Үмбетова Г. М., Халикова Б. Т. Орал қ. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан»



жүктеу 236,25 Kb.
Pdf просмотр
Дата29.01.2020
өлшемі236,25 Kb.
#27578


ӘОЖ 373.035.6:55 

 

ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРДЫ ДАМЫТУДЫҢ  



ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 

 

Үмбетова Г.М., Халикова Б.Т.  

Орал қ. 

 

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.  Назарбаев  «Жаңа  әлемдегі  жаңа  Қазақстан»  атты 



Жолдауының он жетінші бағытында: «...бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы 

білім  беру  қызметін  көрсетуге  қол  жеткізуіміз  үшін  оқытудың  әр  оқушының  білімі  мен  қабілет 

деңгейінің тиімділігін бағалаудың біртұтас жүйесін жасау керек» – деп көрсетілген [2].   

Қазіргі кезде қоғамымызда негізгі болып дарындылықтың ғылымилығы ғана емес, сонымен бірге 

дарындылықтың  өмірде  шынайы  көрінуі,  оны  анықтаудағы  әдістер,  балада  дарындылықтың  дамуы 

және  оның  әлеуметтік  тұрғыдан  қалыптасуы  негізгі  мәселелердің  бірі  болып  отыр.  Бүгін  дарынды 

балаларды қамқорлау бұл ертеңгі ғылым дамуы мен мәдениетті және әлеуметтік өмірді сақтау болып 

табылады.  Дарындылықты  анықтаудың  әдістері  баршылық,  олардың  өз  қабілетін  жүзеге  асыру  үшін 

өзіндік жобалар жасалуда. Балалардың дер кезінде өз дарындылығын түсіну және өз шығармашылығын 

жетілдіру,  жауапкершілікті  де  өз  мойына  алу  мәселелері  де  жеткілікті  келеді.  Дарындылық  әр  жас 

шағында әртүрлі көрінуі мүмкін және ол жастық шақ кезеңіне де тән болып келуі мүмкін. Дарындылық 

әртүрлі  жаста  әр  салада  көрінуі  мүмкін.  Мектепке  дейінгі  шақта  сурет  салуға,  музыкаға,  жалпы 

шығармашылық  қабілетке  деген  қабілеттілік  ерте  дамиды.  Ең  негізгі  міндет  –  дарындылық 

сипаттамасында оның өткінші, яғни белгілі жас шағында көрінетінін немесе оның нақты ерекшелігін 

анықтау  болып  табылады.  Балада  байқалатын  дарындылық  көрсеткіштерін  көріп,  оның  болашақтағы 

шығармашылық потенциалын бірден анықтауға болмайды, себебі ол уақыт өте келе өзгеруі де мүмкін.  

Қазіргі  таңда  дарындылық  мәселесі  барлық  елде  негізгі  маңызды  мәселе  болып  табылады. 

Әртүрлі әдебиеттерді талдай келіп, интеллектуалды дарындылық мәселелері біздің елде және шетелде 

де  ғылыми  зерттелу  үстінде  екені  айқын  болды.  АҚШ-та  интеллектуалды  дарындылық  мәселесін 

зерттеумен  X.Гарднер,  А.Г.Пассов,  Дж.С.Рензулли,  Р.Дж.Стернберг,  А.Дж.Таненнбаум  айналысса, 

шығармашылық  дарындылықты  зерттеуде  танымал  АҚШ  зерттеушілері  Дж.Гилфорд,  П.Торренс, 

Ф.Баррон,  К.Тейлор,  Дж.Кэррола,  Б.Блуман,  Ж.Брюно

 

танымал  болғаны  белгілі,



 

ал  Англияда  – 

Дж.Фримен, Германияда – К.А.Хеллер, Г.Трост, Х.К.Урбан, Израильде – Э.Ландау айналысады.  

Ресей елінде интеллектуалды дарындылықты Ю.Д.Бабаева, Д.Б.Богоявленская, М.И.Воловикова, 

В.Н.Дружинин, 

Н.С.Лейтес, 

Л.И.Ларионова, 

A.M.Матюшкин, 

В.И.Панов, 

А.И.Савенков, 

М.А.Холодная, Н.Б.Шумакова, B.C.Юркевич зерттеген. 

