Сабақтың тақырыбы: Практикалық жұмыс (Microsoft Word текстік редакторымен ) Сабақтың мақсаты



жүктеу 56,79 Kb.
Дата24.12.2017
өлшемі56,79 Kb.
түріСабақ

Қызылорда облысы , Арал қаласы № 220 орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі Жаймақова Жамила 03.02.2014жылы

Өткізген сабағымды өзімнің әріптестеріме ұсынып отырмын
Сыныбы:

Сабақтың тақырыбы: Практикалық жұмыс (Microsoft Word текстік редакторымен )

Сабақтың мақсаты: 1.Word тексттік редакторының қызметін пайдалана білу, тексті форматтау және редакторлеу дағдыларын меңгеру, құжатты көркемдеу әдістерін үйрену, тақырыптық құжаттарды өз еркімен жасауға дағдылану, оқушыларды операторлық мамандыққа баулу, даярлау.

2. Тест сұрақтарына жауап беру арқылы ой-өрісін , ойлау қабілетін дамыту.

3. Компьютерлік сауаттылыққа , мәдениеттілікке, ізденімпаздыққа, өзінің ерік –жігеріне сенуіне , адамгершілікке тәрбиелеу.
Түрі : Практикалық сабақ

Көрнекілігі: Мәтіндік редакторы

Әдісі : Сұрақ-жауап, түсіндірме, баяндау .

І . Ұйымдастыру кезеңі :

А. Психологиялық дайындық

«Мен жұлдызбын » Тренингін өткізу.

Оқушылар дөңгеленіп отырып, көздерін жұмады, оң қолдарымен жүректерін ұстап , сол тұстан кішкентай ғана сәулесін шашқан жұлдызды елестетеміз. Ол жұлдыз бара-бара үлкен жарық жұлдызға айналып, өзімізде жұлдыз сияқты жарқыраймыз.

Ішімізден « Мен жұлдызбын »деп бірнеше рет қайталаймыз . Терең дем алып көзімізді ашамыз

Әрбір бала бір жұлдыз болып жарқырауға лайықты !

Жарқыраған көңіл-күйімізбен сабағымызды бастаймыз :



ІІ. Қайталау, практикалық жұмысқа даярлау.

Оқушылар үш түсті көк, Қызыл , жасыл түрлі түсті қағазды таңдау арқылы топқа бөлінеді.

Түс көк 1- меңзер тобы

  1. Word текстік редакторының қызметі, қолданылуы.

  2. Microsoft Word программасын іске қосу ретін түсіндір, іске қос.

Қызыл түс 2- аспаптар тобы

  1. Word текстік редакторының терезе элементтерінің қызметін айт.

  2. Microsoft Word редакторында жасалған жұмысты қалай сақтаймыз?

Жасыл түс 3- Пішімдеу тобы

  1. Суреттер қатарының қызметін түсіндір.

  2. Қалып –күй жолының қызметін айт

Сұрақтарға алдын –ала таратылған плакаттармен түрлі –түсті бояуларды пайдалана отырып жауап береді.

ІІІ. Практикалық жұмыс кезеңі.

Үш топқа үш түрлі тәрбиелік мәні даналардың өсиет сөздері жазылған мәтіндерді теру берілді.

Меңзер тобы :

Тобықтай түйін

Адамзат өз өмірін екі-ақ жолмен аяқтайды. Ақылдылар өз өмірін шексіз білім , ой –сана , мейірім және рухани күш жинауға арнайды. Олар биікке көтеріледі.

Ақымақтар өздерінің жаман әдеттері мен тұрпайы тіршіліктерінің құрбанына айналып, құрдымға құлайды.

.... Жұрт адамдарды « бақытты ,» «бақытсыз »деп екіге бөлді. Бұл кімнің қай жолға түскенін меңзесе керек.




  • Аспаптар тобы :

Таршылық пен талпыныс

Бір жігіт данышпан қарияға келіп қанша талпынып талаптанса да, қаржыдан қысылып, дүниеге жарымай жүргенін баяндапты.



  • Сірә, менің маңдайыма осындай таршылығы мол тағдыр жазылған шығар...

  • Талпынып талаптанған адамның табысқа жетпеуі мүмкін емес, сенің қателігің соны түсінбеуде жатыр, - дейді қария. Сонан соң данышпан жігітті өзен жағасына алып келіп, өзімен бірге суға алып түсіпті. Адам бойламайтын терең жеріне алып келіп, басынан ұстап, төменге басыпты. Алғашқыда шыдап көруге тырысқан жініт, болмай бара жатқан соң, жоғары шығуға ұмтылыпты. Шалдың қолынан босанып шыға алмағасын, қатты бұлқынып, су бетіне басын зорға шығарып ауа жұтыпты. Сонда данышпан қария: міне, сенің талпынысың осындай болғанда ғана, таршылықтың тұсауынан босай аласың, - депті.



  • Пішімдеу тобы:

Ерік –жігеріңнен үміттен.
Кез-келген ақыл-есі дұрыс адам әлдебір қолдаушы күштерге сенуден бас тартып, тек өзіне , өз күшіне ғана үміт артуға тиіс. Адамды бақытсыз ететін нәрсе – ерік- жігерінің әлсіздігі мен тәуелсіздігі.

