Қазақстан Республикасындағы білімге көшіп-қонушы отбасынан шыққан балалардың қол жеткізуі: ағымдағы жағдайды талдау



жүктеу 1,9 Mb.
Pdf просмотр
бет7/32
Дата11.01.2020
өлшемі1,9 Mb.
#26279
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   32

17 

 

Бұл  мәселенің  қиыншылығын  Жамбыл,  Атырау  облыстарының  және  Алматы  қаласының 



Балалардың  құқықтарын  қорғау  бойынша  департаменттері  басшыларынан  алынған  сұхбаттан 

байқауға  болады.  Олар  құжат  проблемасы  ата-аналарының  өзінде  құжаттардың  болмауынан 

басталатындығын  атап  көрсетті.  Жекелеген  жағдайларда  мемлекеттік  қызметкерлердің  көшіп-

қонушылар  шыққан  елге  барып,  құжаттарды  іздеу  мен  қалпына  келтіруде  өздерінің  қатысуына 

тура келді.  

Көшіп-қонушылар  отбасымен  араласа  келе  сауалнамаға  жауап  берушілер  қосымша  сабақтар 

мен  орыс  тілінде  тіл  курстарын  ұйымдастырудың  маңызды  екендігін  атап  көрсетті.  Мұндай 

ықылас  білдіруді  көшіп-қонушылар  Ресейде  қазіргі  таңда  заңды  еңбек  қызметімен  айналысуға 

қолайлы жағдай жасалғандықтан, Ресейге болашақта көшудің мақсатымен түсіндіреді.  

Мектепке бармау себептері туралы сұраққа сарапшылардың жауаптары мемлекеттік органдар 

өкілдерінің жауаптарымен бірдей болып шықты.  

 

Баланың  құқығын  сақтау  мәселесі  бойынша  ҮЕҰ  өкілдері  кемсітушілік  әрекеттер 



байқалмағандығын  атап  көрсетті.  Ата-аналардың  материалдық  жағдайының  нашар  болуынан 

(балалар мектепке сыныптық және жалпы мектептің қажеттілігіне ақша  әкеле алмауы)  балаларға 

жәбір  көрсететін,  кемсітетін  жағдайлардың  кездесетіндігін  айтқан.  Көшіп-қонушылар  отбасынан 

шыққан  балаларды  мектепке  қабылдаған  кезде  сыбайлас  жемқорлық  фактілері  де  орын  алған. 

Сарапшылар  сонымен  қатар  мектеп  мұғалімдерінің  тарапынан  осы  санатқа  жататын  балаларға  

дөрекі  қарым-қатынас  жасау,  тіл  тигізу  сияқты  жағдайлардың,  сондай-ақ  ересектердің    көшіп-

қонушылар  отбасынан  шыққан  балаларға  деген  жағымсыз  қарым-қатынас  жасасын  дегендерін 

тарататын оқушылардың болатындығын атап көрсетті.  



 

Мектеп ол көшіп-қонушылар отбасынан шыққан балаларды әлеуметтендірудің 

институты ретінде: 

мемлекеттік органдар өкілдерінің көзқарасы 

 

Көші-қон  полициясы  департаментінің  өкілдері  көшіп-қонушылар  отбасынан  шыққан 

балаларды,  сол  сияқты  басқа  санаттағы  балаларды  оқыту  мәселесі  білім  беру  департаментінің 

құзырында екендігі туралы пікір айтады. 

 

Білім  беру  органдарының  өкілдері  көшіп-қонушылар  отбасынан  шыққан  балаларды  оқыту 



мәселесін жақсы есеп пен статистикалық деректердің болмауымен байланыстырады. 

 

Алматы  қаласы  балалардың  құқығын  қорғау  департаментінің  өкілі  көшіп-қонушылар 



отбасынан  шыққан  балалардың  мектепке  баруы  туралы  не  білетіндері  жайлы  сауалға  жауап 

бергенде:  «Қазіргі  таңда  көшіп-қонушылар  отбасынан  шыққан  балаларды  оқытуға  жол  ашуда 

қиындықтардың бар екендігі бізге белгілі» - деп атап көрсетті. 