Елімізде  дарынды  балалармен  жұмысты  жетілдірудің  мынадай  бағыттары  бойынша  зерттеулер 

маңызды  болып  табылады:  дарынды  балалармен  жұмысты  ұйымдастырудың  басқару  аспектісін 

Ү.Б.Жексенбаева, Л.И.Нарықбаева; математика пәнін оқытуда дарынды  балалардың интеллектуалдық 

әлеуетін дамытуды Г.С.Байтуреева, Ж.О.Үмбетова; мектепке дейінгі шақта балалардың дарындылығын 

дамытуды  О.А.Жумадиллаева;  жалпы  білім  беретін  мектептердің  педагогикалық  процесінде 

дарындылықты  дамыту  шарттарын  С.В.Кузнецова,  С.И.Қалиева  зерттеген.  Сонымен  қатар  дарынды 

балаларды  оқыту  және  тәрбиелеу  мәселесін    Е.М.Арын;  А.М.Бултачеева;  С.Н.Лактионова; 

Т.А.Линчевская  зерттесе;  дарынды  балардың  диагностикасын  Б.О.  Байтукова,  Н.Д.Иванова, 

С.С.Мендигалиева,  А.К.Сатова,  интеллектуалды  дарынды  балалардың  дарындылығын  дамытуды 

И.Б.Отческая және Н.Н.Хан, А.К.Ризуанованың, А.Есполованың жұмыстарында оқушыны оқыту және 

тәрбиелеу процесіндегі педагогтың шығармашылық рөліне көп көңіл бөлінген. 

Дарындылық  мәселесін  зерттеген  кезде  негізгі  мәселе  дарындылық  түсінігін    және  зерттеу 

тұжырымдамасын анықтау болып табылады. Осының негізінде дарынды балалардың идентификациясы 

мен оның дамуына әсер ететін факторларды анықтау қажет. 

Мысалы,  Э.Ландау  дарындылыққа  мынадай  анықтама  береді:  «дарындылық-  бұл  баланың  ішкі 

дүниесі  мен  сыртқы  ортасының  өзара  әсерлесу  жүйесі».  Сыртқы  орта  баланың  өзіне  тән  қабілетін 

(интеллектісін,  шығармашылығын,  таланттын)    ашуға  мүмкіндік  береді.  Осы  өзара  әсер  арқылы 

дарынды  баланың  «Мен»  жүйесі  нақтыланып,  белгілі  бір  іс-әрекет  жасауға  ниеті,  белсенділігі  пайда 

болып, оқушы табандылықтың нәтижесінде өз мақсатына қол жеткізеді. Тек сыртқы ортамен байланыс 

кезінде  ғана  баланың  эмоционалды  және  интеллектуалды  дарындылығын    белсендендіріп  жүзеге 

асырады.  Э.Ландау  бойынша,  баланың  рухани  есеюі  интеллектінің    жоғары  көрсеткішіне  жағымды 

әсер етеді. 

Дж.С.Рензуллидің  айтуынша,  дарындылық  үш  компоненттің  интеллектуалды  дарындылық, 

шығармашылық бағыт және табандылықтың жиынтығынан тұрады. 



Н.А.Кударованың  пікірініше,  адамда  дарындылықтың  3  түрі:  дарындылық  (балалық  кезде 

ерекше байқалатын туғаннанан берілетін нышандар жүйесі), талант және данышпандық деп аталатын 

жоғары түрлері болады. Дарындылық – наным мен сенім, күшті ерік-жігер, тұрақты мінез, алғыр зейін, 

еңбексүйгіштік, өзіне -өзі қатты талап қоя білу арқылы қалыптаса түседі. 

 

Г.Нұрымбетованың пікірінше, дарынды бала – бұл ұлттық құндылық. Өйткені ол өз қатарынан 



әлдеқайда дамыған, ерекше зейіні бар, белгілі бір іс-әрекет бойынша асқан қабілеттілік таныта алатын, 

жоғары  жетістіктермен  даралана  білетін  жеке  тұлға.  Жалпы  адами  мәдениетте  дарындылық  жеке 

құндылық  ретінде  әрі  адам  табиғатында  өзгеше  бір  таптырмайтын  құбылыс  болып  қарастырылады. 

Г.Нұрымбетованың  анықтауы  бойынша  дарындылық  –  жалпы  қабілеттіліктің  даму  дәрежесі,  оның 

әрекет  диапазоны  табысқа  жетуін  анықтайды.  Дарындылық  –  арнайы  қабілеттіліктің  негізгі  дамуы 

болғанымен,  бірақ  сыртқы  фактордан  тәуелсіз  болып  табылады.  З.Сатыбалдинованың  пікірінше, 

дарындылық – бұл адамның белгілі бір істі орыдауға бейімділігі мен ыңғайлығын білдіретін даралық 

қасиет, психологиялық ерекшелік. Дарындылық  – даралығымен  даралану,  ойлылығымен ерекшелену. 

Л.Нарықбаева,  С.И.Қалиева  пікірінше  адам  іс-әрекетінің  әлеуметтік  маңызды  сферасындағы  жоғары 

жетістіктер оқушының дарындылығына байланысты болып табылады. 

