М.Өтемісов атындағы БҚму ректоры



жүктеу 89,5 Kb.
Дата15.04.2020
өлшемі89,5 Kb.
#29594

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті


"БЕКІТЕМІН"

М.Өтемісов атындағы БҚМУ ректоры



Т.З. Рысбеков

03.09.2009 ж.


ИНСТИТУТ ДИРЕКТОРЫНА (ФАКУЛЬТЕТ ДЕКАНЫНА) АРНАЛҒАН ҚЫЗМЕТТІК НҰСҚАУЛЫҚ

Орал, 2009
7 беттің 2-сі

АҚПАРАТТЫҚ МӘЛІМЕТТЕР:


  1. Дайындалды: 01.09.2009 ж. Юров О.В.

2. 13.09.2008 ж. құжаттың орнына енгізілді

  1. Енгізілген уақыты: 09.09.2009 ж.

  2. Қайта қаралды: 09.09.2012

5. Өзгертулер:





Енгізілген уақыты

Дайындаушының аты-жөні

Қолы

1










2










3










4










5









7 беттің 3-сі




Мазмұны:




  1. Мақсаты

  2. Қолданылу саласы
  3. Терминдер, анықтамалар және қысқартулар

  4. Жауапкершілігі және өкілеттіліктері


  5. Сипаттаулар

  6. Жазбалар

  7. Дәйектемелер

7 беттің 4-сі



1 МАҚСАТ
Осы нұсқаулық Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексімен, білім мәселесі бойынша заңнамалық актілерінің жинағына, жұмыстар мен жұмысшы мамандықтарының Бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына, институт директоры бағыныштылығын, құқықтарын, жауапкершілігі мен біліктілік талаптарын анықтау мақсатындағы қызметшілердің Біліктілік анықтамалығына сәйкес дайындалған.

2 ҚОЛДАНЫЛУ САЛАСЫ

2.1 Осы нұсқаулық БҚМУ-нің институт директоры үшін жарамды.


3 ТЕРМИНДЕР, АНЫҚТАМАЛАР ЖӘНЕ ҚЫСҚАРТУЛАР
3.1 Осы нұсқаулықта пайдаланылған қызметтік нұсқаулықтардағы терминдер мен анықтамалар СТ ҚР 9000-2007 Сапа менеджменті жүйелері. Негізгі ережелер мен сөздік стандартына сәйкес келеді.

3.2. Қолданылған қысқартулар БҚМУ Сапасы бойынша нұсқаулық пен СМЖ/ЭМЖ.04.01 Құжаттаманы басқару СМЖ/ЭМЖ әдістемелік нұсқауларына сәйкес келеді.


4 ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ЖӘНЕ ӨКІЛЕТТІЛІКТЕРІ


4.1 Институт директоры (факультет деканы) мыналар үшін жауап береді:

4.1.1. Институттың (факультеттің) даму стратегиясын дайындап оның жұмыстарын жоспарлауға. Мамандарды даярлаудың сапасын үздіксіз арттыруға және еңбек нарығында олардың бәсекелестігін қамтамасыз етуге бағытталған институттың (факультеттің) оқу-әдістемелік, тәрбиелік және ғылыми қызметін тікелей басқаруға; (Өзгертілген редакция, № 4.)

4.1.2. Оқу үрдісін жоспарлау бөлімінің жетекшісі, оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру бөлімінің жетекшісі, сараманды ұйымдастыру және жұмысқа орналастыру бөлімі және кафедра меңгерушілерімен біріге отырып, оқу жұмыс жоспарлары мен семестрлік оқу жұмыс жоспарларын, оқу жұмыс бағдарламаларын/ пәндердің оқу-әдістемелік кешендерін, оқу үрдісінің кестелерін және кәсіби сараманның, институт мамандықтары бойынша ҚР бакалавриат және магистратура МЖБС-на сәйкес СӨЖ, МӨЖ және ОБСӨЖ –ның , сонымен қатар педагогикалық қызметтің сағаттар есебін, штаттық кестесін және ПОҚ оқу тапсырмаларының дайындалуы мен жүзеге асырылуын қамтамасыз етуге; Оқу жұмыс бағдарламасы мен пәннің силлабустарын, элективті пәндер каталогын, студенттердің жеке оқу жоспарларын бекітуге;

4.1.2. а) Пәндердің оқу үрдісі кестесінің құрылуын бақылау (оқу формалары бойынша, соның ішінде магистратура) оқытушылардың оқу жүктемесі мен оқу жоспарының орындалуын қадағалау;

