Сапа менеджмент жүйесін әзірлеу және енгізу



жүктеу 108,27 Kb.
Дата28.04.2020
өлшемі108,27 Kb.
#30048
түріБағдарламасы
30,03 СМЖ


Сапа менеджмент жүйесін әзірлеу және енгізу
Қазақстан экономикасын реформалаудың басты мақсатының біріне Отандық өнім сапасын қамтамасыз ету механизмін кұру болып табылады. Әлемдік тәжірибенің мәлімдемесі бойынша, осы механизмнің маңызды элементі болып сапа жүйесінің ИСО сериясы 9000 халықаралық стандартына сәйкес енгізу, ұйымдастыру және оны сертификаттау болып табылады.

Сапа жүйесін енгізу сұрактарын Мемлекеттік реттеуге ҚР Мемлекеттік бағдарламасы «Сапа» 2001-2005 ж. қабылдау жатады. Бұл бағдарламада тауарды, жұмыстарды және қызметті сертификаттаудан сапа жүйесін сертификаттауға өтуін қарастырады.

Бағдарламаны жүзеге асырудан алынатын нәтиже қорытындылары:

- сапаны басқару және қамтамасыз етудің отандық және халықаралық стандарттар негізінде жаңа әдістерін кеңінен енгізу;

- республикадағы өнеркәсіптердің кешендік жұмыстарының техно-экономикалык көрсеткіштерін жаңарту;

- бәсекеге жарамды тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің жаңа түрлерін жасап шығару және орнату, экспорты дамыту, өндірістің көлемін кеңейту;

-бәсекеге жарамды өнім шығару бойынша отандық тауар өндірушілердің қызметін ынталандару;

- тауардың барлык түрлерінің тұтынушылық қасиеттерін жаксарту, мемлекетте жасалатын жұмыстар мен қызметтің сапасын жоғарлату;

- халық пен мемлекет нарығын сапасыз, қауіпті тауарлардан, жұмыстардан және қызметтен қорғау;

Қазіргі кезде сапа жүйесі сертификаттау мен енгізу кәсіпорынның тиімділігі мен экономикалык тұрактылығының кепілі, өнімнің бәсекелестік қабілеттілігін арттыру әдісі, тұтынушылырдың сенімділігін алу әдісі.

Шетелдің мамандары сапа жүйесіне сәйкестік сертификаты фирма үшін біршама артықшылыктарды және пайда әкеледі деп есептейді. Ол бизнес бойынша сыбайластық сенімділігін, сонымен қатар несие беруді, сапасыз өнім ақауларынан сақталуды, келісім шартты бекітуді дәлелдейді.

Сапа жүйесін кәсіпорынға енгізу нәтижесінде қызметкерлердің жұмыс істеу тәртібі артады, шығындар азаяды, еңбек сапасы жақсарады, процестерді басқару жоғарлайды, сапаны қамтамасыз ету шығындары күрт төмендейді, кәсіпорынның нарықтағы жағдайы берік болады, өндіріс нәтижесінің жоғарғы деңгейін қамтамасыз етеді.

СМЖ енгізу үшін шетелдерде қозғаушы ретінде келесі себептерді жатқызуға болады:

1 Тауарды жеткізгенде тапсырыс беруші сапа жүйесі бойынша сертификаттың болуын талап етеді;

2 Тапсырыс берушілердің көбі сертификат болмаған жағдайда шығарылатын өнімнің сапасының тұрактылығын тексеру мақсатында кәсіпорынға кіріп, жағдайын көруді талап етеді;

3 СМЖ енгізу шығарылатын өнімнің бәсекелестікке жарамдылығын жоғарлауына жағдай жасайды.

СМЖ енгізу бойынша жұмыстарды жүргізу қажеттілігіне байланысты, жүйелік келісім анықталады.

СМЖ енгізу қажеттілігі әртүрлі болуы мүмкін:

- өтініш берушінің талабы және келісім шарттағы талаптар;

- нарықтағы мүмкіндіктерін кеңейту және халықаралық нарыққа шығу;

- ең күшті болу мақсатында;

- өндіріс және менеджмент мәдениетін жоғарлату;

- сапа шығындарын азайту, қызметкерлер мотивациясы;

- жарнама жасау және өз фирмасына имидж беру мақсатында;

- мемлекеттік контракт алуда.

