Пәнді оқу бағдарламысының (syllabus) титулдық парағы


Ғылыми зерттеу жұмысының тақырыбын таңдау



жүктеу 0,5 Mb.
бет2/3
Дата14.11.2017
өлшемі0,5 Mb.
#399
1   2   3

Ғылыми зерттеу жұмысының тақырыбын таңдау.


  • Ғылыми зерттеу жұмысын жоспарлау.

    Сұрақтар бойынша қысқаша мәлімет

    Ғылыми жұмыс жазатын тақырып таңдау, ғылыми тақырыбына сәйкес кітаптар,сілтемелермен жұмыс істеу,ақыл-кеңес беру. Жалпы ғылыми зерттеу жұмысының құрылымына қысқаша тоқталу, сипаттау. Ғылыми зерттеу жұмысын жазу мен рәсімдеуді жоспарлау жұмысы.
    Мультимедиялық сүйемелдеу

    1) ABBYY Fine Reader;

    2) Microsoft Offise;

    3) AVAST Free Antivvirus;


    Тақырып 6 Ғылыми зерттеудің спецификасы.

    Жоспар

    1. Зерттеу жұмысының кезеңдерінің мазмұны мен құрылымы.

    2. Ғылыми зерттеудің типтері.

    Сұрақтар бойынша қысқаша мәлімет

    Ғылыми зертеу жұмысын ұйымдастыру барысында алдын ала жүргізілетін жұмыстың бірі жоспарлау. Бұл жұмыстың барысында зерттеу жұмысының кезеңдерінің мазмұны мен құрылымы толықтай жазылып өтіледі. Ғылыми зерттеуді жүргізудің кезеңдері:



      1. Зерттеу мәселелерін теориялық талдау. Мәселелердің маңыздылығын, оның ерекшеліктерін, осы тақырып бойынша әртүрлі көзқарастарды сипаттау, сондай-ақ оның бүгінгі таңдағы шешілу жолдары. Осының барлығы зерттеу бөлімінің 1- ші теориялық мазмұнын құрайды.

      2. Экспериментальды (практикалық бөлім) зерттеу мәселелер мәнісін түсіндіретін немесе оны шешуге мүмкіндік беретін ғылыми әдістерді пайдалануды болжайды. Зерттеу жұмыстарының бұл кезеңі маңызды болып табылады, бұл кезеңде жоба авторы өзінің шығармашылық мүмкіндігін көрсете алады. Бұл кезеңде эксперименттер, байқау, сауалнама, әңгімелесу, сұрақ қою, интервью алу т.б. зерттеу әдістері пайдаланылады. Ғылыми зерттеуді жүргізу кезінде дұрыс ақпарат алу үшін бір емес, бірнеше әдістер жиынтығы қолданылады.

    Әдебиет [1,2]

    Мультимедиялық сүйемелдеу

    1) ABBYY Fine Reader;

    2) Microsoft Offise;

    3) AVAST Free Antivvirus;


    Тақырып 7 Ғылыми ақпаратты жинақтау.

    Жоспар

    1. Ғылыми ақпараттың негізгі көздері.

    2. Әдебиеттерді зерттеу.

    Сұрақтар бойынша қысқаша мәлімет

    Ақпаратты іздестіру мақсаты.

    Ақпаратты іздестіру мақсаты әр түрлі болуы мүмкін:

    - белгілі тақырып бойынша әдебиеттің тізімі толық қажет болса;

    - неғұрлым заманауи жаңа әдебиеттер қажет болса;

    - біріншілей көздерді іздестіру қажет болса.

    Әдебиетті хронологиялық және антихронологиялық (кері) іздестіруге болады.



    1. Ақпаратты іздестіру алдындағы дайындық.

    Ой жұмысы әрқашан да ақпарат іздестірумен байланысты. Ақпараттың көлемі мен күрделілігі артқан сайын, ақпаратты іздестіру жекелеген білім жүйесіне айналып, оны іздестіру жолы да қиындай түсті. Ақпаратты іздестіру және қажеттісін алу үшін маман белгілі бір дайындықпен жұмысқа кірісуі қажет:

    • ғылыми – техникалық ақпараттың жалпы жүйесі және оның берер мүмкіндігін білу керек;

    • өз мамандығың бойынша барлық мүмкін ақпарат көздерін білу керек;

    • алдына қойған міндеттеріне байланысты ең тиімді іздестіру жолын таңдап алу тиіс;

    • көмекші библиографиялық және ақпараттық материалдарды қолдану дағдысы болуы керек.


