Қазақ тілі және журналистика кафедрасы



жүктеу 135 Kb.
Дата06.02.2020
өлшемі135 Kb.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

Гуманитарлық – педагогикалық факультеті

Қазақ тілі және журналистика кафедрасы

Қазақ тілі және журналистика кафедрасының меңгерушісі

ф.ғ.к., профессор А.Ф. Зейнулинаның 2018 – 2019 оқу жылының

атқарылған оқу – әдістемелік,

ғылыми – зерттеу, тәрбие жұмыстарының жарты жылдық
ЕСЕБІ

Кафедра мәжілісінде талқыланып, бекітілді

№ 4 Хаттама « 28 » желтоқсан 2018 ж.
Қазақ тілі және журналистика кафедрасының

меңгерушісі ф.ғ.к., профессор Зейнулина А.Ф.



С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің қазақ тілі және журналистика кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты, профессор Айман Файзоллақызы Зейнулинаның

2018-2019 оқу жылдарында атқарған оқу, ғылыми - зерттеу, тәрбие жұмыстарының жарты жылдық
Е С Е Б І
І Оқу жұмысы

Ұйымдастыру, оқу - әдістемелік жұмысы

Кафедраның ғылыми-зерттеу жұмысының жоспары бекітіліп, өз мерзімінде өткізілді.

(2018 ж., 28.08. №1 Хаттама)

Кафедра оқытшыларының ғылыми-зерттеу жұмыстарының есебі тыңдалды (кесте бойынша) 28.12.2017. №4 Хаттама. 28.06.2019. №10 Хаттама)

Кафедра оқытушыларының аймақтық, республикалық, халықаралық конференцияларға қатысымы мен шетелдік басылымдарға мақала шығаруы бақылауда болды (кесте бойынша)

Ғылыми-теориялық семинар тақырыптары бекітіліп, кесте бойынша өткізілді.

Кафедра оқытушыларының біліктілігін жетілдіру жұмысы бойынша және кафедра оқытушыларының диссертациялық жұмысын талқылау (жыл бойы, кесте бойынша)

Жастармен кәсіби бейімдеу жұмысы ретінде Б.Ахметов атындағы Павлодар «Жас дарын», Облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған мектептердің ата – аналар жиналысында университеттің қабылдау комиссиясының жұмысы мен университетке оқуға түсу туралы мағлұмат берілді. 28.12.2018. № 4 Хаттама. 28.06.2019. №10 Хаттама)


Оқу жүктемесі

Қазақ тілі және журналистика кафедрасының оқу жүктемесін бөлу туралы шешімі бойынша 2018 – 2019 оқу жылына 1,5 жүтемелік оқу сағаттарымен профессор лауазымен атқарылды. Барлық мамандықтар бойынша «Журналистикаға кіріспе», «БАҚ тілі мен стилі», «Журналистика психологиясы», «Интерактивті тележүргізу:заманауи контенттің қалыптасуы»» пәндерінен сабақ жүргізілді және осы аталмыш пән бойынша және «Қазақ тілі» пәні бойынша емтихан алынды. Қорытынды білімді бақылау жұмысы жазбаша болып, үлгерім сапасы – 95% болды.


Оқу жүктемесінің орындалу есебі:
Жүктемеде берілген сағаттар орындалды. Өтілген сағат есебі оқу жүктемесіне сәйкес күнделікті жұмыс журналы мен педагогикалық жүктемені орындауды есепке алу журналы арқылы тіркеліп отырды. Жеке жұмыс жоспарындағы жоспарлы оқу сағаттары семестр соңында нақты орындалған есеп бойынша тексеріліп тіркелді.

Жүктеме бойынша 1семестрде – 213,75 сағ, 0,5 жүктемеде – 139, сағ орындалды. Барлығы – 352,75 сағ. Педагогикалық жүктеме бойынша бекітілген сағат саны орындалды.


Оқу - әдістемелік жұмысы


  1. «Журналистикаға кіріспе», «БАҚ тілі мен стилі», «Интерактивті тележүргізу:заманауи контенттің қалыптасуы», Бұқаралық коммуникацияның тілі мен стилі», «Журналистика психологиясы» пәндерінен оқу - әдістемелік кешені жасалынып, білімді бақылау материалдарымен толықтырылды.

