Сабақ тақырыбы Сағат Зертханалық сарамандық жұмыстар Кіріспе



жүктеу 5,87 Mb.
бет24/32
Дата18.12.2017
өлшемі5,87 Mb.
түріСабақ
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   32

ІV. Бекіту.

Сонымен көпжасушалы өсімдік пен жануарда жасуша ағзаның құрылымдық және қызметтік өлшем бірлігі болып табылады. Кез келген тірі ағзаның денесі жасушалардан тұрады: ағзадағы бүкіл тіршілік процестері мен оның тіршілік әрекеттері осы жасушалар қызметінің үйлесімділігі арқылы қамтамасыз етіледі. Көпжасушалы жануарларда мынандай мүшелер жүйелері қалыптасқан: асқорыту жүйесі, тынысалу жүйесі, қанайналым жүйесі, тірек қимыл жүйесі, бұлшықет-қимыл жүйесі, зәр шығару жүйесі, ішкі секреция бездері, сезім мүшелері.

Ағза – біртұтас тіршілік иесі. Оның құрылымын, тіршілік процестері мен әрекеттерін «жасушалар – ұлпалар – мүшелер – мүшелер жүйесі» тізбегімен жекелеп оқып, зерделеу ағзаны терең түсіну үшін қажет.

Үй тапсырмасы. § 35 оқып, 74-суретті салу

Сабақ: 34.

Тақырыбы: § 36. Көпжасушалы жануарлардың құрылысы мен тіршілігі

Сабақтың мақсаты: омыртқасыз жәндіктердің асқорыту жүйесі және астың қорытылуы жайлы білімдерін қалыптастыру; қоректік зат түрлері, жасушадағы мөлшері жайлы мағлұмат беру; түрлі тәрбиелік шаралардың әсерімен оқушы тұлғасында жағымды өзгерістерге жету; пәнге, тақырыпқа байлынысты қызығушылықарын арттыру.

Сабақтың әдісі: түсіндірмелі

Сабақтың типі: құрастырлған

І Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезіңі

Ұлпа деген не? Жануарлар ағзасындағы ұлпалардың топтарын атаңдар.

Эпителий ұлпаларының қандай түрлері бар? Бұл ұлпалардың негізгі қызметін әңгімелеңдер.

Дәнекер және бұлшықет ұлпаларының түрлері мен қызметін әңгімелеңдер.

Жүйке ұлпасын түзетін жасушалардың құрылысы мен қызметін қысқаша сипаттап, олардың өзара тәуелділігін түсіндіріңдер.

«Жасуша–ұлпа–мүше–мүшелер жүйесі» тізбегінің біртұтастығын баяндаңдар.



ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі 

 Жоспар:


1. Қоректік зат және тіршілік.

2. Омыртқасыз жәндіктердің асқорыту жүйесі және астың қорытылуы.



Қоректік зат және тіршілік. Кез келген тіршілік иесі сияқты жануар ағзасы де үздіксіз жұмыс істейді. Мұның барысында кейбір жасушалар тозып, бұзылып немесе тіршілігін жояды. Олардың орны дәл сондай жаңа жасушалармен толығып, калпына келеді. Сонымен қатар бүкіл тіршілік процестерінің үздіксіз жүруіне қуат пайдаланылады. Жануар ағзасы мұндай «құрылыс материалы» мен қуатты қайдан алатынын қарастырайық.

Ағзаға қорек болып, оның тіршілігін қамтамасыз ететін, яғни оған «құрылыс материалын» да, энергияны да беретін заттарға нәруыз, май және көмірсулар жатады. Сонымен бірге мұндай материалдарға көптеген минералды тұздарды және суды жатқызуға болады. Осындай заттардан ағза өз денесін құрып, тіршілік етеді.



Нәруыз – мөлшері мен тіршіліктегі қызметі жағынан жасушаның ең маңызды органикалық заты. Нәруыздардың тірі ағзада атқармайтын қызметі жоқ.

Жасуша құрамындағы майлардың мөлшері аз, 5-10%-дан аспайды. Олар да тіршілік процесінде құрылыс материалы, қуат көзі, жасушаны сумен қамтамасыз ететін зат ретінде маңызды рөл атқарады.



Көмірсулар жануар жасушасында 1-5%-дай болады, ал бауыр мен бұлшықет жасушасында көбірек кездеседі:

Көмірсулар (глюкоза, сахароза, т.б.) – ағзадағы негізгі қуат көзі.