4.1.2. б)Академиялық басшылардың жұмыстарын ұйымдастыру, студенттердің сабаққа қатысы мен үлгерімін талдап, (тьютор журналы мен топтардың үлгерім журналын, ағымдағы аралық және қорытынды бақылау бойынша аналитикалық есеп) есебін алуды жүзеге асыру және бақылау;

4.1.2. в) Кафедра меңгерушілерімен, оқытушылармен, эдвайзерлермен бірлесе отырып, студенттердің оқу құжаттарын (сынақ кітапшаларын) толтыру;


7 беттің 5-сі


4.1.2. г) Оқу үрдісіне оқу машықтары мен кәсіби сараман ұйымдастыру. Сынақтар, емтихандар, оқу сабақтарының кестесін құрастыру және орындалуын қадағалау. Аралық және қорытынды мемлекеттік аттестациялауды әдістемелік қамтамасыз ету және студенттерді емтиханға жіберу. Оқудан шығарылған, оқуға қайта қабылданған студенттерді есепке алып ұсыну. Институт (факультет) студенттеріне шәкіртақы тағайындауға ұсыныс дайындау. Студенттерді курстан курсқа көшіруге ұсыныс дайындау. Бітіруші түлектерді қорытынды аттестациядан өткізуге арналған институттың (факультеттің) мемлекеттік аттестациялық комиссиясын ұйымдастыру; (Өзгертілген редакция, № 4 Өзг.)

4.1.2. д) Институт (факультет) мамандықтары бойынша оқу үрдісін автоматты жүйемен басқару қызметі жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру (АСУ «Платон» т.б.)

(4.1.3 а), 4.1.3 б), 4.1.3 в), 4.1.3 г), 4.1.3 д) Қосымша енгізілді. №3 Өзг.)

4.1.3. Институт (факультет) кафедраларының оқытудың жаңа әдістерін енгізуінің жай-күйіне, желілік (линиялық), кредиттік және қашықтан оқыту жүйесі бойынша жаңа буын оқу-әдістемелік кешенін пайдалану және жаңарту жағдайына бақылауды жүзеге асыруына;

4.1.4. Материальдық, әдістемелік, ақпараттық және кадрлармен қамтамасыз ету жағдайын және институт (факультет) ОПҚ-ның қызметі мен кафедра қызметінің оқыту үрдісін бақылап, талдау жасауға; (Өзгертілген редакция, № 3Өзг.)

(4.1.5. Алынып тасталсын. №3 Өзгеріс)

4.1.6. Институттың (факультеттің) жоғары мамандандырылған профессорлық-оқытушылық құрамын жинақтауға. Директордың (деканның) орынбасарын тағайындауға ректорға үміткер ұсынуға және өзараларында міндеттерін бөлуге; (Өзгертілген редакция, № 4Өзг.)

4.1.6 а) Қабылдау комиссиясының жұмысын ұйымдастыруға қатысу және студенттердің сапалы жаңа контингентін жинақтауға. Факультеттерде мамандықтар бойынша мамандарды дайындауға бағытталған білім берудің нарықтық жағдайы мен еңбек нарығына үйрету, кәсіптік бағдар беру жұмыстарын ұйымдастыру мен түлектерді жұмысқа орналастыруға;

(4.1.6 а) қосымша берілді. Өзгертілген редакция, № 4 Өзг.)

4.1.7.Институт (факультет) Кеңесінің, институттың оқу-әдістемелік кеңесінің қалыптасуын ұйымдастыруға және қамтамасыз етуге;

4.1.8. Ғылыми кеңестің, ректораттың, университет оқу-әдістемелік кеңесінің, тәрбие жұмысы жөніндегі кеңесінің, институт (факультет) пен директорат (деканат) кеңесінің бұйрықтарын, өкімдері мен шешімдерін уақытылы және сапалы орындауға;

4.1.9. Институттағы (факультеттегі) құжаттамаларды дайындауды және сапа менеджменті жүйесін қызмет істеуін қамтамасыз етуге. Студенттердің білімін бақылау мен оқытуда жаңа технологияларды енгізу, мамандарды дайындауда институттың (факультеттің) ішкі сапа жүйесін әзірлеуге; (Өзгертілген редакция, № 4Өзг.)