  2. «Жалын» олимпиадалық резерв мектебінің бірінші ауысымында «Орыс тілді мектептеріндегі қазақ тілі» пәні бойынша жаттықтырушы ретінде сабақ жүргізілді. 29 қазан – 3 қараша, 2018 жыл. С.Торайғыров атындағы ПМУ 29.12.2018. №4 Хаттама

  3. Жоспар бойынша аға оқытушы Г.Қ.Тілеубердінің 24.09.2018 жылы ОПН – 102 (қ) тобында Қазақ тілі пәні бойынша өзара сабаққа қатыстым. 30.10.2017. №2 Хаттама

  4. 2018 жылдың 08 қазанында кафедра жұмысының жоспары бойынша Жур - 401 тобының студенттеріне «Интерактивті тележүргізу:заманауи контенттің қалыптасуы», пәні бойынша «Тікелей эфир жүргізу» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Ашық сабақтың әдістемелік даярламасы кафедра жұмысының есебіне тіркелді. 30.10.2017. №2 Хаттама

  5. «Көркем әдебиетті оқыту технологиясы» кафедраның оқу – әдістемелік семинарда баяндама жасалынды. 29.10.2018. № 2

  6. Орыс сыныбындағы қазақ тілі пәні бойынша жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінде төрағалық етілді. Павлодар. Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» БУҚБДДО өңірлік қосымша білім беру оқу – әдістемелік орталығы. 06 – 07 желтоқсан 2018.

  7. МС ИСО 9001:2015 талаптарына сәйкестік сапа менеджмент жүйесіне ТОО "Русский Регистр Евразия" инспекциялық тексерістен өткізілді.С.Торайғыров атындағы ПМУ. 19 – 21.12.2018.

  8. Жур 201,жур – 202 топтарында «публицистикалық шығармашылық негіздері», «электронды бақ және веб –басылым редакция жұмыстарын ұйымдастыру» атты пәндері бойынша курстық жұмыстар қабылданып, қорғалып, бғалары қойылды. 29.12.2018. №4 Хаттама.

  9. Сапа саласындағы мақсаттарды әзірлеу тәртібі. ПМУ ҰС 6.01.2-17. Қазақ тілінде әзірленді.28.12.2018. №4 Хаттама.


ІІ Ғылыми – зерттеу жұмысы
Жарық көрген ғылыми мақалалар:



  1. Бұқар жырау толғауларының тағылымдық мәні. «Ұлы Дала» этнофестивалі аясында өткен «Ұлы Дала мұрасы: тарих, тұлға, тағылым» атты Халықаралық ғылыми – практикалық конференцияның материалдары. Павлодар 2018. – 699 б. 19 -28 бет. ISBN 978-601-267-511-5 . (Ибраева А.Т.)

  2. Ұлы Дала тұлғасы. «Ұлы Дала» этнофестивалі аясында өткен «Ұлы Дала мұрасы: тарих, тұлға, тағылым» атты Халықаралық ғылыми – практикалық конференцияның материалдары. Павлодар 2018. – 699 б. 183 - 188 бет. ISBN 978-601-267-511-5 . (Ибраева А.Т.)

  3. Мәшһүр Жүсіп ұстаз, білім хақында. «Ұлы Дала» этнофестивалі аясында өткен «Ұлы Дала мұрасы: тарих, тұлға, тағылым» атты Халықаралық ғылыми – практикалық конференцияның материалдары. Павлодар 2018. – 699 б. 234 -240 бет. ISBN 978-601-267-511-5 . (Досжан Мұратбек.)

  4. Жыр сұлтаны Сұлтанмахмұт шығармашылығындағы Қазақ Елі танымының руханияттылық көкжиегі. «Ұлы Дала» этнофестивалі аясында өткен «Ұлы Дала мұрасы: тарих, тұлға, тағылым» атты Халықаралық ғылыми – практикалық конференцияның материалдары. Павлодар 2018. – 699 б. 599 -605 бет. ISBN 978-601-267-511-5 . Ибраева А.Т.