Жануарлар дайын органикалық заттармен (өсімдікпен, басқа жануармен және т.б.) қоректенеді. Бірақ қоректің (жемнің, азықтың) құрамындағы нәруыз, май және басқа қоректік заттар ешбір өзгеріске түспей, бірден жануар жасушаларын түзеді, оны «жөндеп», қалпына келтіреді деген қате ұғым тумауы керек. Жануар ағзасында ол заттар ыдырап, ерітіндіге айналады. Сол ыдыраған бөлшектерден жануар ағзасы тек өзіне тән нәруыздарды, майларды және басқа заттарды синтездеп алады.

Бұл заттар ағзаның мүшелеріндегі өз қызметін атқарып тозған, жойылған жасушалардың қайтадан түзіліп жаңаруына жұмсалады. Оларды «құрылыс материалы» деуге болады. Органикалық заттар үздіксіз ыдырағанда үнемі қуат бөлініп шығады. Ол жаңа органикалық заттардың синтезделуіне, тыныс алуға, қозғалуға және т. б. жұмсалады.



Омыртқасыз жәндіктердің асқорыту жүйесі және астың қорытылуы. Көпжасушалы жануарлардың даму деңгейіне және тіршілік қалпына қарай асқорыту жүйесінің құрылысы әр түрлі. Жәндіктердің асқорыту жүйесінің құрылысын, оның біртіндеп күрделенуін нақтылы түсіну үшін ерекшеліктері айқын көрінетін бірнеше өкілдерін салыстырып қарастыралық.

Бұлардың ең қарапайым құрылысы бар өкілдерінің бірі – гидра. Ол негізінен сулы ортада тіршілік етеді. Дене мөлшері ұсақ. Гидра денесінің пішіні мен құрылысының сызбанұсқалық суретімен танысыңдар. Оның денесі жасушалардың сыртқы – эктодерма, ішкі – энтодерма қабаттарынан тұрады. 

Эктодерма қабаты тері-бұлшықет жасушаларынан, атпа жасушалардан, жүйке және аралық жасушалардан түзіледі.

Энтодерма қабаты асқорыту-бұлшықет жасушалары мен безді жасушалардан тұрады және ішек қуысын астарлап жатады.

Атпа жасушалар қармалауыштарда орналасады және олардың ішінде улы сұйығы бар қапшығы (капсуласы) болады. Қапшықта шиыршықталған жіңішке атпа түтікше-жіп жатады. Мұндай жасушаның гидра денесі жабынынан сәл қалтиып шығып тұратын сезімтал талшығы болады. Судағы ұсақ шаян немесе су бунақденелілерінің дернәсілі гидра денесіндегі сезімтал талшыққа тиіп кетсе, қапшықтағы атпа жіпше лезде жазылады да, денесіне жайылады. Гидра жемді қармалауыштары арқылы ауызына апарып, жұтады. Жем ішек қуысына түскен соң безді жасушалардан сәл бөлініп, ас ұсақталып қорытыла бастайды. Асқорыту-бұлшықет жасушаларының талшықтары ас түйіршіктерін араластырады да, пайда болған жасуша жалғанаяқтары (амеба сияқты) ол түйірлерді орап алып, цитоплазмаға өткізеді. Ас одан әрі вакуольдерде қорытылады.

Қоректік заттар ағзаның барлық жасушаларына сіңіріледі. Қорытылмаған қалдық заттар ауызы арқылы сыртқа шығарылады.



Ақ сұлама (планария) сияқты құрттар ауызы арқылы жұтқыншағын айналдырып сыртқа шығарады да, қорегіне сұғындырып, оны тұтас жұтады. Қорек ішекте қорытылады. Сөйтіп ауыз, жұтқыншақ және ішек ақ сұламаның асқорыту жүйесі болып табылады. 

Ал өздеріңе жақсы таныс шұбалшаңның асқорыту жүйесі күрделі. Оларда ауыз, жұтқыншақ, өңеш, жемсау, қарын және ішек болады. Ас жемсауда жұмсарады, қарында араласады, ішекте қорытылады.

Кеміргіш бунақденелілер (мысалы, зауза қоңыз) аузындағы төменгі тісшелі жағымен жапырақ түйірін аздап ұсақтайды. Бұдан соң өңеш арқылы ас тісшелі қарынға түсіп, сонда әбден ұсақталып, араласады. Ішекте қорытылып, сіңеді.

ІV. Бекіту.

Сонымен кез келген ағзаның тіршілік етуі үшін қоректік зат қажет. Сол үшін ағза қоректенеді; оның ағзасында ас қорытылады. Астың қорытылуы – ерекше жолдармен жүзеге асатын күрделі құбылыс. Мұнымен жоғары сыныпта тереңірек танысасыңдар.