Кез-келген істі сабырмен , өз-өзіңе деген нық сеніммен істеуге тырыс. Жылдам қимылдауды –асығыс- үсігісі іс қылу деп түсінуге болмайды. Есіңізде болсын, өз ісіне шынайы берілген шаруаға салқынқандылықпен қарайтын, әр істі нық сенім мен бастап, шыдамдылықпен аяғына дейін жеткізе алатын адам ғана бақытты бола алады.



Практикалық жұмысты қорытындылау.

Осы мәтіндердің тәрбиелік мағнасын ортаға салу, Оқушылардың жұмысын тексеру, қателерін жөндеу, сұрақтар қою, сұрақтарына жауап беруарқылы қорытындылау.



Сабақ ты бекіту :Тест сұрақтарына жауап беру арқылы пысықтап бекіту.

Өзіңді тексер !



  1. Түзетуге жататындар

А. Мәтін бөліктерін жою,қосу, жылыжыту, көшіру іздеу және алмастыру .

В. Пішімдеу , шегіністер ,абзацтар

С. Сақтау, құру, ашу

Д. Астын сызу шрифт өзгерту



2 Қалып-күй қатары терезенің қай жағында орналасқан ?

а. Жоғары

в. Төменгі

с. Ортасында

д. Оң жақ шеті

3. Құрал саймандар қатарындағы бірінші батырма қандай батырма ?

а. Алдын алу қарау

в. Ашу

с. Құру


д. Сақтау

4. Тақырып жолында не жазылған ?

а. Point

в. Paint

с. Microsoft Word

д. Калькулятор
5. Көшіру және Вставить ( қою) командалары қай мәзірде орналасқан ?

а. Вид

в. Формат

с. Правка

д. Файл


6. Жұмыс аймағы терезенің қай жағында орналасқан ?

а. Ортасында

в. Оң жақ шеті

с. Сол жақ шеті

д. Төменде

7. Абзацтың бірінші жолындағы шегініс үшін жауапты сызғыш ?

а. Оң жақтағы төменгі маркер

в. Сол жақтағы жоғары маркер

с. Сол жақтағы төменгі тікбұрышты маркер

д. Сол жақтағы төменгі үшбұрышты маркер

8. Сызғыштың көмегімен не істеуге болады ?

а. Шегіністерді

в. Түзеуді баптауға

с. Жоларалық интервальды анықтауға

д. Маркерленген тізімді баптауға

9. Мына батырманың қызметі?



а . Құжатты сақтау

б.Құжатты көшіру

с.Құжатты өшіру

д.Файлды ашу

10. Мына батырманың қызметі?
а. Түс

б .Көшіру

с . Алдын –ала қарау

д .Үлкейту


V. Бағалау парағы бойынша . Оқушыны бағалау.

Бағалау парағы: Әр топтың топ басшысы бағалап отырады.



Оқушының аты -жөні

Оқушының

қызығушылығы

Сұрақтарға жауап беруі

Партикалық жұмыстың орындалуы

Тест сұрақтарына жауап беруі.
















VІ.Үйге тапсырма: 1.Microsoft Word текстік реактордың қызметін, терезе элементттерін оқып келу.

  1. Microsoft Word текстік реакторында өз бетттерінше ізденіп даналардың өсиетті сөздерін теріп жазып , баспадан шығарып әкелу.

Каталог: 2014
2014 -> Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласы Б. Момышұлы атындағы №12 жалпы орта мектебі Ағылшын тілі пәні әдіс бірлестігінің
2014 -> Жұмыс бағдарламасы пән: (таңдамалы компонент) Фармацевтикалық демеу Мамандығы
2014 -> Оқу жылына Әдістемелік Кеңестің жұмысы туралы есебі
2014 -> Сарсенбаева Айнажан Шаймардановна Қазақ әдебиетінен
2014 -> Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Дүйсенова Н
2014 -> Сабақтың тақырыбы: Антонимдер Сабақтың мақсаты
2014 -> 4 курс Касенова Сауле Лаиковна
2014 -> Дәріс кешені Пән – Фармацевтік гигиена негіздері Мамандық
2014 -> Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы Фармакогнозия және химия кафедрасы

жүктеу 56,79 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
Жұмыс бағдарламасы
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
бекіту туралы
қызмет стандарты
туралы хабарландыру
Сабақ тақырыбы
Әдістемелік кешені
Қазақстан республикасы
республикасы білім
титулдық парағы
білім беретін
Сабақ жоспары
Қазақстан облысы
Конкурс туралы
Қазақстан республикасының
жылдарға арналған
мемлекеттік әкімшілік
бойынша оқыту
біліктілік талаптары
Республикасының білім
қойылатын жалпы
мемлекеттік қызметшілері
жалпы біліктілік
жұмыс істеу
ткізу туралы
қатысушыларға қойылатын
қағидаларын бекіту
қатысушыларына арналған
ортақ біліктілік
мамандығы бойынша
денсаулық сақтау
арналған ортақ
конкурс қатысушыларына
пәнінің мұғалімі
Мектепке дейінгі
бағдарламасының титулдық
Республикасы кіметінің
біліктілік талаптар
жұмыспен қамту
мамандығына арналған
мемлекеттік мекемесі
Бастауыш сынып
Республикасы білім
жалпы білім
Конкурс ткізу
мектепке дейінгі
облысы бойынша