  5. Мәшһүр шығармашылығындағы көркемдік таным.ҚР президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында М.Ж.Көпеевтің 160 –жылдығына арналған «Мәшһүртанудың ғылыми негіздері – «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы» атты халықаралық ғылыми – тәжірибелік конференция материалдары. Том 1. 21 – 22.09.2018. – 350 б. 178 – 185 бет. ISBN 978-601-238-863-3 С.Торайғыров атындағы ПМУ.Ибраева А.Т.

  6. Сұлтанмахмұт Торайғыров – қазақ халқының ұлы мақтанышы. «Ертіс өңірі ақынын жырлайды» атты жинақ. Павлодар. ҒӨФ «ЭКО», 2018.-80 бет. 7-11 бет.

  7. Көсемсөз кеңістігіндегі ұлттық білім беру мазмұны. «Журналистика бойынша білім беру бағдарламаларының үлгілері:кәсіби стандарттардың интеграциясы» атты ІІ Халықаралық журналистер форум материалдарының жинағы. 122 бет. 41 – 43 бет. ҚР БжҒМ. Түркістан қаласы. 24 - 25 қараша 2018. ISBN 978-601-04-3761-6. Ибраева А.Т

  8. Фольклорлық мұрағат негізінде ұлттық құндылықтың сақталу мәні. «Сұлтанмәмет сұлтан: қоғамдық сананы жаңғырту және ұлттық кодты сақтау жағдайындағы ұлттық рух пен тәуелсіздіктің бастауларына» атты Халықаралық ғылыми – практикалық конференция материалдары. Павлодар. С.Торайғыров атындағы ПМУ.08.12.2018. 216 б. 142 -148 бет.ISBN 978-601-238- 886-2. Ибраева А.Т.

  9. Сұлтанмахмұт Торайғыровтың қанатты сөздерінің тағылымдық мәні.С.Торайғыровтың 125 – жылдығына арналған «Х Торайғыров оқулары» атты Халықаралық ғылыми – практикалық конференция материалдары. Павлодар. С.Торайғыров атындағы ПМУ. ISBN 978-601-238-871-8. 247б. 77 – 83 бет.07.12.2018. Ибраева А.Т.

  10. Жарнаманың маркетингі мен менеджменті. С.Торайғыровтың 125 – жылдығына арналған «Х Торайғыров оқулары» атты Халықаралық ғылыми – практикалық конференция материалдары. Павлодар. С.Торайғыров атындағы ПМУ. ISBN 978-601-238-871-8. 217б. 94 – 98 бет. 7.12.2018. Жумабекова Д.А. МБД – 22н.

  11. Заманауи қазақ драматургиясының ұлттық көркемдік ұстанымы. ПМУ Хабаршысы. Филология сериясы. 2018 N.3. 396 б .181 – 191бет.

  12. Қазақ әдебиеттану ғылымының темірқазығы ПМУ Хабаршысы. Филология сериясы. 2018 . N 4. Баспада. Ибраева А.Т.


ІV Докторлық және кандидаттық авторефераттарға, оқу құралдарына, диплом, магистрлік жұмыстарына пікірхат (рецензия)


  1. Павлодар қаласының № 7 жалпы орта білім беру мектебінің 3 «А» сынып оқушысы А.Кабулдинова, Ғ.Садбекованың «Айналайын» балалар бетіндегі өлеңдер табиғаты» атты ғылыми жобасына пікір. 31.10.2018.

  2. Павлодар облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей интернат мектебінің 10 «Ә» сыныбының оқушысы Куземшина Лейланың «Мемлекттік тіл – Қазақстанның мәдени мұрасы» атты ғылыми жобасына пікір.09.11.2018.

  3. Павлодар қаласының № 30 жалпы орта білім беру мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Г.А.Уәлиханованың «Латын жазуын меңгерту» атты оқыту бағдарламасына пікір. 12.12.2018.

