Әлеуметтік -тәрбие қызметі



жүктеу 41,42 Kb.
Pdf просмотр
Дата21.05.2018
өлшемі41,42 Kb.


Әлеуметтік -тәрбие қызметі 

  

Кафедрадағы  барлық іс-шаралар  Институтта  дайындалған  жоспар  бойынша, 

тәлімгерлердің  жұмыс  доспарларына,  Жастар  ісі  жөніндегі  комитеттің 

жоспарына  сәйкес  өткізіледі.  Әрбір  өткізілген  шара  бойынша  есептеме 

ұсынылады  және  хаттамалар  толтырылады.  Практикалық  тілдер  кафедрасы 

университеттің  студенттік  кәсіподақтарымен,  жастар  ісі  жөніндегі 

комитетімен,  институттың  және  университеттің  тәрбие  ісі  жөніндегі 

басқармаларымен тұрақты түрде ынтымақтастықта жұмыс істейді. 

Кафедраның  профессорлық-оқытушылық  құрамымен  шешілетін  тәрбиелік 

міндеттер  жүйесінде  студенттердің  қоғамдық-саяси  тәрбиесі,  олардың 

азаматтық  белсенділігін  және  қоғамды  әлеуметтік  өзгертуге  қатысуға 

ұмтылыстарын қалыптастыру мәселелері маңызды орын алады. 

Кафедра  оқытушылары  жыл  сайын  спорт  түрлерінен  (шахмат,  волейбол, 

футбол,  теннис,  баскетбол)  өтетін  Университет  спартакиадасына  қатысады. 

Сонымен қатар, кафедра оқытушылары сенбіліктерге белсене ат салысады.  

Студенттермен тәрбие жұмыстары кафедрада келесі бағыттарда жүргізіледі: 



1. Қазақстандық  отаншылдық  пен  Қазақстанға  деген  сүйіспеншілікке 

тәрбиелеу. 

Оқу  жылының  басында  барлық  оқытушылар  өз  оқу  топтарында  іс-шаралар 

өткізіп,  онда  студенттерді  ҚР  Конституциясы  күніне  арнап  Тәуелсіздіктің 

қалыптасуының  және  Қазақстан  Республикасының  дамуының  негізгі 

кезеңдерімен  таныстырды,  «Білім  күні»  тақырыбына  әңгімелесулер  өткізді. 

Қазан айында тәлімгерлер топтарда «Қазақстанның өткені, қазірі, болашағы» 

тақырыбында әңгіме-сұхбаттар өткізді. 

Құқық 


қорғау 

органдары 

қызметкерлерінің 

қатысуымен 

ҚР 

Конституциясының                 26  жылдығына  орай  «Қылмыстық  заңнаманы 



және  қылмыстық  істерді  жүргізу  туралы  заңды  ізгілендіру»  тақырыбында 

дөңгелек  үстел  өткізу,  «Заманауи  қазақстандық  қоғамның  өміріндегі 

Конституцияның  маңыздылығы  мен  рөлі»  тақырыбында  сұөбат  өткізу 

жоспарланған. 



2. Жалпы университеттік шаралар. 

Жыл сайын кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы мен студенттер 

«Студенттер  қатарына  қосылу»  мерекесіне  белсенді  қатысады.  Онда  бірінші 

курс  студенттері  бір-бірімен  жақын  танысуға  мүмкіндік  алады.  Студенттер 

қазақ және орыс тілдерін ән шырқап, өлең оқиды. 

ЭКСПО-2017  жобасын  жүзеге  асыру  аясында  тәлімгерлер  мен  оқытушылар 

оқу  топтарында  Қазақстан  Республикасының  Президентінің  «Нұрлы  жол  - 

Пусть в будущее» жолдауы бойынша әңгімелесулер өткізді. 

Университетіміздің  мерейтойын  тойлауға  байланысты  келесі  іс-шараларды 

өткізу  жоспарлануда:  1)  «Тілші  ғалымдардың  ҚазҰПУ білім  беру  процесіне 

қосқан  үлестері»  тақырыбында  ЖОО  аралық  дөңгелек  үстел  өткізу;  2) 

Алматы  қаласындағы  РФ  консулы  И.В.Переверзевамен  «Қазақ-орыс 

байланыстарының  дамуы  -  халықаралық  ынтымақтастықтың  сенімді  негізі» 

тақырыбында  кездесу  өткізу;  3)  «Сіз  өз  университетіңізді  білесіз  бе?» 




тақырыбында  қазақ  және  орыс  тілдерінде  КТК,  олимпиадалар  өткізу;  4) 

«Менің  сүйікті  кәсібім»  тақырыбында  жазбаша  шығармашылық  жұмыстар 

(шығарма)  байқауын  ұйымдастыру  және  өткізу;  5)  «Біздің  сөз  қалай  үн 

қатар...»  мәнерлеп  оқитындар  байқауын  дайындау  және  өткізу;  6)  Абай 

атындағы  ҚазҰПУ                    90-жылдығына  арналған  студенттердің  ҚР 

танымал 


ғалымдары 

және 


қоғам 

қайраткерлерімен 

кездесулерін 

ұйымдастыру  және  өткізу.  Танымал  тілші,  ҚР  ғылымының  еңбек  сіңірген 

қайраткері, ф.ғ.д., профессор Н.Оралбаеваға арналған «Бар ғұмыры ғылымға» 

атты ғылыми-практикалық конференцияны өткізу.    



