Апталық е-бюллетень 15. 03. 2016-21. 03. 2016 No 59. pdf



жүктеу 79,45 Kb.
Pdf просмотр
Дата07.12.2017
өлшемі79,45 Kb.


 

Жазушы: Лидия Пархомчик, 

Еуразия ғылыми-зерттеу институты, Қазақстан 

 

15.03.2016-21.03.2016 • No: 



59

 

 

ҚАЗАҚСТАННЫҢ АҚТАУ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТЕҢІЗ САУДА ПОРТЫН СОЛТҮСТІК 

БАҒЫТТА КЕҢЕЙТУ ЖОБАСЫ 

Каспий  теңізінің  шығысында  орналасқан 

Ақтау халықаралық теңіз сауда порты аш- 

ық теңізге шығатын жолы болмаған Қазақ-

станның құрғақ жүк, астық пен шикі мұнай 

жəне  мұнай  өнімдерін  теңіз  жолы  арқылы 

басқа елдерге тасымалдауға мүмкіндік бер- 

етін жалғыз теңіз өту жолы болып табыла-

ды.  Еуропа-Кавказ-Азия  жəне  Солтүстік- 

Оңтүстік  халықаралық  көлік  дəліздерінің 

қиылысу торабында орналасқан Ақтау пор- 

ты  халықаралық  көлік  тасымалында  қол-

данылуда əрі Еуропа мен Таяу Шығыс ел- 

деріне жетуді қамтамасыз етуде. 

«Қазақстан  темір  жолы»  (ҚТЖ)  мемлекет-

тік  компаниясы  тарапынан  басқарылатын 

Ақтау порты, Қазақстанның транзиттік əл- 

еуетін  толықтай  орындау  мақсатында құр- 

ылған  мульти  модальды  көлік  тізбектерін 

дамытуда маңызды рөл атқаруда. Сондық-

тан  2020  жылға  дейін  Қазақстанның  көлік 

жүйесі  инфрақұрылымын  дамытуға  арнал-

ған  мемлекеттік  бағдарламасының  басты 

мақсаты Қазақстанның шығысы мен баты- 

сындағы өту торабы болып саналатын Қор- 

ғас құрлық порты (кеден бекеті) мен Ақтау 

теңіз  порты  арасындағы  жүк  тасымалдар- 

ын жақсарту болып табылады.  

Сонымен қатар Ақтау портының құрылған 

1963  жылы,  бұл  порт  Қазақстанның  Маң-

ғыстау  аймағындағы  мұнай  кеніштерінен 

өндірілген уран кені мен шикі мұнайды эк- 

спорттау  үшін  қолданылған  болатын.  Мы- 

салы КСРО дəуірінде осы порт арқылы құ- 

рғақ  жүк  тасымалы  жылына  300  мың  тон- 

наны  құраса,  ал  мұнай  тасымалы  7  мил-

лион  тоннадан  астамды  құрайтын  еді.  Ке- 

ңес  одағы  ыдырағаннан  кейін  теңіз  жолы 

арқылы  тасымалданатын  мұнай  жəне  құр- 

ғақ жүк тасымалының көлемі айтарлықтай 

мөлшерде азайған болатын. Бұл жағдай тек 

1995  жылдан  бастап  өзгере  бастады.  Осы 

жылдан бастап Қазақстан минерал мен ме- 

тал өндіру жұмыстарын арттырып, осы өн- 

імдерді  белсенді  түрде  экспортқа  шығара 

бастады.  

Еуропа қайта құру мен даму банкі (EBRD) 

тарапынан қаржыландырылып, Ақтау пор- 

ты  1997-1999  жылдары  қайта  жөндеуден 

өткеннен кейін құрғақ жүк тасымалдау əл- 

еуеті  жылына  1,55  миллион  тоннаға  дейін 

көтерілді. Кейінгі  жылдарда  Ақтау  порты- 

ның  инфрақұрылымын  одан  əрі  дамытуға 

бағытталған  жұмыстар  жүргізіліп,  мұнай 

терминалдары да жаңартылды, жылдық əл- 

еуеті 12 миллион тоннаға дейін артты. Со- 

най-ақ 2006 жылы осы порт арқылы тасым- 

алданған жалпы мұнай көлемі 10 миллион 

тоннадан асқан. Сол жылдары Ақтау порт- 

ының  жылдық  əлеуеті  4,5  миллион  тонна 

құрғақ  жүк  (1,4  миллион  тонна  жүк  паро-

мы жəне 600 мың тонна астықты қосқанда) 

тасымалын  жүзеге  асыра  алатын  əлеуетке 

ие болатын.  

