6М020500 –«Филология: түркі тілдері»



жүктеу 0,66 Mb.
Дата03.02.2020
өлшемі0,66 Mb.
түріБағдарламасы




6М020700- «Аударма ісі» мамандығы бойынша магистратураға

қабылдау емтиханының
БАҒДАРЛАМАСЫ

Бұл бағдарлама Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 6M020700 – «Аударма ісі» (ғылыми-педагогикалық бағыт) мамандығы бойынша магистратура бөліміне тапсыратын талапкерлерге арналған.

6М020700 – «Аударма ісі» мамандығы бойынша қабылдау емтиханының бағдарламасына тіл білімі, лингвистика ілімінің тарихы, аударма теориясы, аударматану, жалпы және жеке аударма теориясы, мәдениетаралық коммуникация мәселелері бойынша сұрақтар енгізілген.


  1. Емтиханның мақсаты мен міндеттері

Қабылдау емтиханның мақсаты 6М020700 – «Аударма ісі» мамандығы бойынша талапкерлердің теориялық дайындығы мен практикалық дағдыларының деңгейін анықтау болып табылды.

Талапкерлерге арналған емтиханның міндеттері:



  • Талапкерлердің тіл теориясы мен лингвистикадағы жаңа бағыттар бойынша білім деңгейін анықтау;

  • Талапкерлердің кәсіби-бағытталған курстар бойынша теориялық білім деңгейін анықтау;

  • Шетел тіліне (ағылшын тіліне) жазбаша аударудың практикалық дағдыларын анықтау;

  • Талапкерлердің ғылыми-зерттеу жұмысына дайындығын анықтау;

  • Аудармашылық міндеттерді атқаруда талапкерлердің білімін, дағдыларын қолдана алу қабілетін анықтау.


2. 6М020700 – «Аударма ісі» мамандығы бойынша талапкерлердің дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

6М020700 – «Аударма ісі» мамандығына түсу барысында талапкер келесі теориялық білім мен практикалық дағдыларға ие болуы тиіс:

  1. Аударма теориясының (жалпы аударма теориясы, жеке аударма теориясы, арнайы аударма теориясы), мәдениетаралық қарым-қатынас, аудармашының кәсіби қызметі, оқытылатын тіл (ағылшын) теориясының (теориялық грамматика, теориялық фонетика, лексикология және ағылшын тілі тарихы) негізгі ережелері мен түсініктері;

  2. Тіл білімінің негізгі ережелері мен ұғымдары ( лингвистика ілімінің тарихы, салыстырмалы-салғастырмалы тіл білімі, тілдік қарым-қатынас теориясы);

  3. Арнаулы-кәсіби ағылшын тілінің шет тілі мәдениетінің өкілдерімен байланыс орнатуға негізделген мәдениетаралық-қарым-қатынас біліктілігі дағдылары;




  1. ақпараттық/көркем мәтінді жазбаша аударудың ерекшеліктері, түрлері, технологиялары жөнінде түсінік;

  2. әртүрлі жанрдағы мәтіндердің ана тілінен шет тіліне (және керісінше) жазбаша балама аудармасын жүзеге асыру дағдылары;

  3. аудармашылық әмбебап жазуды қолданып және қолданбай ана тілінен шет тіліне (және керісінше) ауызша (ізбе-із) аударма жасау дағдылары.


3. 6М020700 – «Аударма ісі» мамандығының пререквизиттері

6М020700- «Аударма ісі» мамандығына талапкерлердің төменде көрсетілген мамандықтардың бірі бойынша базалық (бакалавр) білімі болуы тиіс:

- аударма ісі (ағылшын тілі);

- шетел филологиясы (ағылшын тілі);

- шетел тілі: екі шет тілі (ағылшын тілі бірінші шет тілі ретінде).

6М020700- «Аударма ісі» мамандығы бойынша магистратураға түсу үшін келесі пререквизиттер қарастырылған:

- Аудармашының кәсіби қызметінің негіздері (2 кредит);

- Аударма теориясы мен практикасы (3 кредит).


4. 6М020500 – «Аударма ісі» мамандығы бойынша магистратураға

қабылдау емтиханы сұрақтарының тізімі


  1. Тіл – семиотикалық жүйе ретінде. Лингвистика мен семиотика. Таңба ұғымы. Таңбалардың түрлері. Семиотикалық жүйелердің типтері.

  2. Тіл біліміндегі жүйе мен құрылым ұғымдары. Тілдік жүйенің құрылымы. Тілдік жүйенің деңгейлері.

  3. Туыстас тілдер, тайпа тілдері, халықтар тілдері, ұлттық тілдер. Халықаралық тілдер.

