне;

7) запастағы жерлерге жатқызылуына қарай қарастырылады. 

Жердің белгiлi бiр немесе өзге санатқа жататындығы Қазақстан Республикасының жер туралы заң актiлерiмен белгiленедi. Елдi мекендер жерлерi салық салу мақсаты үшiн мынадай екi топқа бөлiнген:

1) тұрғын үй қоры, соның iшiнде олардың жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жерлердi қоспағанда елдi мекендер жерлерi; 

2) тұрғын үй қоры, соның iшiнде олардың жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жерлер.

Жердің мынадай санаттары:

1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерi;

2) орман қорының жерлерi;

3) су қорының жерлерi;

4) запастағы жерлер салық салуға жатпайды.     

Жер салығының мөлшерi жер иеленушiлер мен жер пайдаланушылардың шаруашылық қызметiнiң нәтижелерiне байланысты болмайды.

Жер салығы

1) меншiк құқығын, тұрақты жер пайдалану құқығын, өтеусiз уақытша жер пайдалану құқығын куәландыратын құжаттар;

2) жер қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi орган әр жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша берген жерлердiң мемлекеттiк сандық және сапалық есебiнің деректерi негiзiнде есептеледi.



Төлеушiлер.

Мынада


1) жеке меншiк құқығындағы;

2) тұрақты жер пайдалану құқығындағы;

3) бастапқы өтеусiз уақытша жер пайдалану құқығындағы салық салу объектiлерi бар жеке және заңды тұлғалар жер салығын төлеушiлер болып табылады. 
Заңды тұлғаның шешiмi бойынша оның құрылымдық бөлiмшелерi (бұдан әрi - заңды тұлғалар) жер салығын төлеушiлер ретiнде қарастырылады.

Мыналар: 


     1) бiрыңғай жер салығын төлеушiлер шаруа (фермер) қожалықтарына арналған арнайы салық режимi қолданылатын қызметте пайдаланылатын жер учаскелерi бойынша;  
     2) мемлекеттік мекемелер; 

3) Салық Кодекстiң 283-бабында белгiленген салық режимiнiң екiншi үлгiсi бойынша салық салу жүзеге асырылатын жер қойнауын пайдаланушылар; 

      4) уәкiлеттi органның қылмыстық жазаларды атқару саласындағы түзеу мекемелерiнiң мемлекеттiк кәсiпорындары; 
      5) Ұлы Отан соғысына қатысушылар және соларға теңестiрiлген адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала кезiнен мүгедектiң ата-анасының бipeyi:

      тұрғын-үй қоры, соның iшiнде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жер учаскелерi үй маңындағы жер учаскелерi;

жеке үй (қосалқы) шаруашылығын жүргiзу, бау-бақша шаруашылығы үшiн берiлген және құрылыс алып жатқан жерлердi қоса алғанда, саяжай құрылысына арналған жер учаскелерi;

гаражға арналған жер учаскелерi бойынша;  

6) тұрғын үй қоры, соның iшiнде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жер учаскелерi және үй маңындағы жер учаскелерi бойынша - "Ардақты ана" атағына ие болған, "Алтын алқа" алқасымен наградталған көп балалы аналар; 

     7) дiни бiрлестiктер жер салығын төлеушiлер болып табылмайды. 


14 Тақырып : Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау тәртібі

Мақсаты: Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру тәртібіне толық ақпарат беру.

  1. Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылаудың тәртібі мен ерекшелігі

  2. Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру тәртібі

  3. Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар

  4. Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органның функциялары

Қысқаша мазмұны: Мемлекеттiк бақылаудың мiндеттерi мемлекеттiк органдардың, жеке, заңды тұлғалардың және лауазымды адамдардың Қазақстан Республикасы жер заңдарының сақталуын, Қазақстан Республикасы заңдарының бұзылуын анықтауды және жоюды, азаматтар мен заңды тұлғалардың бұзылған құқықтарын қалпына келтiрудi, жер учаскелерiн пайдалану ережелерiнiң сақталуын, жер кадастры мен жерге орналастыру iсiнiң дұрыс жүргiзiлуiн және жердi ұтымды пайдалану мен қорғау жөнiндегi iс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етуден тұрады.Жердi пайдалану мен қорғауды мемлекеттiк бақылауды жер ресурстарын пайдалану жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган мен оның аумақтық органдары, сондай-ақ өзге де уәкiлеттi органдар өз құзыретi шегiнде жүзеге асырады.Жердi пайдалану мен қорғауды мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын өзге де мемлекеттiк органдар мыналар:

    • қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган;санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң мемлекеттiк органдары.

    • сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi орган;

    • ауыл, орман, аңшылық және балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, су ресурстарын пайдалану мен қорғау саласындағы уәкiлеттi орган;