Интеллектуалды  дарынды  баламен  жұмыстанудың  негізгі  қағидасы  баланы  сол  күйінде 

қабылдау.  В.И.Пановтың  көрсетуі,  бұндай  баламен  қарым-қатынас  кезінде  педагогикалық 

менталитеттен  арылып,  оқушыны  педагогикалық  әсердің  объекті  ретінде  қабылдамай,  субъект  - 

субъект  позициясын  ұстана  білу  қажет.  Зерттеушілер  үнемі  ізденіс  үстінде  жүріп  оқу  үрдісіндегі 

инновациялық  бағыттарға  көп  көңіл  аударады.  Мұғалімдер  дарынды  балаға  жағдай  жасауға 

бағытталуы қажет. Бұндай бала оқу үрдісінде белсенді бағытты ұстанып, айналасындағы әлемді танып, 

онымен  ашық  қарым-қатынасқа  түсе  отырып,  шешімін  өзі  іздеп  шындықты  табуға  тырысуы  қажет. 

Дарынды  бала  оқу  үрдісініде  қиындықты  сезінбесе  мұғалімдер  қуанады.  Бірақ  олардың  болашақ 

сәтсіздіктерінің  себебі  осында,  себебі  бұндай  балалардың  танымдық  іс-әрекеті  дамушы  ақыл-ой  мен 

қабілетке ұқсас, бірақ өмірде кездесетін қиындықтарды жеңе алмауында болады. 

Қазіргі  білім  беру  жүйесінде  педагог  тәрбиелеу  үрдісінің  негізігі  фигурасы  болып  табылады. 

Көбінде  оның  тұлғалық,  кәсіби  педагогикалық  қасиеті  тәрбиелеу  үрдісінің  тиімділігін  және 

ерекшелігін  анықтайды.  Педагогтардың  дарынды  балалармен  жұмыстануындағы  негізгі  ерекшелік  – 

бұл шығармашылық іс-әрекеттегі жоғары мүмкіндікті жүзеге асырудағы қажеттілік пен қабілеттілікті 

қалыптастыру.  Баланың  қабілетін  дамытуға  бағытталған  білікті  мұғалімдер  оның  ішкі  мотивациясын 

қалыптастыру  қажеттілігін  атап  өткен.  Кейбір  зерттеушілердің  айтуынша,  дарындылықтың  негізгі 

ерекшелігі  тұрақты  танымдық,  іс-әрекеттік  мотивацияның  болуы.    Рухани  тұлғаның  негізі  –  ішкі 

мотивациясы,  тұлғаның  бағыттылығы  және  құндылықтар  жүйесін  қалыптастыруына    жағдай  жасау 

қажет.  

Қазіргі уақытта қоғамға лидерлер, жоғары кәсіби білікті мамандар қажет. Балалардың қабілетін 

жүзеге  асыру  үшін  жаңа  жағдай  және  мүмкіншілік  қажет.  Қазіргі  жастардың  мүмкіндігін,  қабілетін 

жоғары дәрежеде көрсете алатындай білім алуға құқығы бар. Әлемдік тәжірибеде дарынды балаларды 

оқытуда  ауқымды  тәжірибе  жинақталған.  Білікті  педагогтар  қолданатын  негізгі  стратегиялар 

белгіленген.  Педагогикалық  тәжірибеде  дарынды  балаларды  оқыту  мен  дамытуда  жиі  қолданылатын 

және  танымал  стратегиялар  мыналар:  шапшандату,  жалпылау,  ерте  мамандандыру.  Дарындылық 

мәселесіне  көңіл бөлу  иннновациялық  оқу  орындары  мен дарынды  балаларға  арналған  мектептерінің 

оқу және тәрбие үрдісінде арнай бағдарламалардың жасақталуына алып келді. 

Педагогикалық-психологиялық әдебиеттерде дарынды балаларға білім беру мәселесінің түрлері 

берілген. А.И.Савенковтың пікірінше, дарынды балаларға білім беру ұзақ жылдар бойы білім берудің 

сандық  сипаттамаларын,  яғни  оқылатын  тапсырмаларының  көлемі  ұлғайтылып  және  жылдамдығын 

арттыруға бағытталып келген. Бұл параметрлердің өзгертілуі білім беру мазмұнын өзгертудің екі бағыт 

ұстануына байланысты болды. Біріншісі, дарынды бала дәстүрлі оқу бағдарламасын жедел қарқынмен 

оқу  қажеттілігінен  «жеделдетілген  оқыту»  деген  атаққа  ие  болды.  Екіншісі,  оқылатын  оқу 

бағдарламасының  көлемінің  кеңейтілуімен  байланысты,  яғни  оқу  пәндерінің  санының  көбеюі,  ол 

«интенсивті  оқыту»  деп  аталды.  Бірақ  бұл  екі  стратегияда  сынға  алынып,  дарынды  балаларды 

оқытатын жаңа бағдарламалар пайда болды. А.М.Куприна өз жұмысында жоғары ақыл-ой ахуалы бар 

балаларға арналған жеделдету және толықтыру стратегиясына нақты формалары атап көрсеткен.   