3. Мемлекеттік тілді дамыту. 

Кафедраның  профессорлық-оқытушылық  құрамы  «Қазақстан  Республикасы 

халқының  тілдер  күні»  мерекесіне  арналған  жалпы  университеттік  шраға 

қатысты.  Онда  Абай  атындағы  ҚазҰПУ  студенттері  дайындаған  музыкалық 

концерт болды. 

Қазақ  тілі  бойынша  сабақтарда  оқытушылар  Қазақстанның  тарихы  және 

қазақстандықтар  үшін  Тәуелсіздік  мерекесінің  рөлі  туралы  айтады,  «Сен 

мемлекеттік  тілді  білесің  бе?»  тақырыбында  сайыс-сабақтар,  «Тіл  -  ықылас 

тірегі», «Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде» тақырыптарында сыныптан 

тыс сағаттар өткізеді. 



4. Ұлттық тәрбие - халық педагогикасы қағидаларын насихаттау. 

Кафедра  жыл  сайын  студенттермен  бірлесе  отырып  Наурыз  мейрамына 

арналған жалпы қалалық шараларға қатысады. 

Қазақстанның  еңбек  сіңірген  қызметкері,  білім  беру  ісінің  үздігі,  «Алтын 

жұлдыз»  және  «Отан»  ордендерінің  иегері  Миразова  Аягуль  Тореевнамен 

кездесу өткізу жоспарланып отыр. 

Студенттермен этнопедагогика бойынша әңгімелесулер өткізіліп тұрады. 

5. Адамгерлішік және эстетикалық тәрбие. 

Қазан  айында  студенттер  Ұстаздар  күніне  арналған  мерекелік  қабырға 

газеттерін дайындады. 

Музейлерге, 

театрларға, 

сурет 


галереяларына, 

әдеби-мемроиалдық 

кешендерге  (М.Әуезов,  С.Мұқанов,  Ғ.Мүсірепов  және  т.б.)  бару  арқылы 

студенттерге ұлттық, отаншылдық және эстетикалық тәрбиені күшейту. 



6. Төзімділік пен ұлтаралық келісімге тәрбиелеу. 

Топтарда  тәлімгерлер  жыл  сайын  «Дін  және  ізгілік»  тақырыбында 

әңгімелесулер  өткізеді,  сонымен  қатар  діни  экстремизм  және  терроризм 

идеяларын болдырмау мақсатында топтарда тәәрбие жұмыстарын жүргізеді. 

Студенттер 

арасында 

төзімділікті 

тәрбиелеу 

мақсатында 

«Діни 


экстремизммен 

күрес 


және 

ұлтаралық 

татулық 

пен 


төзімділік» 

тақырыптарында бес минуттық басқосулар өткізу. 



7.  Құқықтық  тәрбие,  құқық  бұзушылыққа  жол  бермеу  және  қоғамдық 

тәртіпті нығату. 

Тәлімгерлер  жыл  сайын  қыркүйек  айында  топтар  ішінде  кітапхананың 

каталогымен  жұмыс  туралы  әңгімелесулер  ұйымдастырады,  ЖОО  оқу 

залдарына  және  кітапханасына  экскурсиялар  өткізеді,  студенттерді 




жатақханада  болу  және  тұрудың  ережелері  туралы  нұсқаулықтармен 

таныстырады. 

Жатақханадағы  ережелер  мен  тәртіпті  қадағалау  туралы  әңгімелесулер 

өткізеді  және  олардың  орындалу  барсын  бақылайды,  мерекелік  күндері 

жатақханадағы ережелер мен тәртіпті қадағалауға бақылау жүргізіледі. 

8. Студенттерге психологиялық көмек. 

Кафедраның  профессорлық-оқытушылық  құрамы  студенттерге  жан-жақты 

қолғабыс көрсетеді, оларға моральді-психологиялық көмек беріп, студенттік 

өмірге бейімделуге қол ұшын береді. 



9.  Діни  білімділікті  арттыру,  студенттер  арасында  діни  экстремизмді 

және ұлтаралық қақтығыстарды болдырмауға бағытталған шаралар. 

«Діни секталарға жол жоқ!» тақырыбында пікірталастар өткізу. 

Діни экстремизммен күресу бойынша шаралар өткізу. 

10. Жемқорлықпен күресу бойынша шаралар. 

Жемқорлықпен  күресу  бойынша  шаралар  өткізу  (лекциялар,  әңгімелесулер, 

«Жемқорлық туралы заңмен» таныстыру). 

«Жемқорлық! Тоқта!» тақырыбында тәрбие сағаттарын өткізу. 



11. Дене тәрбиесі және салауатты өмір салтын қалыптастыру. 

