Бағдарламасы география дайындық бөлімінің тыңдаушыларына арналған



жүктеу 173.49 Kb.
Дата24.01.2018
өлшемі173.49 Kb.
түріБағдарламасы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Республикалық оқу-әдістемелік кеңес
ТИПТІК ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

ГЕОГРАФИЯ

Дайындық бөлімінің тыңдаушыларына арналған


6 несие (270 сағат)

Қарағанды 2015



АЛҒЫ СӨЗ


  1. Дайындық бөлімі тыңдаушылары бойынша ҚР БҒМ оқу-әдістемелік секциясында өңделген және енгізілген.

  2. Дайындық бөлімінің тыңдаушыларын Қазақстан

Республикасының жоғары оқу орындарына түсуге «География» пәні бойынша кешенді тестілеуге дайындауды мақсат ететін осы үлгілік оқу бағдарламасы ҚР МЖМБС 1.4.002-2012 «Қазақстан Республикасында жалпыға орта білім беру мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының» География пәні бойынша дайындалған оқу бағдарламалары негізге алынып жасалды.

  1. Дайындық бөлімінің тыңдаушыларын Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына түсуге «География» пәні бойынша типтік оқу бағдарламасы ҚР БҒМ Республикалық оқу-әдістемелік секциясының мәжілісінде қаралып, «7» шілде 2015 ж., №2 хаттамасымен ұсынылған.


ТҮСІНІКТЕМЕ ХАТ
«Шетелде тұратын отандастарды қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы жөніндегі» ҚР Президентінің 1996 жылғы 31 желтоқсандағы №3308 Жарлығының және «ҚР Көші-қон саясатының 2001-2010 жылдарға арналған салалық бағдарламасын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2001 жылғы 29 қазандағы №1371 Қаулысын жүзеге асыру мақсатында еліміздегі жоғары оқу орындарында қазақ диаспорасы өкілдері мен оралмандар үшін дайындық бөлімдері ашылған болатын. Бұл дайындық бөлімдері келешек талапкерлерге жоғары оқу орындарына түсу үшін мектеп бағдарламалары негізінде қосымша білім беріп, бейінді пәндер бойынша жан-жақты дайындауға бағытталған.

Дайындық бөліміндегі оқытылатын география пәні оқу пәні ретінде тыңдармандардың танымдық деңгейін арттыруға және өз еліміздің географиясын оқып-білу - қоршаған табиғи орта туралы ой-өрістерін дамыта түседі.

Географиядан білім берудің мақсаты – географиялық орта- адамның мекендейтін орны деп білетін көзқарастар мен ұстанымдар жүйесін қалыптастыру. Дайындық бөлімінде оқытылатын бұл курстың негізгі мақсаты – тыңдармандарға география ғылымы, Жер планетасы, оның табиғаты және халқы, географиялық карта туралы мектепте алған бастапқы түсініктерін жетілдіріп, жоғары білім мазмұнын меңгеруге арналған.

Физикалық географияның бастапқы курсында қамтылған жалпы географиялық ұғымдар мен заңдылықтарын материктер мен мұхиттар тұрғысында және олардағы жекелеген табиғат кешендері ауқымында ұғындыру. Қазақстанның дүние жүзілік деңгейде алатын орны, саяси-географиялық жағдайы мен халықаралық қатынастары жайлы білімге негізделе отырып, тыңдармандаға патриоттық және интернационалдық, эстетикалық және экологиялық тәрбиелеуге қажетті білім материалдарын беру.

Сонымен қатар карталармен, сызбанұсқалармен, графиктермен, диаграммалармен, кестелермен, интернетпен, білім берудің цифрлық ресурстарымен жұмыс істеу кезінде ойлау қабілетінің одан әрі дамуына жағдай жасау, әр түрлі экономикалық-географиялық әдебиеттен қажетті материалдарды жинақтау және талдау жасауда сөйлеу және көптілділік, статистикалық, картографиялық және басқа да мәліметтерді өздігінен өңдеу және түсіндіру дағдыларын меңгерту;

Пәнді оқытудың міндеті - география ғылымының және Жер мен қоғам туралы кейбір шектес ғылымдардың негіздерін меңгеру. Географиялық білімнің маңызды көзі - географиялық картаны оқып-үйрену, одан арнайы географиялық сипаттағы мағлұматтарды ала білу дағдыларын дамыту, қалыптастыру. Тыңдармандарды Отанын сүюге, өз халқының жетістіктерін қорғау ісіне даяр болуға, дүние жүзі халықтарымен ынтымақтастық сезімге тәрбиелеу.



ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
Қазіргі уақытта жалпы орта білім деңгейіндегі оқушылардың жеке тұлға ретінде қалыптасуында ғылыми-географиялық білімдердің құндылығын анықтау «География» оқу пәнінің басты мазмұнын айқындап береді. Олардың бойында әлемнің географиялық бейнесі жайлы ойын айқындау, географиялық қабықтың жаңа кезеңге, яғни, адамзат қызметі - басты фактор болып табылатын қазіргі әлемнің географиялық біртұтас бейнесін қалыптастыру.

білім берудің мақсаттарын шешу келесі міндеттердің шешілуін қажет етеді:



  • Қоршаған ортаның тұтастығы туралы, «табиғат – халық – шаруашылық» біртұтас жүйесінің өзара байланыс мәселелерінің күрделілігі туралы түсініктерін қалыптастыру;

  • тыңдармандардың бойында географиялық ойлау жүйесін дамыту;

  • өмірге қажетті географиялық білімдер, дағды және ептілікті меңгеру;

  • алған географиялық білімдерін күнделікті қолдана білу,

  • тұрған жеріндегі табиғи шаруашылық жағдайды бағалай білу;

  • географиялық карталарды (физикалық, экономикалық, экологиялық) алуға және олармен еркін жұмыс жасау;

  • картамен және статистикалық мәліметтермен еркін жұмыс істей білу;

  • тапсырмаларды өз уақытында және тиянақты орындау, практикалық жұмыстарды, СӨЖ, БРБ тапсырмаларын тапсыру және өз уақытында аттестация тапсыру.

География оқу пәні ретінде табиғат заңдарын, қоғамның материалдық өмірін, қазіргі әлем бейнесін тануда биология, химия, физика және басқа да білімдердің өзара тығыз пәнаралық байланысын арттыруға көмектеседі.

Пәнді оқытудың әдістері: дәрістік, іскер ойындар, тәжірибелік, ғылыми-ізденістік және т.б.



Курстың құрылымы

Дайындық бөліміндегі «География» пәнінің құрылымы 90 сағат дәрісханалық сабақ, 90 сағат ТОӨЖ және 90 сағат ТӨЖ, яғни 6 несие көлемінде оқытуды қарастырады.


Тақырыптық жоспар




Тақырып атауы

1.

Кіріспе. Пәннің мақсаты мен міндеті, зерттеу әдістері.

1.1

План және карта.

1.2

Жер қабықтары. Литосфера.

1.3

Атмосфера.

1.4

Гидросфера.

1.5

Биосфера.

2.

Солтүстік жарты шар материктері. Еуразия.

2.1

Солтүстік Америка.

2.2

Оңтүстік жарты шар материктері. Оңтүстік Америка.

2.3

Африка.

2.4

Аустралия және Мұхит аралдары.

2.5

Антарктида.

3.

Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдері

3.1

Шығыс Еуропа жазығы, Қырым, Кавказ, Карпат, Орал таулары, Батыс Сібір жазығына жалпы сипаттама

3.2

Шығыс Сібір, Солтүстік-шығыс Сібір, Оңтүстік Сібір, Қиыр Шығысқа жалпы сипаттама

3.3

Қазақстан және Орта Азия

4.

Қазақстанның физикалық географиясы.

4.1

Қазақстан жер бедерінің негізгі сипаты.

4.2

Қазақстанның климаты.

4.3

Қазақстанның өзендері мен көлдері

4.4

Қазақстанның топырағы, өсімдіктер және жануарлар дүниесі.