4.1.10. Бекітілген істер номенклатурасына сәйкес институттың (факультеттің) және институт (факультет) Кеңесінің істерді сапалы жүргізуін қамтамасыз етуге;

4.1.11. Институт (факультет) қызметіндегі сәйкессіздіктерді анықтауға және ішкі және сыртқы аудиттердің қорытындысы бойынша сақтандырушы және түзетуші әрекеттерді, сәйкессіздіктер туралы есебінің орындалуын қамтамасыз етуге;

4.1.12. Студенттердің оқуға төлемдері бойынша шарт жағдайының орындалуына бақылау жасауға;

4.1.13. Институт (факультет) қызметінің жоспарына сәйкес институт қызметі туралы жоғары тұрған бөлімшелерге берілетін есептің дайындалуын қамтамсыз етуге;

4.1.14. Ұжымдағы моральдық-психологиялық салауатты ахуалды және ПОҚ пен студенттердің өзара сыйластықты қарым-қатынасын қамтамасыз етуге;

4.1.15. Корпустардың оқу дәрісханалары жағдайына қатысты бақылауды жүзеге асыруға, материалдық құралдар мен жабдықтардың сақталуын қамтамасыз етуге;


7 беттің 6-сі
4.1.16. Өндірістік қажеттіліктерге байланысты тапсырмаларды орындауға;

4.1.17. БҚМУ сапа саласындағы саясатын жүзеге асыруға.

4.1.18 Кафедра қызметкерлері мен студенттер еңбек қорғанысы мен техникалық қауіпсіздікті, өртке қарсы сақтық қауіпсіздігі мен өнеркәсіп тазалығы ережелерін сақтауға;
4.2. Институт директоры (факультет деканы) құқылы:

4.2.1. Институт (факультет) мүддесін әртүрлі ұйымдар мен ЖОО-ның барлық құрылымдық бөлімшелеріне өзара қарым-қатынаста ұсынуға;

4.2.2. Институт (факультет) қызметіне қатысты жоғары оқу орны басшылығы шешімінің жобасын дайындауға қатысуға және онымен танысуға;

4.2.3. Өзінің құзіреттілігі аясында құжаттарға қол қоюға, институт (факультет) бойынша өкім беруге;

4.2.4. Құрылымдық бөлімшелердің жетекшілерімен оның құзыреттілігіне кіретін мәселелер бойынша өзара іс-әрекеттерді жүзеге асыруға, өзінің қызметтік міндеттерін орындау үшін қажетті ақпараттар мен құжаттарды алуға;

4.2.5. Сапа менеджменті жүйесін арттыру бойынша ұсыныстарды енгізуге;

4.2.6. Жоғары оқу орнының басшылығынан қажетті еңбек жағдайларын қамтамасыз етуді және өздерінің міндеттері мен құқықтарын орындауда ықпал жасауды талап етуге;

4.2.7. Кәсіби біліктілік деңгейін арттыруға;

4.2.8. Өзінің кәсіптік ары мен намысын қорғауға

4.2.9. Белгіленген заңнамалық тәртіпте әкімшіліктің бұйрықтары мен өкімдеріне шағым жасауға егер олар институт ұжымы мүдделеріне қысым көрсетсе;

4.2.10. Педагогикалық, ғылыми және тәрбиелік қызметінің жетістіктері үшін материалдық және моралдық ынталандырылуға;

4.2.11. Қызметкерлер мен студентердің университет жарғысын, М.Өтемісов атындағы БҚМУ қызметкерлерінің тәртіп кодексін, жоо-ның ішкі тәртіп ережесін, еңбекті қорғау нормасы мен техника қауіпсіздігін, орындаушылық және еңбек тәртібін сақтауын бақылауға;

Институт директоры (факультет деканы) М.Өтемісов атындағы университет қызметкерлерінің тәртіп кодексін сақтауы тиіс.

(Өзгертулер қағазды ауыстыру жолымен енгізіледі. )



5 СИПАТТАУЛАР



5.1.Бағыныштылығы

5.1.1. Институт директоры (факультет деканы) БҚМУ ректорының бұйрығымен тағайындалады және қызметінен босатылады.

5.1.2 Институт директоры (факультет деканы) тікелей ректорға, проректорларға бағынады және өз жұмысында солардың нұсқауларын, БҚМУ өкімдерін және нормативтік құжаттарды, іс жүзіндегі заңнама мен осы нұсқаулықты басшылыққа алады.

5.2. Институт директоры (факультет деканы) болмаған кезінде оның орнын директордың орынбасары алмастырады.