  4. Әдеби тіл мен аймақтық тілдер. Жаргон, арго, сленг түсінігі.

  5. Тілдердің шығу тегі мен жекелеген тілдер мәселелерінің зерттелуі. Туыстас және туыстас емес тілдер.

  6. Тіл біліміндегі синхрония мен диахрония мәселелері. Тіл тарихы және оның қазіргі жай-күйі.

  7. Фонетика және фонология. Олардың зерттеу нысандары мен әдіс-тәсілдері, ара қатынасы.

  8. Морфология. Морфология мен синтаксис. Морфология мен сөзжасам.

  9. Морфема. Әлем тілдеріндегі морфеманың түрлері.

  10. Әлем тілдерінде грамматикалық мағынаның берілу амалдары.

  11. Лексикология. Оның нысаны мен әдіс-тәсілдері.

  12. Әлем тілдерінің морфологиялық (типологиялық) жіктелімі.

  13. Салыстырмалы-тарихи тіл білімі, оның алғышарттары, негізгі ұғымдары мен мәселелері.

  14. Тілдің генеалогиялық жіктелімі: «негіз тіл» және «ата тіл» ұғымдары.

  15. Ежелгі дәуір (антикалық) тіл білімінің жалпы сипаттамасы.

  16. XVI – XVIIғғ. Европалық тіл білімі. Пор-Рояль грамматикасы мен оның мәні.

  17. ХІХ ғасырдың І жартысындағы салыстырмалы-тарихи тіл білімі.

  18. Вильгельм фон Гумбольдт.

  19. А. Шлейхер. Тіл біліміндегі натуралистік бағыт.

  20. Младограмматизм.

  21. Мәскеу лингвистикалық мектебі.

  22. Казан лингвистикалық мектебі.

  23. Функционалдық лингвистика. Прага лингвистикалық үйірмесі.

  24. Дескриптивті лингвистика.

  25. Глоссематика.

  26. Ленинград (Петербург) мектебі.

  27. Тілдердің қоғамдық қызметі. Әлемдік және аймақтық тілдер.

  28. Типология нысаны. Оның басқа пәндермен сабақтастығы (тіл теориясы, сипаттама тіл білімі, лингвомәдениеттану, этнолингвистика т.б.).

  29. Психолингвистика. Психолингвистиканың нысаны мен пәні, зерттелуі.

  30. Әлеуметтік лингвистика. Әлеуметтік лингвистиканың нысаны мен пәні, зерттелуі.

  31. Салыстырмалы-тарихи тіл білімі.

  32. Тілдер қатынасы теориясы.

  33. Халықаралық көмекші тілдер. Халықаралық жасанды тілдер.

  34. Контрастивті (салғастырмалы) тіл білімінің қалыптасу тарихы, оның мақсаты мен міндеттері.

  35. Құрылымы әртүрлі тілдердің лексико-семантикалық жүйесіндегі ұқсастықтары мен айырмашылықтары.

  36. Қазіргі заман лексикографиясы.

  37. Аудармадағы грамматикалық трансформациялар.

  38. Аудармадағы лексикалық трансформациялар.

  39. Аудармашының тілдік тұлғасы.

  40. Жалпы аударма теориясының қалыптасуы және дамуы.

  41. Ілеспе аударманың қалыптасу тарихы. Ілеспе аудармаға тән ерекшеліктер.

  42. Аударма теориясын қалыптастырушы ғалымдар. Аударма туралы ғылымның қалыптасуы. Аударма теориясы жеке ғылым ретінде.

  43. Коммуникакация компоненттері. Оларға тән ерекшеліктер. Мәдениетаралық коммуникация және аударма.

  44. Мәтіннің ақпараттылығы. Ақпараттың түрлері және аударма.

  45. Аударма бірлігі ұғымы. Мәтін және аударма. Аудармадағы дайын бірліктер.

  46. Аударманың түрлері және олардың ерекшеліктері.

  47. Аудармашы жұмысындағы сөздіктің рөлі. Сөздіктің түрлері. Сөздікпен жұмыс.

  48. Аудармадағы барабарлық түсінігі. В.Н. Коммисаровтың жіктелімі бойынша барабарлықтың түрлері.

  49. Аудармадағы сәйкестіктің түрлері.

  50. Баламасыз лексика, оның болу себептері. Баламасыз лексиканы аударудың жолдары.

  51. Сөзбе-сөз аударма. Аудармашының «жалған достары».

  52. Аудармадағы трансформацияның түрлері.

  53. Аудармашының кәсіби құзіреттілігінің компоненттері.

