Статистикалыќ мјлімметтерді кґрнекті кґрсету



жүктеу 9.59 Mb.
бет1/83
Дата22.05.2018
өлшемі9.59 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   83

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті
Бухгалтерлік есеп және аудит құжырасы

А.К. Курмангалиева
Статистика (1-бөлім)
оқу құралы

Қостанай, 2011

ББК 65.051



Құрастырушы:

Курмангалиева Айжан Касымбековна, А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ бухгалтерлік есеп және аудит құжырасының доценті, э.ғ.к.

Пікір жазғандар:

Кенжебекова Дина Саиновна, э.ғ.к., А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ экономика факультетінің оқу ісі жөніндегі деканның орынбасары.

Сейтова Гульнар Токтаровна, э.ғ.к., «Қаржы» құжырасының меңгерушісі.

Байкадамов Н.Т., э.ғ.к., З.Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетінің экономика және басқару кафедрасының доценті.

Курмангалиева А.К.

К 86 Статистика пәнінен оқу құралы экономика факультетінің студенттеріне арналған. - Қостанай: А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ, 2011.- 125 б.


Статистика пәнінен оқу құралы студентке арналған теориялық материал, бақылау сұрақтары, есептер және жаттығулар, тест сұрактары.

Экономика факультетінің білім беру бағдарламасы негізінде оқытылатын студенттерге арналған.

ББК 65.051

А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің оқу-әдiстемелiк кеңесiмен бекiтiлген, хаттама №___, ___._____.2011 ж.


©А.Байтұрсынов атындағы

Қостанай мемлекеттiк университетi


Мазмұны

5 ОРТАША ШАМАЛАР ЖӘНЕ ВАРИАЦИЯ КӨРСЕТКІШТЕРІ 56

КІРІСПЕ
Қазіргі қоғамда ең маңызды орынды, яғни экономиканы басқару механизімінде – статистика алады. Ол, халықтың өмір деңгейін, мәдениетін және экономиканың дамуын сипаттайтын: жинау, ғылыми өңдеу, талдап қорыту және ақпаратты талдау жұмыстарын атқарады. Маманның, осындай ақиқатты және нақтылы статистикалық ақпараттың көмегімен нәтижелі басқару шешімін кабылдай алуына мүмкіндігі болады. Сондықтан, экономикалық білім жүйесінде статистика пәнін оқып, үйрену - ең маңызды орынды алады.

Қазіргі уақытта, нарықтық қатынастар жағдайында, ғылым алдында жаңа мәселе туындайды, яғни жалпы әдіснамалық және ұйымдастырылған статистиканың негізін реформалау, сонымен қатар оны халықаралық ережесіне сай келтірілуі. Осы мәселенің ойдағыдай, табысты орындалуы: экономикалық мамандығы бойынша мамандарды дайындау сапасы жағынан жақсартылуын талап етеді.

Осыған орай соңғы жылдары жоғары оқу орындарының бағдарламалары қайта қарастырылды да, жаңартылды және мында «Статистика» пәні маңызды орын алады. Сонымен қатар замаңға сай маман шығару үшін, дайындау деңгейдің талаптары да өзгертілді.

Оқу құралының шығарудың негізгі мақсаты: әдістемелік әдебиеттердің жетіспеуі салдарынан және керекті әдебиеттерді іздеуіне байланысты, студент теория жағынан, сонымен бірге тәжірибелік есептерді шешу, зертханалық жұмыстарды өткізу үшін - студенттің өзіндік жұмысын жеңілдету болып саналады, яғни бұлар бәрі бақылау жұмысының жақсы орындалуына және сынақ (емтихан) тапсыру үшін жақсы нәтиже береді.

Оқу құралында курстың әр бөлімшесіне арналған теориялық материалдар, қолдануға керекті әдебиеттер, әр бөлімшесінің соңында өзін-өзі тексеруге арналған тестер. Статистикалық көрсеткіштерді есептеп шешу үшін нақты бір мысалдарда есептеу әдіснамасы көрсетілген. Студенттің өзіндік жұмысын орындауға және практикалық есептерді шешуге арналған негізгі есептеу формулалары келтірілген.