4.5

Қазақстан аумағын физикалық-географиялық аудандастыру .

4.6

Қазақстанның экологиялық мәселелері.

5.

ТМД экономикалық және әлеуметтік географиясы.

5.1

ТМД шаруашылығының жалпы сипаттамасы.

6.

Қазақстан экономикалық және әлеуметтік географиясы.

6.1

Қазақстан шаруашылығының құрамы мен құрылымы.

6.2

Машина жасау, металлургия, жеңіл түсті металлургия, химия кешені.

6.3

Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені.

6.4

Қазақстанның экономикалық-географиялық аймақтары. Орталық Қазақстан

6.5

Шығыс Қазақстан

6.6

Батыс Қазақстан

6.7

Солтүстік Қазақстан

6.8

Оңтүстік Қазақстан

6.9

Қазақстанның сыртқы экономикалық байланыс түрлері

7.

Дүние жүзінің экономикалық және әлеуметтік географиясы.

7.1

Д/ж табиғи ресурстары мен қоршаған орта.

7.2

Д/ж халықтарының географиясы.

7.3

Д/ж шаруашылықтың салалық және аумақтық құрылымы.

7.4

Д/ж шаруашылық салаларының географиясы.

7.5

Дүние жүзінің аймақтық сипаттамасы.: Шетелдік Еуропа.

7.6

Шетелдік Азия. Австралия.

7.7

Африка.

7.8

Солтүстік Америка.

7.9

Латын Америкасы..

7.10

Кеңестік кезеңнен кейінгі елдер.

8

Адамзаттың ғаламдық мәселелері.

Пәннің мазмұны

кіріспе

Жер туралы географиялық білімнің дамуы, ежелгі кездегі Эратосфен, Птолемей, Бехаймның глобусы, Қашғаридің дөңгелек картасынан біздің күнге дейінгі картаның дамуы; саяхатшылар және зерттеушілер (Х.Колумб, Ф.Магеллан, Ф.Беллинсгаузен, П.Лазарев, Ш.Уәлиханов).



НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Физикалық география – Жер табиғаты жайындағы ғылым.

План және карта. Жергілікті жердің планы. Глобус. Географиялық карта. Географиялық ендік және бойлық. Литосфера және жер қыртысы. Жер қыртысының құрамы мен құрылысы. Жер бедерінің негізгі пішіндері.

Атмосфера. Құрамы мен құрылысы. Жердің өз осінен және Күнді айнала қозғалуы. Жер қозғалысының маңызы, жерде күн жылуы мен жарықтың таралуы, Жылулық белдеулері. Жыл мезгілдері. Ауа температурасы және температураның тәуліктік өзгерісі, ауытқу амплитудасы ұғымы және ауа температурасының тәуліктік ауытқуының маңызы, мерзімдік айырмашылықтары, ауа температурасының жылдық өзгерісі және ауытқу амплитудасы.

Гидросфера. Гидросфераның құрамы. Дүние жүзілік мұхит және оның бөліктері. Құрлық сулары, өзендер (бөліктері, режимі, қоректенуі, ағысының сипаты), көлдер, жер асты сулары, мұздықтар, жасанды су қоймалары, құрлық суының маңызы және оны қорғау.

Биосфера. Биосфера туралы ұғым. Тірі организмдердің жер қабықтарына әсері. Табиғат кешендерінің өзара байланысы, жер қабықтарының бір-бірімен байланысы.

Материктер мен мұхиттар географиясы.

Материктер мен мұхиттар географиясы пәні және міндеттері, материктер мен мұхиттардың зерттелу кезеңдері, материктер мен мұхиттардың карталары. Солтүстік Мұзды және Атлант мұхиттары, Үнді және Тынық мұхиттары.



Солтүстік жарты шар материктері. Еуразия. Географиялық орны, зерттелу тарихы. Жер бедері мен пайдалы қазбалары. Климаты, ішкі сулары, табиғат зоналары. Халқы және елдері.

