Бекітемін: Мектеп директоры



жүктеу 0,68 Mb.
бет1/5
Дата27.01.2018
өлшемі0,68 Mb.
  1   2   3   4   5

Бекітемін:

Мектеп директоры М.Көпешбай
Тұлғаға бағытталған білім – білім беруді жаңартудың басты бағыты


2009-2010 оқу жылына арналған

мектептің оқу-тәрбие жұмысының

ЖОСПАРЫ
31 ТАМЫЗ 2009 жыл
Мектептің педагогикалық

1 кеңесінде талқыланды


Мектептің 2010-2011 оқу жылында жүргізген оқу -тәрбие жұмыстарының қорытындысы.

Өткен оқу жылында мектепте 42 мұғалім жұмыс атқарды.Оның ішінде жоғарғысы 1 І санатты мұғалім–13 ІІ санатты мұғалім–14 қалғандары әр түрлі разрядтағы мұғалімдер-14.


Оқу жылының басында мектептегі 12 сынып комплектісінде- 162 оқушы оқыды:


1-сыныпта 10, 2- сыныпта 10, 3- сыныпта 16, 4-сыныпта 19, 5 –сыныпта 16, 6- сыныпта 19, 7 - сыныпта 11, 8- сыныпта 11, 9 -сыныпта 11, 10- сыныпта 23, 11-сыныпта 11 оқушы болды. Оқу жылы бойында мектептен 14 оқушы басқа мектепке кетіп, 12 оқушы басқа мектептен келді, сөйтіп оқу жылының соңында 162 оқушы бітірді. Мектепалды даярлық тобында 22 бала оқыды.




Өткен оқу жылында мектептің педагогикалық ұжымы «Тұлғаға бағытталған білім –білім беруді жаңартудың басты бағыты» тақырыбын басшылыққа ала отырып жұмыс жүргізді. Мұғалімдерге әдістемелік көмек ұйымдастыру мақсатында пәндер бойынша 5 пәндік әдістемелік бірлестіктер құрылған және олардың жұмысын мектептегі әдістемелік кеңес үйлестіріп отырады. Онда әрбір пән әдіс бірлестіктерінің өзекті мәселелерімен қатар, пәндік бағдарламалардың орындалуына бақылау жасалып, мектепшілік олимпиада, кәсіби шеберлік байқаулары педагогикалық оқулар, семинарлар ұйымдастырылып, басшылық жасайды, бағыт –бағдар береді. Сонымен қатар білім берудің мазмұнын жақсартуға байланысты жаңа технологиялық әдістерді қолдану, сабақты жетілдіру жөнінде проблемалар көтеретін шешімдер қабылдауына басшылық жасайды. Тәжірибелі, озат мұғалімдердің шағын шығармашылық тобы жұмыс істейді. Олар модульдік оқыту технологиясын, дамыта оқыту технологиясын және «оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау» стратегияларын зерттеп, оқу үрдісінде пайдалануда.

Мектептің 2009-2010 оқу жылына арналған жұмыс жоспары бойынша 6 пеадогогикалық кеңес өткізу жоспарланған. Педагогикалық кеңестерде: тоқсандық, жылдық оқу -тәрбие жұмысының қорытындылары, мектептегі педагогикалық-психологиялық қызметтің атқарылуы, мектеп кітапханасындағы оқулықтар мен оқу әдістемелік құралдардың сақталуы жайлы мектеп кітапханашысының есебі, қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің берілуі, оқушыларды сыныптан-сыныпқа көшіру және бітіру емтихандарына жіберу, ІХ сыныпты бітірушілерге негізгі мектепті бітіргендігі туралы куәлік беру және ХІ сыныпты бітірушілерге орта мектепті бітіргендігі туралы аттестат беру мәселелері қаралды. Педагогикалық кеңестер толық өткізіліп, талқыланған мәселелер бойынша шешімдер қабылданып, хаттамалары жазылды.

Кеңесте:


І.Қаралған мәселелер:

1.Жазба жұмыстарының қорытындылары

2. 4-сыныптың білім деңгейі

3.ҰБТ нәтижесі, қазақ тілі математика пәндерінің көрсеткіші

4.Бейнелеу технология пәндерінің апталық қорытындысы

5.Д/т, АӘД пәндері апталық қоытындысы

6.Мектепшілік пед.оқу қорытындысы

7.Жас мамандармен жұмыс

ІІ.Талқыланған жұмыстар:

1.Панорамалық сабақтар

2.Психологиялық тренингтер

3.Бағдарлы оқытуға байланысты дөңгелек стол

Барлық бірлестік пән мұғалімдерінің шығармашылық ізденісін, шеберлігін арттыруда оқытудың жаңа технологияларын үйретеді, пәндік апталықтар өткізеді. Апталық кезінде пән мұғалімдері жоспарлы түрде ашық сабақтар, сыныптан тыс шаралар өткізеді.

ІІІ.Апталықтар:



  1. «» -тілдер онкүндігі;

  2. «Математика- ғылымдар патшасы»-математика апталығы

  3. «»-орыс тілі апталығы

  4. «»-ағылшын апталығы

  5. «Жер-адамзат бесігі»-химия-биология апталығы

  6. «Сөз өнері -өмір өрнегі»-қазақ тілі апталығы

  7. «»-тарих апталығы

  8. Бастауыш сыныптар апталығы

  9. «Қарасам- көремін, тыңдасам- естимін ал әрекет жасасам білемін»Жас мамандар апталығы

  10. Д/т, АӘД апталығы

  11. Бейнелеу, технология апталығы

ІҮ.Пәндік олимпиадалар және интелектуалдық марафондар:

Ғылым негіздері бойынша аудандық пәндік олимпиадаға барлығы – 14 оқушы қатысқан


жүктеу 0,68 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©g.engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
Жұмыс бағдарламасы
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
бекіту туралы
қызмет стандарты
туралы хабарландыру
Сабақ тақырыбы
Әдістемелік кешені
Қазақстан республикасы
республикасы білім
титулдық парағы
білім беретін
Сабақ жоспары
Қазақстан облысы
Конкурс туралы
Қазақстан республикасының
жылдарға арналған
мемлекеттік әкімшілік
бойынша оқыту
біліктілік талаптары
Республикасының білім
қойылатын жалпы
мемлекеттік қызметшілері
жалпы біліктілік
жұмыс істеу
ткізу туралы
қатысушыларға қойылатын
қағидаларын бекіту
қатысушыларына арналған
ортақ біліктілік
мамандығы бойынша
денсаулық сақтау
арналған ортақ
конкурс қатысушыларына
пәнінің мұғалімі
Мектепке дейінгі
бағдарламасының титулдық
Республикасы кіметінің
біліктілік талаптар
жұмыспен қамту
мамандығына арналған
мемлекеттік мекемесі
Бастауыш сынып
Республикасы білім
жалпы білім
Конкурс ткізу
мектепке дейінгі
облысы бойынша