Дарынды  балаларды  оқыту  мәселесімен  айналасатын  мамандар,  толықтыру  балаға 

құрбыларының арасында эмоционалды жетілуіне және интеллектуалды қабілетінін дамуына мүмкіндік 

беретінін атап көрсеткен.  

Толықтыру стратегиясы бірнеше бағыттан тұрады: ақыл-ойының кеңеюі, өзін-өзі тану және әлем 

туралы  білім  алу  және  осы  білімдердің  тереңденуі.  Бұндай  бағдарламаларға  мысалы,  тақырып 

бойынша  қысқаша  курстарды  жатқызуға  болады.  Сонымен  қатар,  эмоционалды  және  құлықтық 

қиыншылықтары  бар  дарынды  балаларға  арналған    түзету  бағдарламалары,  эмоционалды  аймағын 




кеңейту үшін арналған дамытушы бағдарламалар және эмоционалды және танымдық компаненттерді 

біріктіретін интегративті бағдарламалары жеткілікті. 

Сонымен  қазіргі  қоғам  талабы  білікті,  талантты  тұлғаларды  тәрбиелеу  болып  табылады. 

Мақсатқа  бағытталған  дамытушылық  және  психологиялық  бағытталған  жұмыстар  баланың  қабілетін 

дарындылығын анықтап оны әрі қарай жетілдіруге мүмкіндік береді.  

Осылай  мектептерде  дарынды  жасөспірімдерді  қоғамның  экономикалық  саяси  жағдайдың  бүгінгі 

мен ертеңгі күнгі талаптарына сай оқыту мен тәрбиелеу заман талабы екеніне көз жеткізуге болады. 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 

1.  Холодная М.А. Психология интеллекта. Санкт-Питербург 2002  

2.  Елбасы Н.Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына жолдауы.- 

Егеменді Қазақстан// 28 ақпан, 2007.- 13 бет. 

3.  Макарова  И.В. , Крылова Ю.Г. Педагог-психолог.  Самара. 2004.- 262-275- бет. 

4.  Әбілмәжінова Н. «Дарынды оқушылармен жұмыс » // Қазақстан  мектебі. 2005.  -№ 2- 54-55-

бет. 

5.  nis. edu. kz. 



6.  ktl. shymkent.kz. 

7. 


www.kau.kz



 



 

 

Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Ағылшын тілінен өткізілетін сыныптан тыс жұмыстардың РӨЛІ
dmdocuments -> Ағылшын тілі пәнін интерактивті тақтада өткізудің тиімділігі р. Б. Сариева
dmdocuments -> А. С. Иргалиев (қолы) (аты-жөні)
dmdocuments -> Оқу -әдістемелік кешен
dmdocuments -> Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
dmdocuments -> Факультетінің деканы
dmdocuments -> Бүгін БҚму құрамында 7 факультет, 24 кафедра, ғылыми орталықтар, it орталығы, лабораториялар бар
dmdocuments -> Кдр (IV курс) Вопросы: Вопрос №1

жүктеу 236,25 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
Жұмыс бағдарламасы
рсетілетін қызмет
бекіту туралы
Жалпы ережелер
қызмет стандарты
Сабақ тақырыбы
туралы хабарландыру
Қазақстан республикасы
Әдістемелік кешені
республикасы білім
Сабақ жоспары
титулдық парағы
білім беретін
Қазақстан республикасының
Қазақстан облысы
Конкурс туралы
жылдарға арналған
мемлекеттік әкімшілік
біліктілік талаптары
бойынша оқыту
Республикасының білім
денсаулық сақтау
жұмыс істеу
қойылатын жалпы
мемлекеттік қызметшілері
ткізу туралы
жалпы біліктілік
қағидаларын бекіту
қатысушыларға қойылатын
қатысушыларына арналған
мамандығы бойынша
ортақ біліктілік
пәнінің мұғалімі
Мектепке дейінгі
арналған ортақ
конкурс қатысушыларына
жалпы білім
Республикасы кіметінің
біліктілік талаптар
мамандығына арналған
бағдарламасының титулдық
Республикасы білім
мемлекеттік мекемесі
оқыту әдістемесі
жұмыспен қамту
мектепке дейінгі
учебная программа
Бастауыш сынып