Сонымен қатар, 2007 жылдан бастап Ақтау 

порты жүк кемелері арқылы тасымалданат- 

ын жүк көлемі айтарлықтай азайған. Мұн- 

ай өнімдері қозғалысында орын алған мұн- 

дай азаю көрсеткішінің көптеген себептері 

бар.  Қазақстан  мұнай  жəне  табиғи  газ  өн- 

дірісін  бұдан  бұрын  белгілеген  мөлшерде 

арттыра алмағандықтан, 2006 жылы салын- 

ған  Қазақстан-Қытай  мұнай  құбыры  желі-

сінің  алғашқы  бөлімін  (Атасу-Алашаньк- 

оу) теңіз жолы арқылы тасымалдануы тиіс 

шикі  мұнаймен  толтыруға  тырысқан. 2009 

жылы  мұнай  құбыры  желісінің  екінші  бө- 

лігі (Кеңқияқ-Құмкөл) құрылысынан кейін 

мұнайдың танкер арқылы тасымалдану кө- 

рсеткіші  азайып,  бұл  мұнай  құбыры  желі-

сінің  мұнай  қажеттілігін  өтеуді  жалғасты-

руы туралы шешім қабылданады. Бұған қо- 

са  2008  жылдың  желтоқсан  айында  Тенг- 

из-Новороссийск құбырының жылдық əле- 

уеті 33 миллион тоннадан 67 миллион тон- 

наға  жеткізу  жөнінде  келісім  шартқа  қол 

қойылғаннан кейін шикі мұнай осы мұнай 

құбыры  арқылы  да  тасымалданған.  Қаша-

ған жобасының кешіктірілуі себебінен мұ- 

най жөнелтудегі орын алған шығындардың 

кем  дегенде  бір  бөлігінің  орны  толтырыла 

алмайтындай деңгейде қосымша мұнай та- 

сымалын  жүзеге  асыру  мүмкін  болмады. 

Жоғарыда  айтып  өтілген  себептерге  байл- 

анысты 2008 жылы Ақтау портында жүзеге 

асқан мұнай жəне мұнай өнімдерінің тасы- 

малы 8,9 миллион тоннаны құраған. Соңғы 

3 жыл бойы Қазақстанда мұнай өндірісінің 

азаюына  себеп  болған  мұнай  бағасының 

төмендеуіне  байланысты,  Ақтау  портынан 

экспортталатын  көмірсутек  мөлшері  2013 

жылы 6,2 миллион болса, кейінгі жылдары 

азайып, яғни 2014 жылы 5,9 миллион тон- 

на, ал 2015 жылы 3,5 миллион тоннаға де- 

йін төмендеген.  

Екінші жағынан алып қарайтын болсақ, құ- 

рғақ жүк тасымалы ұдайы өсу үстінде еді. 

Мысалы  2000  жылдардың  басында  жылы-

на орташа есеппен құрғақ жүк тасымалы 1 

миллион тоннадан аспаған. Ал 2009 жылы 

Ақтау  порты  арқылы  тасымалданған құрғ- 

ақ жүк көлемі алғаш рет 2,6 миллион тон- 

наға  дейін  жеткен.  2011-2013  жж.  аралығ- 

ында  жылдық  құрғақ  жүк  тасымалы  орта-

ша  есеппен 3,5  миллион  тоннаны құраған. 

Қанша  дегенмен  орын  алған  рецессияның 

əсерінен 2014 жылы 4,3 миллион тонна бо- 

лған  құрғақ  жүк  көлемі  2015  жылы  2,3 

миллион тонна төмендегенімен, əлі де бол- 

са құрғақ жүк бекеттерін жақсартуға деген 

сұраныс өте жоғары деңгейде.  

