Қазақстан Республикасындағы білімге көшіп-қонушы отбасынан шыққан балалардың қол жеткізуі: ағымдағы жағдайды талдау



жүктеу 1,9 Mb.
Pdf просмотр
бет5/32
Дата11.01.2020
өлшемі1,9 Mb.
#26279
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32

13 

 

есептейді,  соған  байланысты  олар  балаларын  медреселерде  діни  білім  беруді  (3,4%)  және  діни 



өмірге арастыруға үйретуді жоспарлайды.  

  Көшіп-қонушылардың отбасынан шыққан балалар есейген кезде кім болғыларың келеді деген 

сұраққа  олар  пошташы,  мұнайшы,  ғалым  және  аспазшы  болғымыз  келеді  деп  айтқан.  Әрбір 

оныншы  бала  есейген  кезде  кім  болғысы  келетінін  білмейді.  Баланың  есейген  шағында  кім 

болатынын  таңдау  ол  оның  адам  болып  қалыптасуына  септігін  тигізетіндігін  дәлелдейді.  Мәселе 

көшіп-қонушылар  отбасынан  шыққан  балалардың  көпшілігі  лашық  үйлерде  тұратындығы, 

олардың  физиологиялық  дамуына  жеткілікті  қаржы  алмайтындығы,  мектепте  оқуға  жібермеуге 

(ақпараттық  технологиялар  дамыған  ғасырға)  емес,  ол  ересек  адамдардың  тудырған 

қиыншылықтарының  арқасында  көшіп-қонушылар  отбасынан  шыққан  балалардың  әлеуметтік 

ортада тіршілік үшін күресе білуінде болып отыр. Көшіп-қонушылар отбасынан шыққан балаларға 

әлеуметтендіру  қалай  келеді?  Олардың  бастан  кешкендерін  не  анықтайды,  өмірлерінде  болған 

маңызды қандай оқиғаларды ерекше айтады?  

Осы  жауаптар  тізбесінен  келіп  шығатыны  көшіп-қонушылар  отбасынан  шыққан  жасөспірім 

және  жеткіншек  жасындағы  балалар  өмірінде  болған  маңызды  оқиғаларды  (әкесінің  қайтыс 

болуын,  отбасының  көшуі,  қарындасының  дүниеге  келуі,  ағасының  ауырып  қалуы)  бейнелейді.  

Осындай оқиғаларды жасөспірімдер үрей мен уайым, қуаныш пен үміт деп қабылдайды, ол көші-

қон жұмысының ілгерілеуіне әкеп соқтырады:   

«Қарындасым  осы  жерде  туылды»,  «Әкем  табыс  табуға  кетті»,  «Көшудің  салдарынан  үй 

мәселесі қиындай түсті», «Біз Қазақстанға бірінші рет көшіп тұрған жоқпыз», «Жаңа көшіп барған 

жерде көп мүмкіндіктер бар», «Тариғи Отанға көшу» және т.с.с.  

 

     

             Айжамалдың оқиғасы 

 

       Айжамал  Қазақстанға  отбасымен  2006    жылы 

Қырғызстан  Республикасы  Ош  қаласынан  жұмыс 

істеу  үшін  келген.  Ата-анасы  тірі  тұрғанда  

Айжамалдың 13 және 8 жасар екі ұлы олармен бірге 

болатын.    Қазақстанға  келген  кезден  бастап, 

Алматы  облысы  Еңбекшіқазақ  ауданының  бірнеше 

ауылында  жұмыс  істеді  және  тұрды.  Тапқан 

ақшаға  күйеуі  ішімдік  ішіп,  жанжал  шығаратын. 

Кезекті  жанжал  кезінде  күйеуі  Айжамалдың 

құжаттарын  өртеп  жібереді.  Қазір  Айжамал  мен 

күйеуі бірге тұрмайды, күйеуінің қай жаққа  кеткені 

белгісіз.   

     Үлкен  ұлы  7-сыныпта,  кіші  баласы  2-сыныпта 

оқуы  керек  еді.  Бірақ  балалары  мектепке  бармайды. 

