Академиялық эдвайзер-тәлімгер қызметі туралы



жүктеу 0,52 Mb.
Дата24.11.2018
өлшемі0,52 Mb.
#24483



М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

академиялық эдвайзер-тәлімгер қызметі туралы

Е Р Е Ж Е


  1. Жалпы ережелер

Аталған М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті академиялық эдвайзер-тәлімгер қызметі туралы ереже білім алушылардың оқудағы жеке траекториясын таңдауы және іске асыруы үшін, оқу жоспарларының ұтқырлығы мен икемділігі үшін М.Өтемісов ат. БҚМУ-дағы Ережесіне сәйкес дайындалған.

Кредиттік оқыту жүйесі бойынша жоғары оқу орындарында академиялық эдвайзер-тәлімгер қызметі (әрі қарай – эдвайзер) ұйымдастырылады.

Олардың саны академиялық топтардың санына, оқыту тіліне және студенттерді дайындау бағытына байланысты.



Эдвайзер (Advisor) – оқудағы жеке траекториясын таңдауына (жеке оқу жоспарын құруға) және білім алу кезеңіндебілім бағдарламаларын меңгеріп шығуына көмектесетін, білім алушының мамандық бойынша академиялық тәлімгері қызметін атқарушы оқытушы;
Эдвайзерлер білім алушылардың академиялық мүддесін көздеуі әрі оқу-ғылым-білім үрдісін ұйымдастыру бойынша қажетті барлық материалдарды дайындауға қатысуы керек, оны студентке электронды тасымалдау құралында жеткізіп беруге тиіс.

Эдвайзер пәндерді таңдау және тіркеу бойынша ұйымдастыру-әдістемелік және кеңес беру іс-шараларына қатысады, элективті пәндер каталогымен және мамандық бойынша жұмыс оқу жоспарларымен таныстырады.

Эдвайзер білім алушыларды университеттің академиялық өмірінің, жұмыс оқу жоспарының ерекшеліктерімен, диплом алуға қойылатын талаптармен, таңдалған мамандықтың мүмкіндіктерімен таныстырады.

Эдвайзер болашақ мансап мәселелерін шешуде, кәсіптік сараман базасын, қорытынды жұмыс тақырыбын анықтауда, оқуға сапалы қарауға, студенттерді ғылыми және қоғамдық жұмыстарға тартуда кеңес беріп, көмектесе алады.

Эдвайзер тіркеу ережелеріне сәйкес тіркеу іс-шараларына қатынасады. Эдвайзер оқу жылы барысында кафедрада/факультет деканатында сақталатын жұмыс жоспарына сәйкес жұмыстанады.
Эдвайзер факультет декандарының ұсынысы және кафедра меңгерушілерінің келісуі бойынша ректордың бұйрығымен тағайындалады.


  1. Эдвайзердің кеңес беру қызметі

Эдвайзердің кеңес беру қызметіне жатады:

• білім алушыларды оқу үдерісін ұйымдастыру ережелерімен таныстыру;

• білім алушылардың басым қасиеттерін, бейімділігін және мүмкіндіктерін айқындау;

• типтік оқу бағдарламасы және элективті пәндер каталогімен (оны құрастыру талаптарымен: міндетті пәндер компоненті және таңдау компоненті, курстың пререквизиттері) таныстыру;

• кредит санын және оны меңгеру тәсілдерін түсіндіру;

• студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру бойынша кеңес беру;

• этикалық норма мен университеттің ішкі тәртібін сақтау ережесін түсіндіру.


  1. Эдвайзердің құқықтары мен міндеттері

Эдвайзер міндетті:

• студенттерді оқу орны Жарғысымен, оқу үрдісінің ұйымдастырылуымен таныстыруға;

• білім алушылардың оқудағы жеке траекториясын анықтауына (жеке оқу жоспарын құрастару арқылы) және білім беру бағдарламасын меңгеруіне көмектесу;

• білім алушылардың мамандығы, мамандануы бойынша оқудағы жеке траекториясын анықтаудағы басым қасиеттерін, бейімділігін және мүмкіндіктерін айқындауға;

• білім алушыларға пән таңдау бойынша кеңес беруге;

• білім алушыларға жеке оқу жоспарын құрастыруға көмектесуге, қажет жағдайда – түзету енгізуге;

• ағымдағы, аралық, қорытынды үлгерімді, оқу тобындағы студенттердің сабаққа қатынасуын тексеруге, аттестация мен емтихандардың нәтижесін талдауға;

• оқу тобындағы студенттерге «мамандыққа кіріспе» бойынша жұмыстар жүргізуге;

• оқу жоспарының орындалуын бақылауға;

• оқу үрдісінің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуін бақылауға;