  4. Павлодар облысы Ақтоғай ауданының Разумовка ауылдық округін және Андриановка ауылының атауларын Ақжол ауылдық округі және Ақжол ауылы деп қайта атау туралы ғылыми саратама актісі. 20.12.2018.

  5. ф.ғ.к., аға оқытушы А.П.Шаһарман, Ж.Қ.Сағынтаеваның «Коммуникативная функция, как конечная цель обучения второму языку» атты мақаласына пікір. 10.01.2019.

V Ғылыми жобаға жетекшілік: облыстық, республикалық олимпиадаға дайындау

Дарынды балаларға арналған № 3 гимназия - мектеп, Павлодар қаласы № 8 лицей мектебі, Павлодар қаласы № 9 лицей мектебі, Павлодар облыстық дарынды балаларға арналған лицей мектеп интернаты оқушыларымен пәндік олимпиадаға дайындалып, ғылыми жоба жазу жұмысы бойынша «Ғылым ғаламаты» атты үйірмеге басшылық жасалынып, оқушылар республикалық, халықаралық ғылыми конференцияға дайындалды.



Олимпиада


  1. Көп тілді олимпиада. Мектеп оқушыларының арасында. 25.10.2018. С.Торайғыров атындағы ПМУ.

  2. «Жалын» олимпиадалық резерв мектебінің бірінші ауысымында «Орыс тілді мектептеріндегі қазақ тілі» пәні бойынша жаттықтырушы ретінде сабақ жүргізілді. 29 қазан – 3 қараша, 2018 жыл. С.Торайғыров атындағы ПМУ.

  3. 8-11 сынып оқушыларының республикалық ғылыми жобалар конкурсының қалалық кезеңінде әділ қазылар алқасының мүшесі. Павлодар қаласы «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы». 01.11.2018.

  4. Орыс сыныбындағы қазақ тілі пәні бойынша жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінде төрағалық етілді. Павлодар. Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» БУҚБДДО өңірлік қосымша білім беру оқу – әдістемелік орталығы. 06 – 07 желтоқсан 2018.


Студенттер мен магистранттардың ғылыми –зерттеу жұмысы


  1. Тулетай Айгүл Сайлауқызы, Жур – 401 – «Қазақстанның мәдени журналистикасы: кеше және бүгін».

  2. Павлюк Анастасия Викторовна, Жур – 402 – «БАҚ және мемлекеттік тіл мәселелері және оның шешімін табудың амал – тәсілдері».

  3. Балагазинова Айгерим Серикбаевна, МЖ – 12н. «Қоғамдық пікір қалыптастырудағы БАҚ – тың ролі».

  4. Кашкенова Айым Шариповна, МЖ-12н. «Көркем мәдениеттегі журналист бейнесі: жазушылардың журналистік қызметі».

  5. Омар Дінмұхамед Қуанышұлы, МЖ – 12н. «Ертіс –Баян өңірінің елдік – ұлттық мәселелердің БАҚ – тағы көрінісі».

  6. Досмадиярова Алтынай Есенбаевна, МЖ – 12п. «Қазақстандағы экологиялық БАҚ».

  7. Нугман Мадина, МЖ – 12п. «Қазақстандық журналистикадағы гендерлік саясаттың насихатталуы».

  8. Амантай Мереке, МЖ -22н. Цифрлық БАҚ, әлеуметтік желілер және ондағы журналистің құзіреттілік әлеуеті.

  9. Гайдук Александр Владимирович, МЖ – 22н – Көпшілік әлеуметтік коммуникация үрдісіндегі спорттық феномен танымы.

  10. Сапарбекова Эльмира Бауржанқызы, МБД – 12н. «Мүмкіндігі шектеулі жандарға кітапханалық қызмет көрсету технологиясы».

  11. Ахметова Жанар Хисмеденовна, МБД – 12н. Кітапханалық – ақпараттық қызметтегі заманауи менеджмент және маркетинг технологиясы (Павлодар облысының кітапханаларының негізінде).

  12. Жұмабекова Дина Алтынбекқызы, МБД – 22н. «Кітапхананың ақпараттық іс – әрекетіндегі маркетинг».