Өзімен жастағылармен салыстырғанда 14 жастағы 

баласының бойы ұзын әрі денелі, бірақ Иманберді 10-

11  жасар  балалармен  бірге  партаға  отырғысы 

келеді,  бірақ  оған  жағдайы  жоқ.    Ол  өзінің  інісіне 

қарайды, 

анасы 

жұмыста 

болған 

кезде 

үй 

шаруашылығына  қарайды.  Анасы  да  оның  оқығанын 

аса  қаламайды.  Айжамал  өзінің  және  балаларының  құжаттарын  қайтадан  қалпына  келтіруге 

әрекет  те  жасамады.  Себебі  Айжамал    ішімдікке  құмар,  өмір  салты  да  бейберекет,  кейде 

жұмысына бармай қалады, сондықтан  да бір ауылда және шаруа қожалықтарында  көп уақыт 

тұрақтамайды. Онымен бірге балалары да бір ауылдан бір ауылға, бір үйден келесі үйге көшеді де 

жүреді. 

     Кәмелеттік жасқа толмаған балалары білім алудың қажет екендігін дұрыс түсінбейді, анасы 

да оған аса алаңдамайды. 

 



14 

 

«Осы  кезде  сені  не  мазалайды?»  деген  сұрақты  балаларға  қойғанда олар  үреймен  былай  деп 



жауап  берді:  «бізде  үй  жоқ»  (59,1%),  отбасымның  мүшелері  тұрақты  жұмыс  істемейді  (33%), 

«Интернет, теледидар, компьютер ойындары мен үшін қолжетімсіз» (26,1%), «менің сабақ оқитын 

орным жоқ» (20,9%), «секциялар мен үйірмеге бара алмаймын» (14,8%), отбасымызда ең қажетті 

заттарымызды алуға ақша жетпейді (13%), «маған оқу қиынға түсуде, мен ешнәрсені түсінбеймін» 

(7,8%),  «менің  достарым  жоқ»  (7%),  «мен  жиі  ауырамын,  мен  шаршаймын»  (6,1),  «Отбасымның 

мүшелеріне  қарағандықтан,  мен  нашар  оқимын»  (7%),  «жұмыс  істеу  керек  және  үй  шаруасына 

көмектесу керек» (6,1%).  

Тек  сұхбат  алынған  бесінші  бала  ғана  оның  ешқандай  проблемасы  жоқтығын  айтқан. 

Басқалары  ересек  адамдар  сияқты  үйінің,  жұмысының  жоқтығын,  теледидарға,  Интернетке  қолы 

жетпейтіндігін, 

спортпен, 

шығармашылықпен 

және 

т.с.с. 


шұғылдана 

алмайтындығын 

уайымдайтынын айтқан.  

Жасынан ерте жетілген жасөспірімдердің пікірі көшіп-қонушылар отбасынан шыққан балалар 

үшін арнайы бейімдеу бағдарламасын әзірлеуге қажеттіліктің туындауына себепші болады.  

 

Көшіп-қонушылар отбасынан шыққан балаларды әлеуметтендіруде мектептің 

орналасқан жері мен атқаратын рөліне сарапшылық көзқарас 

 

Барлық  сарапшылар  көшіп-қонушылардың  отбасынан  шыққан  балалардың  танымдық 

әлеуметтендіруде белгілі бір проблеманың бар екендігін атап көрсеткен. Педагогтардың пікірінше, 

мұндай  балаларға  мектептен  білім  алу,  әсіресе  маусымдық  көшіп-қонушылардың  балалары  үшін 

мүмкіндігі  аз  болып  отыр.  ҚР  Білім  және  ғылым  министрлігінің  №  468  бұйрығы  қолданысқа 

енгізілгенге  дейін  қазақстандық  мектептер  әкімшілерінің  еңбек  қызметі  үшін  көшіп-

қонушылардың,  сондай-ақ  босқындар  мен  оралмандардың  балаларына  білім  беру  қызметін 

ұсынуға  көп  мімкіндігі  болған.  Бұл  бұйрық  маусымдық  көшіп-қонушылар  отбасынан  шыққан 

балалардың мектептен білім алуына тыйым салды.  