Солтүстік Американың физикалық-географиялық орны, материктің зерттелуі; жер бедері мен пайдалы қазбалары; климаты, ішкі сулары; табиғат зоналары, Солтүстік Американың халқы және саяси картасы, АҚШ, Мексика және Орталық Америка елдері.



Оңтүстік жарты шар материктері. Оңтүстік Америка. Географиялық орны, зерттелу тарихы. Жер бедері мен пайдалы қазбалары. Климаты, ішкі сулары, табиғат зоналары. Халқы және саяси картасы. Анд елдері және Шығыстағы жазық елдері.

Африка. Географиялық орны, зерттелу тарихы. Жер бедері мен пайдалы қазбалары. Климаты, ішкі сулары, табиғат зоналары. Африканың халқы және саяси картасы, аймақтарына шолу.

Аустралия және Мұхит аралдары. Географиялық орны, зерттелу тарихы. Жер бедері мен пайдалы қазбалары. Климаты, ішкі сулары, табиғат зоналары. Халқы және аймақтың саяси картасы, Аустралия Одағы. Мұхит аралдары.

Антарктида. Антарктика мен Антарктиданың физикалық-географиялық орны, материк жағалауын шайып жатқан мұхиттар мен теңіздер, материктің ашылуы мен зерттелуі, материктің зерттелуінің ғылыми және практикалық маңызы, халықаралық ынтымақтастықтың қажеттілігі, қазақстандық полярлық экспедиция.

Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдері

ТМД. Географиялық орны. Жер бедері мен пайдалы қазбалары. Климаты, ішкі сулары, табиғат зоналары. ТМД-ның халқы, саяси картасы және аймақтарына (Шығыс Еуропа жазығы, Қырым, Кавказ, Карпат, Орал таулары, Батыс Сібір жазығы, Шығыс Сібір, Солтүстік-шығыс Сібір, Оңтүстік Сібір, Қиыр Шығыс) жалпы сипаттама.



Қазақстан және Орта Азия. Географиялық орны. Жер бедері мен пайдалы қазбалары. Климаты, ішкі сулары, табиғат зоналары. Халқы, саяси картасы және аймақтары.

Қазақстанның физикалық географиясы.

Қазақстан Республикасының физикалық-географиялық орны. Қазақ жерінің ерте кездегі географиялық зерттелуі. Орта ғасырларда Қазақстан аумағының географиялық зерттелуі. ХҮІ – ХІХ ғасырларда Қазақстан аумағының географиялық зерттелуі. ХХ ғасырдың басында және ортасында Қазақстан аумағының зерттелуі.

Жер бедері, геологиялық құрылысы және пайдалы қазбалары. жер бедерінің қалыптасуы мен дамуы (жер бедерін қалыптастырушы үдерістер, олардың байқалуы), Қазақстан жер бедерінің негізгі ерекшеліктері. Қазақстанның пайдалы қазбалары.

Қазақстанның климаты. Ауа температурасының таралуы, атмосфералық жауын-шашын. Ауа қысымы және желдер. Қазақстанның өзендері мен көлдері. Топырақтың түрлері. Табиғат зоналары.

Қазақстан аумағын физикалық-географиялық аудандастыру; Шығыс Еуропа жазығы, Тұран жазығы, Батыс-Сібір жазығы, Сарыарқа (Қазақтың ұсақ шоқысы), Орал (Мұғалжар), Алтай, Сауыр-Тарбағатай, Жетісу Алатауы, Тянь-Шань.

Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдерінің экономикалық және әлеуметтік географиясы.

ТМД халқы және еңбек ресурстары. Салааралық кешендер географиясы. Елдің отын-энергетикалық кешеніне сипаттама, мұнай, газ өнеркәсібі, көмір өнеркәсібі және электр энергетикасы. Конструкциялық материалдар өндірісі кешені. машина жасау кешені. агроөнеркәсіптік кешен.



Қазақстан экономикалық және әлеуметтік географиясы
Қазақстан әлем картасында (аумағы, экономикалық-географиялық жағдайы және мемлекеттік құрылысы), қазіргі Қазақстанның экономикалық әлеуеті, ресурстары, өндіріс факторлары. Халқы және еңбек ресурстары.

