Ағылшын тілінен өткізілетін сыныптан тыс жұмыстардың РӨЛІ



жүктеу 45,02 Kb.
Pdf просмотр
Дата13.11.2017
өлшемі45,02 Kb.
#117


АҒЫЛШЫН ТІЛІНЕН ӨТКІЗІЛЕТІН СЫНЫПТАН ТЫС 

ЖҰМЫСТАРДЫҢ РӨЛІ  

 

А.О. Газизова  



Жәңгірхан атындағы  

ЖОББМ ағылшын тілі пән мұғалімі 

 

Жеті жұрттың тілін біл, 

Жеті түрлі білім біл –  

Қазақстандық 

қоғам 

көпұлттық, 



көптілділік 

және 


көпмәдинеттілік  жағдайда.  Сондықтан  осы  қоғамға  бейімделген 

көп  тілді  меңгерген  мәдениетті  түлға  қалыптастыру  –  өзекті 

мәселелердің  бірі.  Еліміздің  Президенті  Нұрсұлтан  Әбішұлы 

Назарбаев:  «Біз  алдағы  уақытта    әлемдік  биіктерді  бағындыра 

беретін  боламыз.  Сондай  биік  белестердің  бірі  –  Қазақстанның 

дүние  жүзіндегі  бәсекеге  қабілетті  50  елдің  қатарына  кіруі.  Осы 

мақсатқа  жету  үшін,  ең  алдымен,  әрбір  қазақстандық  бәсекеге 

қабілетті  болу  керек»  -  деген  болатын.  Сонымен  қатар 

Н.Ә.Назарбаев қазақстандықтардың жаңа ұрпағы ең кем дегенде үш 

тілді  біліп,  қазақ,  орыс  және  ағылшын  тілдерін  еркін  білу  тиіс 

екендігін айтты. 

Шәкірттер қазақ тілін толық әдеби нормада меңгеріп, орыс тілі 

мен ағылшын тілін еркін білу қажет. Ал ғалымдардың зерттеуінше, 

бала жас кезінде тілді қиналмай әрі еркін меңгереді екен. Осы ретте 

Білім  және  Ғылым  министірлігінің  ағылшын  тілін  бастауыш 

сыныптан бастап үйретуге назар аударуы – дұрыс талап. Бүлдіршін 

жаста  меңгерілген  білімнің  іргетасы  берік  әрі  мықты  болмақ.  Ал 

осы берік әрі мықты білімді санаға себелеп, жанға ұялататын әрине 

- мұғалім. 

Қазіргі  кезде  біздің  тіліміз  халықаралық,  экономикалық,  саяси 

және  мәдени  байланыстарын  ұлғайтып  келеді.  Әсіресе,  экономика 

саласында  шетелдік  инвестициялардың  көптеп  таралуы  ағылшын 

тілін  сөйлей  білуді  талап  етеді.  Сондықтан  қазіргі  мектептің 

алдында тұрған міндет ағылшын тілінде еркін сөйлей, жаза алатын 

оқушылар  дайындау.  Бұл  мақсатқа  жету  жолында  сыныптан  тыс 

жұмыстардың маңызы өте зор. Оқушылардың тілді меңгеріп оқуды, 

жазуды,  сөйлеуді,  бір  тілден  екінші  тілге  аударуды,    біліктілікті 

үйреткенде  біз  оларға  басқа  халықтың  мәдениетіне  әрі  дүние  жүзі 




мәдениетіне жол ашамыз, яғни басқа халықтармен қарым – қатынас 

жасауға  мүмкіндік  туады.  Сыныпта,  үйде,  кітапханада  әдебиеттер 

мен баспасөз беттерінен, оқулықтардан ақпарат алу, түрлі хабарлар 

дайындау,  жоспар  түзу,  реферат  жасау  және  екі  –  екіден  топпен 

жұмыс  жүргізу  де  кең  түрде  қолданылады.  Мұндай  жұмыстар 

арқылы  оқушылардың  шығармашылық  зерттеу  қабілеттерін 

арттыруға  мүмкіндік  туады.  Сыныптан  тыс  жұмыстар  нәтижесі 

мектеп  бойынша  айлықтар,  жарыстар,  концерттер,  ертеңгіліктер 

өткізгенде  көрінеді.  Сыныптан  тыс  жұмыстар  оқушылардың 

белсенділігіне,  шығармашылығына  негізделеді,  сонымен  қатар  әр 

оқушының  икемі,  қызығушылығы  ескеріледі.    Әр  жаңа  материал 

түсінікті,  жеңіл  түрде  беріліп  жұмыстың  әр  түрлі  формалары  мен 

тәсілдері  қолданылып,  аудио  –  видео  құралдары  қолданылуы 

қажет, оқушы өз жұмысының нәтижесін көріп, қанағаттануы қажет, 

өзінің жетістігін көре білуі қажет. 

Сыныптан тыс жұмыстардың мынадай түрлері бар: а) жеке   ә) 

топтық б) массалық 

Жеке  түрі  –  мұнда  мұғалім  бір  оқушымен  жұмыс  істейді. 