 

Алматы  қаласында  оралмандар  мәртебесін  алмаған  этникалық  қазақтардың  отбасылары, 



босқындар  отбасылары  және  азаматтығы  жоқ  тұлғалар  тұрады.  Қалаға  сырттан  көшіп-

қонушылардан басқа ішкі көшіп-қонушылар келуде. Құжаттарының түгел болмауынан және басқа 

да себептермен барлық балалар оқумен қамтылмай отыр. 

Бұл  мәселені  құқық  қорғау  ұйымдары  көтеруде.  Біздің  қоғамдық  қабылдауға  балаларды 

мектепке  қабылдаудан  бас  тарту  туралы  басқа  мемлекеттердің  азаматтары,  әсіресе  былтырғы 

жылы көп телефон шалды. ҮЕҰ-да оқыту жағынан көмектесуге өтініш жасаған. 

 

Мемлекеттік  органдардың  өкілдері  көшіп-қонушылар  отбасынан  шыққан  балаларды  оқыту 



ерекшеліктерін  қалай  қарастыруда?  Олар  педагог  және  ҮЕҰ  өкілдері  ретінде  Қырғыстаннан, 

Өзбекстаннан, Тәжікстаннан келген көшіп-қонушылар отбасынан шыққан балалар, босқындардың 

балалары  қазақстандық  оқушылармен  бірге  бірыңғай  бағдарламамен  оқитындығын,  бірақ  көп 

көңіл  бөлуді,  соның  ішінде  қосымша  ақысыз  сабақтар  арқылы  оқытуды  талап  ететіндігін;  бұл 

балаларға тіл кедергісі бар болғандықтан, біртіндеп бейімделу қажеттігін атап көрсетті.   



18 

 

 



Фархадтың оқиғасы 

      Фархадтың 

 

жасы15-те, 

Өзбекстанда 

туған 

(Қарақалпакстан).    Жастайынан 

бастап  мақта  даласында,  ал 

қолы  босаған  сәтте  базарда  көп 

еңбек  етті.  Білім  ала  алмады. 

Атырауға құрылыс жұмыстарын 

жүргізу 

үшін 

жұмысшылар 

бригадасын 

жасақтайтын 

нағашы  туысымен  бірге  2012 

жылдың 

басында 

келген 

болатын.    Құрылыс  маусымы 

басталғанға  дейін  аспаз  болып 

жұмыс істейді. Фархад оқығысы 

келмейді, оның үстіне анасы оған 

мектепке 

қабылдамайды 

деп 

айтқан.    Қазақстан  заңнамасы  бойынша  оның  білім  алуға  құқығы  жоқ.  Ол  өзінің  отанында 

нашар  білім  алғанын  біледі,  қазақ  және  орыс  тілін  білетіндігін  айтып  мақтана  алмайды.  Өз 

қатарластарымен салыстырғанда Фархадтың үлгерімі төмен, қосымша сабақ алуға мұқтаж.  

 

Мектепке  бармаудың  себебі  мен  тіл  курстарын  ұйымдастыру  қажеттілігі  туралы  мәселелер 



жөнінде  Мемлекеттік  органдар  өкілдерінің  пікірі  үкіметтік  емес  сектор  өкілдерінің  айтқан 

пікірлерімен ұқсас келеді.   