  13. Каримова Айгерим Калымқызы, МБД – 22н «Кітапхана жүйесінің әдістемелік – әдіснамалық қызметі: жаңа амалдары мен тенденциялары».

  14. Омарова Алтынгүл Ерланқызы, МБД – 22н «Кітапхана имидж – мәртебесін басқарудағы РR – технологиясы».


Ғылыми – зерттеу жұмысы бойынша қаржыландыру есебі


  1. Қазақстан халқы тілдерінің ХХ республикалық фестивалі аясында «Тіл – достық құралы» атты жоба, концерттік бағдарлама. 07.09.2018. С.Торайғыров атындағы ПМУ. Павлодар облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқарма.

  2. «Жастарды жарқын болашаққа жетелейтін – тіл» атты жастар форумында «Ұлттық тіл руханияты және ой көркемдігі» атты баяндама жасалынды. Модераторлық қызмет жасалынды. 21.09.2018. С.Торайғыров атындағы ПМУ. Павлодар облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқарма.

Жаппай латын әліпбиінде жатжазу.12.10.2018. Барлығы - 1 410 240 тенге.
VІ Кафедраның ғылыми-теориялық семинар, конференциялардағы баяндамалар



  1. «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы адами капиталы» атты Тамыз кеңесі – 2017 облыстық конференцияда «Қазақ тілі мен әдебиетін жаңа форматта оқыту әдістемесі» атты баяндама жасалынды. Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы білім беру басқармасының «Білім беруді және тәрбиелеуді дамытудың инновациялық орталығы» КММ 20.08.2018.

  2. «Латын әліпбиіне көшу – өмір талабы» атты баяндама жасалынды.

№ 9 гимназия – мектеп. Павлодар қаласы. 11.09.2018.

  1. «Рухани жаңғыру» аймақтық жобалық офисінің сараптамашысы ретінде «Туған өлке және ұлттық құндылықтар тағылымы» атты баяндама жасалынды. Павлодар облысы ішкі саясат басқармасы. Май ауданы. 12.09.2018.

  2. «Жастарды жарқын болашаққа жетелейтін – тіл» атты жастар форумында «Ұлттық тіл руханияты және ой көркемдігі» атты баяндама жасалынды. Модераторлық қызмет жасалынды. 21.09.2018. С.Торайғыров атындағы ПМУ. Павлодар облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқарма.

  3. ҚАЗТЕСТ жүйесінің бөліктері бойынша әзірленген тест түріндегі тапсырмалардың алғашқы тәуелсіз сараптамасына сарапшы ретінде қатыстым. Астана. 2013 жыл, 17 – 19 қыркүйек. ҚР Білім және ғылым министрлігі. Ұлттық тестілеу орталығы.

  4. «Бұхар жырау толғауларының тағылымы» атты баяндама. Қарағанды – Павлодар онлайн конференция. С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхана. 01.10.2018.

  5. «Қазіргі қазақ романдарының Оралхан Бөкей шығармашылығымен үндестігі» атты баяндама жасалынды. Жазушы Оралхан Бөкейдің 75 жылдығына арналған «Оралхан Бөкей және бүгінгі қазақ прозасы атты әдеби – портреттік кеш. Павлодар облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқарма. 11.10.2019.

  6. «Ұстазым – қастерлі тұлға» атты баяндама жасалынды.Социалистік Еңбек Ері, Қазақ КСР еңбек сіңірген мұғалімі, педагогикалық еңбек ардагері,Ақсу ауданының құрметті азаматы, мектеп директоры М.Қ.Қабылбековтің 95 жылдығына орай өткізілген салтанатты шара. 19.10.2018. Б.Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледж.

  7. « Бітімгерлік – береке – бірлік құралы» атты баяндама жасалынды. Қазақстан Республикасы Жоғары Сотының «Татуласу: сотқа дейін,сотта» жобасы аясында Павлодар облысындағы зиялы қауым,беделді, абыройлы азаматтармен кездесу. 19.10.2018. Павлодар облыстық соты.