    • жер қойнауын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi орган болып табылады.
      Жер заңнамасының сақталуын мемлекеттiк бақылау тексерулер арқылы жүргiзiледi, олар жоспарлы (жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган мен оның аумақтық органдары жоспарлаған және бекiткен) және жоспардан тыс (жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң бұзылуы туралы өтiнiштерде және өзге де ақпаратта жазылған фактiлер бойынша жеке адамдардың өмiрi мен денсаулығына, қоршаған ортаға, қоғамдық тәртiпке, ұлттық қауiпсiздiкке төнген қауiп-қатердi дереу жоюды талап ететiн қалыптасқан әлеуметтiк-экономикалық жағдайға, Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзушылық белгiлерiнiң тiкелей анықталуына байланысты, сондай-ақ жоспарлы тексеру нәтижесiнде анықталған бұзушылықтарды жою туралы талаптардың орындалуын бақылау мақсатында тағайындалатын) болып бөлiнедi.
            Мемлекеттiк бақылау жерге түгендеу жүргiзу, тексеру, жердi пайдаланумен байланысты схемалар мен жобаларды әзiрлеу, жердiң мемлекеттiк кадастрын және мониторингiн жүргiзу кезiнде де жүзеге асырылады.Мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру рәсiмi мемлекеттiк орган шығаратын тексерудi тағайындау туралы актi және тексеру басталғанға дейiн құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық қызметтi өз құзыретi шегiнде жүзеге асыратын уәкiлеттi органда тiркелетiн жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi қызметiн тексеру карточкасы негiзiнде жүргiзiледi.
            Минералдық шикiзатты, пайдалы қазбалар мен табиғи ресурстарды әзiрлеу, өндiру, қайта өңдеу, ауыл шаруашылық өнiмiн өндiру, өндiрiс пен тұтыну қалдықтарын қайта өңдеу, кәдеге жарату және көму жөнiндегi қызмет, гидротехникалық, гидромелиорациялық және мелиорациялық қызмет, құрылыс жұмыстары орындалатын, минералдық шикiзатты және оны қайта өңдеу өнiмдерiн тасымалдау объектiлерi орналасқан жердiң пайдаланылуы мен қорғалуына жоспарлы тексеру жүргiзу арқылы мемлекеттiк бақылау жылына кемiнде бiр рет жүзеге асырылады.Қызметтiң басқа түрлерi орындалатын жердiң пайдаланылуы мен қорғалуына жоспарлы тексеру жүргізу арқылы мемлекеттiк бақылау кемiнде екi жылда бiр рет жүзеге асырылады.Жоспарлы тексеру жүргiзу мерзiмi күнтiзбелiк он күндi құрайды, арнайы зерттеулер, сынақтар, сараптамалар жүргiзу қажет болатын ерекше жағдайларда, сондай-ақ тексерудiң елеулi көлемiне байланысты мемлекеттiк бақылау органының басшысы (не оны ауыстыратын адам) тексеру жүргiзу мерзiмiн күнтiзбелiк он күнге дейiн ұзарта алады.Жоспардан тыс тексеру жүргiзу мерзiмi жоспарлы тексеру жүргiзу мерзiмiнен аспауға тиiс.
            Тексеру жүргiзудiң басталуы тексерiлетiн кәсiпкерлiк субъектiсiне тексеру тағайындау туралы актi тапсырылған кезден бастап есептеледi.Тексеру арқылы мемлекеттiк бақылау жер учаскелерiнiң меншiк иелерiнiң, жердi пайдаланушылардың қатысуымен, ал олар бас тартқан жағдайда олардың қатысуынсыз жүргiзiледi, бұл туралы тексеру нәтижелерi бойынша жасалған құжаттарда тиiстi белгi жасалады.Анықталған жер заңнамасын бұзушылықтар бұл жұмыстарды жүргiзген мамандар қол қоятын далалық тексеру сызбасы қоса берiлетiн актiмен ресiмделедi және ол осы мәселенi қарау құзыретiне жататын органға берiледi.Уәкiлеттi органдар анықталған жер заңнамасын бұзушылықтарды Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасында айқындалған тәртiппен өз функцияларына сәйкес қарайды.

Жердi пайдалану мен қорғауды мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға:

1) Қазақстан Республикасының Жердi пайдалану мен қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторы;

2) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң жердi пайдалану мен қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторлары;

3) жердi пайдалану мен қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлар жатады.


Жердi пайдалану мен қорғауды мемлекеттiк бақылауға жетекшiлiктi Қазақстан Республикасының Жердi пайдалану мен қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторы жүзеге асырады.Жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның басшысы Қазақстан Республикасының Жердi пайдалану мен қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторы болып табылады.Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық органдарының басшылары тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң жердi пайдалану мен қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторлары болып табылады.Жердi пайдалану мен қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторларда Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген және өзiнiң атауы бар құжаттардың бланкiлерi болады.

Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Ағылшын тілінен өткізілетін сыныптан тыс жұмыстардың РӨЛІ
dmdocuments -> Ағылшын тілі пәнін интерактивті тақтада өткізудің тиімділігі р. Б. Сариева
dmdocuments -> А. С. Иргалиев (қолы) (аты-жөні)
dmdocuments -> Оқу -әдістемелік кешен
dmdocuments -> Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
dmdocuments -> Факультетінің деканы
dmdocuments -> Бүгін БҚму құрамында 7 факультет, 24 кафедра, ғылыми орталықтар, it орталығы, лабораториялар бар
dmdocuments -> Кдр (IV курс) Вопросы: Вопрос №1

жүктеу 0,82 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
Жұмыс бағдарламасы
рсетілетін қызмет
бекіту туралы
Жалпы ережелер
Сабақ тақырыбы
қызмет стандарты
туралы хабарландыру
Қазақстан республикасы
Әдістемелік кешені
республикасы білім
Сабақ жоспары
титулдық парағы
білім беретін
Қазақстан республикасының
Қазақстан облысы
Конкурс туралы
жылдарға арналған
мемлекеттік әкімшілік
біліктілік талаптары
Республикасының білім
бойынша оқыту
жұмыс істеу
ткізу туралы
қойылатын жалпы
мемлекеттік қызметшілері
денсаулық сақтау
қағидаларын бекіту
жалпы біліктілік
қатысушыларға қойылатын
мамандығы бойынша
қатысушыларына арналған
ортақ біліктілік
Мектепке дейінгі
арналған ортақ
пәнінің мұғалімі
конкурс қатысушыларына
жалпы білім
оқыту әдістемесі
Республикасы кіметінің
біліктілік талаптар
мамандығына арналған
Республикасы білім
бағдарламасының титулдық
мемлекеттік мекемесі
жұмыспен қамту
мектепке дейінгі
учебная программа
Бастауыш сынып