Топтар  ішінде  «Салауатты  өмір  салты  және  спорт»,  «Жұқпалы  аурулардың 

алдын  алу»  тақырыбтарында  әңгімелесулер  өткізілді.  Практикалық  тілдер 

кафедрасы  студенттермен  бірлесе  отырып  «Денсалық  күні  2018» 

университеттік спартакиадасына белсенді ат салысты (21.10.2017 ж.). 

Университеттің және институттың спортық турнирлеріне қатысу. 



12. Еңбекке тәрбиелеу. 

Кафедрада №3 жатақханада профессорлық-оқытушылық құрамының тұрақты 

кезекшілігі  ұйымдастырылады,  онда  студенттермен  олардың  бөлмелерінің 

санитарлық-гигиеналық жағдайы туралы әңгімелесулер өткізіледі. 

«Еңбек  етсең,  ерінбе!»  Ұлы  адамдардың  еңбек  туралы  айтқан  сөздері  мен 

пікірлері. Еңбек туралы мақал-мәтелдер сайысы. 



13. Экологиялық тәрбие. 

Экологиялық  тақырыпта  аудиториядан  тысқары  жерлерде  бес  минуттық 

басқосулар өткізу. 

Қала көлеміндегі сенбіліктерге қатысу. 



14. Экономикалық тәрбие. 

«Студенттердің бос уақытын үнемдеу және тиімді пайдалану» тақырыбында 

пікірталастар өткізу. 

15. Жас дарындарға қолдау көрсету және оларды дамыту. 

Студенттердің  көркемөнер  ұжымдарының  жұмыстарын  жандандыру.  Жас 

дарындарды  анықтау  және  олардың  одан  әрі  өсіп,  дамуына  көмек  көрсету. 

Дарынды студенттерді «Тілтаным» клубына тарту. 



16. Жатақханадағы тәрбиелік шаралар. 

Кафедраның  оқытушылары  №3  жатақхананың  әкімшілігімен  тығыз 

әріптестікте,  студенттермен  жатақхана  бөлмелерін  күтіп  ұстау  ережелері 

туралы тұрақты әңгімелесулер өткеді, студенттердің тұрмысымен танысады, 

өзекті мәселелерін шешуге қолғабыс көрсетеді. 



17. Студенттерге ғылыми-зерттеу жұмыстарына тарту. 

Студенттер  мен  кафедра  оқытушылары  жыл  сайын  қараша  айында  жыл 

сайынғы  студенттердің  ғылыми  конференциясын  ұйымдастыру  мен  өткізуге 

қатысады.  Кафедра  жанында  «Тіл  тағылымы»  студенттердің  ғылыми  клубы 

жұмыс істейді. 

18. ЖИТС, ішімдік және бейәлеуметтік мүнез-құлықтың алдын алу. 

Кафедраның  оқытушыларымен  «ЖИТС  -  20  ғасыр  обасы»,  «Темекі  мен 

ішімдік  зияны  туралы»  тақырыбында  әңгімелесулер  өткізіледі.  Жыл  ішінде 

студенттермен  түрлі  моральдік-этикалық  тақырыптарда,  студенттердің 

этикасы  тұрғысында,  Абай  атындағы  ҚазҰПУ  студенттерінің  тәртіп 

ережелері туралы әңгімелесулер болып тұрады. 



19. Кәсіби бағдарлық жұмыс. 

Кафедраның  профессорлық-оқытушылық  құрамы  жалпы  білім  беру 

мектептерінің,  колледж  бен  лицей  оқушыларының  арасында  кәсіби 

бағдарлық жұмыстарды белсенді жүргізеді. 

2017  жылдың  қыркүйек  айнан  қарашаға  дейін  ҚР  Орталық  мемлекеттік 

музейіне,  ҚР  Бірінші  Президент  паркына,  Халық  музыкалық  аспаптарының 



мемлекеттік музейіне экскурсиялар ұйымдастырылды. 

 


жүктеу 41,42 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
Жұмыс бағдарламасы
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
бекіту туралы
қызмет стандарты
туралы хабарландыру
Сабақ тақырыбы
Әдістемелік кешені
Қазақстан республикасы
республикасы білім
титулдық парағы
білім беретін
Сабақ жоспары
Қазақстан облысы
Конкурс туралы
Қазақстан республикасының
жылдарға арналған
мемлекеттік әкімшілік
бойынша оқыту
біліктілік талаптары
Республикасының білім
қойылатын жалпы
мемлекеттік қызметшілері
жалпы біліктілік
жұмыс істеу
ткізу туралы
қатысушыларға қойылатын
қағидаларын бекіту
қатысушыларына арналған
ортақ біліктілік
мамандығы бойынша
денсаулық сақтау
арналған ортақ
конкурс қатысушыларына
пәнінің мұғалімі
Мектепке дейінгі
бағдарламасының титулдық
Республикасы кіметінің
біліктілік талаптар
жұмыспен қамту
мамандығына арналған
мемлекеттік мекемесі
Бастауыш сынып
Республикасы білім
жалпы білім
Конкурс ткізу
мектепке дейінгі
облысы бойынша