Алматы,  Атырау,  Жамбыл,  Оңтүстік  Қазақстан  облыстарының,  Астана  және  Алматы 

қалаларының  сарапшылары  көшіп-қонушылар  отбасынан  шыққан  балалардың  мәселесін 

көкейтесті  мәселе  ретінде  қарастыруға    ықылас  танытпай  отыр.  Сонымен  қатар  олар  көшіп-

қонушылар  отбасынан  шыққан  балаларға  деген  толеранттық  емес  қарым-қатынасты,  оқуға  жол 

ашу  мен  сапалы  медициналық  қызметтің  шектеулігін,  прокуратураның  ата-ананың  мәртебесін 

тексеруінің  негізінде  мектептен  көшіп-қонушылар  отбасынан  шыққан  балалардың  жаппай 

шығарылуын, көшіп-қонушылар отбасынан шыққан балаларды мектепке ерте  бейімдеу кезеңінде 

арнайы шаралардың қажеттілігін мойындайды. 

Сарапшылар балаларды оқытудың және бос уақытының белгілі бір заңдылығын анықтады:  

      •  Оралмандардың  орыс  тілін  білмеуі,  ата-анасының  қазақ  әліпбиін  білмей  орыс  тіліне  және 

басқа пәндерге көмектесе алмауы оқуда көп қиыншылықтар тудырады. 

       • Еліміздің басқа аудандарынан (алшақ аудандардан) көшіп келген балалар бейімделуден, оқу 

бағдарламасының сай келмеуінен болған нашар үлгерімнен, артта қалушылықтан қиындық көреді. 



•  Сабақты  белсенді  игеретін  және  оқитын  ұл  балалар.  Қыз  балаларды  (әсіресе  тәжік 

отбасыларынан) мектепке лажсыздан жібереді. 



•  Балалар  өте  жиі  ата-анасының  қарауынсыз  қалады  және  үлкен  қаланың  азғыруы  оларды 

жаңа мектеп ортасында сабаққа үлгеруіне және бейімделуіне мүмкіндік бермейді. 

Алынған  сұхбат  мемлекеттік  органдар  өкілдерінің  барлығы  бірдей  сұхбаттасуға  келіспегенін 

көрсетті.  Бір  ғана  мәселе  бойынша  әртүрлі  мемлекеттік  органдар  өкілдерінің  ұстанымы  кейде 

диаметрлік қарама-қайшы болады. Мұндай жағдай Оңтүстік Қазақстан облысында орын алды. 

 

Мектептен тыс коммуникацияның элементі 

 

Көшіп-қонушылар  отбасынан  шыққан  балаларға  деген  мұғалімдердің  қарым-қатынасын 



сарапшылар ізгі және достық қарым-қатынас деп бағалайды. Бірақ бұл бейтарап, тіпті қорлайтын 

және өрескел қарым-қатынастың жекелеген фактілерін жоққа шығармайды. 

Бұдан басқа, тұрмыстық қарым-қатынаста «жағымсыз және жек көрінішті қарым-қатынасты» 

тудыратын  балалар  мен  жергілікті  тұрғындар  арасында  жанжал  болып  тұрады.  Кейде  мектепте 





жүктеу 1,9 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   32




©g.engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
Жұмыс бағдарламасы
рсетілетін қызмет
бекіту туралы
Жалпы ережелер
қызмет стандарты
Сабақ тақырыбы
туралы хабарландыру
Қазақстан республикасы
Әдістемелік кешені
республикасы білім
Сабақ жоспары
титулдық парағы
білім беретін
Қазақстан республикасының
Қазақстан облысы
Конкурс туралы
жылдарға арналған
мемлекеттік әкімшілік
біліктілік талаптары
бойынша оқыту
Республикасының білім
қойылатын жалпы
мемлекеттік қызметшілері
жұмыс істеу
денсаулық сақтау
ткізу туралы
жалпы біліктілік
қағидаларын бекіту
қатысушыларға қойылатын
мамандығы бойынша
қатысушыларына арналған
ортақ біліктілік
арналған ортақ
пәнінің мұғалімі
Мектепке дейінгі
конкурс қатысушыларына
Республикасы кіметінің
жалпы білім
біліктілік талаптар
мамандығына арналған
бағдарламасының титулдық
мемлекеттік мекемесі
Республикасы білім
жұмыспен қамту
мектепке дейінгі
Конкурс ткізу
учебная программа
Рабочая учебная