Кодексі жалпы бөлім I бөлім. Негізгі ережелер 24 1-тарау. Жалпы ережелер 24


Жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттік басқару



жүктеу 2,92 Mb.
бет8/22
Дата14.05.2018
өлшемі2,92 Mb.
#12458
түріКодекс
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   22

Жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттік басқару




    1. Жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттік органдар жүйесі




  1. Қазақстан Республикасының Үкіметі


Қазақстан Республикасының Үкіметі жер қойнауын мемлекеттік меншік объектісі ретінде басқаруды ұйымдастырады, жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын, оны жүзеге асыру жөніндегі стратегиялық және тактикалық шараларды айқындайды.

  1. Құзыретті орган


Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатын іске асыру және мүдделерін білдіру мақсатында құзыретті органды айқындайды.

Құзыретті орган Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалану саласындағы мүдделерін білдіреді және жер қойнауы саласындағы мемлекеттік саясатты:

жер қойнауының мемлекеттік қорын басқару бағдарламасын әзірлеу және бекіту;

осы Кодексте көзделген жағдайларда жер қойнауын пайдалану саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту;

жер қойнауын пайдалану құқығын беру;

осы Кодексте белгіленген тәртіппен жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалану шарттарын сақтауын бақылау арқылы іске асырады.



  1. Мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган


Мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган көмірсутектер бойынша мемлекеттік саясатты мыналар:

мұнайдың стратегиялық қорын қалыптастыру және оның Қазақстан Республикасының аумағында орналасуын есепке алу;

көмірсутек шикізатын өндіру, өткізу және тұтынудың ұлттық теңгерімін, оның ішінде ұлттық отын-энергетикалық теңгерімін жүргізу;

көмірсутектерді өндіру және айалымының бірыңғай деректер қорын жүргізу;

көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды реттеу;

Қазақстан Республикасының теңізіне және ішкі суайдындарына мұнайдың төгілуін алдын алу және оларға ден қою жөніндегі ұлттық жоспарды әзірлеу және бекіту;

осы Кодексте көзделген жағдайларда мұнай және газ саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту арқылы іске асырады.

  1. Жер қойнауын зерделеу жөніндегі уәкілетті орган


Жер қойнауын зерделеу жөніндегі уәкілетті орган жер қойнауынгеологиялық зерделеу саласындағы мемлекеттік саясатты:

осы Кодексте көзделген жағдайда жер қойнауын геологиялық зерделеуге жер қойнауын пайдалану құқығын беру;

жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерделеу жүргізу;

жер қойнауының, геологиялық ақпаратты жинау мен қорытудың мемлекеттік мониторингін жүзеге асыру;

осы Кодексте көзделген жағдайларда жер қойнауын геологиялық зерделеу саласында нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту арқылы іске асырады.

  1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган


Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган осы Кодекске және экологиялық заңнамаға сәйкес мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу арқылы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады.

  1. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары


Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға:

жер заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқық беру және резервке қою;

пайдалы қазбалар жатқан алаңдарға құрылыс салу, жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи-қорық қорының геологиялық, геоморфологиялық және гидрогеологиялық объектілерін және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар санатына жатқызылған ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылығын білдіретін жер қойнауы учаскелерін есепке алуды жүргізу арқылы қатысады.

Осы Кодексте көзделген жағдайларда облыстың жергілікті атқарушы органы жер қойнауын пайдалану құқығын береді және осы Кодексте белгіленген тәртіппен жер қойнауын пайдалану шарттарын жер қойнауын пайдаланушылардың сақтауын бақылауды жүзеге асырады.



    1. Жер қойнауының мемлекеттік қоры




  1. Жер қойнауының мемлекеттік қоры


  1. Жер қойнауының мемлекеттік қорын жер қойнауының пайдаланылатын учаскелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы шегінде пайдаланылмайтын жер қойнауы құрайды.

  2. Жер қойнауының мемлекеттік қорын басқару жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарына, оны жүзеге асыру жөніндегі стратегиялық және тактикалық шараларына сәйкес жер қойнауының мемлекеттік қорын басқару бағдарламасы негізінде осы Кодексте көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.



  1. Жер қойнауының мемлекеттік қорын басқару бағдарламасы


  1. Жер қойнауының мемлекеттік қорын басқару бағдарламасы жер қойнауының мемлекеттік қорын ұтымды басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру және Қазақстан Респбуликасының минералдық шикізат базасын молайту мақсатында әзірленеді.

