Муртазина Алиман интерактивті оқытудың ерекшелігі



жүктеу 58.5 Kb.
Дата20.11.2018
өлшемі58.5 Kb.

Муртазина Алиман

ИНТЕРАКТИВТІ ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ

“…Оқыту – бұл ерікті, дербес, күш салуды қажет ететін үдеріс. Бұл – ынтаны, шыдамдылық пен мұқияттылықты талап ететін (педагогтар мен оқушылар тарапынан), өзіндік серпіні болуы мүмкін ескі, баяу, бірізді үдеріс.”

Джон Хэтти

Елбасы бұл Жолдауында мемлекетте білім алып, еңбек етіп жатқан азаматтарға ең озық жабдықтармен және ең заманауи өндірістерде жұмыс жасау машығын меңгеруді міндет етіп жүктеп отыр. Әрине, біздің еліміз үдемелі индустриалды-инновациялық бағытта шарықтап, тез дамып келе жатқан елдердің қатарында. Елбасының осындай саясатын жете түсінген ел азаматы өзінің кәсіби біліктілігін үзбей жетілдіріп, озық технологияларды меңгеру жолында тынымсыз еңбек етуі тиіс. «ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық», деп көрсеткен Елбасы Н.Назарбаев білім мен ғылымды жетілдіруде барлық мүмкіншіліктерді қарастырып, нақты шаралар мен бағдарламаларды жетілдіруді талап етіп отыр.
Елбасы өз жолдауында прагматикалық стратегия құра отырып, қазақстандықтарға жаһандық технологиялық төңкерістің бөлшегіне айналу мақсатын алға қояды. Сонымен қатар инновациялық зерттеулер мен әзірлемелер дайындап, ауқымды халықаралық ғылыми-зерттеу жобаларына қатысу мүмкіндіктерінің бар екендігін атап өтті.

Инновациялық оқу жұмысы оқу процесіне нәтижелі білім алуға бейімдейтін, жаңа технологияларды орынды енгізумен тұжырымдалады. Қазіргі кезде орта білім беретін білім ошақтарында білім сайыстарының түрлері баршылық . Мысалы мектебімізде жиі өтетін дистанциялық олимпиадаларға қатысу үшін оқушыға компьютерді өте жақсы меңгере білуі керек.

Инновациялық тәсіл оқу процесіне – тіршілік және әрекет етудің даму динамикасы ерекшелігіне, дистанциялық оқудың өзгешелігіне және жеке тұлғалардың, қоғамның және мемлекеттің талаптары мен әлеуметтік пайдалы білім алуына, сеніміне, мінез-құлықтың сапасы мен өзгешелігіне, тәлім тәжірибесі мен қатынасына негізделген жаңалық енгізуге бағыттайды.

Бүгінгі таңда жеке тұлғаны емес, оның даму процесін басқару қажеттігі айқындалып отыр.Бірінші орынға қарым-қатынас жасаудың сұхбаттық әдістерін, шындықты бірлесіп іздеуді, зерттеу шығармашылық әрекетті дамытуды, әр оқушы өз бетінше білім алу, алған білімін басқамен бөлісе отырып,кез келген жағдайда өз пайдасына жарата білуді білдіреді. Мұндай оқыту жүйесі оқушының санасына әлеуметтік тұрмысына, қоршаған ортаға басқа көзбен қарап үйреніп, жолығатын қиын мәселелерді оңай шешетін болады. Бұрынғыдай мектептен шыққан соң бала үйренген білімін ұмытып қалмайды, қайта өмірде пайдаланатын болады.

Интерактивті оқу дегеніміз - тұлғаның танымдық қабілеттерін және танымдық үрдістерді: яғни, жадының алуан түрлерін – есту, көру, іс-әрекет жасау және т.б. сыни тұрғыдан ойлауды , ынталандыру ,қабылдау қабілетін арттыру арнайы жасалған оқу және танымдық жағдайлар арқылы дамытуға, сондай-ақ тұлғаның қауіпсіздігін, өзін-өзі өзектілендіру, өзін-өзі бекіту, қарым-қатынас, ойын, танымдық және шығармашылық қажеттіліктерін қанағаттандыруға, белсенді сөздік қорын дамытуға бағытталуы.

Интерактивті оқытудың басты мақсаты – білім алушыларды өз бетінше ой қорытып, жауап таба білуге үйрету. Еліміз дамудың демократикалық жолын таңдап алған қазіргі заманда жастарды өз бетінше шешім таба білуге мектеп қабырғасынан бастап үйрету заңды құбылыс. Бұл күнделікті оқушының сабақ барысындағы жұмыстарға да қатысты: бала сабақ кезінде мейлінше белсенділік танытуы тиіс. Және оқушының белсенділігін арттыру үшін мұғалім көшбасшы ретінде жан-жақты жағдай жасай білуі қажет. Осындай, білім алушылардың белсенділігін арттыруға мүмкіндік жасайтын әдістемелік амалды интерактивті деп атайды.