Берілген оқу құралының оқу нәтижесінде студент игеруге тиіс: жинаудың негізгі әдістерін, статистикалық материалдарды талдау және өңдеу; және статистикалық есептерді шешу үшін ақпараттық жинақтарды дұрыс қолдана білу керек.

Берілген оқу құралы қолданылады: «Статистика» пәнінің оқу бағдарламасымен алдын-ала ұйымдастырылған, тек бақылау жұмысын орындауға ғана емес және негізгі тақырыптарды игеруге, сонымен бірге, экономикалық циклдің басқа пәндері бойынша есеп шығарудың нұсқауы ретінде және дипломды жобалау кезінде қолданылады. Бірақ, бұл үшін, соңғы 5 жыл ішінде жиналған нақты ақпараттарды немесе мыңдаған кәсіпорындардан, ұйымдардан, фирмалардан алынған ақпараттарды қолдануға болады және оларды тек, салалардың бірдей болу ұстанымы бойынша біріктіріледі.
1. Статистика пәні. даму процестері және оның зерттеу әдістері
Мақсаты: Cтатистика ғылымы туралы жалпы түсінік, пән ретіндегі оның негізгі көрсеткіштері, категориялары, әдістері, методологиясы және Қазақстан Республикасындағы статистика Агенттігінің ұйымдастырылуы туралы білімдерді қалыптастыру.
Жоспар:

1.1 Статистика туралы жалпы түсінік

1.2 Статистика ғылымдарының пәні және оның методологиясы

1.3 Қазақстан Респуликасындағы статистиканың ұйымдастырылуы



1.4 Қазақстан статистикасының қалыптасуы мен дамуы тарихы
1.1 Статистика туралы жалпы түсінік
Статистика термині «stato», «status» сөздерінен шығып мемлекеттану, құбылыстардың жағдайы деген мағынаны білдіреді. Орта ғасырларда statista сөзі мемлекеттердің құрылымын, саясатын білетін адамдарға сай пайдаланған.

Ал ғылыми түрде «статистика» термині алғаш рет неміс ғалымы Г.Ахенвальмен 1743 ж енгізілді және мемлекет туралы білім жүйесі деген мағынада пайдаланды. Неміс ғалымы Г.Конрингпен олар статистиканы мемлекеттану ретінде анықтайтын мектебін ашты. Сол уақытта Англияда В.Петтимен негізділген «арифметикалық статистика» мектебі ашылды.

Жалпы статистика ғылым ретінде осы екі мектеп негізінде пайда болды. Статистиканың теоретикалық негіздері болып философия, экономика, әлеуметтану және басқа қоғам ғылымдары табылады. Статистиканың зерттеу объектісі – статистикалық жиынтық, яғни қоғам құбылыстары.

Статистикалық заңдылық – статистика ғылымының пәні. Табиғат және қоғам өміріндегі құбылыстар арасындағы жалпы себеп байланыстарын анықтаудың негізгі формасы болып статистикалық заңдық табылады. Бұл заңдылық массалық процесстердің объективті сандық заңдылығы.



Статистика – сапалы анықталған жаппай әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестердің сандық жақтарын, олардың құрылымын, кеңістікте орналасуын, уақыт бойынша қозғалуын зерттейтін қоғамдық ғылым.

Статистика ғылым ретінде жеке фактілерді емес, жеке және ортақ нышандары бар жалпы әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестерді зерттейді. Сондай-ақ статистика мақсаты – құбылыстар туралы мәліметтерді жинау, өңдеу және талдау болып табылатын адамдардың тәжірибелік іс-әрекетінің бір түрі.

Атақты ағылшын статистигі У.Дж.Рейхман айтқандай: «Біз статистика ғасырында өмір сүреміз. Қазір адамның және басқа іс-әрекеттерді статистикалық көрсеткіштердің көмегімен өлшеуге болады».

Статистикалық зерттеулердің объектілерін статистикалық жиынтық деп атайды.