  2. Жер қойнауының мемлекеттік қорын басқару бағдарламасын құзыретті орган әзірлейді және бекітеді.

  3. Жер қойнауының мемлекеттік қорын басқару бағдарламасы жер қойнауын пайдалану саласын дамыту перспективаларын талдау негізінде және мыналарды:

1) Қазақстан Респбуликасының ұлттық, экологиялық және энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттілігін;

2) Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерін;

3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік жоспарлау жүйесінің бекітілген құжаттарын;

4) Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалардың тиісті түрлеріне және (немесе) оларды қайта өңдеу өнімдеріне қажеттілігін;

5) Қазақстан Республикасының минералдық шикізат базасын пайдалы қазбалардың түрлері бойынша толықтыру және ұлғайту қажеттілігін;

6) өңірлерді дамытудың экологиялық және әлеуметтік-экономикалық перспективаларын;

7) Бірыңғай жер қойнауының мемлекеттік қор кадастрының мәліметтерін;

8) жер қойнауының мемлекеттік мониторингі мәліметтерін;

9) геологиялық ақпаратты қорыту және талдауды;

10) қолда бар инфрақұрылым мүмкіндіктерін ескере отырып әзірленеді.



  1. Жер қойнауының мемлекеттік қорын басқару бағдарламасында:

  1. жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерделеу жүргізу жоспарланатын шектегі аумақтардың географиялық координаттары;

  2. жер қойнауы учаскелері шегіндегі аумақтардың географиялық координаттары:

қатты пайдалы қазбаларды барлау немесе өндіру үшін;

аукцион негізінде көмірсутектерді барлау және өндіру немесе өндіру үшін көмірсутектер саласындағы ұлттық компанияға беріледі;

  1. қорық режимі белгіленген ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың, сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жерлер аумақтарының, қорғаныс және мемлекеттік қауіпсіздік қажеттіліктеріне арналған жерлердің, елді-мекендер аумақтарының (қалалардың, кенттердің және ауылдық елді-мекендердің), сондай-ақ су қоры жерлері аумақтарының географиялық координаттары.

  2. жер қойнауын басқарудың мемлекеттік саясатын іске асыру үшін қажетті өзге де мәліметтер қамтылады.

Осы тармақтың 1)-4) тармақшаларында көзделген мәліметтерден басқа, жер қойнауының мемлекеттік қорын басқару бағдарламасы шегінде жер қойнауын пайдалану құқығы көмірсутектерді барлау және өндіру немесе өндіру үшін, сондай-ақ уранды немесе сирек кездесетін уран кен орнында уранды барлау немесе өндіру үшін ұлттық компанияға ғана берілуі мүмкін аумаққа (аумақтарға) көрсетулер қамтылуы мүмкін.

  1. Осы Кодексте белгіленген жағдайларда жер қойнауының мемлекеттік қорын басқару бағдарламасы көмірсутектерді барлау үшін берілетін жер қойнауы учаскесінде жұмыстардың көлемі мен түрлері бойынша ең төменгі талаптарды қамтиды.

Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге аукцион өткізу кезінде құзыретті орган жер қойнауының мемлекеттік қорын басқару бағдарламасында белгіленген талаптарға қарағанда, жұмыстардың көлемі мен түрлері бойынша анағұрлым жоғары ең төменгі талаптарды белгілеуге құқылы.

  1. Егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, құзыретті орган жер қойнауының мемлекеттік қорын басқару бағдарламасында айқындалмаған аумақтарда қатты пайдалы қазбаларды барлау немесе өндіру жөніндегі операцияларды немесе көмірсутектерді барлау және (немесе) өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу үшін жер қойнауы учаскелерін беруге құқылы емес.



  1. Жер қойнауы мемлекеттік қорының жай-күйін есепке алу


  1. Жер қойнауы мемлекеттік қорының жай-күйін есепке алу мақсатында:

  1. жер қойнауы мемлекеттік қорының бірыңғай кадастрын жүргізу;

  2. жер қойнауының мемлекеттік мониторингі;

  3. геологиялық ақпаратты жинау, сақтау, жүйеге келтіру және қорыту жүзеге асырылады.

  1. Жер қойнауының жай-күйі туралы мәліметтер жер қойнауын геологиялық зерделеудің, сондай-ақ геологиялық ақпараттың нәтижелеріне, жер қойнауын пайдаланушылар осы Кодекске сәйкес ұсынатын есептерге және өзге де құжаттарға негізделеді.