Сондықтан құрғақ жүк жəне жүк контейн- 

ерлерінің тасымалы тұрғысынан Ақтау по- 

рты бекеттерін қайта бағдарлау жұмыстар- 

ына қажеттілік туындауда. Тасымал мерзі-

мі  жəне  жүкті  тапсыру  шығындарын  азай-

ту  арқылы  жүк  тасымалын  арттыру  жəне 

порттың  дəстүрлі  Еуропа-Қытай  тасымал 

дəлізіне қарсы  (Транссібір  дəлізі  мен  Оңт-

үстік  теңіз  бағыты)  бəсекеге  қабілетті  бо- 

луы  үшін  Қазақстан  Ақтау  халықаралық 

теңіз  сауда  портын  кеңейтілуіне  қатысты 

жобаны қолға алған болатын. Ақтау порты 

Солтүстік бекетін құру – осы жоба аясында 

жоспарланған еді. 2006 жылы жүзеге асыр- 

ыла  бастаған  аталмыш  жобаның  сомасы 

32,2 миллиард теңгені құрайды. Жоба бой- 

ынша  порт  аумағын  22  мың  гектарға  ке-

ңейтіп  45  мың  гектардан  67  мың  гектарға 

дейін жеткізу қажет. Жобаның жүзеге асуы 

арқылы Ақтау портының жылдық транзит-

тік  əлеуеті  18  миллион  тоннадан  23  мил-

лион тоннаға шығару жоспарлануда. Ақтау 

портын кеңейту үш кезеңнен тұрады:  

1-нші кезең (2006-2012): 15 миллиард тең- 

геге  бағаланған  бірінші  деңгейде  жағалау 

инфрақұрылымы,  яғни  бөгеттер  мен  толқ- 

ын тосқындары салынған. 1350 метрлік бө- 

геттің құрылысы 2009 жылы аяқталған. Те- 

ңіз  портының  су  аумағын  желден  қорғау 

мақсатында  салынған  505  метрлік  толқын 

тосқыны  құрылысы  2012  жылы  басталған 

болатын.  

2-нші кезең (2013-2014): Бұл кезең əсіресе 

теңіз  портына  қажетті  тереңдікпен  қамта-

масыз ету үшін су асты қазба жұмыстарын 

басқаруға бағытталған. Жалпы 3,6 миллиа- 

рд теңгені құрайды деген болжам бар. Құр- 

ылыс  жұмыстары  Caspian  Technical  Fleet 

LTD компаниясы тарапынан жүргізілді.  

3-нші кезең (2014-2015): Соңғы кезең бол- 

са жалпы жылдық əлеуеті 2,5-3,0 миллион 

тоннаға тең екі құрғақ жүк терминалы мен 

бір астық тиеу кешенінің жəне осы кешен-

ге қатысты инфрақұрылымның құрылысын 

қамтиды. Жоба аясында əрқайсысы 10 тон- 

налық  əлеуетке  ие  6  жаңа  астық  қоймасы, 

жылына  1  миллион  тонна  жүк  тасымалын 

жүзеге асыра алатын контейнер алаңы мен 

əрқайсысы  150  метрлік  3  айлақ  құрылысы 

жүзеге асқан болатын. Орнатылған құрыл-

ғының əлеуеті 500 тонна/сағатты құрайды. 

Атап  өтілген  барлық  құрылыс  жұмыстары 

Сингапурлық  Inter  Port  Development  PTE 

(60%),  KTZ  Express  (30%)  жəне  Ақтау  ха- 

лықаралық  теңіз  сауда  порты  (10%)  тара-

пынан  ортақ  құрылған  «Ақтау  теңіз  сол-

түстік  терминалы»  ЖШС  тарапынан  жүр-

гізілген болатын. 

Ақтау  теңіз  портын  дамыту  арқылы  астық 

тасымалдау  əлеуеті  төрт  есеге  артып,  жұ- 

мыстың  жылдам,  əрі  тиімді  түрде  жүзеге 

асуы үшін құрылғылардың жаңартылғанын 

атап өту қажет. Ақтау теңіз порты солтүс-

тік терминалы 2015 жылдың желтоқсан ай- 

ында қолданысқа берілді. Мысалы солтүс-

тік  терминалы  арқылы  жүзеге  асырылған      

4700  тоннаны  құрайтын  алғашқы  астықты 

жөнелту  «Түркістан»  атты  қазақ  жүк  кем- 

есі арқылы Иранға жіберілген болатын.  

Сондықтан Ақтау халықаралық теңіз сауда 

портын  солтүстік  бағытта  кеңейту  жобас- 

ын  жүзеге  асыру  Транскаспий  халықарал- 

ық көлік дəлізінің аяқталу үдерісін жылда- 

мдатып, аймақ ішінде жəне құрлық арасы- 

ндағы  жүк  тасымалында  теңіз  портының 

маңыздылығын арттыра түспек. 