5.3. Институт директоры (факультет деканы) білуі тиіс:

5.3.1.Жоғары оқу орындарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық және құқықтық актілерін;

5.3.2. Еліміздің жоғары білім беру перспективаларын,университеттегі білім берудің басым бағыттарын орташа мерзімдегі перспективасын және оларды жүзеге асырудың негізгі шараларын;

5.3.3.Басқа мемлекеттік органдардың ұйымдастыру-тарату құжаттары мен нормативтік материалдарын;

7 беттің 7-сі
5.3.4. Университеттің қызмет, профилі мен мамандандыру бағытын;

5.3.5. Институт (факультет) мамандықтары бойынша ҚР жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік стандарттарын;

5.3.6. Институт (факультет) деңгейінде оқу-әдістемелік, ғылыми және тәрбиелік үрдістерді жоспарлау, басқару және ұйымдастырудың ғылыми-әдістемелік негіздерін;

5.3.7. Кредитік және қашықтан оқыту түрлері бойынша оқу үрдісін енгізу технологиясы мен ұйымдастыру ережесін, оқытудың интерактивтік және ақпараттық формалары мен әдістерін;

5.3.8. Білім беру қызметіндегі сапа мониторингісінің ішкі және сыртқы тәртіп және шаралар талабының негіздерін;

5.3.9. Университет ішкі тәртібінің Жарғысын, Ережесін және жоғары оқу орнының ішіндегі орындалатын жұмыстардың мәселесі бойынша нормативтік құжаттарды;

5.3.10. Сапа саласындағы саясатын және өз өкілеттігі шегіндегі сапа менеджменті жүйесінің құжаттарын;

5.3.11. Осы нұсқаулықты;

5.3.12. Еңбек заңнамасының негіздерін;

5.3.13. Еңбекті қорғау ережесі мен нормаларын.

5.4. Біліктілік талаптары:

5.4.1. Институт директорының (факультет деканының) ғылыми дәрежесі болуы тиіс және жоғары оқу орнындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл болу керек.

5.5. Атқарып отырған қызметіне сәйкестілігін анықтайтын аттестаттау.

5.5.1. Институт директоры (факультет деканы) БҚМУ қызметкерлеріне аттестаттау жүргізу Ережелеріне сәйкес аттестаттаудан өтеді.



6 ЖАЗБАЛАР

-
7 ДӘЙЕКТЕМЕЛЕР
7.1. Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі.

7.2. БҚМУ қызметкерлерін аттестаттау Ережелері.

7.3.Жұмыстар мен жұмысшы мамандықтардың бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы.

7.4. Қызметшілер лауазымының Біліктілік анықтамалығы.

7.5. М.Өтемісов атындағы БҚМУ-і қызметкерлерінің тәртіп кодексі.

(Өзгертілген редакция, № 1 Өзг.)

«КЕЛІСІЛДІ»

Басшылықтың сапа және экология

жөніндегі өкілі

___________ Б.Н. Нұралин



02.09.2009 ж.
Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Ағылшын тілінен өткізілетін сыныптан тыс жұмыстардың РӨЛІ
dmdocuments -> Ағылшын тілі пәнін интерактивті тақтада өткізудің тиімділігі р. Б. Сариева
dmdocuments -> А. С. Иргалиев (қолы) (аты-жөні)
dmdocuments -> Оқу -әдістемелік кешен
dmdocuments -> Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
dmdocuments -> Факультетінің деканы
dmdocuments -> Бүгін БҚму құрамында 7 факультет, 24 кафедра, ғылыми орталықтар, it орталығы, лабораториялар бар
dmdocuments -> Кдр (IV курс) Вопросы: Вопрос №1

жүктеу 89,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
Жұмыс бағдарламасы
рсетілетін қызмет
бекіту туралы
Жалпы ережелер
қызмет стандарты
Сабақ тақырыбы
туралы хабарландыру
Қазақстан республикасы
Әдістемелік кешені
республикасы білім
Сабақ жоспары
титулдық парағы
білім беретін
Қазақстан республикасының
Қазақстан облысы
Конкурс туралы
жылдарға арналған
мемлекеттік әкімшілік
біліктілік талаптары
бойынша оқыту
Республикасының білім
денсаулық сақтау
жұмыс істеу
қойылатын жалпы
мемлекеттік қызметшілері
ткізу туралы
жалпы біліктілік
қағидаларын бекіту
қатысушыларға қойылатын
қатысушыларына арналған
мамандығы бойынша
ортақ біліктілік
пәнінің мұғалімі
Мектепке дейінгі
арналған ортақ
конкурс қатысушыларына
жалпы білім
Республикасы кіметінің
біліктілік талаптар
мамандығына арналған
бағдарламасының титулдық
Республикасы білім
мемлекеттік мекемесі
оқыту әдістемесі
жұмыспен қамту
мектепке дейінгі
учебная программа
Бастауыш сынып