  54. Аударматанудың Қазақстанда қалыптасуы мен дамуы.

  55. Әртүрлі жанрдағы және стильдегі мәтіндерді аударудың ерекшеліктері.

  56. Аудармадағы қысқартып жазудың қалыптасу тарихы.

  57. Аударма үдеріс ретінде. Оны сипаттау әдістері. Аударма моделі ұғымы. Аударма теориясының негізгі моделдері.

  58. Аудармашы қызметінің негізгі фазалары.

  59. Аударманың әдістері мен стратегиясы.

  60. Аударманың нормалары мен стратегиясы.

  61. Аударманың психолингвистикалық классификациясы.

  62. Аударманың мәдени моделі.

  63. Аударманың психолингвистикалық моделі. Аударма үдерісінде есте сақтаудың рөлі.

  64. Қазіргі заман аудармасы. Машиналық аударма және жасанды интеллектті қалыптастыру мәселелері.

  65. Мәтін түсінігі. Мәтіннің құрылымы. Мәтіннің түрлері. Мәтіннің аудармада берілуі.

  66. Көркем аударманың теориясы мен практикасы.

  67. Аудармадағы семиотикалық аспект.

  68. Аудармадағы прагматикалық аспект.

  69. Аударманың жанрлық-стилистикалық жіктелімі.

  70. Аударматанудағы әдіс-тәсілдер.


5. 6М020700 – «Аударма ісі» мамандығы талапкерлерінің мамандық бойынша тапсыратын емтихан жауаптарын бағалау критерийлері
6М020700 – «Аударма ісі» мамандығы талапкерлерінің мамандық бойынша тапсыратын емтихан жауаптарын бағалау критерийлері 09-16 ЕҰУ Бұйрығы Ережесіне сәйкес әзірленіп, төмендегідей жүйеде жүргізіледі:


Балл бойынша қорытынды баға

Баллдардың сандық эквиваленті

Әріптік жүйе бойынша бағасы

Дәстүрлі жүйе бойынша бағасы

Дәстүрлі жүйе бойынша бағасы

Емтихан, диффер. сынақ

сынақ

95-100

4,0

А

Өте жақсы

Сынақтан өтті

90-94

3,67

А-

85-89

3,33

В+

жақсы

80-84

3,0

В

75-79

2,67

В-

70-74

2,33

С+

қанағаттанарлық

65-69

2,0

С

60-64

1,67

С-

55-59

1,33

D+

50-54

1

D

0-49




F

қанағаттанарлықсыз

Сынақтан өтпеді


6М020700 – «Аударма ісі» мамандығы талапкерлерінің мамандық бойынша тапсыратын емтихан жауаптарын бағалауда комиссия мүшелері төмендегі шарттарға көңіл бөлулері тиіс:

«Өте жақсы» деген баға (90-100 %) талапкерге:

1) теориялық сұраққа толығымен жауап беріп, оған мысалдар келтіріп талдағанда;

2) қарастырылып отырған мәселе бойынша ғылыми еңбектер мен оқулықтарға сілтеме жасай алғанда;

3) тіл білімінің және аударматанудың әдіс-тәсілдерін қолдану дағдыларын меңгергенде;

4) түпнұсқа және аударма мәтіндерге салыстырмалы-салғастырмалы талдау жасау дағдыларын меңгергенде;

5) қойылған теориялық және практикалық сұрақтарға нақты жауап бергенде;

6) әртүрлі жанрдағы мәтіндерді аудару дағдыларын меңгергенде;

7) аударма барысында кездесетін мәселелерді анықтап, оларды шешудің жолдарын және өзіндік аударма нұсқасын ұсына алғанда қойылады.

«Жақсы» деген баға (75-89 %) талапкерге:

1) теориялық сұраққа толығымен жауап беріп, оған мысалдар келтіріп талдағанда;

2) қарастырылып отырған мәселе бойынша ғылыми еңбектер мен оқулықтарға сілтеме жасай алғанда;

3) зерттеудің кейбір әдіс-тәсілдерін меңгеріп, оларды нақты қолдана алғанда;

4) түпнұсқа және аударма мәтіндерге салыстырмалы-салғастырмалы талдау дағдыларын меңгергенде;

5) қойылған сұрақтарға сенімсіздеу жауап бергенде;

6) ақпараттық мәтіндерді қазақ тілінен ағылшын тіліне жазбаша аударудың дағдыларын меңгергенде;

7) аударма барысында кездесетін мәселелерді толықтай анықтай алмаған, дегенмен өзіндік аударма нұсқасын немесе мәтінді өзгертіп берудің жолдарын ұсына алғанда қойылады.