• қосымша білім берудің барлық түрлерін ұйымдастыруға;

• студенттің оқуы туралы оқу орны әкімшілігін, студенттің ата-анасын хабардар етіп отыруға;


Аға эдвайзер міндетті:

  • кафедра мамандықтары бойынша эдвайзердің жұмыстарын үйлестіруге;

  • эдвайзердің қызметтік міндеттерін орындауын бақылауға;

  • ЖОЖ, ЭПК және ЖОҚ бойынша эдвайзерлерге кеңес өткізуге;

  • Эдвайзерлердің кандидатурасын ұсынуға;

  • Жоғарғы басшылықты эдвайзердің жұмыс жағдайынан хабардар етуге;



Эдвайзер құқылы:

  • әкімшілік немесе қоғамдық ұйымдардың маман даярлау бойынша шешімдер дайындау жұмысына қатысуға;

  • ректораттың алдында үздік студенттерді үздік жұмысы, белсенді ғылыми-зерттеу, қоғамдық жұмыстары үшін марапаттау, сыйақы тағайындау туралы мәселе көтеруге;

  • Студенттермен біріге отырып пән және оқытушыны (тьютер) таңдау туралы мәселені шешуге

  • Оқу үрдісін ұйымдастыруды жетілдіру бойынша ұсыныстар білдіруге;

  • факультет пен университеттің ғылыми және әдістемелік Кеңесінің жұмыстарына қатысуға;




  1. Эдвайзерлерге қойылатын талаптар:

- эдвайзер болып жоғары оқу орнында 5 жылдан кем емес педагогикалық қызмет бойынша жұмыс тәжірибесі бар, ғылыми, академиялық атағы немесе ғылыми дәрежесі бар, кей ерекше жағдайларда аға оқытушы лауазымындағы тәжірибелі оқытушы тағайындалады;

- эдвайзердің дайындау бағытына сәйкес білімі болу керек;

- эдвайзер оқыту тілін ескере отырып тағайындалуы керек;


  1. Эдвайзердің жұмысын бағалау

Эдвайзердің жұмысын факультеттердің декандары, оқу және әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор бақылайды.

Эдвайзердің жұмысы бекітілген критерийлер, осы ережеде көрсетілген міндеттерді орындауын кешенді талдау, оқу шараларын уақтылы орындауы және топтың оқу, қоғамдық көрсеткіштері негізінде бағаланады.

Эдвайзер әр семестрдің соңында кафедра меңгерушісі бекіткен жұмыстардың атқарылуы туралы факультет деканатына есеп тапсырады.

Оқытушының эдвайзер ретіндегі жұмысы байқау бойынша кезекті мерзімге өткен кезде оның іскерлік қасиеттері мен атқарып отырған жұмысына лайықтылығын бағалауда, сондай-ақ оқу орны ОПҚ рейтингін анықтауда ескеріледі.




Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Ағылшын тілінен өткізілетін сыныптан тыс жұмыстардың РӨЛІ
dmdocuments -> Ағылшын тілі пәнін интерактивті тақтада өткізудің тиімділігі р. Б. Сариева
dmdocuments -> А. С. Иргалиев (қолы) (аты-жөні)
dmdocuments -> Оқу -әдістемелік кешен
dmdocuments -> Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
dmdocuments -> Факультетінің деканы
dmdocuments -> Бүгін БҚму құрамында 7 факультет, 24 кафедра, ғылыми орталықтар, it орталығы, лабораториялар бар
dmdocuments -> Кдр (IV курс) Вопросы: Вопрос №1

жүктеу 0,52 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
Жұмыс бағдарламасы
рсетілетін қызмет
бекіту туралы
Жалпы ережелер
қызмет стандарты
Сабақ тақырыбы
туралы хабарландыру
Қазақстан республикасы
Әдістемелік кешені
республикасы білім
Сабақ жоспары
титулдық парағы
білім беретін
Қазақстан республикасының
Қазақстан облысы
Конкурс туралы
жылдарға арналған
мемлекеттік әкімшілік
біліктілік талаптары
бойынша оқыту
Республикасының білім
денсаулық сақтау
жұмыс істеу
қойылатын жалпы
мемлекеттік қызметшілері
ткізу туралы
жалпы біліктілік
қағидаларын бекіту
қатысушыларға қойылатын
қатысушыларына арналған
мамандығы бойынша
ортақ біліктілік
пәнінің мұғалімі
Мектепке дейінгі
арналған ортақ
конкурс қатысушыларына
жалпы білім
Республикасы кіметінің
біліктілік талаптар
мамандығына арналған
бағдарламасының титулдық
Республикасы білім
мемлекеттік мекемесі
оқыту әдістемесі
жұмыспен қамту
мектепке дейінгі
учебная программа
Бастауыш сынып