  8. «Магистранттардың ғылыми құзіретін дамытудағы білім мазмұны» атты кафедраның ғылыми – теориялық семинарында баяндама жасалынды. 29.10.2018. № 2 хаттама.

  9. «Ұлттық тіл мен жазу – мәңгілік пен кемелділіктің кепілі» атты баяндама. «Латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің жаңа белесі» атты республикалық ғылыми – теориялық конференция. Павлодар облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқарма. 25.10.2018

  10. «Қазақ тілі әліпбиін латын графигіне көшіру» жұмысы аясында «Қазақ тілі емлесінің негізгі ережелерінің жобасы» атты баяндама жасалынды. Павлодар облысы, Аққулы ауданы. 07.11.2018.

  11. «Рухани жаңғыру» бағдарлама аясында жүргізілген өңірлік сараптама кеңесінде «ЖОО – да Рухани жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асырылуы» атты есеп баяндама жасалынды. Павлодар облыстық әкімдігі. 09.11.2018.

  12. «Тәуелсіздік тұғыры –Қазақ Елінің мәңгілік кепілі» атты баяндама жасалынды. Білім – Инновация мектебі.10.12.2018.

  13. «Тәуелсіздік тұғыры –Қазақ Елінің мәңгілік кепілі» атты баяндама жасалынды. Павлодар көлік және коммуникация колледжі. 11.12.2018.

  14. «Тәуелсіздік тұғыры –Қазақ Елінің мәңгілік кепілі» атты баяндама жасалынды. Оқушылар сарайы. 11.12.2018.

  15. «Латын әліпбиін меңгеру тәсілдері» атты баяндама жасалынды. «Латын әліпбиі – қоғамның жаңғыруы» атты аудандық ғылыми – практикалық конфереция.12.12.2018. Железин ауданы.

  16. «Тәуелсіздік тұғыры –Қазақ Елінің мәңгілік кепілі» атты баяндама жасалынды. № 15 колония.

  17. «Латын графикасын жетілдіру жолдары» атты семинарда «Латын әліпбиін меңгерту тәсілдері» атты тақырыпта әдістемелік ашық сабақ өткізілді. Павлодар ауданы Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі. 20.12.2018.


VІІ Ғылыми - зерттеу тақырыбы бойынша жүргізілген жұмыстар


  1. Халықаралық басылымдарға (Үндістан, Италия, Австрия, АҚШ, Ресей, Татарстан, Қалмақ) мақала ұсынылды.

  2. Ғылыми кеңесшімен жұмыс жүргізілді.


VІІІ Марапаттау туралы мәлімет


  1. Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында көрнекті жазушы Оралхан Бөкейдің туғанына 75 жыл толуына орай өткізілген «Оралхан Бөкей және бүгінгі қазақ прозасы атты әдеби кешке белсене қатысып,сол арқылы қаланың қоғамдық – мәдени өмірінің дамуына, ұлт тілі мен әдебиетінің өркендеуне қосқан жеке үлесі үшін Алғыс хат. Павлодар қаласы әкімдігі. 11.10.2018.

  2. ІІ Халықаралық Журналистер форум жұмысына белсене қатысқаны үшін Алғыс хат. ҚР БжҒМ. Түркістан. 24 -25 қараша,2018.

  3. С.Торайғыров атындағы ПМУ Ғылыми Кеңестің шешімімен университеттің дамуына қосқан зор үлесі үшін «С.Торайғыровтың 125 жылдығы» мерейтойлық медалі. 31.10.2018.

  4. Сұлтанмахмұт Торайғыровтың қанатты сөздерінің тағылымдық мәні.С.Торайғыровтың 125 – жылдығына арналған «Х Торайғыров оқулары» атты Халықаралық ғылыми – практикалық конференциясына белсенді қатысқаны үшін Алғыс хат. Павлодар. С.Торайғыров атындағы ПМУ. 07.12.2018.


IX. Біліктілікті жетілдіру:


  1. Павлодар облысының білім беру ұйымдарында инновациялық үдерістерді қолдауы, қызметтестігі және тамыз педагогикалық іс – шараларына белсенді қатысқанын растайтын сертификат. Павлодар облысы білім беру басқармасы. Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы. 20.08.2018.