Оқудан тысқары қалған тек қана маусымдық жұмыскерлердің балалары емес, сонымен қатар 

еңбек  қызметі  үшін  келген  көшіп-қонушылардың  балалары  қалды.  Сарапшылардың  пікірінше 

талап  етілетін  құжаттардың  болмауы  –  еңбек  қызметі  үшін  келген  көшіп-қонушылардың 

балаларын  мектепте  оқуға  жібермеудің  негізгі  себебі  болып  табылады.  Мұны  сарапшылар 

олардың  ата-аналарының  Қазақстанға  жасырын  және/немесе  заңсыз  көшіп  келуімен  (жасырын 

еңбек  қызметін  қосқанда)  байланыстырады.  Сарапшылардың  пікірінше,  көшіп-қонушылар 

отбасынан  шыққан  балалар  үшін  Қазақстанда  білім  алуға  жол  ашу  көбінесе  олардың  ата-

аналарының  қол  жеткізген  мәртебесімен,  көшіп  келуді  тіркейтін  көші-қон  құжаттарын  уақтылы 

дайындау жауапкершілігімен, сондай-ақ ата-аналардың балаларын әлеуметтендіру және бейімделу 

институты  ретінде  білім  алуының  маңызды  екендігін  түсінуімен  анықталады.  Ереже  бойынша 

көшіп-қонушылар  отбасынан  шыққан  балалар  сабақты  ерекше  ынтамен  оқиды,  солардың  ішінен 

өте  дарынды  және  қабілетті  балаларды  кездестіруге  болады.  Сонымен  қатар  мектепке  бейімдеу 

мәселесі  мектеп  бағдарламасының  сай  келмеуіне,  тілді  үйренудегі  кедергілерге,  мәдени 

ерекшеліктерге,  отбасында  қаржының  тапшылығына  (оқу  құралдарымен,  мектеп  киімімен,  аяқ 

киіммен,  сырт  киіммен,  мектепте  тамақтануға,  мектепке  баруға  және  үйге  қайтуға  берілетін 

ақшамен қамтамасыз ету үшін), сабақтан жиі қалуға байланысты болады.  

Мектеп  бағдарламаларының  сай  келмеуіне  қарамастан  көшіп-қонушылар  отбасынан шыққан 

балалардың  оқуына  ерекше  жағдай  жасалмайды,  яғни  олар  үшін  арнайы  оқу  әдістемесі 

қарастырылмаған,  олардың  танымдық  бейімделуі  үшін  арнайы  бағдарламалар  және  тіл  жағынан 

дайындық  жоқ.  Мысалы,  Қырғызстаннан  келген  көшіп-қонушылар  екі  үрдісті  паш  етті:  а) 

балаларына  қырғыз  тілін  үйретуді  қалайды;  б)  балаларының  болашағын  Қазақстанмен 

байланыстыра  отырып,  қазақ  тілін  оқытатын  мектепке  бергісі  келеді.  Сол  уақытта  Тәжікстаннан 

келген  көшіп-қонушылар  орыс  тілінде  сөйлей  алмауында  болатын  көптеген  қиыншылықтарға 

қарамастан балаларын орыс тілін оқытатын мектепке бергісі келеді.     

Сонымен  қатар  сарапшылар  көптеген  тәжік  отбасыларында  ата-аналар  қыздарына  білім 

беруге талпынбайды. Мұны олар әйел адамды отбасының ұйытқысы деп қарастыратын ғасырлар 

бойы қалыптасқан салт-дәстүр, әдет-ғұрып деп түсіндіреді.  





жүктеу 1,9 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©g.engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
Жұмыс бағдарламасы
рсетілетін қызмет
бекіту туралы
Жалпы ережелер
қызмет стандарты
Сабақ тақырыбы
туралы хабарландыру
Қазақстан республикасы
Әдістемелік кешені
республикасы білім
Сабақ жоспары
титулдық парағы
білім беретін
Қазақстан республикасының
Қазақстан облысы
Конкурс туралы
жылдарға арналған
мемлекеттік әкімшілік
біліктілік талаптары
бойынша оқыту
Республикасының білім
қойылатын жалпы
мемлекеттік қызметшілері
жұмыс істеу
денсаулық сақтау
ткізу туралы
жалпы біліктілік
қағидаларын бекіту
қатысушыларға қойылатын
мамандығы бойынша
қатысушыларына арналған
ортақ біліктілік
арналған ортақ
пәнінің мұғалімі
Мектепке дейінгі
конкурс қатысушыларына
Республикасы кіметінің
жалпы білім
біліктілік талаптар
мамандығына арналған
бағдарламасының титулдық
мемлекеттік мекемесі
Республикасы білім
жұмыспен қамту
мектепке дейінгі
Конкурс ткізу
учебная программа
Рабочая учебная