    Әдебиет [1,2]

    Мультимедиялық сүйемелдеу

    1) ABBYY Fine Reader;

    2) Microsoft Offise;

    3) AVAST Free Antivvirus;


    Тақырып 8 Ғылыми зерттеу ұйымының құрылымдық мәселелері және ұйыдастыру шарттары.

    Жоспар

    1. Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру жағдайы жайлы.

    2. ҚР Білім беру және Ғылым Министрлігінде ғылыми зерттеу мәселелері қарастыру жайлы ұйымы .

    Сұрақтар бойынша қысқаша мәлімет

    Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының мақсаты мен міндеттері

    1. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының жүйесін ұйымдастыру және дамытудың негізгі мақсаты жоғары кәсіби білім беруде маман даярлаудың ғылыми деңгейін көтеру және оқуын ары қарай жалғастыру үшін талантты жастарды іріктеу, ғылыми- техникалық прогрестің жаңа жетістіктеріне, экономикалық ойлау мен мәдени дамуға қол жеткізу негізінде жоғары оқу орнында педагогикалық және ғылыми кадрлармен толықтыру.

    2. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары жүйесін ұйымдастырудың негізгі міндеттері:

     студенттердің сабақтары мен ғылыми-зерттеу жұмыстарының интеграциясын қамтамасыз ету;

     студенттерді шығармашылық, ғылыми және кәсіби еңбекке баулу мен даярлаудың органикалық бірлігін жүзеге асыру;

     студент жастардың жеке шығармашылық қабілеттерін ашу және оны жүзеге асыру үшін жағдайлар жасау;

     студенттерді ғылыми жұмысқа тарту және нәтижелілігін арттыру;

     ғылыми жұмыстарға деген қабілеті бар талантты жастарды іріктеу;

     студентті  ғылыми қызметкер ретінде қалыптастыру және дайындау;

     болашақ мамандарда өндіріс орындары мен мекемелерде ғылыми негізделген кәсіптік жұмыстарды алып кете алу шеберлігін, тез бейімделе алу  қабілетін, алған білімін қолдана алу; жоспарлаудың методологиясы мен практикасын меңгеру, нарықтық қатынас жағдайларында маңызды шешім қабылдай білу; біліктілігін көтеруге және қайта даярлануға дайындығы мен қабілетін қалыптастыру және дамыту;

     конструкторлық- жобалау жұмыстарына икемі бар, өндірісте өзін-өзі басқару дағдысы қалыптасқан, нақты ғылыми-практикалық іс-шараларды сауатты жасай алатын және жүзеге асыратын жоғары білікті маман, жетекшілер даярлау.

     қоғам мен мемлекеттің қазіргі қателіктеріне байланысты ғылымның басым бағыттарына студенттерді тартуда ғылыми-зерттеу жұмыстарының тиімділігін арттыру;

     қаржыландыруды жоғары оқу орнының инновациялық жұмыстарына байланысты басқа арналардан іздеу және жүзеге асыру;

     елімізде, сондай-ақ жақын және алыс шет елдерде жоғарғы оқу орындарымен ғылыми байланыстарды дамыту.



    Әдебиет [1,2]

    Мультимедиялық сүйемелдеу

    1) ABBYY Fine Reader;

    2) Microsoft Offise;

    3) AVAST Free Antivvirus;


    Тақырып 9 Студенттер мен магистранттардың ғылыми жұмыстарын рәсімдеу және безендіру.

    Жоспар

    1. Рубрикация. Ғылыми сөйлем мен стилі.

    2. Талаптары мен рәсімдеу түрі.

    Сұрақтар бойынша қысқаша мәлімет

    Ғылыми-стиль – стильдің ғылым саласында қолданылатын бір түрі. Ғылыми-стильге нақтылық, логикалық, мазмұн дәлелділігі қажет. Ғылыми-стильде сөйлемдегі сөздердің қалыпты орны, тіл нормасы қатаң сақталады. Ғылыми-стильдегі еңбектерге монография, оқулық, мақала, ғылыми есеп, диссертация, реферат, баяндама, тезистер, патенттер, т.б. жатады.
    Әдебиет [1, 2]

    Мультимедиялық сүйемелдеу

    1) ABBYY Fine Reader;

    2) Microsoft Offise;

    3) AVAST Free Antivvirus;



    Тақырып 10 Студенттердің жұмыстарын дайындау, рәсімдеу және қорғау ерекшеліктері.