  1. Жер қойнауы мемлекеттік қорының бірыңғай кадастры


  1. Жер қойнауы мемлекеттік қорының бірыңғай кадастрында:

  1. кен орындары және пайдалы қазбалардың көріністері, сондай-ақ жер қойнауының кеңістігі туралы мәліметтер;

  2. жер қойнауын геологиялық зерттеу,көмірсутектерді немесе қатты пайдалы қазбаларды барлау және (немесе) өндіру, жер қойнауы кеңістігін пайдалану, сондай-ақ старательдік үшін пайдалануға берілген жер қойнауы учаскелері туралы мәліметтер;

  3. көмірсутектерді және қатты пайдалы қазбаларды өндіру, старательдік, зиянды заттарды, радиоактивті қалдықтарды көму және сарқынды суларды жер қойнауына ағызудың жойылған объектілері туралы мәліметтер қамтылады.

  1. Кадастрда пайдалы қазбалардың әрбір кен орны және көрінісі бойынша пайдалы қазбалардың ресурстары туралы, кен орнының негізгі және олармен бірге жатқан пайдалы қазбалардың саны мен сапасы, олардың құрамындағы құрамбөліктер, тау-техникалық, гидрогеологиялық, экологиялық және басқа да сипаттамалар туралы геологиялық-экономикалық деректер тіркеледі. Жер қойнауының кеңістігі туралы мәліметтер жер қойнауы қуысының орналасу координаттары мен сипаттамалары туралы, жер қойнауына өндірістік, шаруашылық және өзге де объектілерді орналастыру, оларда технологиялық және өзге де процестерді жүзеге асыру мүмкіндігі туралы деректерді қамтиды.

Жер қойнауының әрбір учаскесі бойынша жер қойнауының кеңістіктегі шекарасын, оның көлемі мен орналасқан жерін айқындауға мүмкіндік беретін идентификаттау сипаттамалары, жер қойнауын пайдаланушы, жер қойнауын пайдалану құқығы берілген құжаттар туралы мәліметтер, жер қойнауын пайдалану құқығының кепілі туралы мәліметтер, жер қойнауын пайдаланушы ұсынған есептілік пен өзге де құжаттама, геологиялық ақпарат тіркеледі.

Көмірсутектерді және қатты пайдалы қазбаларды өндірудің жойылған объектілері туралы мәліметтерге өндірудің жойылған объектілерін орналастыру жоспарлары және жою актілері және өндіру салдарын жою туралы басқа да деректер жатады.

  1. Жер қойнауының мемлекеттік қоры бірыңғай кадастрының мәліметтерін қалыптастыру геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу, жер қойнауын мониторингілеу, жер қойнауын пайдаланушы ұсынатын есептілік және өзге де мәліметтер есебінен қамтамасыз етіледі.

  2. Мемлекеттік геологиялық ақпарат жер қойнауын зерделеу жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен пайдалануға беріледі.

  3. Жер қойнауы мемлекеттік қорының бірыңғай кадастрын жүргізу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.



  1. Жер қойнауының мемлекеттік мониторингі


  1. Жер қойнауының мемлекеттік мониторингі жер қойнауының жай-күйін байқаудың, оның ішінде мемлекеттік жер қойнауы қорының ұтымды басқарылуын және оның өзгерістерін, бағалауды, жағымсыз процестер салдарының алдын алуды және жоюды уақытылы анықтауды қамтамасыз ету үшін ғарыштан Жерді қашықтықтан зондау деректерін пайдалана отырып, байқаудың кешенін білдіреді.

  2. Жер қойнауының мемлекеттік мониторингін жүзеге асыру тәртібін жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.



  1. Геологиялық ақпарат


  1. Табиғи, жасанды (қағаз, электрондық) және басқа да жеткізгіштерде қамтылатын жер қойнауының және олардың учаскелерінің, пайдалы қазбалар кен орындарының және көріністерінің заттық құрамы, геологиялық құрылысы мен тарихы, геологиялық, геохимиялық, геофизикалық, гидрогеологиялық, геоморфологиялық және тектоникалық ерекшеліктері туралы мәліметтер жиынтығы геологиялық ақпарат болып табылады.

Геологиялық ақпараттың табиғи жеткізгіштеріне бұрғылау ұңғымаларының керндері, пайдалы қазбалардың, судың, жыныстар мен минералдардың сынамалары, тас материалының сынамалары мен коллекциялары, шлифтер, аншлифтер, минералдық ерітінділер мен ұнтақтар жатады.