Елдің отын-энергетикалық кешеніне сипаттама: мұнай, газ өнеркәсібі, көмір өнеркәсібі және электр энергетикасы. Конструкциялық материалдар өндірісі кешені. Машина жасау кешені. Агроөнеркәсіптік кешен. Инфрақұрылымдық кешен.

Қазақстанның экономикалық аудандары: Орталық Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан.

Қазіргі әлемдегі Қазақстан.



Дүниежүзінің экономикалық және әлеуметтік географиясы

Дүниежүзінің жалпы сипаттамасы. тарихи-географиялық аймақтар және дүние жүзінің саяси картасы.

Дүниежүзінің халқы, дүниежүзі халқының саны және ұдайы өсуі, демографиялық саясат, халықтың жастық-жыныстық құрамы, еңбек ресурстары және көші-қоны; халықтың орналасуы, тығыздығы, урбандалуы және елді мекендердің түрлері, халықтың нәсілдік, ұлттық құрамы және дүниежүзіндегі діндер.

Дүниежүзінің табиғат ресурстары. қоғам мен табиғат арасындағы байланыс. Ғылыми-техникалық революция (ҒТР) және дүниежүзілік шаруашылық.

Дүниежүзілік шаруашылыққа жалпы шолу. Дүниежүзілік шаруашылықтың салалары, орналастыру заңдылықтары. Отын-энергетика кешені, металлургия және машина жасау, дамуының негізгі әлеуеті және проблемалары, конструкциялық материалдар өнеркәсібі (химия, ағаш, құрылыс);

Дүние жүзінің ауылшаруашылығы. Өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы, балық аулау. Дүниежүзінің тамақ және жеңіл өнеркәсібі. Дүние жүзінің көлік географиясы. Дүниежүзілік байланыс тораптары (құрлық, су, әуе), телекоммуникациялық жүйелер, интернет.



Дүние жүзінің аймақтық сипаттамасы.

Шетелдік Еуропаның, Азияның,, Американың, Африка және Аустралияның тарихи-географиялық аймақтары, жетекші елдері. Кеңестік кезеңнен кейінгі елдер. Адамзаттың ғаламдық мәселелері.


.
ПРАКТИКАЛЫҚ (СЕМИНАР) ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ҮЛГІ ТІЗІМІ




  1. Планның масштабы, топографиялық картамен жұмыс

  2. Географиялық карта. Географиялық координата анықтау.

  3. Жер бедерінің негізгі формасы. Картаны қолдана отырып, таудың биіктігін анықтау. Профиль құру.

  4. Дүние жүзілік мұхит және оның бөліктері. Д/ж климаттық белдеулері. Бір климаттық белдеуге сипаттама беру

  5. Еуразия материгінің климат белдеулерін анықтау. «Еуразияның ірі өзендері» кестесін толтыру.

  6. Солтүстік Американың жер бедерін профиль бойынша қарастыру. «Табиғат зоналары» кестесін толтыру.

  7. Оңтүстік Америка және Солтүстік Американың жер бедерін салыстыру.

  8. Африканың шеткі нүктелерінің географиялық координатасын анықтау: кескін картаға географиялық объектілер түсіру.

  9. Аустралияның физико-географиялық жағдайын көрсететін элементтерді картадан тауып, кескін картаға түсіру.

  10. ТМД және Балтық елдерінің физикалық-географиялық орны, шекарасы және территориясының географиялық зерттелу тарихы

  11. Қазақстан Республикасының физико-географиялық жағдайын көрсететін элементтерді картадан тауып, кескін картаға түсіру.

  12. Қазақстан Республикасының негізгі жер бедері мен пайдалы қазбалары.

  13. Қазақстан Республикасының климат қалыптастырушы факторларын анықтау.

  14. Қазақстанның ішкі суларын картаға түсіру.

  15. Қазақстанның табиғат зоналары

  16. Қазақстан аумағын физикалық-географиялық аудандастыру: Шығыс Еуропа жазығы, Тұран жазығы, Солтүстік Қазақ жазығы.