ИСО стандарттарының жаңа нұскасы тұтынушылардың талаптары мен сұранысына бағытталған. Бірақ тұтынушылардан басқа СМЖ енгізуге қызығушылык білдіруші ретінде кәсіпорын қызметкерлері, жеткізіп беруші, сыбайластар, мемлекет, қоғам бола алады.

Сапа менеджмент жүйесін енгізу 1987 жылдан бастап жүргізіледі. Осы аралық ішінде сапаны басқару бойынша стандарттың үш нұсқасы шыққан.

1 кезең - СМЖ кұру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру.

Оған кіреді:

• СМЖ туралы стандарттарын енгізу туралы шешім қабылдау;

• құжаттардың толық жинағын дайындау бойынша жұмыстың қандай күштермен (консалтингтік фирмаларды таңдау) жүргізілуін анықтау;

• стандарттарды енгізу стратегиясын анықтау;

• СМЖ әзірлеу және енгізу бойынша басқарушы және жұмысшы органдарын құру;

• ұйымңың басқарушы және жетекші мамандарды үйрету;

• сапа саласындағы саясат пен мақсаттарды қалыптастыру;

Бұл этапта сапа жүйесін ИСО сериясы 9000 моделіне сәйкестендіріп сапа жүйесін дайындау, жетілдіру және енгізу туралы жарлық шығарылады. Егер сапа жүйесі жеке бөлімдер, процестер, өнім үшін жасалып шығарылса, онда бұлар да жарылықта көрсетілуі керек. Әзірлеуге жауапты тұлғалар тағайындалады - сапа жүйесі бойынша баскарманың өкілі. Тағайындалған тұлға өзіне сәйкес күшке ие болу қажет.

Сапа жүйесін енгізу және дайындау бойынша жұмыстар координациясы үшін, төрағадан, кәсіпорын жетекшісінен, кеңес мүшелерінен, сапа бойынша басқарма өкілінен, бөлімшелерінен және кеңес хатшысынан кұралған, сапа бойынша кеңес кұрылуын талап етіледі.

Бұл этапта кұрылымдық бөлімшелерде сапаға жауапты - дайындалған мамандардың ішінен жұмысшы топ тандалып алынады.

Мамандарды даярлау. Сапа жүйесін енгізген кәсіпорындардың тәжірибесінің көрсетуі бойынша жүйені енгізу және құжаттарды жасау жұмыстарын, сапаға көп әсер етпейтін, бөлімшелерге немесе мамандарга жүктейді - стандарттау қызметіне, техникалық бақылау бөліміне.

Осы жұмыстарға барлық деңгейдегі басшыларды және кәсіпорынның түгел ұжымын іске қосу керек - олар идеяны түсіне білу қажет, қойылған амалдардың шешімін таба білу керек. Бірақ жұмысты бастамас бұрын, мамандардың жоғарғы деңгейінен атқарушыға дейін осы жүйені оқып үйренуін жүргізу керек.

Сонымен қатар мамандарды үйрету кезінде олар өздерінің міндеттері мен проблемаларын жақсы түсінеді, бөлімшелер арасындағы өзара байланыс артады. Үйрету кезінде сапа жүйесін әзірлеуге және жасап шығарумен айналысатын негізгі қызметкерлерге ерекше көңіл аударады.

Сапа саласындагы саясатты анықтау - жоғарғы басшылықпен белгіленген және кәсіпорын стратегиясы мен оның сапасына негізделген кәсіпорынның мақсаттары мен міндеттерін аныктау болып табылады.

2кезен - СМЖ жобалау. Берілген этапта процестерді анықтау жүргізіледі; СМЖ негізгі қызмет түрлерін белгілеу; СМЖ жоғарғы басшылықтың жұмыстары мен жауапкершіліктерін бөліп беру.

Қызмет ету жуйелерін таңдау. Процестер олардың құжатталу қажеттілігін орындау мақсатында талдауға жіберіледі.