Сонымен гидра сияқты ішек қуыстыларда жасушаішілік асқорыту және ішек қуысы ішіндегі асқорыту болады.Үй тапсырмасы. § 36 оқу, 79-суретті салу.

Сабақ: 35

Тақырыбы: §37. Омыртқалы жануарлардың асқорыту жүйесі және онда астың қорытылуы

Сабақтың мақсаты: омыртқалы жануарлардың (балықтар, қосмекенділер, жорғалаушылар, құстар, сүтқоректілер) асқорыту жүйесі және онда астың қорытылуы жайлы білімдерін кеңейту; түрлі тәрбиелік шаралардың әсерімен оқушы тұлғасында жағымды өзгерістерге жету; пәнге, тақырыпқа байлынысты қызығушылықарын арттыру.

Сабақтың әдісі: түсіндірмелі

Сабақтың типі: құрастырлған

І Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезіңі

Жануарлар тіршілігінде қоректенудің қандай маңызы бар?

Қоректің құрамындағы тіршілік үшін ең қажетті нәрлі заттарды атаңдар.

Бұларды неліктен «құрылыс материалы» дейді.

Қуат қайдан, қалай пайда болады? Оның «құрылыс материалына» қандай қатысы бар?

Синтез деген не? (өз түсініктеріңді айту керек). Оның нәтижесінде қабылданған ас ағзада қандай өзгеріске түседі? Тозған жасушалардың жаңаруына мұның қандай қатысы бар?

Асқорыту жүйелерінің (әріппен белгіленген) қайсысы қай жәндікке (санмен белгіленген) тән екенін анықтап, сәйкес әріп пен санды бірге жазыңдар.

А. Ауыз қуысы – жұтқыншақ – өңеш – жемсау – қарын – ішек. 4. Шұбалшаң.

Ә. Өткір хитинді үстіңгі тақташа – тісшелі астыңғы жақ – ерін – өңеш – тісшелі қарын – ішек. 2 Зауза қоңыз

Б. Ауыз – жұтқыншақ – ішек. 1. Ақ планария.

В. Ауыз тесігі – ішек қуысы – асқорыту вакуолі 3. Гидра.
Гидрада асқорытуға дененің қай қабатының жасушалары қатысады? (энтодерма қабаты)

Гидрада асқорытылуының қарапайым жәндіктермен қандай ортақ белгісі бар? (асқорыту вакуольінің болуы)



ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі 

Балықтар, қосмекенділер, жорғалаушылар сияқты омыртқалы жануарлардың ауыз қуысындағы жақ сүйектері, тістері және тілі жемін ұстап жұтқыншаққа жылжытып өткізу қызметін атқарады. Жем жұтылып, өңеш арқылы қарынға түскенше елеулі өзгеріске түспейді. Қарынға түскен соң қарын бездерінен бөлінген сөлдің әсерімен ас біраз қорытылып, ас ішекке өтеді. Мұнда ұйқы безінен келетін сөл мен бауырдан келетін өтпен араласып ас ақырына дейін қорытылып, ішек қабырғасы арқылы сіңіріледі. 

Құстардың жақсүйектері – мүйізденген тұмсық; тістері болмайды. Жемнің мөлшері үлкен болса, оны тұмсығымен шоқып бөлшектеп жұтады.

Дәнқоректі құстарда (кептерлер, тауықтар, т.б.) өңештің соңғы бөлімі кеңейіп, жемсауға айналған. Мұнда жем бездерден бөлінетін сөлмен араласып жұмсарады және аздап өзгеріске ұшырайды. 

Бунақденеліқоректі құстардың (мысалы, қарлығаштар, үйректер, т.б.) жемсауы болмайды. Жем өңештен қарынға өтеді.

Құстардың қарны екі бөлімнен – безді қарыннан және етті қарыннан тұрады. Қарынның алдыңғы бөлімі – безді қарында жем асқорыту сөлімен араласып, одан соң етті қарынға түседі. Бұл бөлімнің бұлшықеті қалың және іші қасаң, қатпарлы қабықпен астарланған. Бұлшық еттің жиырылуынан жем қасаң қабықпен және құстың үнемі жұтатын майда тас-құм түйіршіктерімен үйкеліп әбден ұсақталады, ботқаға айналады. Сонымен құстарда етті қарын тістің қызметін атқарады. Жем бауыр мен ұйқы бездері сөлінің әсерінен ішекте әбден қорытылады.



Сүтқоректілерде, әдетте тістері үш түрі болады: күрек тістер, сойдақ тістер және азу тістер.