  17. Қазақстан аумағын физикалық-географиялық аудандастыру: Сарыарқа, Орал таулары.

  18. Қазақстан аумағын физикалық-географиялық аудандастыру: Алтай, жоңғар Алатауы

  19. Қазақстан аумағын физикалық-географиялық аудандастыру: Сауыр-Тарбағатай, Тянь-Шань

  20. Қазақстанның ерекше қорғалатын табиғи аумақтары

  21. ТМД-ның халқының орналасу тығыздығын, халықтың жыныстық құрамын анықтау.

  22. Қазақстанның халқы. Диаграмма жасау, талдау

  23. Қазақстанның салалық кешендер географиясы

  24. Қазақстанның экономикалық аудандарына сипаттама беру (таңдау бойынша).

  25. Дүние жүзі халықтарының географиясы. Халық саны, құрамы, қоныстануы мен көшіп-қонуы.



ОҚЫТУШЫНЫҢ ЖЕТЕКШІЛІГІМЕН ОРЫНДАЛАТЫН ТЫҢДАУШЫЛАРДЫҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ЖӘНЕ ТЫҢДАУШЫЛАРДЫҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ҮЛГІ ТІЗІМІ


  1. Жер қыртысының құрамы мен құрылысы.

  2. Ғаламдық жылыну. Ауа бассейнінің ластануы.

  3. Өз таңдауы бойынша Дүние жүзілік мұхитқа немесе ірі өзендерге сипаттама беру.

  4. Еуразияның табиғат зоналары.

  5. Еуразияның халқы.

  6. Еуразия құрлығында орналасқан дамыған елдердің біріне сипаттама беру.

  7. Азия елдері.

  8. Еуропа елдері.

  9. Солтүстік Американың табиғат зоналары

  10. Оңтүстік Американың халқы

  11. Африкаға тән өсімдіктер мен жануарлар әлемі

  12. Мұхит аралдары.

  13. Антарктиданың зерттелу тарихы

  14. Балтық елдері.

  15. Орта Азия елдері.

  16. ТМД табиғат зоналары

  17. Қазақстандағы ежелгі қалалар

  18. Қазақстандағы ерекше қорғалатын табиғи территориялар.

  19. Каспий теңізі.

  20. Шығыс Еуропа жазығы, Тұран жазығы, Солтүстік Қазақ жазығы.

  21. Сарыарқа, Орал таулары.

  22. Алтай тауы.

  23. Жоңғар Алатауы.

  24. Сауыр-Тарбағатай таулары.

  25. Тянь-Шань таулары.

  26. Қазақстанда қалыптасқан экологиялық мәселелер.

  27. ТМД-ның отын өнеркәсібі.

  28. Қазақстан Республикасының ТМД елдері және Дүние жүзі қауымдастығындағы орыны.

  29. ҚР сыртқы экономикалық байланыс географиясы

  30. Қазақстандағы білім, ғылым және инновация географиясы

  31. Орталық Қазақстан экономикалық аймағын басқа аймақтармен салыстыру

  32. Шетелдік Еуропа елдері.

  33. Шетелдік Азия.

  34. Аустралия Одағы.

  35. Африка.

  36. Солтүстік Америка.

  37. Латын Америкасы.

  38. Кеңестік кезеңнен кейінгі елдер

  39. Дүние жүзінің саяси картасы


ҰСЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Бірмағамбетов Ә., Мамырова К., Физикалық география: Жалпы білім беретін мектептің 5-сыныбына арналған оқулық. – Алматы: Атамұра, 2001.

  2. Герасимова Т.П., Грюнберг Г.Ю., Неклюкова Н.П. Физикалық география: Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық. – Алматы: Мектеп, 2001.

  3. Крылова О.В., Герасимова Т.П. Материктер мен мұхиттар географиясы: Жалпы білім беретін мектептің 7-сыныбына арналған оқулық. – Алматы: Мектеп, 2001.