 

 

 



Əзірбайжанның сыртқы істер министрі 

Эльмар Мамадияров пен Шанхай ынт- 

ымақтастық  ұйымы  (ШЫҰ)  Бас  хатш- 

ысы Рашид Алимов тарапынан Пекин- 

де  қол  қойылған  құжатта  Əзірбайжан 

ШЫҰ-на  диалог  серіктес  ретінде  қа- 

былданған. 

 

 Анкарада өткен Түркия-Əзірбайжан 5. 



жоғарғы  деңгейлі  стратегиялық  ынты- 

мақтастық  жиынында  Əзірбайжан  мен 

Түркияның  жоғары  лауазымды  тұлға- 

лары əскер, сот экспертиза жəне техни- 

калық  ынтымақтастық  салалары  бой- 

ынша 6 келісім-шартқа қол қойды. Қол 

қою  рəсіміне  Əзірбайжан  Президенті 

Ильхам  Алмев  пен  Түркия  Президенті 

Режеп Тайып Ердоған тарапынан өткі- 

зілді. 


 

Түрікменстан елінің Президенті Гурба- 

нгулы Бердымухамедовтың Пəкістанға 

жасаған ресми сапарында екі елдің жо- 

ғары  деңгейлі  тұлғалары  арасында  ал- 

ты  келісім-шартқа  қол  қойылды.  Əр 

түрлі сала бойынша ынтымақтастықты 

қамтитын  келісім-шарттар,  2016-2017 

жылдар  арасында  Түрікменстан  мен 

Пəкістанның  Сыртқы  істер  министр- 

лері  арасында  ынтымақтастық  бағдар- 

ламасы,  энергетика  мен  қаржылай  ха- 

бар  алу  сияқты  салалар  бойынша  ке- 

лісім-шарттан тұрады.  

 

Минскте  өткен  бейбітшілік  келіссөз- 



дерінде  сөз  алған  Донецк  Халық  Рес- 

публикасының  (ДХР)  бас  өкілі  Денис 

Пушилиннің  мəліметі  бойынша  Мари- 

янка  елдімекеніне  жақын  орналасқан 

ДХР  бақылау  пункті  жанындағы  ше- 

кара сызығында екіжақты еркін жіберу 

форматы  аясында  ДХР  жəне  Украина, 

3 ДХР тұрғыны жəне 3 украниалық тұ- 

тқынды ауыстырды. 

 

Ресей Президенті Владимир Путин мен 



сириялық  əріптесі  Башир  Асад  ара- 

сында  жасалған  Ресей  əуе  күштерінің 

басым  бөлігін  Сириядан  шығару  жай- 

лы  келісім-шартқа  сəйкес  Ресей  Қор- 

ғаныс  министрі  Сергей  Шойгу  Сир- 

иядағы  Ресей  əуе  күштерінің  айтар- 

лықтай  бөлігін  шығару  жөнінде  бұй- 

рық берді. 

 

Əзірбайжан  Қорғаныс  министрі  гене- 



рал-лейтенант  Закир  Хасанов  пен  Че- 

хия  парламенті  қорғаныс  комитеті  тө- 

рағасы  Дэвид  Каднер  арасында  өткен 

кездесуде тараптар Əзірбайжан қарулы 

күштерінің  əскери  технологиясы  мен 

құрылғылардың  жою  күштерін  артты- 

ру жəне жаңартуға байланысты əскери 

оқу-жаттығу жұмыстарын қамтыды. 

 

Экономика, қаржы жəне энергия 

 

 

Ресейлік табиғи газ өндіруші компания 



Новатек,  1,087  миллиард  евро  көле- 

міндегі  Ямал  LNG  жобасындағы  9,9 

пайыздық  үлесін  Қытай  Жібек  жолы 

инвестициялық қорына сату операция- 

сын тоқтатты. Ямал LNG Ресейдің Ям- 

ал  түбегіндегі  ресурстарын  жылына 

16,5  миллион  тонна  əлеуетінде  сұйы- 

тылған табиғи газ (LNG) бекетін құру- 

ды көздейтін ауқымды жоба болып та- 

былады. LNG өндірісін 2017 жылы ба-

стау жоспарлануда. 