«Қанағаттанарлық» деген баға (50-74 %) талапкерге:

1) теориялық мәселені толық аша алмағанымен, оған мысалдар келтіріп талдай алғанда;

2) қарастырылып отырған мәселе бойынша кейбір ғылыми еңбектер мен оқулықтарға сілтеме жасай алғанда;

3) зерттеу әдіс-тәсілдерінің бірқатарын меңгергенімен, оларды нақты қолдана алмағанда;

4) түпнұсқа және аударма мәтіндерге толыққанды салыстырмалы-салғастырмалы талдау жасай алмағанда;

5) қойылған сұрақтарға сенімсіздеу жауап бергенде;

6) ақпараттық мәтіндерді қазақ тілінен ағылшын тіліне жазбаша аударудың дағдыларын ішінара меңгергенде;

7) аударма барысында кездесетін мәселелерді толықтай анықтай алмағанда және ұсынған өзіндік аударма нұсқасы немесе мәтінді өзгертіп берудің жолдары қате болғанда қойылады.

«Қанағаттанарлықсыз» деген баға (0-49 %) талапкер:

1) теориялық мәселені толық аша алмаған, оған практикалық мысалдар келтіре алмағанда;

2) қарастырылып отырған мәселе бойынша ғылыми және оқу әдебиеттерден мағлұмат бере алмағанда;

3) зерттеудің әдіс-тәсілдерін қолдана алмағанда;

4) түпнұсқа және аударма мәтіндерге салыстырмалы-салғастырмалы талдау жасай алмағанда;

5) қойылған сұрақтарға жауап бере алмағанда;

6) ақпараттық мәтіндерді қазақ тілінен ағылшын тіліне жазбаша аударудың дағдыларын меңгермеген жағдайда;

7) аударма барысында кездесетін мәселелерді анықтай алмағанда және ұсынған өзіндік аударма нұсқасы немесе мәтінді өзгертіп берудің жолдары қате болғанда қойылады.
5. 6М020700 – «Аударма ісі» мамандығы бойынша емтиханға дайындалуға ұсынылатын әдебиеттер


  1. Алпатов В.М. История лингвистических учений. – Москва: Языки славянской культуры, 2005.–368с.

  2. Амирова Т.А., Ольховиков Б.А., Рождественский Ю.В. Очерки по истории лингвистики. – Москва: Академия, 1975.

  3. Березин Ф.М. История русского языкознания. – М.,1979.

  4. Кашкин Б.Б. Сопоставительная лингвистика. Учебное пособие для вузов. Воронеж 2007.–87 с. 

  5. Вержбицкая А. Семантические универсалии и описание языков.- М.,1999 

  6. Виноградов В.В. История русских лингвистических учений. – М., 1978.

  7. Гречко В.А. Теория языкознания М., 2003

  8. Грамматические концепции в языкознании XIX в. – Л., 1985.

  9. Исаев М.К. Нуркенова Г.А. Сопоставительная типология казахского и русского языков. А.,2000

  10. Кочергина В.А. Введение в языкознание. – 2 изд. – М., 1991.

  11. Кочергина В.А. Введение в языкознание.- М., 1987

  12. Маслов Ю.С. Введение в языкознание. – М., 1987.

  13. Мечковская Н.Б. Структурная и социальная типология языков.-Москва: Флинта, 2008.–312 с.

  14. Манакин В.Н. Основы контрастивной лексикологии: близкородственные и родственные языки, Киев; Кировоград, 1994.

  15. Новое в зарубежной лингвистике. Вып. ХХУ. Контрастивная лингвистика. – М., 1989

  16. Ору Сильвен. История. Эпистемология. Язык. М., 2000.–408с.

  17. Общее языкознание / под. Ред. А.Е. Супруна.- Минск, 1995.

  18. Реформатский А.А. Введение в языковедение. – М.,1996.

  19. Степанов Ю.С. Основы общего языкознания.-2 изд.-М.,1975

  20. Супрун А.Е. Лексическая типология славянских языков. – Минск, 1993

  21. Супрун А.Е. Принципы сопоставительного изучения лексики // Методы сопоставительного изучения языков

  22. Супрун А.Е. Лекции по теории речевой деятельности. Минск, 1996

  23. Сулейменова Э.Д. Контрастивная лингвистика. А., 1998

  24. Сопоставительный анализ восточнославянских языков / под.ред. а.А. Лукашанца и А.М. Мезенко. – Минск., 2005

  25. Тронский И.М. Вопросы языкового развития в античном обществе. – Л., 1973.