  4. Карпеков Қ. Бейсенова Ә., Қазақстанның физикалық географиясы: Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық. – Алматы: Мектеп, 2001.

  5. Ахметова К., Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы: Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық. – Алматы: Мектеп, 2001.

  6. Ярмухамедов М.Ш., Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы: Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық. – Алматы: Мектеп, 2001.

  7. Ярмухамедов М.Ш., Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы: Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық. – Алматы: Мектеп, 2002.

  8. Максаковский В.П., География: Орта мектептің 10-сыныбына арналған оқулық. – Алматы: Рауан, 1991.

  9. Гладкий Ю.Н., Лавров С.Б. Дүние жүзінің экономикалық және әлеуметтік географиясы: Жалпы білім беретін мектептің 10-сыныбына арналған оқулық. – Алматы: Мектеп, 2002.

  10. Гладкий Ю.Н., Лавров С.Б. Дүние жүзінің экономикалық және әлеуметтік географиясы: Жалпы білім беретін мектептің 10-сыныбына арналған оқулық. – Алматы: Мектеп, 2001.

  11. Қожахмет М.Қ. Казахстан Республикасының экономикалық және әлеуметтік географиясы: Оқу құралы. – Қарағанды: ҚарМУ, 2006.

  12. Абилмажинова С., Бейсенова А., и др. География. Материки и океаны. Методическое руководство. А.: Атамұра, 2003-128 б.

  13. Акпамбетова К.М. Физическая география Центрального Казахстана. Учеб.пос. Караганда. 2005.

  14. Әбілмәжінова С., Бейсенова Ә., және т.б. География. Материктер мен мұхиттар. Оқыту әдістемесі. А.: Атамұра, 2003-128 б.

  15. Елисеева Р.М., География материков и океанов 7 – класс. Практическое пособие. М.: Издат-Школа, 1997-175 с.

  16. Физическая география Республики Казахстан / Под ред. Джаналиевой К.М. Уч. пос. – Алматы.. Қазақ Университеті, 1998.


Авторы: Абиева Г.Б. – жаратылыс ғылымдарының магистрі, Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ, география кафедрасының аға оқытушысы.




Каталог: file -> univer -> umo -> tupr
tupr -> Хроматографические методы
tupr -> Бағдарламасы дәрілік препараттар жасаудың фундаменталды негіздері
tupr -> Хроматографические методы
tupr -> Бағдарламасы әлеуметтік жұмыстағЫ Ғылыми зерттеудің Әдіснамасы
tupr -> Бағдарламасы әлЕуметтік жұмысты құқықтық қамсыздандыру
tupr -> Бағдарламасы фармацевтикалық Өндірістерді жобалау негіздері және кәсіпорындарды жабдықтау
tupr -> Бағдарламасы әлеуметтік жұмыстың этикалық негіздері 5В090500
tupr -> Типтік оќу баѓдарламасы
tupr -> Хроматографические методы

жүктеу 173.49 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
Жұмыс бағдарламасы
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
бекіту туралы
қызмет стандарты
туралы хабарландыру
Сабақ тақырыбы
Әдістемелік кешені
Қазақстан республикасы
республикасы білім
титулдық парағы
білім беретін
Сабақ жоспары
Қазақстан облысы
Конкурс туралы
Қазақстан республикасының
жылдарға арналған
мемлекеттік әкімшілік
бойынша оқыту
біліктілік талаптары
Республикасының білім
қойылатын жалпы
мемлекеттік қызметшілері
жалпы біліктілік
жұмыс істеу
ткізу туралы
қатысушыларға қойылатын
қағидаларын бекіту
қатысушыларына арналған
ортақ біліктілік
мамандығы бойынша
денсаулық сақтау
арналған ортақ
конкурс қатысушыларына
пәнінің мұғалімі
Мектепке дейінгі
бағдарламасының титулдық
Республикасы кіметінің
біліктілік талаптар
жұмыспен қамту
мамандығына арналған
мемлекеттік мекемесі
Бастауыш сынып
Республикасы білім
жалпы білім
Конкурс ткізу
мектепке дейінгі
облысы бойынша