Статистикалық жиынтық – жалпылық, біртектілік, анық тұтастық, жеке бірліктерінің жағдайы өзара байланысты қасиеттері бар көптеген бірліктерден тұрады. Осы жиынтықтың әрбір жеке элементі статистикалық жиынтықтың бірлігі деп аталады.

Статистикалық жиынтықтың бірліктері статистикада нышандар деп аталатын жалпы қасиеттермен сипатталады. Яғни, жиынтықтың сапалы біртектілігі дегеніміз бірліктердің (объектілердің, құбылыстардың, процестердің) белгілі бір нышандар бойынша ұқсас, ал бірақ басқа нышандар бойынша ұқсамайды.

Мысалы, коммерциялық банктер несие мекемелеріне жататын нысаны бойынша ұқсас, бірақ жарғылық қор, қызметкерлердің саны, активтердің сомасы сияқты нышандары бойынша ұқсамайды. Жиынтықтың сапалы анықтылығы әрбір нақты статистикалық зерттеуде, оның мақсаттарына және міндеттеріне байланысты қойылады.

Жиынтықтың бірлігінде жиынтықтың сапалы анықтылығын білдіретін барлық бірліктерге ортақ нышандары бар, сондай-ақ бір-бірінен өзгешеленетін жеке ерекшеліктері мен өзгешеліктері бар, яғни нышандардың вариациялары бар.

Вариацияның бар болуы статистиканың қажеттігін анықтайды. Нышандардың вариациясы жиынтықтың бірліктерінің статистикалық бөлуімен көрсетіледі.

Әлеуметтік-экономикалық құбылыстардың мөлшері және сандық өзара қатынастары, олардың байланысы мен дамуының заңдылығы – статистиканың пәні болып табылады.

Статистиканың сандық сипаттамасын статистикалық көрсеткіштер көрсетеді.

Статистикалық көрсеткіш жиынтықтың бірлігіндегі және жалпы жиынтықтағы өлшеудің нәтижесін көрсетеді. Статистиканың теориялық негіздері жиынтық, вариация, нышан, заңдылық сияқты түсініктер мен категорияларды құрайды.

Статистикалық заңдылық – егер құбылысты тудыратын себептер өзгермесе немесе аз өзгерсе, құбылыстың жоғары дәрежелі ықтималдықпен қайталануымен, реттілігімен сипатталатын себепті байланысының көріну қалыпы. Статистикалық заңдылық жалпы мәліметтерді талдаудың негізінде қалыптастырылады. Статистикалық заңдылық жаппай жүргізілген статистикалық байқаудың нәтижесінде байқалатындықтан, ол үлкен сандар заңымен өзара байланысты.

Үлкен сандар заңының мәні жаппай жүргізілген байқаудың нәтижесін жинақтайтын сандарда белгілі бір ереже бар, бірақ ол ереже факторлардың аз санында байқалмайды. Үлкен сандар заңы жаппай құбылыстардың қасиеттерінен туындаған.

Статистика ғылым ретінде, оның зерттегенде қойылатын міндеттері мен пәнінің ерекшеліктеріне тәуелді, жаппай қоғамдық құбылысты зерттеудің амалдары мен әдістерін қалыптастырады. Статистика - өзінің пәнін зерттейтін амалдар мен әдістер статистикалық әдістемені құрайды.

Статистикалық әдістеме дегеніміз әлеуметтік-экономикалық құбылыстардың өзара байланысы мен динамикасында, құрылымында көрінетін сандық заңдылықтарды зерттеуге бағытталған амалдар, әрекеттер мен әдістер жүйесі.

Статистикалық зерттеудің міндеті белгілі уақыт және орын жағдайында қоғамдық өмірдегі заңдылықтарды анықтау және жалпылау сипаттамаларды алу болып табылады.

Статистикалық зерттеу үш кезеңнен тұрады:


  • статистикалық байқау;

  • байқау нәтижелерін жинақтау және топтау;

  • алынған жалпылау көрсеткіштерді талдау.

Статистиканың міндеттері:

  • жаппаай әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестердің деңгейі мен құрылымын зеттеу;

  • жаппай әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестердің өзара байланысын зерттеу;

  • жаппай әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестердің динамикасын зерттеу.