Геологиялық ақпараттың жасанды жеткізгіштеріне аудандарды байқау журналдары, сынамалау, сынамалардың талдамасы, геофизикалық байқауларды тіркеу журналдары, геологиялық есептер, пайдалы қазбалардың ресурстары мен запастарын бағалау туралы есептер, геологиялық барлау жұмыстарының нәтижелері туралы есептер, геологиялық ақпаратты өңдеу, интерпретациялау, талдау және қорыту нәтижелері туралы деректердің қағаз және электрондық жеткізгіштері жатады.

  1. Геологиялық ақпарат, егер ол мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен алынған болса немесе осы Кодекске сәйкес мемлекет меншігіне берілген болса, мемлекеттік меншікте (мемлекеттік геологиялық ақпарат) болады.

Жер қойнауын пайдаланушының қаражаты есебінен алынған геологиялық ақпарат жеке меншікте (жеке геологиялық ақпарат) болады.

Осы Кодексте көзделген тәртіппен мемлекеттік органдарға ұсынылатын геологиялық есептілікте және өзге де құжаттамада қамтылатын жеке геологиялық ақпарат мерзімсіз иеленуге және пайдалануға мемлекетке беріледі.

  1. Мемлекеттің меншігіндегі немесе иеленуіндегі және пайдалануындағы геологиялық ақпаратты есепке алуды, сақтауды, жүйеге келтіруді және қорытуды жер қойнауын зерделеу жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.

  2. Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу нәтижесінде алынған геологиялық ақпараттың болуын, есепке алынуын және сақталуын, сондай-ақ құзыретті органның немесе жер қойнауын зерделеу жөніндегі уәкілетті органның өкілдері зерттеу немесе тексеру үшін оған кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз етуге міндетті. Осы бапта көзделген жағдайларды қоспағанда, көмірсутектерді немесе қатты пайдалы қазбаларды барлау және (немесе) өндіру жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт немесе лицензия қолданысы кезеңінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу нәтижесінде алынған геологиялық ақпараттың табиғи жеткізгіштерін иеліктен шығаруға құқылы емес.

Жыныстар мен минералдар үлгілері, тас материалының коллекциялары, шлифтер, аншлифтер, минералдық ерітінділер және ұнтақтар түрлеріндегі геологиялық ақпараттың табиғи жеткізгіштерін Қазақстан Республикасының және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың шегінен тыс шығаруға ниеттенген жер қойнауын пайдаланушы бұ туралы жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органда болжанан әкету күніне дейін бір ай бұрын жазбаша хабардар етуге міндетті. Хабарламада шығарылатын табиғи жеткізгіштерді зерттеу сипаты, зерттеу жүргізудің болжанатын мерзімі, зерттеу нәтижелері туралы есепті дайындау мерзімі, зерттеуді жүргізетін ұйым туралы мәліметтер қамтылуға тиіс.

Жер қойнауын пайдаланушының сынамалар түріндегі геологиялық ақпараттың табиғи жеткізгіштерін иеліктен шығаруы және (немесе) Қазақстан Республикасының және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың шегінен тыс шығаруы құзыретті органның рұқсатымен жүзеге асырылады. Рұқсатты алу үшін жер қойнауын пайдаланушы құзыретті органға өтінішпен жүгінеді, онда шығарылатын сынаманың көлемі және оны зерттеу сипаты, зерттеу жүргізудің болжанатын мерзімі, зерттеу нәтижелері туралы есепті дайындау мерзімі және зерттеуді жүргізетін ұйым туралы мәліметтер қамтылуға тиіс.

Құзыретті орган өтініш келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде рұқсат беру туралы немесе рұқсат беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

Құзыретті орган мынадай:

1) рұқсат беруге өтініш осы тармақтың талаптарына сәйкес келмеген;

2) иеліктен шығарылатын және (немесе) шығарылатын сынаманың көлемі болжанатын зерттеудің сипатына анық сәйкес келмеген;

3) бұрын берілген рұқсат бойынша жүргізілген сынамаларды зерттеу және талдау нәтижелері туралы мәліметтер қамтылған геологиялық есептер берілмеген негіздер бойынша рұқсат беруден бас тартады.


  1. Қазақстан Республикасының аумағындағы ұңғымалардан алынған керндерді Қазақстан Республикасынан шегінен тыс шығаруға тыйым салынады.