Интерактивті әдіс кезінде:

- сабақ үстінде білім алушылар мен мұғалімдер арасында тығыз қарым-қатынас орнайды , бұл жағдайды орнату тікелей пән мұғаліміне қатысты;

- ондай қарым-қатынас білім алушылар әлдебір мәселені талқылап, соның шешімін табуға тырысқан кезде қалыптасады;

- онда білім алушылардың жауабынан гөрі мәселенің шешімін табуға талпынғаны маңызды болады.

Себебі интерактивті оқытудың басты мақсатының өзі сол - білім алушыларды өз бетінше ой қорытып, жауап табуға үйрету. Интерактивті әдістеме өзара қарым-қатынастың мол ауқымын қамтиды. Мұнда оқушылардың бұған дейін алған өмірлік тәжірибелері білім берудің негізгі көзі болып табылады. Бұл әдісте білім алушы мынадай қарым-қатынасқа түседі:

1)мұғаліммен – оқушы;

2)жұппен жұмыс жасағанда;
3)шағын топтармен ( топпен жұмыс істеген кезде);

4)белгілі бір топпен,аудиториямен ;

5)кейбір техника түрлерімен; (компьютермен, интербелсенді тақтамен немесе ғаламторға шыққанда т.б.)

Мен өзім қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі болғандықтан әр сабағымда сыныптағы оқушылар арасына ынтымақтастық ахуалды қалыптастыра отырып , еркіндікті қамтамасыз етемін . Яғни әркімнің пікірі құнды екеніне көз жеткіземін, оқушының еркін әрекеттенуіне жағдай жасап отырамын. Мысалы : Сабақтарымда СТО-дың әдіс-тәсілдерін тиімді пайдаланмын. Көбінесе Косжазба күнделігі, болжау , ЖИГСО , екі жақты күнделік, жуан - жіңішке сұрақтар, ВЕНН диаграммасы, Дана үкі т.б

«Дана үкі» стратегиясы сабақтың мағынаны ажырату кезеңде пайдаланған өте тиімді.Сонымен қатар «Қосжазба күнделігі» әдісі

Негізінен интерактивті сөзі - өзара әрекет ету бейімділігін білдіреді немесе әңгімелесу, әлдекіммен (адаммен) не болмаса әлде немен (мысалы, компьютермен) сұхбаттасу режімінде болады. Демек, интерактивті оқыту – бұл , ең алдымен , сұхбаттасып оқыту , оның барысында оқытушы мен оқушының өзара әрекет етуі жүзеге асырылады.

Бұл өзара әрекеттестіктің ерекшелігі мыналардан тұрады:

* білім субъектілерінің бір мағыналық кеңістікке келуі;

* күрделі мәселелер өрісінде шешілетін тапсырмаларды бірігіп көтеру, яғни бірыңғай шығармашылық кеңістікке қосылу;

* тапсырмаларды шешуді жүзеге асыратын әдістер мен құралдарды таңдауда келісушілік; т.б

Интерактивті оқытудың мәні мынада, оқу процесі іс жүзінде барлық оқушы таным үрдісіне тартылатындай болып ұйымдастырылуы тиіс,яғни мұғалім сыныпта ынтымақтастық ахуалды қалыптастыру керек.Оқушылардың өтілетін тақырыпқа байланысты не біледі, қалай ойлайтыны жайында түсінуге және өз бетінше талқылай алуға мүмкіндігі болуы тиіс. Таным процесінде оқушылардың біріккен іс-әрекеті, әркім өзінің жеке-дара үлесін қосатын, оқу материалдарын меңгеруді білдіреді, білімдерін, идеяларын, іс-әрекет тәсілдерін алмасу жүргізіледі. Және де бұл мейірімділік пен өзара бір-біріне қолдау көрсету аясында болады, ол тек қана жаңа білім алуға мүмкіндік беріп қоймайды, таным әрекетінің өзін де дамытады.

Интерактивті әдістердің мәндік ерекшелігі, сипаттамасы – бұл субъектілердің өзара әрекеттестігінің бір бағыттағы белсенділігінің жоғарылығы, қатысушылардың өзара әрекеттестігі, эмоционалдық, рухани бірігуі. Қытайдың бір нақыл сөзінде: «Маған айтшы – мен ұмытып қаламын; маған көрсетші – менің есімде қалады; өзіме істетші – мен сонда түсінемін» делінген. Осы сөздерден интерактивті оқытудың мәні өз көрінісін табады.