1.2 Статистика ғылымдарының пәні және оның методологиясы



Статистиканы зерттеу пәні әлеуметтік-экономикалық өмірдің жалпы құбылыстары, ол осы құбылыстардың сандық жағын олардың нақты уақыт пен орын жағдайындағы сапалық жағымен тығыз байланысты зерттейді. Қоғамның әлеуметтік-экономикалық өмірі әр түрлі жалпы құбылыстарда байқалады, мысалы өнімдерді өндіру, осы өнімді тұтыну, өнімнің экспорты мен импорты және экономикалық, мәдени, саяси өмірдің басқа да құбылыстары жатады. Қоғамның өміріндегі құбылыстар мен процестер статистикалық көрсеткіштердің көмегімен сипатталады.

Статистикалық көрсеткіш – зерттелетін құбылыстың қасиеттерін сандық бағалау болып табылады. Дамудың әрбір сәтіндегі әлеуметтік-экономикалық құбылыстардың нақты мөлшері, құрылымы, даму жиілігі болады. Статистика статистикалық көрсеткіштердің көмегімен зерттелетін құбылыстардың мөлшерін, олардың өзгешелігін, дамуының заңдылықтары мен олардың өзара байланысын сипаттайды.

Сондықтан статистикалық көрсеткіштер есепті-бағалаушылық және аналитикалық көрсеткіштерге бөлінеді. Есепті-бағалаушылық көрсеткіштер зерттелетін құбылыстың көлемі немесе деңгейін көрсетеді; ал аналитикалық көрсеткіштер құбылыстың даму ерекшеліктерін, кеңістіктегі таратылуын, басқа құбылыстармен өзара байланысын сипаттау үшін қолданылады. Аналитикалық көрсеткіштер ретінде орташа шамалар, құрылымның, вариацияның, динамиканың көрсеткіштері қолданылады.

Мысалы, статистика есепті жылдың басына мемлекеттің және оның аймақтары халқының жеке топтарының санын есепті-бағалаушылық көрсеткіштер арқылы көрсететін болса, ал аналитикалық көрсеткіштердің көмегімен халықтың санының алдыңғы жылдың басындағымен салыстырғандағы өзгеруі, халықтың жыныстық құрамын, аймақтар бойынша тығыздығын сипаттайды.

Статистикалық методология дегеніміз жалпы ережелер мен статистикалық зерттеулердің арнайы әдістері мен амалдарының жиынтығы. Құбылыстардың әлеуметтік-экономикалық ғылымдарға негізделген теориялық талдауы олардың статистикалық зерттелуінің алдында жүргізіледі және статистикалық зерттеулерді дұрыс ұйымдастырудың қажетті шарты болып табылады. Статистикалық зерттеулерді дұрыс ұйымдастырудың қажетті шартына зерттелетін объектінің немесе процестің мәнін түсіну, даму заңдарын білу және нақты жағдайдың ерекшелігін білу жатады.

Теориялық негізге сүйене отырып, статистика құбылыстарды сандық жағынан көрсетудің арнайы әдістерін қолданады, олар статистикалық зерттеудің үш кезеңдерінде көрсетілген:



1-кезең Жалпы ғылыми ұйымдастырылған байқау, оның көмегімен зерттелетін құбылыстың жеке бірліктері туралы алғашқы ақпараттар алынады. Мысалы, халық санағын жүргізгенде тыңғылықты дайындалған жоспар бойынша мемлекеттің барлық тұрғындарының барлық сипаттары тіркеледі. Жалпы статистикалық байқау дегеніміз зерттелетін құбылыс туралы объективті қорытындылар шығару үшін статистикалық қорытындылау үшін бастапқы материал болып табылады.