Өзіне тиесілі керндерге билік етуге ниеттенетін жер қойнауын пайдаланушы бір айдан кешіктірмей осындай билік ету тәсілін көрсете отырып, мұндай ниеті туралы жер қойнауын зерделеу жөніндегі уәкілетті органды жазбаша хабардар етуге міндетті. Жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті орган жер қойнауын пайдаланушыдан көрсетілген керндерді талапта көзделген мерзімде меншікке өтеусіз беруді жазбаша талап етуге құқылы. Бұл мерзім бір айдан кем болмайды.

  1. Жасанды жеткізгіштерде геологиялы ақпаратты Қазақстан Республикасынан және Еуразиялық экономикалық одақ шегінен тыс шығару егер мемлекеттік құпиялар туралы заңнамада өзгеше көзделмесе шектеулерсіз жүзеге асырылады.

  2. Осы бапта көзделген шектеулер жер қойнауы кеңістігін пайдалану жөніндегі операцияларды және старательдікті жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушыларға қолданылмайды.



  1. Жер қойнауын пайдаланушының есептілігі


  1. Осы Кодексте көзделген жағдайларда, жер қойнауын пайдаланушылар құзыретті органға жер қойнауын пайдалану жөніндегі өз қызметі туралы есептілікті ұсынуға міндетті.

Жер қойнауы учаскесі, сол учаскеде жүргізілген жұмыстар мен шығыстар туралы мәліметтерді қамтитын есептілік жер қойнауының әрбір жеке учаскесі бойынша беріледі.

2. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың түрлері бойынша есептіліктің құрамы осы Кодекстің Ерекше бөлімінің ережелерінде айқындалады.

3. Есептілікті ұсыну нысандары мен тәсілдерін құзыретті орган бекітеді.

4. Есептілік жыл сайын алдыңғы күнтізбелік жыл үшін әр жылдың отызыншы сәуірінен кешіктірілмей ұсынылады.

Толық емес күнтізбелік жыл үшін есептілік жер қойнауын пайдаланудың нақты кезеңі үшін беріледі.

Жер қойнауы учаскесін пайдалану кезеңінің соңғы толық емес күнтізбелік жыл үшін есептілік көрсетілген кезең аяқталғаннан кейін екі айдан кешіктірілмей беріледі.

5. Ұсынылған есептілікте қамтылған пайдалы қазбаларды барлау және (немесе) өндіру бойынша операцияларға жүргізілген шығыстар туралы мәліметтерді «Аудиторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аудитор болып табылатын адам растайды.

6. Жер қойауын пайдаланушы құзыретті органның жазбаша сұрау салуы бойынша жер қойнауын пайдалану бойынша жүргізілген жұмыстар мен жұмсалған шығыстарды растайтын құжаттаманы тексеру үшін осындай сұрау салуды алған күннен бастап отыз күннен кешіктірмейтін мерзімде ұсынуға міндетті.



  1. Жер қойнауын пайдалануға арналған лицензиялар мен келісімшарттар туралы ақпаратқа қолжетімділікті ұсыну


1. Жер қойнауын пайдалану құқығын ұсынатын мемлекеттік орган өз интернет-ресурсында жариялау арқылы жер қойнауын пайдалану құқығы туралы ақпаратқа ашық қолжетімділікті қамтамасыз етеді.

2. Жер қойнауын пайдалану бойынша операциялар түрлерін есепке алумен жер қойнауын пайдалану құқығы туралы ақпарат мынадай:

1) жер қойнауын пайдалануға берілген лицензия мен жасалған келісімшарттың мазмұны туралы;

2) атауы (тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда), заңды мекенжайы (тұрғылықты жері мен азаматтығы), жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлес өлшемін қамтитын жер қойнауын пайдаланушы туралы;

3) мемлекеттердің атауы, бақылаушы ұйымның (жеке тұлғаның) атауы (тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) және заңды мекенжайын(тұрғылықты жері мен азаматтығы),оған тиесілі бақылау нысаны мен тәсілін қамтитын жер қойнауын пайдаланушыны бақылайтын адамдар туралы;

4) берілген есептілікке сәйкес жылдар бойынша жер қойнауын пайдаланушы жүргізген шығыстардың жалпы сомасы туралы;

5) жылдар бойынша жалдау төлемдерінің төленген сомалары туралы;

6) қамтамасыз ету түрі, қамтамасыз ету сомасы, оның қолданылу мерзімі мен қамтамасыз етуді берген ұйымның атауын қамтитын жер қойнауын пайдалану бойынша операциялар салдарларын жоюды қамтамасыз ету туралы;