  2. «БАҚ – та плюрализм мен бейтараптылықты насихаттау және Орталық Азия аудиториясының медиасауаттылығын арттыру» атты жоба аясында өткізілген Қазақстан университетінің оқытушылары үшін медиа және ақпараттық сауаттылық бойынша біліктілікті арттыру тренингі. Алматы. MEDIANET Халықаралық журналистика орталығы. Украина. «Острожская академия» ұлттық университеті. 24 – 25. 09.2018. сертификат.

  3. «Стратегиялық менеджмент, халықаралық жобаларды басқару, кәсіпкерлік және коммерциализация» атты Халықаралық біліктілікті арттыру курсы. С.Торайғыров атындағы ПМУ. 72 сағат. Сертификат. 29.09.2018.

  4. «Сұхбат алу өнері және психологиясы. Сұхбатты алуды ұйымдастыру ережесі және сұхбат барысында жол берілмейтін дүниелер» тақырыбындағы семинар – тренинг. «Samruk EXPO» ЖШС. Алматы. 22.10.2018. – 25.10 2018

  5. «Коперайтинг және рерайтинг негіздері.Мәтіндерді редакциялау. Интернетте ақпараттық алға жылжыту тәсілдері мен әдістерін үйрену» тақырыбындағы семинар – тренинг. «Samruk EXPO» ЖШС. Алматы. 22.10.2018. – 25. 10.2018.

  6. «SMM – SOCIAL MEDIA MARKETING. Әлеуметтік желілермен жұмыс- «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ақпараттық бағытта жүзеге асыру. Базалық деңгей және озық деңгей» тақырыбындағы семинар – тренинг. «Samruk EXPO» ЖШС. Алматы. 22.10.2018. – 25. 10.2018.

  7. «Этносаралық саясат мәселелерін жариялау барысындағы саяси ұстамдылық» тақырыбындағы семинар – тренинг. «Samruk EXPO» ЖШС. Алматы. 22.10.2018. – 25. 10.2018.

  8. «Көпшілік алдында сөйлеу өнері контексіндегі «Рухани жаңғыру» тақырыбындағы семинар – тренинг. «Samruk EXPO» ЖШС. Алматы. 22.10.2018. – 25. 10.2018.

  9. «Бастапқы деңгей: тіл үйрету мен лексикалық минимумды анықтау әдістемесі» атты біліктілікті арттыру онлайн – семинары. Астана. 16.11.2018.

  10. «Тілдік білімді бағалау: теориясы мен әдістемесі» атты тақырыпта өткізілген ҚАЗТЕСТ жүйесінің тест тапсырмаларын әзірлеушілері мен сарапшыларына арналған халықаралық біліктілікті арттыру курсы. Түркия. Гази университеті.TOMER орталығы. Астана. «КазТест.15 - 16.11.2018.

  11. «Журналистика бойынша білім беру бағдарламаларының үлгілері:кәсіби стандарттардың интеграциясы» атты ІІ Халықаралық журналистер форумының аясында 72 сағат көлемінде өткізілген біліктілікті арттыру курсы. ҚР БжҒМ. Түркістан қаласы. 24 - 25 қараша 2018. Куәлік № 9.

  12. Сұлтанмахмұт Торайғыровтың қанатты сөздерінің тағылымдық мәні.С.Торайғыровтың 125 – жылдығына арналған «Х Торайғыров оқулары» атты Халықаралық ғылыми – практикалық конференциясына белсенді қатысқаны үшін сертификат. Павлодар. С.Торайғыров атындағы ПМУ. 07.12.2018.

  13. Қазақстан республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласын іске асыруға арналған ««Сұлтанмәмет сұлтан: қоғамдық сананы жаңғырту және ұлттық кодты сақтау жағдайындағы ұлттық рух пен тәуелсіздіктің бастауларына» атты Халықаралық ғылыми – практикалық конференциясына белсенді қатысқаны үшін сертификат. Павлодар. Павлодар облысының Қазақстан Халқы Ассамблеясы. Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнологиия институты. С.Торайғыров атындағы ПМУ.08.12.2018.