    Жоспар

    1. Баяндама мен рефераттарды, курстық жұмыстарды даярлау ерекшеліктері.

    2. Диполмдық жұмысты даярлау және қорғау ерекшеліктері.

    Сұрақтар бойынша қысқаша мәлімет

    Қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде орындалатын аңдатпа орындалған жұмыстың көлемі мен мазмұнын ашатын абзацтардан тұрады. Жұмыстың көлемі туралы мәліметтерге арналған абзацта диплом жұмысындағы парақтар саны, суреттер, кестелер, сызбалар саны көрсетіледі.

    Диплом жұмысының мәнін сипаттайтын абзацта зерттеу әдістері, нәтижелер, алынған нәтижелерді қолдану мүмкіндігі және тиімділігі туралы қорытынды және нәтижелерді енгізу туралы мәліметтер беріледі. Аңдатпаның көлемі машинада терілген бір парақтан аспауы керек. 5 қосымшада диплом жұмысының дұрыс жазылған аңдатпасының мысалы келтірілген.

    Мәтінді баяндау тілі және стилі

    Диплом жұмысының мәтіндік бөлігі материалды баяндаудың қисындылығы, шынайылығы, ғылыми негізделгендігі сияқты талаптарға сай болуы керек, яғни тілдік-стилистік рәсімдеу ғылыми стильдің ерекшеліктеріне сай болуы қажет. Ғылыми стилдің бір ерекшелігі мәтіннің баяндалуын қатаң түрде нормаланған, экономикалық және әдеби сауатты тілде жазу болып табылады. Диплом жұмысын жазуда сол салада қабылданған, нұсқаулық және әдістемелік әдебиеттерде бекітілген терминдерді қолдану керек және бүкіл мәтін бойында біркелкі терминология пайдалануға ұмтылу керек. Олай болмаған жағдайда мәтін оқуға қиын, кей жағдайда мүлдем түсініксіз болады.

    Абзацтағы жекелеген сөйлемдер саны берілетін ойдың күрделілігіне байланысты. Абзацпен жұмыс істеуде оның басына ерекше көңіл аудару керек. Мәтіндік материал шынайылық және ғылыми негізделгендік талаптарына сай келуі қажет. Оған қол жеткізу үшін мәліметтің шынайылық дәрежесін көрсететін сөздер мен сөз тіркестерін пайдалануға болады. Материалды баяндаудың объективтілігінің міндетті шарты мәлімет көзін көрсету. Мәтінде бұл шартты орындау үшін арнайы кіріспе сөздерді пайдаланады (мәлімдеуі бойынша, пікірінше, мәліметтер бойынша және т.б.).

    Әдебиет [1, 2]

    Мультимедиялық сүйемелдеу

    1) ABBYY Fine Reader;

    2) Microsoft Offise;

    3) AVAST Free Antivvirus;



    7.Тәжірибешілік сабақтар, олардың сағат көлемі

    1 Тақырып «Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау» пәніне кіріспе.


    Жоспар

    1) Басқару жұмысының зерттеу түсінігі, міндеттері мен мақсаты.

    2) Пәннің басқа да қоғамдық ғылымдармен және арнайы курстармен байланысы.

    3) Зерттеу жұмысының жүргізу әдістері



    Тапсырмалар:

    1 Әр сұрақ бойынша толық ақпарат дайындаңыз.

    2 Зерттеу жұмысының кезеңдеріне сипатама беріңіз.

    Тапсырмаларды орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар. Тапсырмаларды орындау кезінде ұсынылған ақпаратты мұқияттылықпен зерделеп, тек қана ең қажеттісін теріп жазу керек. Сөйлемдер мазмұны жағынан толық және мағыналы болғаны дұрыс. Тапсырмаларды толық орындап болғаннан кейін ұсынылған әдебиеттен қолданыста болған басқа қосымша әдебиеттің атауын, басылымын, авторын көрсетіп, пайдаланылған сайт атауы мен электронды адресін тапсырма соңында көрсеткен жөн.

    Әдебиет [1, 2]

    Тақырып 2 Қазақстандағы ғылыми зерттеу жұмысын ұйымдастыру


    Жоспар

    1. Қазақстандағы ғылыми зерттеу жұмысының жағдайы.

    2. Еліміздің ғылыми және ғылыми педагогикалық кадрларды даярлау.