Аңдардың кейбір түрлерінде (мысалы, үй қояны, құндыз, тиін) күрек тістері жақсы дамыған, ал сойдақ тістер жоқ; екінші біреулерінің (мысалы, ит, сусар, арыстан) күрек тістері әлсіз, сойдақ тістері күшті дамыған. Аңдардың әр түрінде тістері пішіні, мөлшері, саны жағынан түрліше болып келеді. Ал бәріне ортақ және ерекше белгілері: тістері жақсүйектердегі ұяларға тіс түбірімен бекиді. Тіс ерекше зат – дентиннен тұрады және сыртын кіреуке (эмаль) қаптайды.

Ауыз қуысында жем сілекеймен шыланып, шайналады, ұсақталады. Сілекей жем құрамындағы крахмал тәрізді көмірсуларды ыдырата бастайды. Сүтқоректілерде астың қорытылуы ауыз қуысында басталады. Ұсақталған және шала қорытыла бастаған жем жұтқыншақ арқылы өңешке, одан қарынға түседі. 

Сүтқоректілердің қарны қорек түріне және қоректену тәсіліне қарай бір немесе бірнеше бөлімді болады. Етпен қоректенетін (мысық, ит, қасқыр, т.б.) немесе дәнмен, жәндіктермен қоректенетін сүтқоректілердің (көртышқандар, жертесерлер, кірпілер, т.б.) және жоғарыда аталған балықтар, қосмекенділер, жорғалаушылардың қарны бір бөлімді.



Өсімдіктекті азықпен қоректенетін ірі, күйіс қайыратын сүтқоректілердің қарны 4 бөлімді болады. Қорек өңештен қарынның ең үлкен бөлігі – тазқарынға түсіп, онда сілекей мен әр түрлі бактериялардың әрекетінен ашып, қабырғасы ұяшықтанған жұмыршаққа өтеді. Жұмыршақ жиырылған кезде ас лықсып, қайтадан ауызға келіп түседі. Күйіс қайыратын сиыр сияқты малдар жұмыршақтан ауызға келген қоректі қайтадан сілекеймен шылап, тісімен ұнтақтап шайнайды. Қоймалжың қорек өңеш арқылы қайта жұтылып, қатпаршақ қарынға, одан ұлтабарға өтеді.

Қарында сөлдің әсерінен нәруыздар ыдырайды. Сонымен қатар қарында үнемі тұз қышқылының ерітіндісі болады. Мұның әсерінен нәруыз ісініп, оның ыдырауы күшейе түседі. Сол сияқты қарындағы ортаның температурасы үнемі +38°С, +39°С болып тұрады.

Шала қорытылған қоймалжың қорек асқорыту жүйесінің келесі бөлімі – аш ішекке біртіндеп, аз мөлшермен өтіп отырады. Аш ішек етпен қоректенетін хайуандарда (мысалы, мысық, қасқыр және т.б.) тоқ ішекпен, тоқ ішек тік ішекпен жалғасады. Өсімдіктекті азықпен қоректенетін сүтқоректілерде аш ішек пен тоқ ішек тоғысатын жерден бүйен тармақталып шығады. Ал қоян мен адам бүйенінің ұшы құрт тәрізді тұйықталып бітеді. Қорек аш ішекте ұйқы безі мен бауырдан бөлінетін сөлдердің әсерінен қорытылады. Бауырдан бөлінетін сөл – өт деп аталады. Ол майды ұсақ тамшыларға ыдыратып, тез қорытылуын қамтамасыз етеді.

Ұйқы безінің сөлі ұлтабар ұшында сілтілі орта жасап, нәруыз, май, көмірсуларды қорытылуына қолайлы жағдай туғызады.

Аш ішектің астарын қылтамырлар мен лимфа тамырлары торлап жатады. Қорытылған органикалық заттар ерітіндісі қылтамырлар арқылы қанға, май ерітінділері лимфаға сіңіріледі. Сөйтіп органикалық заттар қан мен лимфа арқылы бүкіл ағзаға, ұлпаларға таралады. Қорытылмаған қалдық заттар тоқ ішекке өтеді. Ол заттардағы су тоқ ішек қабырғасы арқылы қанға өтеді де, қалғаны тығыздалып, тік ішек арқылы денеден сыртқа шығарылады.

 №17-зертханалық жұмыс



Тақырыбы: Балықтың ішкі құрылысы.

Мақсаты: Бүгінгі сабақ тақырыбы мазмұнындағы негізгі ұғым-түсініктерді нақтылы мағлұматтармен байыту; табиғи объектімен жұмыс істеуге үйрену: Келесі сабақтар мазмұнына тірек болатын кейбір ұғым-түсініктер жинау.