7) кепілдемені тіркеу күні, кепілдемені ұстаушының атауы (тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) және заңды мекенжайын (тұрғылықты жері) қамтитын жер қойнауын пайдалану құқығының тіркелген кепілдемесі туралы;

8) өту негіздемесі, өту күні, алушының атауы (тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) және жер қойнауын пайдалану құқығындағы алынатын үлес мөлшерін қамтитын жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) өтуі туралы мәліметтерді қамтуы тиіс


  1. Геологиялық есептерде және мемлекеттік орган осы Кодекске сәйкес алған геологиялық ақпаратты қамтитын өзге де құжаттамада қамтылатын мәліметтер жер қойнауын пайдаланушының коммерциялық құпиясы болып табылады және көрсетілген органдар олардың құпиялылығын қорғауға шаралар қолдануға міндетті.

Құзыретті орган немесе жер қойнауын зерделеу жөніндегі уәкілетті орган көрсетілген мәліметтерді алған күннен бастап кейінгі бес жыл (құпиялылық мерзімі) өткен соң оларды жариялау арқылы ашуға құқылы. Мәліметтерді өзге тәсілмен ашуға тыйым салынады.

  1. Жер қойнауын пайдаланушының жазбаша өтініші бойынша құпиялылық мерзімі өтініште көрсетілген, бірақ бес жылдан аспайтын кезеңге ұзартылады. Мұндай ұзарту туралы өтініш бастапқы бесжылдық құпиялылық мерзім өткенге дейін берілуі мүмкін.

  2. Егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, құпиялылық мерзімін ұзарту кезеңін қоса алғанда, ол өткенге дейін құзыретті орган осы баптың 3-тармағында көрсетілген мәліметтерді:

1) жер қойнауын пайдаланушының жазбаша келісімімен;

2) алынатын мәліметтердің құпиялылығын қорғауға шаралар қолданған жағдайда басқа мемлекеттік орандардың талабы бойынша;

3) кез келген негіз бойынша жер қойнауын пайдалану құқығы тоқтатылған күннен бастап үш ай өткен соң;

4) бұрын осындай мәліметтер алынған тиісті жер қойнауы учаскесі қайтарылған күннен бастап үш ай өткен соң;



5) егер мәліметтер жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерделеу нәтижесіндегі есептер және өзге де құжаттамалар бойынша алынғанда ашуға құқылы.


  1. Каталог: sites -> default -> files -> pages
    pages -> Әлеуметтік қамсыздандыру саласының азаматтық қызметшілері лауазымдарының тізілімі
    pages -> Конкурс жариялайды: «Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»
    pages -> Бос јкімшілік мемлекеттік лауазымдарєа орналасуєа конкурс туралы хабарландыру 17/07/2012г
    pages -> Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау Министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау Комитетінің Қызылорда облысы бойынша экология Департаменті, 20008, Қызылорда қаласы, Желтоқсан көшесі, №150 үй
    pages -> Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау Министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау Комитетінің Қызылорда облысы бойынша экология Департаменті, 20008, Қызылорда қаласы, Желтоқсан көшесі, №150 үй

    жүктеу 2,92 Mb.

    Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   22




©g.engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
Жұмыс бағдарламасы
рсетілетін қызмет
бекіту туралы
Жалпы ережелер
Сабақ тақырыбы
қызмет стандарты
туралы хабарландыру
Қазақстан республикасы
Әдістемелік кешені
республикасы білім
Сабақ жоспары
титулдық парағы
білім беретін
Қазақстан республикасының
Қазақстан облысы
Конкурс туралы
жылдарға арналған
мемлекеттік әкімшілік
біліктілік талаптары
Республикасының білім
бойынша оқыту
жұмыс істеу
ткізу туралы
қойылатын жалпы
мемлекеттік қызметшілері
денсаулық сақтау
қағидаларын бекіту
жалпы біліктілік
қатысушыларға қойылатын
мамандығы бойынша
қатысушыларына арналған
ортақ біліктілік
Мектепке дейінгі
арналған ортақ
пәнінің мұғалімі
конкурс қатысушыларына
жалпы білім
оқыту әдістемесі
Республикасы кіметінің
біліктілік талаптар
мамандығына арналған
Республикасы білім
бағдарламасының титулдық
мемлекеттік мекемесі
жұмыспен қамту
мектепке дейінгі
учебная программа
Бастауыш сынып