Талдау кезінде мыналарды анықтауды қажет етеді:

• СМЖ сұрақтарын, сонымен қатар процестерді анықтау бойынша сұрактарға мамандардың дайыңдык деңгейі;

• қолданылатын ресурстардың жағдайы және процестердің материалды - техникалық қамтамасыз етілуі,

• әрбір процестің кірісі мен шығысы;

Талдау нәтижелерінің негізінде СМЖ енгізу бағдарламасы дайындалады, қызметкерлердің жауапкершілігі және аяқталу мерзімі анықталады.

3 кезең - СМЖ құжаттандыру. Бүл этапта сапа жүйесін дайындау процесін бекітеді. СМЖ кұжаттарының кұрамы мен құрылымы анықталады, СМЖ құжаттарын кодтау ережелерін анықтайды, СМЖ құжаттарын жасаудың күнтізбелік жоспары әзірленеді, сапа жүйесін құжаттау бойынша жұмыстар жүргізіледі, құжаттарды дайындауды бақылау және консультацияны ұйымдастыру жүргізіледі.

4 кезең - СМЖ енгізу. Сапа жүйесінің құжаттары күшіне енгеннен кейін, дайындап шығарылған жүйені өздігінен бағалайды. Ол үшін ішкі аудит жүргізіледі, кұжаттар талаптарын қадағалауды бақылау, сапа жүйесінің нәтижелігін талдау, қажетті түзетулерді енгізу және СМЖ бойынша акт толтыру жүзеге асырылады.

5 кезең - СМЖ сертификаттауға дайындау. СМЖ сертификаттау бойынша органдарды таңдау, өтініш беру, сертификаттау туралы келісімді толтыру, СМЖ алдын-ала аудит жүргізу, СМЖ сертификаттау үшін ақырғы тексеруге дайындау.

Сертификаттау - бұл қандай да бір объектінің қойылган талаптарға сәйкестігін тексеру және бағалау процесі. СМЖ қойылатын талаптар ИСО 9001 халықаралық стандартының 1-8 бөлімдерінде беріледі. Егер де сертификаттау мемлекеттік стандартка сәйкес жүргізілетін болса, онда ҚР СТ ИСО 9001 қолданылады.

Сертфикатталған сапа жүйесі кәсіпорынның сапалы өнімді тұракты шығаруға қабілеттілігін сипаттайды, сонымен қатар фирманың ішкі және сыртқы нарықтағы бәсекелестік қабілетінің жоғарлауына әсер етеді.

ИСО 9000 стандартына сәйкес сапа жүйесін сертификаттау шет елдерде кеңінен дамыған, ал Қазақстанда ол 2000 жылдан бастап қана жүргізілуде.

Қазақстан экономикасынның нарығын реформалау бойынша және оның әлемдік экономикаға біртіндеп интеграциясының нәтижесінде, халықаралық стандарттқа сәйкес сапа жүйесін сертификаттау көптеген кәсіпорындар үшін қазіргі уақытта маңызды болып табылады. Ен алғашкы сапа жүйесін сертификаттаған кәсіпорындар қатарына, ААҚ «Инком - мебель», ЖАҚ «Экорас», ААҚ «Айт Отель», ШШС «Almaty Catering Service», және т.б.

Сонымен қатар кейбір кәсіпорындар ИСО сериясы 9000 стандарттарын енгізуге және сапа жүйесі бойынша сәйкестік сертификатын алуға мәжбүр болды, өйткені оны шетелдік сыбайластар талап етеді, келісімге отыру қажеттілігінен және тендірге қатысу маңыздылығы болып отыр.

Қазакстан нарығына өнім жеткізетін шетел компаниялары СМЖ Қазакстан Республикасының Мемлекеттік сертификаттау жүйесінде тіркелген.

Сапа жүйесін сертификаттау ерікті сертификаттау болып табылады. Ол сертификаттаудың мемлекеттік жүйесіне кіреді және мемлекеттік стандарттармен ҚР СТ 3.15.1-98 «ҚР МСЖ Өндірісті және сапа жүйесін сертификаттау. Негізгі жагдайлар» және ҚР СТ 3.15.3-98 «ҚР МСЖ Өндірісті және сапа жүйесін сертификаттау. Өндірісті сертификаттауды жүргізудің тәртібі».

Сапа жүйесін сертификаттау үшін қолданылатын нормативтік құжат ретінде мемлекеттік стандарт ҚР ХС ИСО 9001 «Сапа менеджмент жүйесі. Талаптар».