Интерактивті әдістерді пайдалану кезінде оқушылар түсіну процесіне толық қанды қатысушылар болады, оның тәжірибесі оқу танымының негізгі қайнар көзі қызметін атқарады. Оқытушы дайын білімді бермейді, бірақ оқушыларды өз бетімен ізденуге үйретеді. Білім берудің дәстүрлі нысандарымен салыстырғанда, интерактивті оқытуда оқытушы мен оқушының өзара әрекеттестігі ауысады: педагогтың белсенділігі оқушының белсенділігіне орын береді, ал педагогтың тапсырмалары олардың инициативасы үшін жағдай жасаушы болады.

Педагог өзі арқылы оқу ақпаратын жіберетін, өзіне тән фильтр рөлінен бас тартады, және жұмыста ақпарат көздерінің біреуінен көмекші рөлін атқарады.Интерактивті оқыту интенсивті оқытуда да кеңінен қолданылады.

Бұл әдістерді игеру және қолдану үшін, оқытушыға топтық өзара әрекеттердің әр түрлі әдістемелерін білу қажет. Интерактивті оқыту өзара түсінікті, өзара әрекеттестікті, өзара дамуды қамтамасыз етеді.

Интерактивті әдістер ешқандай жағдайда да дәрістік материалдардың орнын ауыстырмайды, бірақ оны жақсы меңгеруге септігін тигізеді, және ең маңыздысы: пікірді, қатынастарды, мінез-құлық машығын қалыптастырады.

Интерактивті әдіске сондай-ақ әр түрлі көмекші құралдарды пайдалана отырып: тақта, кітаптар, бейне материалдар, слайдылар, флипчарттар, постерлер, компьютерлер және т.т. таныстырулар жатады.

Сонымен қатар, оқу процесіне топтық пікірсайыстар, жазбаша мазмұндамалар және шығармалар, сұхбаттар, жастарды «тең – теңімен» қағидаты бойынша құрдастарымен жұмыс істеуге оқыту, бейнефильмдер мен бейнесюжеттерді қарап шығып талқылау, әртүрлі науқандар мен акцияларды өткізу.

Интерактивті әдістің ерекшелігі – бала өзгелермен араласу барысында ашыла түседі, көбірек оқып, тәжірибе жинай білуі керек. Тәжірибе интеллектуалдық тәуелсіздіктің негізі болып табылады және барлық өркениетті азаматтың қажетті құралы десек те болады. Интерактивті әдістеме білім алушылардың мынадай мақсаттарына жетуге мүмкіндік береді:1)олар мол мағлұмат алып, өздері айтқан пікірге логикалық түсініктеме беруге жол ашады; 2)өз пікірлерін терең ойланып айта алатын болады; 3) мәселені талқылаған кезде бұған дейін алған, тәжірибеде жинақтаған білім қорын пайдалана алады; 4) бір-бірінен жаңа мағұлматтар ала отырып, білімін толықтыра алады; 5) шындыққа көз жетуі үшін дәлел іздеп, ойын анықтап көрсете алады;

Интерактивті әдісте таным қабілеттерінің мынадай түрлері қолданылады:


1)дәлелдемелерді еске алу;

2)ойлану немесе ойлау туралы ойлана білу;


3)алған білімін жаңа жағдайға пайдалану;

4)талдап, синтездеп үйрену

Интерактивті әдіс кезінде мыналар ескерілуі керек;

-тұлғаның еркіндігі мен құқықтары сақталуы керек;

-тұлғаның өзін көрсете алуына жағдай жасау керек;

-оған өзіндік даралығын көрсетуге мүмкіндік жасау керек;

-педагогикалық қолдау көрсету.

Бұл мақсатқа жетудің тиімді жолының бірі – сабақта оқытудың интерактивті әдісін қолдану болып табылады.

Сонымен, интерактивті оқыту технологиясы – бұл ұжымдық, өзін-өзі толықтыратын, барлық қатысушылардың өзара әрекетіне негізделген іс-әрекеттер.

Интерактивтік оқыту технологиясы:

1.жұптасып жұмыс істеу;

2.ротациялық (ауыспалы) үштік;

3.карусель;
4.шағын топтармен жұмыс;

5.рөльдік (іскерлік) ойын;

6.дискуссия;
7.дебат т.б.

Интерактивтік оқыту – бұл ең алдымен оқушымен пен мұғалімнің қарым-қатынасы тікелей жүзеге асатын сұхбаттасып оқыту болып табылады. Интерактивтік оқыту – бұл танымдық әрекеттің арнайы ұйымдастыру формасы. Ол толық айқындалған және мақсатын алдын ала болжауға болатын оқыту түрі. Сабақтағы интерактивтік әрекет өзара түсіністікке, өзара әрекетке, қатысушылардың әрқайсысына қажет міндетті бірлесіп шешуге алып келетін – ұйымдастыру және қарым-қатынас жасауды дамытуды ұсынады. Бұған дәлел сабақ барысында оқушылар жұппен,топпен жұмыс жасай отырып, бірі - біріне деген көзқарастары жақсы жағына қарай өзгеріп отыратыны байқадым.Сонымен қатар оқушы бойына жауапкершілік қасиет қалыптаса бастайтыны анық байқалады.