2-кезең – Мәліметтерді ақпар (сводка) және топтау, барлық жағдайлардың (бірліктерді) тобын біртекті топтарға және бөліктерге бөлу және алынған нәтижелерді статистикалық кестелер түрінде қалыптастыру. Топтау әртүрлі жағдайларды дамитын құбылыстардың ерекшеліктерін көрсететін барлық жағдайлардың құрамынан әр түрлі сапалы бірліктерді бөліп көрсетуге мүмкіншілік береді. Топтауды өткізгеннен кейін байқаудың мәліметтерін қорытындылау жасалады, яғни абсолютті шамалар түріндегі статистикалық көрсеткіштер алынады, солардың көмегімен құбылыстардың көлемі есептеледі. Бұл кезеңді есеп беру деп атайды. Мысалы, халық санағын жүргізгеннен кейін алынған бастапқы ақпараттарды әлеуметтік топтарға, жасы, жынысы бойынша топтарға бөлінеді, әрбір топтағы халықтың саны есептеледі.

3-кезең – Есеп беруден алынған статистикалық көрсеткіштерді өңдеу және зерттелетін құбылыстардың жағдайы туралы негізделген қорытындыларын алу үшін нәтижелерді талдау. Қорытындылар текст түрінде келтіріліп графиктер және кестелермен толықтырылады. Ақпараттарды өңдегенде жеке біртекті топтардың ерекшелігін көрсететін аналитикалық көрсеткіштер есептеледі. Олар орташа. салыстырмалы шамалар, вариация көрсеткіштері, индекстік көрсеткіштер түрінде анықталады.


    1. Қазақстан Респуликасындағы статистиканың ұйымдастырылуы

Мемлекеттік статистиканың ұйымдастырылуы Қазақстан Республикасының «Статистика туралы» заңымен анықталады. Бұл заңда Статистика Агенттігінің және оның салаларының (облыстық басқармалар) негізгі қызметтері, міндеттері, мақсаттары және статистикалық органдардың құқықтары анықталады.

Ресми түрде статистиканың екі құрылымдылық түрі анықталады: орталықтандырылған және орталықтандырылмаған.

Орталықтандырылған басқару жүйесі – статистикалық бағдарламалармен байланысты сұрақтар бір мемлекеттік статистикалық ұйымның қызметі болып табылады.

Орталықтандырылмаған басқару жүйесі- статистикалық бағдарламалармен байланысты сұрақтар ұлттық статистикалық басқармасымен, оның ішінде бірнеше статистикалық органдарымен шешіледі.

Қазақстан Республикасының статистика басқармасы орталықтандырылған жүйесіне жатады.



Қазақстан Республикасы Статистика Агенттігінің міндеттері мен негізгі мәселелері.  Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік статистика туралы» заңына сай Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі Агенттігі статистика бойынша мемлекеттік саясатты қалыптастырушы және іске асырушы орган болып танылады. Қазақстан Республикасының  Президентінің 1998 жылдың 30.06  «Мемлекеттік басқару органдарын белсендіру шаралары туралы» Жарлығына сай Қазақстан Республикасының  статистика жөніндегі Агенттігі  Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы орган болып саналады. Статистикалық есеп жүргізу әдістемелерін қалыптастыру кезінде Қазақстан Республикасының сатистика жөніндегі Агенттігі тәуелсіздікке ие, өз қарамағындағы аймақтық құрамдарына басшылық етеді, өзіне бағынышты ұйымдардың әрекетін бағыттайды.

Өкілетті органның статистиканы ұйымдастыру бойынша нормативтік құқықтық актілері Қазақстан Республикасының заңдылығымен бекітілген жағдайда барлық  жеке және заңды тұлғалар үшін міндетті болып саналады.

Агенттiктiң өз қызметi саласындағы негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады:

- статистикалык әдiснаманы қалыптастыру;

- мемлекеттiк статистика қағидаттарын сақтай отырып, статистикалық қызметтi жүзеге асыру;

- қоғамның, мемлекет пен халықаралық қоғамдастықтың ресми статистикалық ақпаратқа қажеттiлiгiн қанағаттандыру.

Агенттiк қолданыстағы заңнамаға және өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:

- мемлекеттiк статистика саласындағы мемлекеттiк саясатты әзiрлейдi және iске асырады;

- өз құзыретi шегiнде мемлекеттiк статистика саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлейдi және бекiтедi;

- халықаралық статистикалық стандарттарға сәйкес статистикалық әдiснаманы қалыптастырады;

- жалпымемлекеттiк статистикалық байқаулар жөнiндегi статистикалық әдiснаманы бекiтедi;

- статистикалық жұмыс жоспарына сәйкес жалпымемлекеттiк статистикалық байқауларды ұйымдастырады және жүргiзедi;

- ұлттық санақтардың бағдарламаларын әзiрлейдi және олардың iске асырылуын қамтамасыз етедi;

- жалпымемлекеттiк және ведомстволық статистикалық байқаулар жүргiзу үшiн статистикалық нысандарды, оларды толтыру жөнiндегi нұсқаулықты, сондай-ақ оларды бекiту тәртiбiн бекiтедi;

- респонденттердiң алғашқы статистикалық деректердi беру тәртiбiн әзiрлейдi және бекiтедi;

- респонденттер алғашқы статистикалық деректердi берген кезде статистикалық нысандармен және оларды толтыру жөнiндегi нұсқаулықтармен оларды қамтамасыз етедi;

- көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi туралы ережеде:

- әкiмшiлiк деректердi статистикалық ақпаратты тузу және статистикалық тiркелiмдердi өзектi ету үшiн ғана пайдаланады;

- мемлекеттiк статистика органдарын статистикалық жiктеуiштердi уәкiлеттi органның интернет-ресурстарында орналастыру арқылы олармен қамтамасыз етедi;

- республиканың және оның өңiрлерiнiң әлеуметтiк-экономикалық жағдайы туралы ақпараттық статистикалық дерекқорды жинақтауды, жүргiзудi және оларды өзектi етудi қамтамасыз етедi;

- мемлекеттiк статистика саласындағы ғылыми-зерттеу әзiрлемелерiн ұйымдастырады;
    - статистикалық ақпараттың сапасын қамтамасыз ету үшiн мемлекеттiк статистика органдарының статистикалық қызметiнiң уәкiлеттi орган бекiткен ведомстволық статистикалық байқаулар жөнiндегi статистикалық әдiснамаға сәйкестiгiне сараптама жүргiзедi және сараптама жүргiзуге қажеттi құжаттарды (ақпаратты) сұратады;

- уәкiлеттi органның құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша түсiнiктер бередi;

- мемлекеттiк статистиканы жетiлдiру мақсатында консультациялық-кеңесшi органдарды құрады, олар туралы ереженi уәкiлеттi органның басшысы бекiтедi;
     - тексерулердi қоспағанда, мемлекеттiк статистика саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының және Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулыларының талаптарын сақтау тұрғысынан мемлекеттiк статистика саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;

 - өз құзыретi шегiнде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады және ынтымақтастық шеңберiнде шарттар жасасады;

 - осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады. 

1.4 Қазақстан статистикасының қалыптасуы мен дамуы тарихы
Қазақстан статистикасының тамыры өткен ұзақ уақыттарға кетеді. Бірінші Қазақ мемлекеті - Қазақ Хандығы туралы оны растайтын статистикалық тарихи мәліметтер бар: оның алғашқы пайда болу кезінде (1459 жыл) Шу және Талас өзендерінің бойында (бүгінгі Жамбыл облысы аумағында) халықтың саны 200 мың адам, ал XV ғасырдың соңында олар 1 млн. болды.

Бірақ, бүгінгі Қазақстан аумағында азды-көпті болса да жүйелі және орталықтандырылған статистикалық қызметтің өмірге келуі XVІІІ-ғасырдың екінші жартысына, былайша айтқанда Қазақстанның Ресей империясының құрамына кіру кезеңіне жатады. Оның аумағындағы бірінші жалпы халық санағы, Орыс патшалығының барлық жеріндегідей, 1897 жылдың 9- ақпанындағы (28-қаңтардағы) жағдай бойынша өткізілді.

Қазақстан аумағында құрылған бірінші мемлекеттік ресми статистикалық орган болып, Түркістан губерналық статистикалық комитет (құрылған күні - 1868 жылдың 22-қаңтары) пен оған бағынышты Сырдария және Жетісу облыстарындағы статбюролар саналады. XІX ғасырдың 70-жылдарының ортасында Орал облыстық статкомитет, 1877 жылы Семей және Ақмола (Омск қаласында) және 1895 жылы Торғай облыстарының статкомитеттері ұйымдастырылды. Бірақ, 1920 жылға дейін Қазақстанда аталған және басқа да жергілікті статистикалық қызметті біріктіретін бірыңғай статистикалық орган болған жоқ.

Ресей Кеңестік Федерациялық Социалистік Республикасы құрамында Қазақ Автономиялы Социалистік Республикасы құрылуына (1920 ж. 26- тамыз) байланысты Қазақ АКСР-ның Үкіметі өзінің 1920 жылғы 8-қарашадағы қаулысымен "Қазақ АКСР-ы мемлекеттік статистикасы туралы Ережені" бекітті және Қазақ АКСР-ның статистика басқармасы құрылды. Сонымен, Қазақстанның орталықтандырылған бірыңғай статистика органының құрылған күні 1920 жылдың 8-қарашасы болып қабылданды.

1925 жылы қаңтарда Орынбор қаласында (сол кездегі Қазақ АКСР-ның астанасы) бірінші, ал 1927 жылы сәуірде Қызылорда қаласында (Қазақ АКСР-ның екінші астанасы) екінші Республикалық статистика конференциялары болып өтті, олардың шешімдері мен ұсынымдары статоргандардың ұйымдастырылып нығаюына және методологиялық жабдықталуында үлкен роль атқарды.

1930-1948 жылдарда Республикадағы статистика қызметінің жалпы жұмысына және оның жоспарлы жүруіне басшылықты Қазақ АКСР- ның (1936 жылдан бастап Қазақ КСР) Мемлекеттік жоспарлау органы жүргізді. 1948 жылдан бастап статистика жүйесін дербес мемлекеттік орган Республика Министрлер Кеңесі жанындағы статистикалық басқарма басқарды, ал 1960 жылдан бастап Орталық Статистика басқармасы (ОСБ), 1987 жылдан бастап Статистика жөніндегі Мемлекеттік комитет (Мемстатком) басқарды.

Стат органдардағы барлық жедел және статистикалық есеп берулердің 1957-1958 жылдардан бастап орталықтандырылуына байланысты, олар кейінгі жылдардың барлығында да (КСРО-ның 1991 жылы ыдырауына дейін) шын мәнінде басшылық, жоспарлау және басқа да барлық деңгейдегі басқару органдарын, еліміздегі экономиканың және мәдениеттің жағдайы туралы және халық шаруашылығы жоспарының және көптеген шаруашылық жұмыстарының барысы мен орындалу қорытындылары туралы, жедел және жалпы жинақталған ақпаратпен жабдықтайтын жалғыз-ақ жүйе болды.

Қазақстанның статоргандары, бұрынғы КСРО-ның барлық статистикалық жүйесі сияқты Бүкілодақтық барлық сегіз халық санағын ұйымдастырып, өткізіп, жиынтығын қорытындылады; үнемі статистикалық жылнамалықты және көптеген кезеңдік, салалық және тематикалық жинақтар мен анықтамалықтарды бастырып шығарды.

Қазақ КСР-ның Мемлекеттік статистикасы, 1990 жылы Қазақ КСР-ның статистикасы мен есеп жүргізуі бойынша бірінші заңның жобасын жасауға кірісті. 1992 жылы қаңтарда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің VІІ сессиясы "Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының бірінші Заңын қабылдады.

 

Қазақстан статистикасының негізгі тарихи кезеңдері



 1897ж.

 Бірінші жалпы халық санағы

 1920ж.

8 қарашада




 Қырғыз (Қазақ) АКСР-ның Халық Комиссарлар Кеңесі «Қырғыз (Қазақ) АКСР-ындағы Мемлекеттік статистика туралы Ережені» бекітті. Қазақ АКСР-ның Статистика басқармасы құрылды.

 1948 ж.

 Қазақ КСР-ның Министрлер Кеңесі жанынан Статистика басқармасы құрылды.

 1960 ж.

 Қазақ КСР-ы Министрлер Кеңесі жанындағы Статистика басқармасы, Қазақ КСР-ы Министрлер Кеңесі жанындағы Орталық Статистика Басқармасы (Қазақ КСР-ның ОСБ) болып қайта құрылды.

 1987ж.19  тамызда

 Қазақ КСР-ның ОСБ-ы, Қазақ КСР-ның Статистика жөніндегі Мемлекеттік Комитеті (Қазақ КСР-ның Мемстаткомы) болып қайта құрылды.

 1991ж.

1 наурызда



 Қазақ КСР-ның Мемстаткомы, Қазақстан Республикасының статистика және талдау жөніндегі Мемлекеттік Комитеті болып қайта құрылды.

 1991 ж.

 Экономиканың барлық секторында бағаның деңгейі мен серпінін (тарифін) реттеп бақылауды іске асыратын, бағаны тіркеудің арнаулы мемлекеттік қызметі құрылды.

 1992ж. қаңтарда

 Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің VII- сессиясында “Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік статистика туралы“ Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.

 1992ж. желтоқсанда

 Ұлттық шоттар жүйесін (ҰШЖ) ендіруге негізі болып қызмет атқарған 1992 - 1995 жылдардағы алғашқы және бухгалтерлік есеп, статистиканы қайта құру жөніндегі мемлекеттік бағдарлама болып қабылданды.

 1993 ж.

 Қазақстан Республикасының бірінші Төлем балансы жасалды.

1996ж. қазанда

1996 - 1998 жылдары Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік статистиканы жетілдірудің Бағдарламасы қабылданды.

1997ж.

7 мамырда



“Мемлекеттік статистика туралы“ Қазақстан Республикасының жаңа Заңы қабылданды.

1998ж. қарашада

1999 - 2005 жылдары Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік статистиканы жетілдірудің Бағдарламасы қабылданды.

1999ж.

22қаңтарда



“Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымы туралы“ Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, Ұлттық статистикалық агенттік Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі болып қайта құрылды.

1999ж.

25-ақпан-



4-наурыз аралығында

Қазақстан Республикасының Бірінші Ұлттық халық санағы жүргізілді.

 1897ж.

 Бірінші жалпы халық санағы


Каталог: files -> book
book -> Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі
book -> Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі
book -> Казахстан республикасы бiлiм және ғылым министiрлiгi
book -> Ж. Ә. Бүркітбаев атындағы Өнеркәсіптік инженерия институты «Көтеру-тасымалдау машиналары мен гидравлика» кафедрасы
book -> Өндірістегі мұнай, газ, суды дайындау және тасымалдау
book -> Кітаптан есімде қалғаны ақша бала сияқты, оны қорғап, аялау керек. Ең дұры- сы ақшаның банкте сақталғаны. Өйткені ол жерде ақша өседі

жүктеу 9.59 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   83




©g.engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
Жұмыс бағдарламасы
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
бекіту туралы
қызмет стандарты
туралы хабарландыру
Сабақ тақырыбы
Әдістемелік кешені
Қазақстан республикасы
республикасы білім
титулдық парағы
білім беретін
Сабақ жоспары
Қазақстан облысы
Конкурс туралы
Қазақстан республикасының
жылдарға арналған
мемлекеттік әкімшілік
бойынша оқыту
біліктілік талаптары
Республикасының білім
қойылатын жалпы
мемлекеттік қызметшілері
жалпы біліктілік
жұмыс істеу
ткізу туралы
қатысушыларға қойылатын
қағидаларын бекіту
қатысушыларына арналған
ортақ біліктілік
мамандығы бойынша
денсаулық сақтау
арналған ортақ
конкурс қатысушыларына
пәнінің мұғалімі
Мектепке дейінгі
бағдарламасының титулдық
Республикасы кіметінің
біліктілік талаптар
жұмыспен қамту
мамандығына арналған
мемлекеттік мекемесі
Бастауыш сынып
Республикасы білім
жалпы білім
Конкурс ткізу
мектепке дейінгі
облысы бойынша