  26. Хрестоматия по курсу «Введение в языкознание». Для студентов филологического факультета / Сост. А.В. Блинов, И.И. Богатырева, В.П. Мурат, Г.И. Рапова.- М.: МГУ, 1996

  27. Хрестоматия по истории русского языкознания / Под ред. В.М.Березина. – М., 1973.

  28. Шайкевич А.Я. Введение в лингвистику.- М.,: РОУ, 1995.

  29. Широков О.С. Введение в языкознание.- М.,1985

  30. Егорова М.А. Дискурс и текст в аспекте перевода. Воронеж, 2003

  31. Жақыпов Ж.А. Аударманы аңдату. Астана, 2005.–142 б.

  32. Теория перевода/ Сдобников В.В., Петрова О.В. – М.:АСТ:Восток-Запад, 2006.- 448с.

  33. Комиссаров В.Н. Теория перевода. Москва:Высшая школа, 1990.–252 с.

  34. Федоров А. Основы общей теории перевода. Москва: Филология, 2002.–348 с.

  35. Алексеева И.С. Введение в переводоведение. М., “Академия”, 2004 – 352 с.

  36. Латышев Л.К. Технология перевода. М., “Академия”, 2004 – 320 б.

  37. Латышев Л.К., Семенов А.Л. Перевод: теория, практика и методика преподавания. М., “Академия”, 2005– 192 б.

  38. Слепович В.С., Курс перевода. Минск., 2004.- 320с.

  39. Катфорд Дж.К. Лингвистическая теория перевода. Москва: Либроком, 2009.–208 с.

  40. Сорокин Ю. Переводоведение статус переводчика и психогерменевтические процедуры. Москва:ИТДГК “Гнозис”, 2003. –160 с.

  41. Бархударов Л.С. Язык и перевод. Вопросы общей и частной теории перевода. Москва: Международные отношения.–2008.

  42. Комиссаров В.Н. Слово о переводе. Москва: Международные отношения. 1973.–216 с.

  43. Комиссаров В.Н. Современное переводоведение. Москва: ЭТС, 2002.–424 с.

  44. Миньяр-Белоручев Р.К.Общая теория перевода и устный перевод. Москва: Воениздат, 1980.–237 с.

  45. Швейцер А.Д. Теория перевода: Статус, проблемы, аспекты. Москва:Наука, 1988.–215 с.

  46. Алдашева А. Аударматану: лингвистикалық және лингвомәдени мәселелер.Алматы: “Арыс” баспасы, 1998.–161 б.

  47. Алтайбаева Д.Мир перевода. Учебное пособие. – Астана, 2008. – 128 с.

  48. Тер-Минасова С.Г. Язык и межкультурная коммуникация. М., 2000

  49. Садохин А.П. Этнология. М., 2004

Каталог: downloads -> materials
materials -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
materials -> Мазмұны кіріспе «Менеджмент»
materials -> Бағдарламасы Астана, 2016 ж. 6M071900 «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар»
materials -> Бағдарламасы. Қабырғаға арналған керамикалық материалдар, олардың түрлері, қасиеттері, қолдануы
materials -> 6D020500 – Филология
materials -> Жиырма* атаулы шәкіртақыны
materials -> L. N. Gumilyov Eurasian national university Баспасөз анонсы Л. Н. Гумилев атындағы еұу жұмыс берушілер кеңесінің «Қазақстан ғарыш сапары»
materials -> КәрімЖұлдызҚайратқызы Жеке мағлұмат

жүктеу 0,66 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
Жұмыс бағдарламасы
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
бекіту туралы
қызмет стандарты
туралы хабарландыру
Сабақ тақырыбы
Әдістемелік кешені
Қазақстан республикасы
республикасы білім
титулдық парағы
білім беретін
Сабақ жоспары
Қазақстан облысы
Конкурс туралы
Қазақстан республикасының
жылдарға арналған
мемлекеттік әкімшілік
бойынша оқыту
біліктілік талаптары
Республикасының білім
қойылатын жалпы
мемлекеттік қызметшілері
жалпы біліктілік
жұмыс істеу
ткізу туралы
қатысушыларға қойылатын
қағидаларын бекіту
қатысушыларына арналған
ортақ біліктілік
мамандығы бойынша
денсаулық сақтау
арналған ортақ
конкурс қатысушыларына
пәнінің мұғалімі
Мектепке дейінгі
бағдарламасының титулдық
Республикасы кіметінің
біліктілік талаптар
жұмыспен қамту
мамандығына арналған
мемлекеттік мекемесі
Бастауыш сынып
Республикасы білім
жалпы білім
Конкурс ткізу
мектепке дейінгі
облысы бойынша