    Тапсырмалар:

    1. Берілген сұрақтардың әр қайсысына қысқа нұсқа жауап жазу;

    2. «Қазақстанның ғылыми зерттеу тарихына» тоқталып кетіңіз.

    Тапсырмаларды орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар. Ұсынылған әдебиет көзімен жұмыс істеу барысында түсінуге күрделілік туғызатын жерлерін толық меңгеру үшін анықтамалық сөздіктермен қолдануға болады.

    Әдебиет [1, 6]
    Тақырып 3 Ғылым және ғылыми зерттеу.

    Жоспар

    1) Ғылым түсінігі және классификациясы.

    2) Ғылыми зерттеу.

    Тапсырмалар:

    1. Бірінші сұрақ бойынша толық ақпарат жазып, сипаттамасының толық болуын қадағалағыз.

    2. «Ғылыми зерттеудің классификациясы» тақырыбына тезис жазу.

    Тапсырмаларды орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар. Тапсырманы сапалы орындау үшін ең алдымен орыс тіліндегі мәтінді толығымен мағынасын түсініп алып барып қана аударма жұмысына кірісу керек.

    Әдебиет [1,4.]
    Тақырып 4 Ғылыми зерттеудің методологиясы.

    Жоспар

    1) Әдіс түсінгі және ғылыми зерттеудің әдістемесі.

    2) Ғылыми зерттеудің философиялық және жалпы ғылыми әдістері.

    Тапсырмалар:


    1. Салыстырмалы кестені толтырыңыз:

    Ғылыми зерттетеудің философиялық әдістері

    Жалпы ғылыми әдістері































    Тапсырмаларды орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар. Кестені толтыру үшін жағдаяттарды мұқияттылықпен зерделеп алған дұрыс.

    Әдебиет [1, 2]
    Тақырып 5 Ғылыми зерттеу жұмысының дайындық кезеңі.

    Жоспар


    Каталог: arm -> upload -> umk
    umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
    umk -> «Ќазаќ тілі, ќазаќ єдебиеті» пєндерінен диплом ж±мысыныњ орындалуы бойынша єдістемелік н±сќау
    umk -> Жұмыс бағдарламасы 20 ж. С. Торайғыров атындағы пму-ның Ғылыми кеңесінің отырысында бекітілген (№ хаттама) 5В02100 «Шетел филология»
    umk -> Жұмыс бағдарламасы 20 ж. Siyao(U)Арнайы шетел тілі-жалпы кәсіби (С1) (ағылшын тілі) пәнінен
    umk -> Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
    umk -> Жұмыс бағдарламасы Нысан пму ұсн 18. 3/30
    umk -> Бағдарламасы (Syllabus) Нысан пму ұс н 7
    umk -> Өндірістік шарттардағы микроклиматтың параметрлерін зерттеу
    umk -> Программа Форма ф со пгу 18. 2/06

    жүктеу 0,5 Mb.

    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3




    ©g.engime.org 2022
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет
    Сабақтың тақырыбы
    Сабақтың мақсаты
    ғылым министрлігі
    Жұмыс бағдарламасы
    рсетілетін қызмет
    бекіту туралы
    Жалпы ережелер
    қызмет стандарты
    Сабақ тақырыбы
    туралы хабарландыру
    Қазақстан республикасы
    Әдістемелік кешені
    республикасы білім
    Сабақ жоспары
    титулдық парағы
    білім беретін
    Қазақстан республикасының
    Қазақстан облысы
    Конкурс туралы
    жылдарға арналған
    мемлекеттік әкімшілік
    біліктілік талаптары
    бойынша оқыту
    Республикасының білім
    қойылатын жалпы
    жұмыс істеу
    мемлекеттік қызметшілері
    ткізу туралы
    денсаулық сақтау
    жалпы біліктілік
    қатысушыларға қойылатын
    қағидаларын бекіту
    қатысушыларына арналған
    мамандығы бойынша
    ортақ біліктілік
    арналған ортақ
    пәнінің мұғалімі
    Мектепке дейінгі
    конкурс қатысушыларына
    Республикасы кіметінің
    жалпы білім
    біліктілік талаптар
    мамандығына арналған
    бағдарламасының титулдық
    мемлекеттік мекемесі
    Республикасы білім
    жұмыспен қамту
    мектепке дейінгі
    Конкурс ткізу
    учебная программа
    Рабочая учебная