Құрал-жабдықтар: сойылған (ішкі мүшелері ашылған) балық (табақшаға орналасқан, іш қуысына су құйылған), оңаша үстелге қойылып, ми сауыты ашылған балық, ұлғайтқыш қол әйнек, іскек, тақтаға ілінген кесте: «Балықтың ішкі құрылысы», балықтың ішкі құрылысының сұлбасы салынған карточкалар (жұмыстың белгілі бір кезеңінде мұғалім әр оқушыға таратып береді).

Жұмыстың барысы:

І.  1. Ауыз қуысындағы қоректенуге қатысатын мүшелерді зерделеу.

Астың жүріп өтетін жолын, кестені пайдаланып, анықтап, әр бөлімнің атауымен, сыртқы түрімен, пішінімен, мөлшерімен (ұзын, қысқа, үлкен, кіші, т.с.с.), орналасуымен (арқа, құрсақ, құйрық бөлімдері) танысу.

2. Астың қорытыла бастайтын және әбден қорытылатын бөлімдерін табу.

3. Асты қорытуға қатысатын бауыр мен қарынасты безін, өт, сөл жүретін жолдарының асқорытудың қай бөлімімен жалғасатынын анықтап көру.

ІІ. 4. Балық желбезегін зерделеп, қақпақшаларын, жапырақшалары мен талшықтарын қарап, әрқайсысының орналасуына назар аудару.

5. Зәршығару жүйесінің бөлімдерін (бүйрек–несепағар–қуық–аналь тесігі) тауып, зерделеу.

6. Жүрегінің орнын, түрін, пішінін анықтау.

7. Жақсы дамыған бұлшықетті дене бөліміне назар аудару.

8. Аталық немесе аналық (зерделеніп отырған қайсысы?) бездердің орналасуымен, пішінімен, мөлшерімен, сыртқы көрініс-түрімен танысу.



Нәтижесі: Балықтың ішкі құрылысын жаз:

Балықтың ішкі құрылысы




1._______________

2._______________

3._______________

4._______________

5._______________

6._______________

7._______________

8._______________

9._______________

10.______________

11. ______________

12.______________

13.______________

14.______________




Каталог: uploads -> doc
doc -> Оқушылардың Ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру «Оқу жұмысының үш жағы үш мәселеге тіреледі: бірі мұғалімге, бірі құралға, бірі ақшаға»
doc -> Бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби қызметін ұйымдастыруда әдістемелік жұмыты дамыту жолдары
doc -> Шалдай жалпы білім беру орта мектебінің Ағылшын тілі және орыс әдебиеті мұғалімдері әдістемелік бірлестігінің
doc -> №1 М.Әуезов атындағы жалпы орта мектептің 2015– 2016 оқу жылында дарынды оқушылардың жетістіктері
doc -> Физика-математика пәнінен Ұлттық бірыңғай тестіге дайындаудың тиімді жолы
doc -> «Ғылыми зерттеу мәдениеті» Бастауыш сынып мұғалімі А. Е. Султанова 2015-2016 оқу жылы Түсінік хат
doc -> Сабақтың тақырыбы: Ғарыш дегеніміз не? Сабақтың мақсаты: Ғарыш туралы білу
doc -> Логика әлемі
doc -> Қолдаудың рөлі Дайындаған: Жақсы №1 орта мектебінің
doc -> Жобаның өзектілігі

жүктеу 5,87 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   32




©g.engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
Жұмыс бағдарламасы
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
бекіту туралы
қызмет стандарты
туралы хабарландыру
Сабақ тақырыбы
Әдістемелік кешені
Қазақстан республикасы
республикасы білім
титулдық парағы
білім беретін
Сабақ жоспары
Қазақстан облысы
Конкурс туралы
Қазақстан республикасының
жылдарға арналған
мемлекеттік әкімшілік
бойынша оқыту
біліктілік талаптары
Республикасының білім
қойылатын жалпы
мемлекеттік қызметшілері
жалпы біліктілік
жұмыс істеу
ткізу туралы
қатысушыларға қойылатын
қағидаларын бекіту
қатысушыларына арналған
ортақ біліктілік
мамандығы бойынша
денсаулық сақтау
арналған ортақ
конкурс қатысушыларына
пәнінің мұғалімі
Мектепке дейінгі
бағдарламасының титулдық
Республикасы кіметінің
біліктілік талаптар
жұмыспен қамту
мамандығына арналған
мемлекеттік мекемесі
Бастауыш сынып
Республикасы білім
жалпы білім
Конкурс ткізу
мектепке дейінгі
облысы бойынша