Жұмыстың  бұл  түрі  оңай  және  көп  жетістікке  қол  жеткізуге 

болады.  Мен  өз  оқушыма  мақал  –  мәтел  жаттауға  беремін,  әрине 

үш  тілде,  ол  бар  құлшынысымен  ізденуге  кіріседі.  Ол  бірнеше 

мақалдарды өзінің дәптеріне көшіріп алып келеді. Мысалы:  

Live and learn.                                                                  

Ученье свет, а не ученье тьма. 

Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ. 

Where a will there is a way. 

Где хотенье, там и уменье. 

Іздеген мұратына жетеді.   

A good name is better than riches 

Добрая слава лучше богатства 

Жақсы сөз – жарым ырыс. 

Мақал  –  мәтелдер  ғасырлар  бойы  халық  даналығынан 

туындаған.  Оқушылар  мақалдарды  неғұрлым  көп  білсе,  соғұрлым 

тілді  түрлендіріп,  сөз  қоры  көп  болары  сөзсіз.  Сонымен  қатар 

баланың  өз  ойымен,  өз  ана  тілімен  есіне  сақталған  мақал  – 

мәтелдерді  ешқашан  ұмытпайды  және  сол  оқушыны  тәрбиелеуде 

алатын орны ерекше болады.  

Оқушыға ағылшын тілін оқытуда ән мен музыканың да рөлі өте 

зор.  Әнді  айта  отырып,  оқушы  сөздердің  мағынасын  түсінеді, 



оларды қайталай отырып есте сақтайды. Әндер арқылы оқушының 

білімін  өміріне  байланыстырып,  үйреніп  жатқан  тілде  сөйлейтін 

елдердің өнерімен, мәдениетімен танысады және өнер жұлдыздары 

туралы  білімдерін  молайтады.  Мұнда  мен  өз  Әнұранымыздан 

бастағанды жөн көрдім: 

Алтын күн аспаны,  

Алтын дән даласы, 

Ерліктің дастаны, 

Еліме қарашы! 

Ежелден ер деген,  

Даңқымыз шықты ғой. 

Намысын бермеген, 

Қазағым мықты ғой! 

Менің елім, менің елім, 

Гүлің болып егілемін, 

Жырың болып төгілемін, елім! 

Туған жерім менің – Қазақстаным! 

Golden sun in the sky,  

Golden green in the field. 

Look at my merry field, 

With a joy and fun. 

How so brave our work

How so brave our land. 

How so brave our men, 

How so brave our plan. 

My native land, 

My native land. 

I want to be, 

Four flower land. 

I want to be, 

Your merry singer, 

I’m future beadier of my Kazakhstan! 

Топтық түрі – көбінесе оқушылардың сүйікті ісіне байланысты 

ұйымдастырылып,  үнемі  жүргізіліп  отырады.  Олар  ойын,  хор, 

ауызша сөйлеу, драма, әдебиет және өнер, ертегі қою, сондай  – ақ 

альбом  жасау,  газеттер  шығару,  буклет  жасау  жұмыстары 

жүргізіледі.  Топтық  жұмыстар  арқылы  оқушылар  бойында 

жауапкершілік,  сыйластық,  достық  мол  болады.  Әр  жұмыстың 

соңында  практикалық  нәтиже,  яғни  қай  оқушы  материалды  қалай 



меңгергені  көрінеді.    Мысалы:  5  –  6  сыныптар  арасында  «We  are 

friends!»  -  атты  кеш  өткіздім.  Онда        5  –  ші  сынып  оқушылары 

тақпақ  оқып,  ән  айтса,  6  –  шы  сынып  оқушылары  «The  turnip» 

«Three bears» «Сinderella» ертегілерінен көрініс көрсетті.  Жоғарғы 

сыныптар  арасында  «Robert  Burns»,  «William  Shakespeare»  - 

шығармашылығына  арналған  кеш  өтті.  Сонымен  қатар  «ABC», 

«The  club  of  funny  friends»,  «English  land»,  «English  around  us»  « 

Who is champion?»  «First think, then speak»   «The leader of the XXI 

century»    атты кештер үнемі өткізіліп отырылады. 

Массалық түрі – ағылшын тілінде диспуттар, дискуссиялар, ток 

–  шоулар,  конференция,  кештер,  ертеңгіліктер  өткізу  жатады. 

Мысалы: 7 – 8 сыныптар аралығында «Who is clever? » - атты кеш 

өткіздім. Мазмұны: 

I   Іntroduce themselves (топтың аты, ұраны, эмблемасы) 

II   Friendly numbers  

III   Diagram  

IV   Countries of the world  

V   What time is it?  