 

Əзірбайжанның SOCAR атты мемлеке- 



ттік мұнай компаниясы мен канадалвқ 

Zenith Energy компаниясының бір ұйы- 

мы  болып  табылатын  Zenith  Aran  Pet-

rol  компаниясы Муратханлы,  Джафар- 

лы жəне Зардаб мұнай кеніштерін қам- 

титын блокта өндірістен үлес алу, қай- 

та  өңдеу,  дамыту  жəне  мұнай  шығару 

жұмыстарына  қатысты  келісім-шартқа 

қол  қойды.  Қазіргі  таңда  642,2  текше 

шақырымды  алып  жатқан  аймақта  кү- 

ніне орташа есеппен 350 баррель мұн- 

ай өндірілуде. 

 

Қазақстанның  Қазтрансойл  мемлекет- 



тік  компаниясының  мəліметі  бойынша 

компанияның 2015 жылы жинақталған 

табысы мен таза пайдасы реттік кезегі 

бойынша 193,618 миллиард теңгені құ-

рады (2014 жылмен салыстырғанда 3,5 

пайыз  жоғары)  жəне  79,643  миллиард 

теңге (2014 жылмен салыстырғанда 3,8 

пайыз артық) болған.  

 

Əзірбайжанның SOCAR атты мемлеке- 



ттік  компаниясы  Румыниядағы  табиғи 

газ  құю  бекеттерінің  саны  33-ке  жет- 

кенін  хабарлады.  Қазіргі  таңда  компа- 

нияға тиесілі табиғи газ құю бекеттері 

Румыниягың 16 аймағында қызмет кө- 

рсетуде.  SOCAR  қазіргі  уақытқа дейін 

Əзербайжан,  Грузия,  Украина,  Румы- 

ния жəне Швейцарияда табиғи газ құю 

бекеттерін ашқан. 

 

Беларусь  Салық  жəне  кедендік  салы- 



қтар  министрі  Сергей  Наливайко  1997 

жылдың  сəуірінде  жасалған  табыс  са- 

лығы  мен  қазына  салығындағы  қоса- 

рланған салық салу мен салықтан жал- 

тарудың алдын  алуға байланысты Бе- 

ларусь пен Қазақстан арасында жасал- 

ған  үкіметаралық  қосарланған  салық 

салу  келісім-шартына  өзгерістер  мен 

толықтырулар жасалғанын хабарлады. 

 

Қырғызстан  Ұлттық  статистика  коми- 



тетінің  есебі  бойынша  2015  жылы  ел- 

дегі  ең  үлкен  алтын  кеніші  болып  та- 

былатын Кумтор алтын кенішінің ЖІӨ 

ішіндегі  үлесі  6,8  пайызды  құраған. 

Сондай-ақ  2015  жылы  Кумтор  алтын 

кенішінің  елдің  жалпы  индустриалды 

өндірісіндегі  жəне  ұлттық  алтын  экс- 

порты  ішіндегі  үлесі  реті  бойынша 

22,5 пайыз жəне 39,7 пайызды құраған. 

Алтынның ұлттық бюджет ішіндегі са- 

лық,  əлеуметтік  қорға  жəне  басқа  да 

міндетті  төлемдерге  қосқан үлесі 2015 

жылы 123 миллион долларды құраған. 

 

Əзірбайжан салық министрлігінің мем- 



лекеттік  бюджетке  жасаған  салық  кір- 

істері  2015  жылдың  қаңтар-ақпанында 

1,6 миллиард манатты құраса 2016 жы- 

лдың  тура  сол  кезеңінде  1,1  миллиард 

манат болған. Салық министрлігі 2016 

жылы  мемлекет  бюджетіне  7,01  мил- 

лиард  манат  (жалпы  кірістердің  41,7 

пайызы) салық кірісін түсіруді жоспар- 

лауда. 

 

Əзірбайжан  ұлттық  банкі  (CBA)  елдің 



ұлттық  банкте  ұсталуы  тиіс  шетелдік 

валюталық депозиттері үшін пайыздық 

мөлшерлемелердің 0,5 пайыздан 1 пай- 

ызға  көтерілгенін  жəне  ұлттық  валю- 

тадағы депозиттер мен кепілдемелерге 

арналған  мөлшерлемелердің  өзгерме- 

генін  жəне 0,5 пайыз көлемінде қалға- 

нын мəлімдеді. 