Сапа жүйесін сертификаттауды жүргізудің негізгі мақсаттарына жатады:

• сапа жүйесін және оның элементтерінің нормативтік кұжаттамалардың бекітілген талабына сәйкестігін растау;

• өндірушінің өтініші мен берілген өнімді (қызметті) жоспарланған сапамен контракта көрсетілген мерзімдерде және жоспарланған көлемде тұракты шығару мүмкіндіктерін растау;

• өнімді сертификаттау үшін қолайлы жағдайлар жасау;

• тұтынушылардың өнімге (қызметке) сенімділігін арттыру, дайындаушы ұйымның басшылығын бекітілген талаптарға сай өнімді шығару және қамтамасыз ету;

Сапа жүйесін сертификаттаудың негізгі принциптеріне мыналарды жатқызуға болады:

• еріктілік;

• жүйеге кіруге дискриминацияны алып тастау;

• нәтижелердің объективтілігі және қайта қалпына келтіру;

• конфиденциалдығы;

• ақпараттылық;

• іске қосылған сапа жүйесінің қойылған талаптарға сәйкестігі туралы өтініш берушінің кұжатталған дәлелдемелерінің дұрыстығы.

Өтініш беруші – кәсіпорынның СМЖ сертификаттаудың объектілеріне тексеру және бағалау жатады:

• сапа саласындағы саясат;

• ұйымдық кұрылымы;

• процестер;

• кұжаттамалар;

• ресурстар;

• өнім сапасының деңгейі.

СМЖ бағалау талдау негізінде жүзеге асады және кәсіпорынмен берілген өнімді өндіру және шығару үшін қажетті және жеткілікті жағдайлардың объективті дәлелдемелері арқылы талдау жүргізіледі, техникалық регламенттерде, нормативтік құжаттамаларда және тұтынушылар мен қойылған келісімдердің талаптарының тұракты орындалуын қамтамасыз етеді. Өнім (қызмет) сапасын тексеру және бағалау сапа туралы ақпараттық материалдардың негізінде жүзеге асады. Мұндай ақпарат көздеріне өнімді өндіру процесінде бақылау туралы мәліметтер, мемлекеттік қадағалауды және бақылауды жүргізетін ұйымдардан, тұтынушылар қоғамынан, сауда ұйымдарынан, мемлекеттік басқару органдарынан және басқа ұйымдардан алынған сапа туралы мәліметтер кіреді. Егер республикада жұмыс атқаратын заңға сәйкес болса өнімге (қызметке) нормативтік және занды құжаттарда берілген міндетті талаптар қойылады, ал СМЖ сертификаттауда кәсіпорыннын осы талаптардың сақталуын қамтамасыз ету әрекетін тексереді. Өндірісті және сапа жүйесін сертификаттауды арнайы стандарттау, метрология және сертификаттау органмен аккредиттелген және берілген жұмыстарды жүргізуге құқығы бар өндірісті және сапа жүйесін сертификаттау бойынша орган іске асырады. 2003 жылдың қаңтар айынның мәліметтері бойынша республикамызда сапа жүйесін сертификаттау бойынша аккредиттелген алты орган жұмыс істеуде. Сертификаттау бойынша органның қызметіне кәсіпорында сапа жүйесін сертификаттауды жүргізу, сәйкестік сертификатын толтыру және беру, сертификатталған сапа жүйелерін және өндірістерді инспекциялық бақылау және т.б. тексеру жұмыстары жатады.

Сапа жүйесін сертификаттау сертификаттау бойынша орган мамандарымен - сарапшы -аудиторлармен жүргізілген бағалау (аудит) нәтижесі болып табылады. Аудиторлар арнайы үйретулерден өтіп, Мемлекеттік реестрде сарапшы-аудитор ретінде тіркелуі тиіс. ИСО 19011 стандарттың талабына сай сапа жүйесінің аудиті және аудиторлардың кұзыреттілігі мен бағалауы жүргізіледі. Бұл стандарт сапа менеджмент жүйесін және экологиялық менеджменттің тексеруді жүргізу кезінде қолданылады, олардың талаптары қатаң болады, сонымен қатар қолданушылардың кең аукымы үшін қолданылады, мысалы, денсаулық және қауіпсіздік менеджментін, қаржы менеджментін, аудиттің баска түрлерін жүргізу кезінде және т.б.