VI   Letter lines  

    


 

   


 


 

 

 



T E B R X P C A T L X Q L M Z 

U N C L E D O G H O D W Y A 

Q G U V W O R K E R O T X A K A 

Z A K H S T A N T E A O P L 

T U N F S J Z T E A C H E R L 

H E T C H R I S T M A S R A T 

Бірінші  топтар  өз  аттарын,  ұрандарын,  эмблемаларын 

таныстырып өтті. Келесі кезең «Friendly numbers», мұнда оқушылар 

берілген  сөздерді  әріптердің  орналасу  ретіне  сай  тауып  отырды. 

Үшінші  кезең  «Diagram»,  оқушылар  берілген  тақырыпқа  сай 

сөздерді таңдайды.  

 

 

 



 

 

 



 

 

Төртінші  кезең  «Countries  of  the  world»,  оқушылар  берілген 



туға  қарап  елдердің  атауларын  табулары  қажет.  Көрермендерге  де 

қызықты болуы үшін «Do you know…», яғни сирек кездесетін аңдар 

туралы  мағлұмат  берілді.  Бесінші  кезең  «What  time  is  it?», 

Jobs 

Subject 

Family 

Rooms and 

places 

 



оқушылар  берілген  уақыттарды  ағылшын  тілінде  айтулары  керек. 

Соңғы  кезең  «Letter  lines»  оқушылар  берілген  әріп  тізбектерінен 

сөздер табулары қажет. 

Тәуелсіздігіміздің  20  жылдығына  орай  «Kazakhstan  is  my 

Motherland»  атты  кеш  өтті.  Оқушылар  тәуелсіздікке  орай  суреттер 

салды,  газеттер,  буклеттер  шығарды,  кроссворд,  ребустар  шешті. 

Кеште  оқушылар  сұрақтарға  жауап  берді,  үш  тілде  мақал  – 

мәтелдер айтты, берілген «Independent» сөзінен сөздер құрастырды. 

Кеш соңы әндер шырқаумен аяқталды. 

Сыныптан  тыс  жұмыстарда  мен  оқушының  білімді  өз  бетімен 

тауып,  зерттеп,  бірлесе  отырып  жаңа  идеялар  мен  тұжырымдарды 

әр  түрлі  жолдармен  ұсынатындарын,  жаңа  білімді    белсенді  түрде 

талдап,  жинақтап,  оларды  күнделікті  өмірдегі  жағдайлармен 

байланыстыратындарын,  бір  –  біріне  деген  сенімділіктері  мен 

түсінушіліктері  дамитынын  байқадым.  Сыныптан  тыс  шараларға 

қатысқан оқушылардың барлығын марапаттап отыру қажет. Қорыта 

келгенде мынаны ескеру қажет: 

а) Сыныптан тыс жұмыс  –  ағылшын  тілін оқытудың құрамдас 

бөлігі. 

ә)  Сыныптан  тыс  жұмыс  әртүрлі  формаларда  мүмкіндігінше 

көп оқушыны қамту керек. 

б)  Сыныптан  тыс  жұмыста  алдыңғы  қатарлы  жаңа 

технологияларды қолдану қажет. 

Ауылдағы  балалардың  қызығушылығын  арттырып,  оқуға 

ұмтылыс беру үшін көп жұмыс жасау керек екендігі сөзсіз, өйткені 

«Шетел  тілі»  деп  саналатын  ағылшын  тілі  балалар  үшін  үлкен 

жаңалық  және  болашағы  үшін  баға  жетпес  байлық  болып 

есептеледі.  



 

Әдебиеттер 

 

1.  Ағылшын  тілін  оқытудың  әдістемесі  Амандықова  Г.Н., 

Мұхтарова Ш.Е. 

2.  Баймұқанова Б.С., Бисенғалиева А.Н. Жайық ұстазы 

3.  « Ағылшын тілі мектепте» журналдары 

4.  «Шет тілі мектепте» журналдары 

5.  «Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар» журналдары 

 

 




 


жүктеу 45,02 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
Жұмыс бағдарламасы
рсетілетін қызмет
бекіту туралы
Жалпы ережелер
қызмет стандарты
Сабақ тақырыбы
туралы хабарландыру
Қазақстан республикасы
Әдістемелік кешені
республикасы білім
Сабақ жоспары
титулдық парағы
білім беретін
Қазақстан республикасының
Қазақстан облысы
Конкурс туралы
жылдарға арналған
мемлекеттік әкімшілік
біліктілік талаптары
бойынша оқыту
Республикасының білім
қойылатын жалпы
жұмыс істеу
мемлекеттік қызметшілері
ткізу туралы
денсаулық сақтау
жалпы біліктілік
қатысушыларға қойылатын
қағидаларын бекіту
қатысушыларына арналған
мамандығы бойынша
ортақ біліктілік
арналған ортақ
пәнінің мұғалімі
Мектепке дейінгі
конкурс қатысушыларына
Республикасы кіметінің
жалпы білім
біліктілік талаптар
мамандығына арналған
бағдарламасының титулдық
мемлекеттік мекемесі
Республикасы білім
жұмыспен қамту
мектепке дейінгі
Конкурс ткізу
учебная программа
Рабочая учебная