Жеделхаттар Сөздік



жүктеу 19,43 Kb.
Дата16.03.2023
өлшемі19,43 Kb.
#41805
Жеделхаттар

Жеделхаттар



  1. Сөздік:

жеделхат – телеграмма;
жеделхат жіберу – послать телегармму;
жеделхат алу – получить телеграмму.

  1. Мәліметті оқыңыз.



ЖЕДЕЛХАТ
Жеделхат – телеграф (телетайп) арқылы жолданатын, шұғыл мәселелер туралы хабарламалық сипаттағы құжат.
Жеделхаттың артықшылықтары:
- мекеменің кез келген қызметкерінің жіберуіне мүмкіндік болады;
- формальды түзетулердің (виза қою, келісу, корректуралау, редакциялау) қажеттігі жоқ;
- жеделхат қолмен жазылғанына қарамастан жіберуші мен алушы туралы мәлімет нақты қамтылады;
- қажет жағдайда жеделхат мәтіні расталады;
- жеделхаттар тез жеткізіледі;
- жеделхат басқа байланыс түрлерінен (интернет, факс) арзан, сенімді.
Жеделхатты жазу талаптары :
- мәтін қысқа (ең ұзағы 300 сөз), анық, түсінікті болуы тиіс;
- мәтінде кіріспе сөз, шылау сөздер қолданылмайды;
- кейбір сөздерді қысқартуға болады;
- цифрлар жазбаша беріледі (мысалы: 10137-бір нөл бір үш, жеті);
- жеделхат құрылымы (алушы адресі, мәтін, жіберуші адресі) қатаң сақталады;
- жеделхат мәтіні қатесіз, түзетусіз болуы тиіс.
Жеделхат 2-ге бөлінеді: ішкі (мемлекет ішіндегі) және халықаралық (шетелдерге жіберілетін).
Ішкі жеделхат түрлері: өкіметтік, жедел, жай.
Жеделхаттың реквизиттері:
1. Сызықтың жоғары жағына жазылып, ақша төленетін формулярдағы бөлігінде:
- түрі, категориясы;
- номері, датасы, жіберілген уақыты;
- алушының аты, адресі, мәтіні, қолы.
2. Сызықтың сыртына жазылып, ақша төленбейтін бөлігінде:
- жеделхатқа қол қоюшы адамның қызметі;
- датасы;
- автордың мекен-жайы.
Жеделхаттардың рәсімделуі:
- мекемеде арнайы журналға тіркеледі (тігіледі не желімделеді). Қасына алушының танысқаны жөнінде белгі, қол қойылады, резолюция жазылады.
- Жолданғанда жіберушінің қолы қойылады, көшірмесі сақталады.
Ескерту: Егер жеделхат телефон арқылы жіберілсе, оны кім қабылдағанын, жұмыс телефонын, қызметін жазып алыңыз.


4. Жеделхаттың үлгілерімен танысыңыздар.
Ү л г і:
Ж Е Д Е Л Х А Т


480013, Алматы, Пушкин 22, ҚР ҰҒА Ядролық физика институты. Директорға.
Сынақтың екінші кезеңі сәтті аяқталды. Зерттеу жұмысын жалғастыру талаптарын күтемін. Материалдарды мына мекен-жайға жіберіңіз: Атырау, Абай 7, Өмірбеков А.
* * * * *


480020, Алматы, Сәтбаев 22, ҚазҰТУ. Ректорға
Қазақ ұлттық техникалық университетінің ашылғанына 70 жыл толу мерекесімен бүкіл университеттің ұжымын құттықтаймын! Жас кадрларды, инженер мамандарын даярлауда үлкен жетістіктерге жете беріңіздер.
ҚР Білім және Ғылым
министрлігінің министрі
Б.Т. Жұмағұлов


5. Өздеріңіз тәжірибеден өткен кәсіпорынның директорына жұмыстағы ірі жетістіктерімен құттықтау мәтінін құрастырып, жеделхат жазыңыздар.


6. Тест тапсырыңыз.
жүктеу 19,43 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
Жұмыс бағдарламасы
рсетілетін қызмет
бекіту туралы
Жалпы ережелер
Сабақ тақырыбы
қызмет стандарты
Қазақстан республикасы
туралы хабарландыру
Әдістемелік кешені
республикасы білім
Сабақ жоспары
титулдық парағы
білім беретін
Қазақстан республикасының
Қазақстан облысы
Конкурс туралы
жылдарға арналған
мемлекеттік әкімшілік
біліктілік талаптары
Республикасының білім
бойынша оқыту
жұмыс істеу
денсаулық сақтау
ткізу туралы
мемлекеттік қызметшілері
қойылатын жалпы
қағидаларын бекіту
жалпы біліктілік
қатысушыларға қойылатын
қатысушыларына арналған
мамандығы бойынша
Мектепке дейінгі
ортақ біліктілік
пәнінің мұғалімі
арналған ортақ
конкурс қатысушыларына
оқыту әдістемесі
жалпы білім
Республикасы кіметінің
біліктілік талаптар
бағдарламасының титулдық
мамандығына арналған
Республикасы білім
мемлекеттік мекемесі
жұмыспен қамту
учебная программа
Рабочая учебная
мектепке дейінгі