 

Тəжікстан  ұлттық  банкі  елде  тұтыну- 



шы  бағаларының  инфляциясын  2016 

жылдың  қаңтар-ақпан  айларында  1,9 

болғанын  хабарлады.  Көрсетілген  кез- 

еңде  азық-түлік  бағалары,  азық-түлік- 

тен тыс өнімдердің бағалары мен ақы- 

лы  қызметтер  реттік  кезегі  бойынша 

2,1% мен 1,1% жəне 3,2% өскен. 

 

Қоғам жəне мəдениет 



 

 

Гуянада  өткен  4-нші  жоғары  деңгейлі 



қайырымдылық  форумы  аясында  Ка- 

риб  қауымдастығы  (CARICOM)  Бас 

хатшысы  елші  Ирвин  Ларок  жəне  Қа- 

зақстанның CARICOM-дағы елші өкілі 

Константин  Жигалов  Қазақстан  елінің 

CARICOM  мүше  мемлекеттеріне  770 

мың  доллар  көлемінде  көмек  көрсету 

туралы келісім-шартқа қол қойды. Осы 

келісім-шарт арқылы ұйымның климат 

өзгерісі  мен  тұрақты  даму  тақырып- 

тары  бойынша  халықаралық  қолдауға 

қол жеткізу көзделуде. 

 

Қырғызстан  мемлекеттік  көш  қызме- 



тінің  төрағасы  Бақыт  Адилов  пен  Ко- 

рея Республикасының Жұмысқа рұқсат 

беру  орталығы  төрағасы  Ли  Кин-Хи 

қырғыз  азаматтарының  Кореяда  жұм- 

ыспен  қамтылуы  тақырыбында  келі- 

сім-шартқа  қол  қойды.  Кездесу  бары- 

сында  Кореяға  жұмыс  жасауға  кеткен 

қырғыздардың саны 2014 жылы 206-ға 

жеткенін,  2015  жылы  тағы  284  кісінің 

Кореяға  баратынын  атап,  қырғыз  аза- 

маттарының  ресми  жұмыс  жасау  құ- 

қықтарын  кеңейту  туралы  келіссөздер 

жүргізілген. 

 

БҰҰ-ның  талабы  бойынша  Колумбия 



университеті  əлемдік  институты  тар- 

апынан жыл сайын шығарылатын 2016 

жылғы Бақыттылық есебі бойынша Өз- 

бекстан Орталық Азия елдері арасында 

ең  жоғарғы  көрсеткішке  ие  болып  49-

орынды  иемденген.  Қазақстан  өткен 

жылғыдай 54-орында тұрақтаса, Түрік- 

менстан  65-орында,  Қырғызстан  мен 

Тəжікстан  елдері  болса,  реті  бойынша 

85-нші  жəне  100-нші  орындарды  ием- 

денген. 

 

 



Дайындағандар:  Лидия Пархомчик, Айча Шимшек,  

Сəуле Ахметқалиева, Динара Талдыбаева

 

Meiramgul Issayeva 



Саясат, сыртқы қатынастар жəне 

қауіпсіздік 

 

 




жүктеу 79,45 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
Жұмыс бағдарламасы
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
бекіту туралы
қызмет стандарты
туралы хабарландыру
Сабақ тақырыбы
Әдістемелік кешені
Қазақстан республикасы
республикасы білім
титулдық парағы
білім беретін
Сабақ жоспары
Қазақстан облысы
Конкурс туралы
Қазақстан республикасының
жылдарға арналған
мемлекеттік әкімшілік
бойынша оқыту
біліктілік талаптары
Республикасының білім
қойылатын жалпы
мемлекеттік қызметшілері
жалпы біліктілік
жұмыс істеу
ткізу туралы
қатысушыларға қойылатын
қағидаларын бекіту
қатысушыларына арналған
ортақ біліктілік
мамандығы бойынша
денсаулық сақтау
арналған ортақ
конкурс қатысушыларына
пәнінің мұғалімі
Мектепке дейінгі
бағдарламасының титулдық
Республикасы кіметінің
біліктілік талаптар
жұмыспен қамту
мамандығына арналған
мемлекеттік мекемесі
Бастауыш сынып
Республикасы білім
жалпы білім
Конкурс ткізу
мектепке дейінгі
облысы бойынша