  14. «Білім беру сапасын қамтамасыз етудің ЖОО ішілік жүйесі» атты семинар – тренингке қатысқанын растайтын сертификат. НААР. 08.01.2019. Тіркеу номері № 1912 - 19.


Тәрбие жұмысы


  1. «ЕRTIS Павлодар, «Қазақстан» арналарының презентациясы. «Журналистика» мамандығына оқитын студенттермен кездесу. 13.09.2018.

  2. Астананың 20 жылдығы, Павлодар облысының 80 жылдығы мерейтойлары аясында Екібастұз қалалық «Отарқа» газетінің редакциясы ұйымдастырған жас тілшілер байқауы. 8 адам марапатталды.

  3. «Шәкәрім шыңы» атты әдеби кеш. Жур – 201тобы. 19.10.2018.

  4. «Қазақстан» телерадиокорпорациясының «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасының таныстырылымы. ЖУР – 101,201,301,401 тобының студенттерімен кездесу. С.Торайғыров атындағы ПМУ. 24.10.2018.

  5. «Рухани жаңғыру» идеясын ілгерілету мақсатында «Поэзия менің жүрегімде» атты ашық микрофон. С.Торайғыров атындағы ПМУ. 09.11.2018.

  6. «Мұрагер» шығармашылық бірлестігінің мүшелерімен «Қамар сұлу» пьесасының қойылымы. С.Торайғыров атындағы ПМУ. 14.11.2018.

  7. «Қуатты көсбасшы – табысты жастар» атты байқауда әділ қазылар алқасының мүшесі. 30.11.2018.

Жоспарланған 2018 – 2019 оқу жылының оқу, ғылыми - зерттеу, тәрбие жұмыстарының жарты жылдық жұмыс жоспары орындалды. Атқарылған жұмыс жөніндегі есеп қазақ тілі кафедрасының отырысында талқыланып, бекітілген.



2018 жылғы желтоқсанның 28-і, № 4 Хаттама.

Филология ғылымдарының А.Ф. Зейнулина

кандидаты, профессор
ГПФ деканы,

с.ғ.к., профессор А.И.Бегімтаев
Каталог: images -> easyblog images -> 412
images -> Презентация тақырыбы: Түйіндеме
images -> «платон» Халықаралық дамыту орталығы
images -> Название теста
images -> Бір қадам алға! (Көшбасшылықты дамыту) Көшбасшылық құзіреттілікті дамыту
images -> Павлодар облыстық мәслихатының (V сайланған ХLVІ сессиясы)
412 -> Кафедра оқытушыларының аймақтық, республикалық, халықаралық конференцияларға қатысымы мен шетелдік басылымдарға мақала шығаруы бақылауда болды (кесте бойынша) Ғылыми-теориялық семинар тақырыптары бекітіліп, кесте бойынша өткізілді

жүктеу 135 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
Жұмыс бағдарламасы
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
бекіту туралы
қызмет стандарты
туралы хабарландыру
Сабақ тақырыбы
Әдістемелік кешені
Қазақстан республикасы
республикасы білім
титулдық парағы
білім беретін
Сабақ жоспары
Қазақстан облысы
Конкурс туралы
Қазақстан республикасының
жылдарға арналған
мемлекеттік әкімшілік
бойынша оқыту
біліктілік талаптары
Республикасының білім
қойылатын жалпы
мемлекеттік қызметшілері
жалпы біліктілік
жұмыс істеу
ткізу туралы
қатысушыларға қойылатын
қағидаларын бекіту
қатысушыларына арналған
ортақ біліктілік
мамандығы бойынша
денсаулық сақтау
арналған ортақ
конкурс қатысушыларына
пәнінің мұғалімі
Мектепке дейінгі
бағдарламасының титулдық
Республикасы кіметінің
біліктілік талаптар
жұмыспен қамту
мамандығына арналған
мемлекеттік мекемесі
Бастауыш сынып
Республикасы білім
жалпы білім
Конкурс ткізу
мектепке дейінгі
облысы бойынша