Интерактивтік оқыту технологиясы деп нәтижесінде оқу әрекеті барысында олардың өзара мотивациялық, интеллектуалдық, эмоцианалдық және басқа да жақтарынан жетістіктерге жетуді сезіну ситуациясын тудыра алатын, оқушыға педагогикалық әсерлі танымдық қарым-қатынас құруға кепілдік беретін, мұғалім мен оқушының іс-әрекетін оқу ойындары түрінде ұйымдастыру тәсілдерін айтамыз.
Оқытудың интерактивті әдістерінің артықшылығы:

- оқушының пәнге деген қызығушылығын арттырады;

- оқу процесіне қатысу белсенділігін кеңейтеді;

- әрбір оқушының сезіміне назар аударылады;

- оқу материалдарын тиімді меңгеруге бейімдейді;

- оқушының өз бетінше дамуына әсер етеді;

- оқушының өзіндік пікірлері мен қарым-қатынастарын қалыптастырады;

- оқушының мінез - құлқының өзгеруіне көмектеседі.

Сонымен қорыта келе , интерактивті әдіс әр оқушыны білім алудың барлық кезеңдерінде белсенді жағдайға қояды, білім алу үрдісін мәнді етеді. Жалпы әр технологияны тиімді қолдану арқылы белгілі бір жетістіктерге жете аламыз. Болашақ ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуында білім беру жүйесін ізгілендіру, инновациялық үрдісте тиімді қолдану қазіргі заман талабы.

Пайдаланған әдебиеттер

1. Қазақстан Республикасының Президенті–Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, 2014 жыл.

2. Қазақ тілі. 7-сынып. Т.Артықова, Г.Ермекбаева. «Атамұра» 2012 ж.

3. "Кәсіби қазақ тілін оқыту"атты Халықаралық ғылыми-практикалық дөңгелек үстел материалдары.

4. Жүнісбек Ә. Жаңа технология негізі – сапалы білім. – //Қазақстан мектебі, №4, 2008



5. "Жаңа идеядан жаңа тәжірибеге" атты әдістемелік жинақ. Кембридж бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курс материалдарынан. 2013.
Каталог: uploads -> doc -> 02c3
doc -> Бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби қызметін ұйымдастыруда әдістемелік жұмыты дамыту жолдары
doc -> Шалдай жалпы білім беру орта мектебінің Ағылшын тілі және орыс әдебиеті мұғалімдері әдістемелік бірлестігінің
doc -> №1 М.Әуезов атындағы жалпы орта мектептің 2015– 2016 оқу жылында дарынды оқушылардың жетістіктері
doc -> Физика-математика пәнінен Ұлттық бірыңғай тестіге дайындаудың тиімді жолы
doc -> «Ғылыми зерттеу мәдениеті» Бастауыш сынып мұғалімі А. Е. Султанова 2015-2016 оқу жылы Түсінік хат
doc -> Сабақтың тақырыбы: Ғарыш дегеніміз не? Сабақтың мақсаты: Ғарыш туралы білу
doc -> Логика әлемі
doc -> Қолдаудың рөлі Дайындаған: Жақсы №1 орта мектебінің
doc -> Жобаның өзектілігі
02c3 -> Тақырыбы: Қоғамтану пәндерін оқытуда нәтижеге бағытталған білім берудің жолдары

жүктеу 58.5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
Жұмыс бағдарламасы
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
бекіту туралы
қызмет стандарты
туралы хабарландыру
Сабақ тақырыбы
Әдістемелік кешені
Қазақстан республикасы
республикасы білім
титулдық парағы
білім беретін
Сабақ жоспары
Қазақстан облысы
Конкурс туралы
Қазақстан республикасының
жылдарға арналған
мемлекеттік әкімшілік
бойынша оқыту
біліктілік талаптары
Республикасының білім
қойылатын жалпы
мемлекеттік қызметшілері
жалпы біліктілік
жұмыс істеу
ткізу туралы
қатысушыларға қойылатын
қағидаларын бекіту
қатысушыларына арналған
ортақ біліктілік
мамандығы бойынша
денсаулық сақтау
арналған ортақ
конкурс қатысушыларына
пәнінің мұғалімі
Мектепке дейінгі
бағдарламасының титулдық
Республикасы кіметінің
біліктілік талаптар
жұмыспен қамту
мамандығына арналған
мемлекеттік мекемесі
Бастауыш сынып
Республикасы білім
жалпы білім
Конкурс ткізу
мектепке дейінгі
облысы бойынша