Сапа жүйесін сертификаттауды жүргізу процесін екі кезеңге бөлуге болады:

• сапа жүйесін бағалау және алдын-ала тексеру;

• соңғы тексеру, бағалау және кәсіпорынға сапа жүйесінің сәйкестік сертификатын беру.

Сапа жүйесін сертификаттау бойынша жұмыстар мен кезеңдер төменгі кестеде көрсетілген.





Кәсіпорында сапа жүйесін сертификаттау үшін сертификаттау бойынша тіркелген органга өтініш береді. Өтінішпен қатар сапа жүйесіне алдын ала бағалау жургізу үшін сауалнама (анкета)-сұрак қоса өткізіледі, сапа бойынша жалпы нұскаулық, өнім сапасы бойынша жалпы нұскаулык, өнім сапасы бойынша жалпы мәліметтер (рекламациялар, брактан болған шығындар туралы, өнімді сынау туралы және т.б. мәліметтер беріледі). Сертификаттау органының сұранысы бойынша кәсіпорын туралы басқа да мәліметтерді талап етуі мүмкін. Осы кезенде сапа жүйесіне сырттай бағалау жүргізіледі - бұл алдын ала бағалау. Осының нәтижесінде сарапшы берілген кәсіпорында жұмысты және сертификаттауды жүргізудің мүмкіндігін анықтайды.

Бірінші кезеңнің нәтижесі бойынша сертификаттау жөніндегі орган қорытынды жасайды, мұнда сапа жүйесін сертификаттау бойынша жұмыстардың екінші кезеңге өтудін мүмкіндігі анықталады және кәсіпорынның дайындығы көрсетіледі немесе екінші кезең бойынша жұмыстарды жүргізудің мүмкін еместігін анықтайтын себептері көрсетіледі.

Бірінші кезең бойынша оң нәтиже болса, онда екінші кезендегі жұмыстарды жүргізудің уақыты анықталады.

Екінші кезең, сапаны басқару туралы кәсіпорының әрекет ету жағдайына ақырғы тексеру жүргізу болып табылады. Сапа жүйесін бағалау және тексеру кәсіпорында қызмет атқаратын сапа жүйесінің элементтерінің СМЖ стандарттың талабына сәйкестігі негізінде жүргізіледі. Тексеру сұрау арқылы, құжаттарды зерттеу және тексерілетін ұйымды бақылау арқылы жүзеге асады. Сәйкессіздікті көрсететін фактілер хаттамада және бақылау қағаздарында бекітілуі керек.

СМЖ сертификаттау арнайы жоспарланған сынақтарды, өнімнің сапа көрсеткіштерін өлшеуді және талдауды қарастырмайды. Бірақ өнім сапасында немесе жүргізілген сынақтың дұрыстығында күмәндік болса, онда сарапшылар ұйымда жүргізілетін ұйымды сынауды бақылай алады.

СМЖ сертификаттау кезінде өнімді сертификаттауға қажетті кәсіпорындағы сынақтардың жеткіліктілігін тексереді, сонымен қатар дайындаушыдан да сынақ жүйесінің болуы тексеріледі, онда бекітілген талаптарга сәйкес келетін өнімнің барлық сипаттамаларын бақылау жатады.

Сапа жүйесінің элементтерін және процестерін бағалау үшін біліктілігі бар мамандар - басқа мамандандырылған ұйымдардан техникалық сарапшылардың келуі мүмкін.

СМЖ тексеру нәтижесінде келесідей қорытындыларды шығаруға болады:

• жүйе берілген талаптарға толығымен сәйкес келді;

• жүйе тұтас алғанда талаптарға сай, бірақ стандарттан біраз ауытқушылық анықталған;

• жүйе берілген талаптарға сәйкес емес.

Бірінші жағдайда сертификаттау органы кәсіпорынға сапа жүйесіне сәйкестік сертификатын береді және оны алдымен стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша уәкілетті орган сертификатталған сапа жүйесін Мемлекеттік реестрге тіркейді.

Егер екінші кезең бойынша жүргізілген жұмыстарда сертификаттау органымен сапа жүйесінің стандарт талабына сәйкессіздік анықталса жәнс ол шамалы сәйкессіздік болған жағдайда, кәсіпорынмен бірігіп жүйеге сәйкес келмейтін жұмыстардың аяқталу мерзімдері көрсетіліп және қайта тексеруді жүргізудің уакыты анықталады.

Сертификатталған сапа жүйесі (өндіріс) мен сертификатталған өнім арасында өзара байланыс болады.

Егер өнімді сертификаттауда кұрылымдары 2, 3, 4, 10 ҚР СТ 3.4 қолданылса, онда сапа жүйесіне немесе өндірісте сәйкестік сертификаты болғанда өндіріске талдау жасалмайды.

Сапа жүйесі мен өндіріске сертификаттар кәсіпорынмен қолданылады. Егер ол өнімді сертификаттауды ҚР СТ 3, 4, 5 және 6 кұрылым бойынша жүргізілген жағдайда.

Сертификатталған сапа жүйесіне инспекциялық бақылау жоспарлы (жылына бір рет) және жоспарлы емес түрде жүргізіледі. Жоспарлы емес бақылауға келесі себептер әсер етеді:

• сертификаттау органына кәсіпорын өнімінің сапасына шағым түскенде;

• технологиялык процеске немесе өнім құрамына өзгерістер енгізгенде;

• ұйымдык кұрылымның немесе кәсіпорынның кадрлык құрамы өзгергенде.

Инспекциялық бақылау жүргізіледі:

1 сапа жүйесін күшінде ұстау фактілерін орнату;

2 үздіксіз жақсарту туралы ережелерді және фактілерді орнату;

3 сапа жүйесінің нәтижелігін бағалау;

4 берілген стандартқа немесе сапа жүйесінің талаптарына қызметтің сәйкестігін анықтау.

Кәсіпорынның сапа жүйесін қадағалауға жатады:

• кәсіпорынмен өзгерістер енгізілген сапа жүйесінің құжаттамаларын стандарт талабына сәйкестігін талдау және бағалау;

• кәсіпорын жұмысының стандартқа және сапа жүйесінің құжаттамаларындағы талаптар сәйкестігіне жүйелі тексерулер жүргізіп отыру;

• алдынғы тексеруден табылған сәйкессіздіктер бойынша түзету жұмыстарының нәтижелігін бағалау;

• тұтынушылар жағынан болған шағымдарды талдау;

• кәсіпорындағы сапа жүйесінің нәтижелігін бағалау;

• сапа жүйесінің берілген талаптарга сәйкестігі туралы кез-келген ресми ақпарат көздерінен келіп түскен ақпаратты бағалау және талдау.

Сәйкестік сертификатын жою немесе тоқтата тұру туралы мәліметтер сертификатталған сапа жүйесінің Мемлекеттік реестрінде тіркеледі.



Егер кәсіпорын СМЖ бақылау немесе тексеру нәтижесімен келіспесе, онда оны қайтадан қарастыруға мүмкіндік бар. Апелляцияны сапа жүйесін сертификаттау бойынша органына береді, егер онымен қабылданған шешім қанағаттандырмайтын болса апелляцияны Гостандартқа жібереді.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сертификаттау жүйесінде сапа жүйесін сертификаттау үрдісі европалық және халықаралық ережелермен және нормалармен сәйкестендірілген. Бұл Қазакстан сертификатын шетелдерде тану үшін және халыкаралық жүйеге қосылу үшін жасалған. Сонымен қатар сапа жүйесіндегі ұлттык сертификаттау жүйесінің халықаралық тәжірибеге қарағанда айырмашылығы бар, өйткені отандық жүйе өндірісті сертификаттаудан тұрады. Өндірістерді сертификаттау өндірістерді аттестаттау прототипі болып табылады. Ол ИСО 9001-1994 және ИСО 9002-1994 халықаралық стандартымен бекітілген он негізгі элементтерден тұрады. Берілген стандарттардың жұмыс мерзімі 2003 жылдын 12 желтоқсанында аяқталатын болғандықтан республикада берілген үрдіс қайта қарастырылады.
жүктеу 108,27 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау