1. 1Кәсіпкерліктің мәні мен мазмұны негізгі функциялары



жүктеу 181,81 Kb.
Pdf просмотр
Дата22.05.2018
өлшемі181,81 Kb.


1.1Кәсіпкерліктің 

мәні мен мазмұны 

негізгі 

функциялары

Кәсіпкерлік – адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің 

басқа түрлерінен оқшауланып тұрады. Бұған кезінде атақты неміс 

экономисі Гарвард университетінің профессоры Иозеф Алиоз 

Шумпетер мән берген. Ол былай деп айтқан «Кәсіпкер болу – 

басқаның істегенін істемеу». Екінші жағынан кәсіпкерлер – 

алдымен кәсіпкерлік жұмысты ұйымдастырушылар. Ол туралы 

француз экономисі Жан Батист Сэй былай деген: «Кәсіпкер – 

адамдарды өндірістік шеңбер ауқымында ұйымдастыратын адам». 

 Кәсіпкерлік терминін алғаш рет айналымға енгізген ағылшын 

ғалымы Ричард Кантильон болды. Бұл ағымға, ол нарықтық 

тәуекелділік жағдайында табыс алу мақсатымен өндірісті 

ұйымдастырудағы адам белсенділігін жатқызды. Экономикалық 

әдебиеттерде кәсіпкерлік пен бизнес ұғымдарын балама түрінде 

қарастыру жиі кездеседі. Экономикалық ғылымда «кәсіпкерлік 

қабілеттілік» деген ұғымда бар. Кәсіпкерлік қабілеттілік дегеніміз 

адамның бизнесте жаңалықты аша білу қабілеттілігі, бірақ 

бизнеске қатысатындардың барлығының қолынан бұл келе 

бермейді. Яғни айтқанымызда кәсіпкерлік дегеніміз – бұл адамдар 

мен олар құрған бірлестіктердің белсенді, дербес шаруашылық 

қызметі. Тағы айта кететін жайт, кәсіпкерлікті түсіндіре келгенде 

мынадай екі жағдайға мән бері керек: біріншіден, коммерциялық 

бағыт-бағдарға, тәуекелге бел буушылық пен дербестікке, 

бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге, кездескен кедергілерді жеңе 

білуде; екіншіден, экономикада, ұйымдастыру ісінде тапқырлық 

пен жаңашылдық танытуға, ғылыми-техникалық прогреске жетіге 

тікелей қатысты. А.Смит кәсіпкерді коммерциялық идеяны жүзеге 

асыру және пайда алу үшін экономикалық тәуекелге баратын 

меншік иесі ретінде сипаттады. Қазақстан заңында кәсіпкерлік 

азаматтар мен бірлестіктердің пайда алуға бағытталған және 

олардың тәуекел етуімен, сондай-ақ мүліктік жауапкершілігі 

негізінде жүзеге асырылатын ынталы қызметі.




Негізгі функциялары

Кәсіпкер барлық ресурстарды: жер, капитал, еңбекті 

өнім өндіру процесіне қосу ынтасын өз 

жауапкершілігіне алады, яғни өндірістің қозғаушы 

күші, себебі істеген ісі пайда беретініне сенеді.

Кәсіпкер өндіріс процесінде барлық негізгі 

шешімдерді өз қолына алады және фирманың іс 

бағытын айқындайды.

Кәсіпкер – бұл жаңашыл, коммерциялық негізде жаңа 

тауар өндіруді, жаңа технологияны енгізу, бизнесті 

ұйымдастырудың жаңа формаларын енгізуге аянбай 

жұмыс істейтін кісі.

Кәсіпкер – бұл тәуекелге баратын кісі. Тәуекелге бару үшін 

істелетін істің егжей-тегжейін айқын талдап, 

қортындысында ие болатынын білген жөн. Кәсіпкер тек 

қана өз уақыты, еңбегін, іс қабілеттілігін тәуекелге 

салмайды, сонымен бірге өндіріске кеткен өзінің және 

өзінің серіктестерінің немесе акционерлердің қаржыларын 

тәуекелге салады

Кәсіпкерлік – кәсіпкерлік бизнестің неғұрлым жекеше 

жағдайы. Қызметтің бұл түрі, көбінесе, адамның жеке 

басымен – кәсіпкермен байланысты. Ол жаңа істі қолға 

алады, жаңа енгізілімді іске асырады, тәуекелдікке бас 

тігеді. Кәсіпкердің мәртебесі мемлекеттік тіркеуге алу 

арқылы қуатталады, онсыз кәсіпкерлік қызметке тыйым 

салынады. Кәсіпкердің еңбегіне ақы төлеу нысаны, тәртібі 

мен талаптары шартпен айқындалады, жеке 

табысқа салық салынуға тиіс. Шаруашылық қызметтің 

барлық түрлері, оларға заңнамалық актілерде тыйым 

салынбаған болса, мысалы, коммерциялық делдалдық, 

сату-сатып алу, инновациялық, кеңес беру, тағы 

басқақызметтер, сондай-ақ, бағалы қағаздармен 

жасалатын операциялар кәсіпкерлікке жатады. Нарықтық 

жүйеде толымды кәсіпкерлік қызметке жол ашылады 

және ол мемлекет меншікті қоса, меншіктің барлық 

нысандарына тән.

l



1.2 Кәсіпкерліктің мақсаттары мен 

міндеттері,белгілері және ұйымдастыру 

қағидалары

«Кәсіпкерлік – бұл табысты алу мақсатымен өндірістің барлық 

факторларын қозғалысқа келтіретің және толық экономикалық 

жауапкершілікке негізделген, қауіптің және белгісіздіктің белгілі 

үлесімен жанасатын, шаруашылық жүргізуші субъектілердің ынталы, 

инновациялық қызметіне негізделген өзін-өзі ұйымдастыру және өзін-

өзі жаңарту процесі.  Ал кәсіпкер – бұл табысты алу мақсатымен қауіп 

және белгісіздік жағдайларында жұмыс істейтін, өндірістік-

шаруашылық қызметтің барлық аймақтарындағы жаңалықтарға 

бейімді, жігерлі, білімдер мен ақпараттың белгілі деңгейіне ие адам. Өз 

кезегінде кәсіпкерлік табыс – бұл кәсіпкердің пайдасы (таза 

табыс)және үстеме пайдасы». Көріп отырғандай, кәсіпкерліктің 

тектілік түсінігіде өлшемдер және мөлшерлік бағалау өлшемдері жоқ, 

кәсіпкерлік процесс ынтамен, жаңалықпен байланыстырылған, 

олардың негізгі мақсаты кәсіпкерлік табысты алу. Кәсіпкерлікті, 

кәсіпкерді және кәсіпкерлік табысты сипаттайтын, негізгі 

қағидалардың бірдей дәрежеде шағын, орташа және ірі кәсіпкерлікке 

қатысты екендігін атап кету қажет, бірақ сонымен қатар кәсіпкерліктің 

әрбір формасының өзіне тән ерекшелігінің болатынын ескереміз.

Кәсіпкерлік – адамдарменолар құрған бірлестіктерді белсеңді, дербес 

шаруашылық қызмет. Оның көмегімен адамдар тәуекелге бел буып, 

мүліктік жауапкершілікті сақтай отырып, пайда табу жолын көздейді. 

Кәсіпкерлікті шығармашылық күш жігерді жүзеге асыруға, 

экономикалық және ұйымдастыру ісінде тапқырлыққа, жаңашылдыққа 

байланысты. Кәсіпкерлікті шығармашылық күш-жігерді жүзеге 

асыруға, экономикалық ұйымдастыру ісінде тапқырлыққа, 

жаңашылдыққа байланысты. Кәсіпкерлікті жаңа тұрғыдан 

түсіндіргенде мынадай екі жағдайға: біріншіден, коммерциялық бағыт-

бағдарға, тәуекелге бел буушылық пен дербестік, бастаған ісін аяғына 

дейін жеткізу, кездескен кедергілерді жеңе білуге; екіншіден, 

экономикада, ұйымдастыру ісінде тапқырлықпен жаңашылдық 

танытуға, ғылыми-техникалық прогреске жетуге тікелей қатысты.. 

Кәсіпкер өндірістің негізгі үш факторын іске қосып, өзі төртінші фактор 

болып ресурс иелеріне төлем төлеуді қамтамасыз етеді: жұмыс күшіне 

еңбек ақы; капиталға пайыз; жер иелеріне рента; кәсіпкерлерге 

кәсіпкерлік пайда. Социализм мен капитализмнің экономикалық 

айырмашылығы: біріншісінде жұмыс күшінің өндірген қосымша құны 

бүкіл қоғам мүддесіне жұмсалады, ал екіншісінде – қосымша құн үшке 

бөлінеді: пайызға, рентаға және кәсіпкерлік пайдаға. Жаңа қоғамның 

негізін тұрақты, тиімді құру үшін кәсіпкерлер табын даярлау керек. 

Кәсіпкерлік қабілеті қаражаты бар тапты құру үшін, бірінші, білім 

керек, екінші, өкімет экономикалық саясатын түбегейлі қайта қарауы 

қажет. Елдің болашақ тағдырын білікті кәсіпкерлер шешеді және олар 

өз елінің гүлденуіне аянбай жұмыс істейтін, өзінің де пайдасын 

табатын, іскер азаматтар болуы керек.



1.3 Кәсіпкерліктің обьектілерімен 

субьектілері,жүзеге асыру шарттары.

- Қазақстанның азаматтары;

- Шетел мемлекеттерінің азаматтары

- Адамдардың бірігуі (кәсіпкерлер ұжымы, біріккен 

серіктестер, акционерлік қоғамдар, шаруашылық 

ассоциациялары, қожалықтар, әр түрлі 

бірлестіктер, корпорациялар т.б.).

Кәсіпкер тауарлар өндіреді, содан соң 

оларды сатады. Осыған орай, 

кәсіпкерлік өндірістік, коммерциялық, 

қаржылық, делдалдық және 

сақтандыруболып бөлінеді. 

Осылардың әрбір формасы өзіндік 

ерекшелігі, өзгешелігі, демек өзіндік 

технологиясы болады.Кәсіпкерлік 

қызметтің субъектілері мыналар 

болып табылады:




Өндірістік кәсіпкерлікке – тұтынушылардың кейіннен сатып алуына тиісті өнім өндіру, 

жұмыстар жүргізу және қызмет көрсету, жинау, өңдеу және ақпарат беру, рухани 

құндылық жасау тағы тағыларға бағытталған қызметтер жатады. Өндірістік кәсіпкерліктің 

мүдделілік өрісі едәуір түрліше және оны іске асыру үшін қаржылық және материалдық 

ресурстар, ал кейде олар көп мөлшерде қажет болады. Өндірістік кәсіпкерлік қызметінің 

нәтижесі мол өнім өндіру және оны сату мүмкіндігі болып табылады. Коммерциялық 

кәсіпкерлікке – қызмет түрін сипаттайтын, оның мазмұнының мәнін айқындайтын тауар-

ақша қатынастары, тауар-айырбастау операциялары жатады. Мұның өндірістік 

кәсіпкерліктен айырмашылығы – мұнда өнім өндіруге – байланысты өндірістік ресурстарды 

қамтамасыз ету қажеттілігі тумайды. Технологияның бастапқы сатысы ретінде, не сатып 

алу, нені қайта мәселелерді іске асыру, ең алдымен тауар бағасының өткізу бағасы 

жағдайында көтерме сатып алу бағасы елеулі жоғары болуы керек екеніне сүйену қажет. 

Қаржылық кәсіпкерлік – коммерциялық кәсіпкерліктің бір түрі, солай болғандықтан оның 

сатып алу, сату объектісі айрықшалығы – тауар болып есептеледі: ақшалар, валюта, құнды 

қағаздар (акциялар, облигациялар, вексельдер, кепілдіктер және т.б.), яғни бірдей 

ақшалады сату тікелей немесе жанама формада жүргізіледі. Солай 

болғандықтанқаржылық кәсіпкерлік – бұл коммерцияның бір түрі, онда қаржылық 

кәсіпкерінің технологиялық мәмілесі коммерциялық технология мәмілесімен ұқсас болады, 

айырмасы тек тауар-қаржы активі болып саналады.  Делдалдық кәсіпкерлік – бір мәмілеге 

өзара мүдделі жақтардың басын қосатын қызметте көрінеді. Бұндай қызметті көрсеткені 

үшін кәсіпкер табыс алады. Сақтандыру кәсіпкерлігі – кәсіпкер сақтандырған жарнасын 

алып отыратын қаржы кәсіпкерлігінің ерекше формасы. Жарналардың қалған бөлігі 

кәсіпкерлік табысты құрайды. Көріп отырғандай, кәсіпкерліктің барлық түрі табыс алуға 

бағытталған. Бірақ ол үшін шектеулі ресурстарды қиыстырып пайдалануға үйрену 

керек.Ресурстардың әр түрлі комбинацияларын жасай – кәсіпкер қызметінің қажетті буыны. 

Олар Шумпетер көзқарасы бойынша бес бағытты қамтиды.  Жаңа игілікті жасау немесе 

ескі игіліктің жаңа сапасын жасау;  Өндірістің жаңа әдісін енгізу;  Жаңа өткізу рыногына 

шығу;  Шикізат немесе жартылай фабрикаттың жаңа көзін табу;




2.1Кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтық 

нысандары мен олардың ерекшеліктері



Ұйымдық-құқықтық нысаны бойынша 

келесідей бөлінеді:

1.Жеке ( жеке меншік ) кәсіпондар- бір ғана иесі және 

жалдамалы жұмыскерлердің саны шектеусіз кәсіпорындар

Серіктестік кәсіпорындар – белгілі бір пропорция бойынша, 

өз капиталдарын, өз үлесін алып тұруға келісім жасап, осы 

кәсіпорынның иесіне айналатын кәсіпкерлердің 

бірлестігі.Қазақстан Республикасы Президентінің 

Шаруашылық серіктестік жайлы және Мемлекттік 

кәсіпорын Жарлығына сай кәсіпкерлік қызмет 

шаруашылық серіктігісінің түріне қарай жеке және 

ұйымдық болуы мүмкін:

Корпорациялар- ол адам осы кәсіпорындарға өз қаржысын 

орналастырған және кәсіпорын әрекетіне байланысты 

мәселелерді шешуге араласуға құқығы барлығын 

білдіретін акция иесі және корпорациялардың барлық 

әрекеттеріне белгілі бір үлес қоса алатыны негзінде 

кәсіпорынды ұжымдық иеленуге атсалысады, әрбір акция 

 оның иесіне бір дауыс құқығын береді.

Мемлекеттік және қазыналық 

кәсіпорын –акция пакетіне үкімет 

иелік ететін немесе әкімшіл 

-әміршіл экономикалық үкімет 

балансындағы кәсіпорындар иелік 

жасайтын корпорациялар. 

Мемлекеттік кәсіпорындар – бұл 

негізгі қорлары мемлекет 

меншігінде болатын және басқару 

органдарын мемлекет тарапынан 

ұйымдар тағайындайтын 

кәсіпорындар болып табылады. Ал, 

егер кәсіпорын мемлекеттік 

ұйымдардың қарамағында болса,ол 

кәсіпорын қазыналық болып 

есептеледі яғни біріншісі 

шаруашылықты жүргізу құқығына 

негізделсе, екішісі –оперативті 

басқару құқығына негізделген. Шын 

мәнінде мұнда шаруашылық есептің 

екі түрі қолданылады: таза 

мемлекеттік – толық шаруашылық 

есеп; қазыналық –толық емес 

шаруашылық есеп


2.2 Кәсіпкерліктің түрлері,нысандары және 

жіктелуі


Кәсіпкерлік бірнеше түрлері бар. 

Атқаратын қызметіне қарай былай 

бөлінеді: өндірістік, коммерциялық, 

қаржылық және консультациялық.Меншік 

түрлеріне бойынша жеке меншік, 

мемлекеттік, муниципалды, сонымен бірге 

қоғамдық құрылымдар 

меншігі.Меншіктер саны бойынша 

кәсіпкерлік іс жеке адамның немесе 

коллективтің құрамы болуы керек. 

Кәсіпкерлік формасы бойынша екіге 

бөлінеді: ұжымдық-құқықтық және 

ұжымдық-экономикалық.

Ұжымдар (қоғамдар) өздерінің қаражаттарымен 

бірігеді. Шектелген жауапкершілікті қоғам 

мүшелері ұжымның міндеттемелеріне жауап 

бермейді. Олардың жауапкершілігі өздерінің 

қосқан пайларының мөлшерінде болады. Ал 

қосымша жауапкершілігі бар ұжымдар өздерінің 

барлық дүние-мүлкімен жауапты. Акционерлік 

қоғамдар: ашық және жабық түрде болады. 

Кәсіпкерліктің ұжымдық-экономикалық 

формалары. Концерн – көпсалалы акционерлік 

қоғам, әр түрлі компаниялардың бақылау 

пакеттерін сатып алады. Ассоциация – 

экономикалық дербес кәсіпорындардың ерікті 

бірлестігі. Маманданған кәсіпорынның негізгі 

мақсаты ғылыми-техникалық, өндірістік, 

экономикалық және әлеуметтік міндеттерді 

бірігіп шешу. Консурциум – бұл ірі қаржы 

операцияларын істеу үшін біріккен 

кәсіпкерлердің бірлестігі. Сидикат – бір саланың 

кәсіпкерлерін тауар сатуға біріктіру. Картель – 

тауар, қызмет көрсету бағасы, нарық аудандарын 

бөлу, өндіріс мөлшері жөнінде келісім. Қаржы — 

өнеркәсіп тобы – банк, сақтандыру және сауда 

капиталының бірлестігі. Қазір Қазақстанда 

мынадай ұжымдық-құқықтық формалары 

кәсіпкерліктер құрылуда.  Шаруашылық 

серіктестік – толық серіктестік. Олардың 

мүшелері өзара кәсіпорын құру жөнінде келісімге 

қол қояды. Құруға керекті серіктес мүшелердің 

қаражаттарын біріктіру. Серіктестіктің пайдасы, 

зияны пайға қарай бөлінеді. Әрбір мүше өзінің 

табысына пайданы қосып сонан салық төлейді. 

Коммандиттік серіктестік. Барлық серіктестік 

мүшелері серіктестік атанған іс жүргізушілер 

ішінен біреу немесе бірнеше мүшелері зиянның 

тәуекелін өздерінің қосқан үлестері мөлшерінде 

жауапкершілікке алады.

Ұжымдық-құқықтық кәсіпкерліктер. 

Серіктестер – адамдардың бірлестігі, онда 

екі және одан да көп серіктестер болады. 

Олар өз капиталдарын қосады және әрбір 

мүше өзінің капиталымен жеке жауап 

береді. Олар шексіз жауапкершілікті 

серіктестер, командитті (сенімге 

негізделген) серіктестер шектелген 

жауапкершіліктер

Шектелген жауапкершілікті қоғамдар. Оның мүшелері қоғамның міндеттемелеріне жауап бермейді, ал зиян тәуекеліне 

өздерінің үлестерімен жауап береді.Қосымша жауапкершілігі бар қоғам міндеттемелеріне өздерінің заттарымен жауап 

береді.Ашық және жабық акционерлік қоғам.Өндірістік кооперативтер – ерікті түрде біріккен қоғамдар.Унитарлы 

кәсіпорын – коммерциялық мекеме, меншіктік құқығы жоқ. Унитарлық кәсіпорынның мүліктері бөлінбейді. Унитарлық 

кәсіпорын тек мемлекеттік немесе муниципалдық болады. Унитарлы кәсіпорын федералдық қазына кәсіпорны болып 

есептеледі.




2.3Дара кәсіпкерлік түрлері және тіркеу 

тәртібі


Дара кәсіпкерлік өзіндік немесе бірлескен кәсіпкерлік түрінде жүзеге асырылады: 

1.Өзіндік кәсіпкерлікті бір жеке тұлға өзіне меншік құқығымен тиесілі мүлік негізінде, 

сондай-ақ мүлікті пайдалануға және (немесе) оған билік етуге жол беретін өзге де 

құқыққа орай дербес жүзеге асырады. Некеде тұратын жеке тұлға жұбайын кәсіпкер 

ретінде көрсетпей өзіндік кәсіпкерлікті жүзеге асырған кезде ол жұбайдың кәсіпкерлік 

қызметті жүзеге асыруға келісімі талап етілмейді.Жеке тұлға өзіндік кәсіпкерлікті 

жүзеге асыру үшін ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін пайдаланған жағдайларда, егер 

заңдарда немесе неке шартында не ерлі-зайыптылардың арасындағы өзге келісімде 

өзгеше көзделмесе, мұндай пайдалануға жұбайының келісімі қажет. 2. Бірлескен 

кәсіпкерлікті жеке тұлғалар (дара кәсіпкерлер) тобы өздеріне ортақ меншік құқығымен 

тиесілі мүлік негізінде, сондай-ақ мүлікті бірлесіп пайдалануға және (немесе) оған билік 

етуге жол беретін өзге де құқыққа орай жүзеге асырады. Бірлескен кәсіпкерлік кезінде 

жеке кәсіпкерлікпен байланысты барлық мәмілелер бірлескен кәсіпкерліктің барлық 

қатысушыларының атынан жасалады, ал құқықтар мен міндеттер олардың атынан 

алынады және жүзеге асырылады.

 Бірлескен кәсіпкерліктің нысандары: 1) ерлі-зайыптылардың ортақ бірлескен меншігі 



негізінде жүзеге асырылатын ерлі-зайыптылардың кәсіпкерлігі; 2) шаруа (фермер) 

қожалығының ортақ бірлескен меншігі немесе жекешелендірілген тұрғын үйге ортақ 

бірлескен меншік негізінде жүзеге асырылатын отбасылық кәсіпкерлік; 3) жеке кәсіпкерлік 

ортақ үлестік меншік негізінде жүзеге асырылатын жай серіктестік болып табылады. Ерлі-

зайыптылардың кәсіпкерлігін жүзеге асырған кезде жұбайлардың бірі екінші жұбайдың 

келісімімен іскерлік айналымда ерлі-зайыптылардың атынан әрекет етеді, келісім дара 

кәсіпкерді тіркеу кезінде расталуы немесе дара кәсіпкердің қызметі мемлекеттік тіркеусіз 

жүзеге асырылған жағдайларда жазбаша түрде көрсетіліп, нотариалдық жолмен 

куәландырылуы мүмкін.Ерлі-зайыптылардың біреуінің іскерлік айналымда ерлі-

зайыптылар атынан әрекет етуіне екіншісінің келісімі болмаған кезде іскерлік айналымда 

әрекет ететін жұбай дара кәсіпкерлікті өзіндік кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратындығы 

көзделеді. Жай серіктестік нысанын пайдаланатын дара кәсіпкерлік Қазақстан 

Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Дара кәсіпкерлер өз 

міндеттемелері бойынша, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өндіріп 

алынбайтын мүлікті қоспағанда, өздерінің барлық мүлкімен жауапты болады.Жеке тұлға 

өзіндік кәсіпкерлікті жүзеге асырған кезде өзіне меншік құқығымен тиесілі барлық 

мүлкімен, соның ішінде ерлі-зайыптылардың ортақ меншігіндегі үлесімен жауапты болады. 

Жеке тұлға жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыру үшін ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін 

пайдаланған жағдайларда, оның борыштары бойынша өндіріп алу ерлі-зайыптылардың 

ортақ мүлкіне де қолданыла алады. Жұбайлардың жеке кәсіпкер болып табылмайтын 

әрқайсысының мүлкі өзіндік кәсіпкерлікті жүзеге асыратын жұбайының біреуінің 

борыштары бойынша өндіріп алуды қолдану нысанасы бола алмайды.


 Кәсіпкерлік тәуекелдер: түсінігі, түрлері, 

жіктелуі


 Кәсіпкерлік тәуекелдер: түсінігі, түрлері, 

жіктелуі


Кәсіпкерлік дегеніміз-азаматтармен бірлестіктердің мүлікті жауапкершілікпен тәуекел ету 

негізінде іске асыралатын, жоғары табыс алуға бағытталған шығармашылық дербес іс-

әрекеттері. Нарықтық қатынастардың дамуы,бәсекенің күшеюі және айқынсыздық жағдайында 

кез келген кәсіпкерлік қызмет тәуекелсіз жүзеге асырылуы мүмкін емес. Тәуекел бұл 

жоспарланған табыс көлемін ала алмау,зияндармен жоғалтулардың туындау ықтималдылығы. 

Кәсіпкерлік тәуекел-жоспарланған немесе күтілген ол нәтижені алмау ықтималдығы болып 

табылады. Кәсіпкер пайда алмау тәуекліне ие,сонымен қатар тапсырыс берілген жоба немесе 

обьектіні алмау мүмкіндігі және инвестициялық тәуекелге ие.  Кәсіпкерлік тәуекелдер 

кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру нәтижесінде көптеген факторлардың әсерінен туындайды. 

Кәсипкерлік тәуекелдің пайда болуына алып келетін себептер:экономикалық 

дағдарыс,инфляцияның жоғары қарқыны,саяси тұрақсыздық және салық заңнамасының 

жіктелмеуі және т.б Сонымен,кәсіпкерлік тәуекел деп кәсіпкерлердің өз ресурстарының бөлігін 

жоғалту, табысты толық ала алмай қалу немесе белгілі бір әрекеттер он нәтижесінде қосымша 

шығындардың пайда болу мүмкіндігі түсіндіріледі. Кәсіпкерлік тәуекелді көбінесе 

өндірістік,қаржылық және инвистициялық деп үшке бөліп қарастырады. Өндірістік тәуекел өнім 

өндіру кезінде немесе өндірістік қызмет үдерісінде туындайды Коммерциялық тәуекел өнімді 

сатумен шикізаттармен материалдарды сатып алумен. Қаржылық тәуекл кәсіпкерліктің банкпен 

және басқада қаржылық институттармен қарым қатынасынан туындайды. Масштабтылығы 

бойынша;локальді тәуекел бөлек фирмалардың тәуекелі. Сапалық тәуекел саланың өзіндік 

қасиетіне байланысты. Пайда болу таьиғатына байланысты субьективті тәуекел кәсіпорынның 

тұлғалығына байланысты. Обьектиті тәуекел стихиялық апаттардың жеткіліксіз ақпараттығын 

несиелеу слаық салу шарттары туралы ақпараттардың жеткіліксіздігі. Пайда болу саласы 

бойынша сыртқы және ішкі. Тәуекелді талдау кезінде бір бірін өзара толықтырып екі түрін 

корсетуге болады; сапалық талдау және сандық талдау. Кәсіпкерлік субьектілері кәсіпкерлік 

қызметті жүзеге асыруға құқықтық өкілетті тұлға б.т кәсіпкерліктің қатысушысы меншік иесінің 

саны бойынша жеке және ұжымдық болып бөлінеді,ол өз кезегінде  кәсіпорынның нақты 

ұйымдық құрылымдық нысандары шегінде жүзеге асады.



Кәсіпкерлік тәуекелдерді бағалау және 

басқару 


Экономиканың тұрақты болуы және оның бәсекелік 

сипатын қалыптастырудың басты күштерінің бірі 

кәсіпкерлікті жетілдіру б.т жалпы кәсіпкерлікті 

дамыту үшін бірнеше белгілі шарттар орындалуы 

қажет; Кәсіпкерлік субьектінің белгілі бір дәрежеде 

еркіндігі мен құқығы болуы қажет. Ол шаруашылық 

қызметінің бағытын таңдау,өндірістік, сауда 

бағдарламаларын анықтау қаржы көзін 

таңдау,өнімдерді тасымалдау,өнімге баға белгілеу, 

табысты өз мұқтажына жұмсау. Кәсіпкерлік 

қабылданатын шешімдерге,одан туындайтын 

нәтижелерге тәуекелдікті қажет етеді. Қабылданған 

шешімдерге деген жауапкершілік болмайтын болса 

ол кәсіпкерліктіңде болмағаны. Кәсіпкерлік қызметтің 

белгілі коммерциялық табысқа жетуге бағдар 

ұстауы,экономикада қажетті нарықтық құрылым 

орнатумен байланысты яғни кәсіпкерлік дамуы үшін 

оның құқықтық базасы,әлеуметтік экономикалық 

шарттары қалануы керек. Экономикасы нарықтық 

бағытқа бет алған Қазақстан үшін кәсіпкерлікті даму 

мәселесі өзекті мәселелердің бірі болып табылады. 

Кәсіпкерлікті дамыту нарықтық дамытудың кепілі. 

Кәсіпкерлікті жетілдіру экономиканың 

тұрақтылығымен оның бәсекелік сипатын 

қарастырудың басты күші,кәсипкерлікті дамыту үшін 

субьектінің белгілі бір дәрежеде еркіндігі мен 

құқығы,шаруашылық қызметінің бағытын таңдауда 

еріктігі,қабылданатын шешімдерге,одан туындайтын 

нәтижелерге тәуекелдіктің болуы қажет. Кәсіпкерлік 

қызметті дамыту мақсатында мынадай іс шараларды 

жүзеге асыру қажет:

 Мемлекет тарапынан 

кәсипкерлікті барынша қолдау 

 Мақсатты бюджеттік 

қаржыландыру саясатын 

жүргізу  

Жеңілдетілген несие беру 

саясатын жүргізу  Кәсіпкерлік 

құқығын қорғайтын орган 

жұмысын жаңдандыру  

Кәсіпкерлік қызметті тіркеуден 

өткізу кезіндегі 

қиыншылықтарды жою  

Тексеруші органдар санын 

қысқарту  

Заңдардың орындалуын 

қамтамасыз ету және т.б



4.1 Кәсіпорындағы жоспарлардың жіктелуі

Кәсіпкерлік қызметін бұрынғы кеңес одағы кезінде 1987жылы 

қабылданған «СССРазаматтарының жеке еңбек қызметі туралы» 

заңды алғаш рет ресімилендірді. Кейінірек 1988-1991жылдары 

жалға беру бірлескен кәсіпорындармен банк қызметі туралы 

заңдар экономикалық жағдайды біршама ырықтандырады. 

Кәсіпкерлік-қызметтің ерекше бір түрі ғана емес. Бұл тағыда 

белгілі стиль және тәртіптің типі ,жинақтап айтсақ үлкен 

бастама дәстүрден тыс шешімдерді іздестіру тәуекелге бару, 

іскерлік қызметтің орын алар жері, ең алдымен кәсіпорын. 

Кәсіпкерлік дегеніміз азаматтармен бірлестіктердің мүлікті 

жауапкершілікпен тәуекел ету негізінде іске 

асырылатын,жоғары табыс алуға бағытталған шығармашылық 

дербес іс әрекеттері. Кәсіпкерліктің белгілері:

 1.Шаруашылық субьектілерінің дербестігі және тәуелсіздігі

2. Экономикалық мүдделілігі

3. Шаруашылық тәуекел етуі және жауапкершілігі

4. Белсенді ізденуі

5. Белсенді ізденуі

6. Жаңалықтығы

Кәсіпкерліктің түрлеріне 

өндірістік,коммерциялық,қаржылық,кеңес 

беру,сақтандыру,делдалдық кәсіпкерлік жатады

1. Өнд.кәс.-бұл тауар мен қызмет көрсетумен байланысты 

кәсіпкерлік

2.  Коммерц.кәс-бұл қнім қндірумен байланыссыз тауарлар мен 

қызметтерді қайта сату бойынша операцияларды жургізумен 

ерекшеленетін кәсіпкерлік

3. Қарж.кәс-бұл сату,сатып алу обьектісі ақша,валюта,кұнды 

қағаздар болып табылатын коммерциялық кәсіпкерліктің түрі

4. Кеңес беру кәс.-бұл нарыққа бағытталу туралы қаржылық 

шаруашылық талдауды жасауға ,басқару мәселелрі жөнінде 

көмек көрсетумен айналысады

5.  Сақтандыру кәс-бұл белгілі бір жағдайларды сақтандырудан 

сақтандыру төлемін алу нәтижесінде пайда болатын қаржылық 

кәсіпкерліктің түрі

6. Делдалдық кәсіпкерлік бұл белгілі мәмілеге мүдделі 

тарптарды біріктіретін кәсіпкерлік.




4.2 Бизнес – жоспар және оны 

әзірлеу әдістемесі,оның негізгі 

тарауларының мазмұны мен 

сипаттамасы

Бизнес – жоспар – кәсіпорынның алдына қойған 

экономикалық мақсаты мен оны жүзеге асыру жолдары, 

міндеттері мен әдіс – тәсілдері баяндалған құжат. 

Бизнес жасау үшін нарықтық орта жан – жақты 

зерттеледі. Нарықтық ортаның ағымдағы жағдайы, 

болуы мүмкін өзгерістер мен кедергілер, жобаны іске 

асырудан түсетін табыс мөлшері, т.б. нақты көрсетіледі. 

Жоспар экономикада – мақсаты, мазмұны, көлемі, 

әдістері мен құралдары, орындалу мерзімі көрсетіліп, 

нақты кезеңге межеленген шараларды жүзеге асырудың 

белгіленген тәртібі мен реті. Жоспар мемлекет 

ауқымында, жеке өндірістік салалар, аймақтар, 

кәсіпорындар және фирмалар деңгейінде жасалады. 

Оның болашақтық жоспар (ұзақ мерзімге арналғаны 10-

15 жылға, орташа мерзімге арналғаны 3-5 жылға 

лайықталған), ағымдағы жоспар (1 жылдық), 

директивалық жоспар (орындалуы қатаң бақылауға 

алынатын) және индикативті жоспар (болжамға ұқсас 

ұсыныс, тапсырыс) деп аталатын түрлері бар. Жеке 

кәсіпорындар, фирмалар деңгейіндегі жоспар 

болжамдық көрсеткіштер мен оған жетудің нақты 

шаралары көрсетілетін бизнес – жоспар, қысқа мерзімдік 

жедел бағдарламалар түрінде әзірленеді.

Бизнес – жоспар болжалды қаржылық 

нәтижесі көрсетілген жалпы сипаттамадан 

және он тарауға бөлінген негізгі бөлімнен 

тұрады:

 Жоба бойынша өндірілген тауарлар (не қызмет) түрлері 



және олардың бәсекелесу қабілеті сипатталады;  

Тауарларға сұраныс деңгейі мен көлемі ескеріле отырып, 

өнім өткізу нарығы, өндіріс көлемі мен тауарларға 

қойылатын баға анықталады;  

Бәсекелестер мүмкіндігі (тауарларының сапасы мен 

бағасы) туралы мәліметтер талданады;  

Маркетингтік зерттеу нәтижелері (тауарларды өткізу 

және баға саясаты, өнімді сатуда ынталандыру, 

жарнамалау, т.б.) сараланады;  Өнім (не қызмет) өндіру 

жоспары мен өндірістік байланыстар, өндірістік 

шығындарды азайту және өнім сапасын жақсарту әдістері 

айқындалады; 

 Ұйымдастыру – басқару жұмыстары және 

қызметкерлермен жұмыс істеу бағдары белгіленеді;  

Жобаның ұйымдық – құқықтық негіздерін көрсететін 

заңдық құжаттар жасалады;  

Жұмыс барысында кездесетін қауып қатерді болжау және 

оның алдын алу шаралары қарастырылады; 

 Жобаның барлық буындарының құндық көрсеткіштері 

жинақталып, ақшаға шағып көрсетілген қаржы жоспары 

нақтыланады;

   Қаржы көздері (жобаны іске асыруға жеткілікті соманы 

қайдан, қанша мөлшерде ала алады және жоба қандай 

мөлшерде пайда кіргізеді, кредитордан алынған 

қаражатты мерзімінде қайтара алу қабілеті, т.б.) 

жобаланады

.



5.1 Кәсіпорынның қаржылық ортасы

Нарықтық экономика жағдайларында кез – келген кәсіпорын үшін өзінің 

шаруашылық – қаржылық қызметін қажетті қаражаттармен (қаржы 

ресурстарымен) қамтамасыз ету мәселесі маңызды басқару объектісі болып 

табылады.  Қаржы ресурстары дегеніміз жалпы алғанда – бұл кәсіпорынның 

қарамағында және оның қаржылық міндеттемелерін орындауға, өндірісті 

қаржыландыруға бағытталатын ақша қаражаттарының жиынтығы болып 

табылады. Қаржы ресурстары өндіріс барысын дамытуға, өндірістік емес сала 

объектілерін қолдауға және дамытуға, сондай-ақ резервтік қорларды 

қалыптастыруға бағытталады.  Кәсіпорын қызметін қаржы ресурстарымен 

қамтамасыз ету – бұл өндіріс барысын қаржыландыру нысандарының, 

әдістерінің және принциптерінің жиынтығы болып табылады. Бір сөзбен 

айтқанда, кәсіпорынның қаржы ресурстарының көздерін қалыптастыру деп 

кәсіпорын капиталының қалыптасу процесін айтады. Кәсіпорынның қаржы 

ресурстарын тартуының сыртқы және ішкі көздері болады.  Ішкі 

қаржыландыру көздері дегеніміз – бұл кәсіпорын қызметі барысында 

қалыптасатын меншікті қаражаттардан қалыптасады. Бұлардың қатарына 

кәсіпкерліктен алынған табыс, амортизациялық аударымдар, кәсіпорынның 

активтерін сатудан немесе қажетсіз мүлікті, қаражаттарды жатқызуға 

болады.  Ішкі қаржыландыру көздерімен қатар кәсіпорындар сыртқы қаражат 

көздерін тартуға да мүмкіндіктері бар. Сыртқы қаржыландыру көздері 

дегеніміз өндіріске қажетті қаржы ресурстарының сыртқы инвесторлар мен 

кредиторлар салымдары есебінен қалыптасуын білдіреді. Сыртқы қаражат 

көздерін тартудың негізгі нысандары – құнды қағаздар эмиссиясы, банктік 

несиелер тарту, коммерциялық несиелер тарту, лизингтік және факторингтік 

операциялар, қайтарымсыз және демеушілік қаржылық көмектер алу және 

басқалар болып табылады.  Ішкі қаржыландыру көздерінің құрамында 

табыстың маңызы ерекше. Табыс – меншікті капитал өсімінің бірден – бір көзі. 

Нарықтық қатынастар жағдайларында акционерлер мен қаржы 

менеджерлері, кәсіпорын қарамағында қалатын табыс мөлшеріне икемделе 

отырып, кәсіпорынның даму перспективаларына сәйкес дивидендтік және 

инвестициялық саясаттар бойынша шешімдер қабылдайды. Нарықтық 

экономикадағы табыс – өндірістік активтердің және өндірілетін өнімнің 

қозғаушы күші болып табылады




5.4 Кәсіпкерлік қызметтегі лизингтік және 

факторинктік операциялар

Лизинг — бұл лизинг берушінің (жалға берушінің) өзіне тиесілі құрал-жабдықтарды, машиналарды, ЭЕМ, ұйымдастыру техникаларды, өндіріске, 

сауда-саттыққа және қоймаға арналған құрылғыларды лизинг алушыға (жалгерге) лизингтік төлем төлеу шартымен, белгіленген мерзімге 

пайдалануға беруін қарастыратын жалға беру шарты. Лизинг беруші – тартылған ақша және өз ақшасы есебінен лизинг нысанасын өз меншігіне 

сатып алатын және оны лизинг шартының талаптары негізінде лизинг алушыға беретін мәмілесіне қатысушы. Лизинг берушінің бір мезгілде 

лизинг мәмілесінің басқа қатысушысы ретінде іс-қимыл жасауға құқығы жоқ. Лизинг алушы – кәсіпкерлік мақсат үшін лизинг затын лизинг 

келісім шарты негізінде алатын лизингтік мәміле қатысушы. Лизинг мәмілесі – лизингке қатысушылардың азаматтық құқықтар мен міндеттерді 

белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған келісілген іс-қимылының жиынтығы. Лизинг объектісі болып нарықта еркін айналуға тиым 

салынған негізгі құралдардың жіктелуіне жататын кез-келген жылжымалы және жылжымайтын мүліктер болып табылады. Оған үйлер, 

ғимараттар, машиналар, жабдықтар, құрал-саймандар, көлік құралдары, жер учаскелері және кез-келген басқа да тұтынылмайтын заттар 

лизинг нысанасы бола алады. Бағалы қағаздар мен табиғи ресурстар лизинг нысанасы бола алмайды. Заң актілерінде заттар мен жер 

уческелерінің жекелеген санаттарын лизинг нысанасы ретінде пайдалануға өзге де шектеулер белгіленуі мүмкін. ҚР «Қаржылық лизинг туралы» 

6 маусым 2000ж. сәйкес, лизингке берушінің құқықтары мен міндеттері мыналар:  Лизинг беруші: 

1) өзіне тиесілі төленбеген лизинг төлемдерін, сондай-ақ шығынның орнын толтыруды талап етуге; 

2) лизинг шартына сәйкес лизинг алушының лизинг шартының талаптарын орындауына бақылау жасауға; 

3) лизинг алушы лизинг нысанасын қайтару жөніндегі міндеттемелерін бұзған жағдайда мерзімі кешіктірілген уақытқа төлем жасауды және 

шығынның орнын толтыруды талап етуге; 4) осы Заңда көзделген жағдайларда лизинг алушыдан лизинг нысанасын талап етуге құқылы. 2. 

Лизинг беруші: 1) лизинг алушымен келісілген лизинг нысанасын лизинг шартының талаптарымен лизинг алушыға беру үшін оны сатушыдан өз 

меншігіне сатып алуға; 2) сатып алу-сату шартын жасаған кезде лизинг нысанасы белгілі бір сатушыға жазбаша хабарлауға; 3) лизинг 

нысанасын лизинг алушыға лизинг шартында келісілген талаптармен беруге міндетті. 3. Лизинг берушінің лизинг шартында және Қазақстан 

Республикасының заң актілерінде көзделген және осы Заңға қайшы келмейтін басқа да құқықтары болуы және басқа да міндеттерді атқаруы 

мүмкін. Лизинг алушының құқықтары мен міндеттері  Лизинг алушы:  лизинг нысанасын лизинг шартының талаптарымен иеленуге және 

пайдалануға;  лизинг нысанасының сапасына және жиынтықтылығына, оны жеткізу мерзіміне қатысты және сатушы мен лизинг беруші 

арасында жасалған шарт тиісті дәрежеде орындалмаған басқа да жағдайларда сатушыға талап қоюға;  лизинг беруші лизинг шартының 

талаптарын елеулі түрде бұзған жағдайда лизинг беруші лизинг шарты бойынша лизинг алушы алдындағы өз міндеттемелерін орындағанға 

дейін төленуге тиісті лизинг төлемдерін тоқтата тұруға;  лизинг беруші лизинг шартын біржақты тоқтатқан жағдайда ол аванс ретінде төлеген 

лизинг төлемдерін және басқа да сомаларды кері қайтаруды талап теуге;  лизинг нысанасы жеткізілмеген, едәуір уақыт кешіктіріліп жеткізілен 

немесе лизинг нысанасы мақсаты бойынша пайдалануға кедергі келтіретін жойылмайтын кемшіліктерімен жеткізілген жағдайларда лизинг 

шартында көзделген талаптармен лизинг нысанасынан бас тартуға не лизинг нысанасын ауыстыруды талап теуге, лизинг шартын бұзуға; 

 лизинг беруші лизинг шартының талаптарын орындамаса не тиісті дәрежеде орындамаса, залалдың орнын толтыруды талап етуге;  егер лизинг 

алушы жауап бермейтін жағдаяттарға байланысты лизинг шартында көзделген пайдалану талаптары елеулі түрде нашарлап кетсе, лизинг 

сомасы мен лизинг төлемдерін тиісінше азайтуды талап етуге құқылы.



Факторингтік операциялар

Факторинг (ағылш. factor — фактор, сауда делдалы, маклер, комиссияшы, агент) — банкілердің тапсырыскерге көрсететін қызметтерінің түрі; жеткізуші-клиенттің 

мамандандырылған мекемеге (факторингілік компанияға, банкінің факторингілік бөліміне) жеткізілген тауарлар немесе көрсетілген қызметтер үшін төленбеген төлем 

құжаттарын (шот-фактураларды) ұсынуына байланысты сауда-комиссиялық операциялардың бір түрі, яки жеткізуші-кәсіпорынның айналым капиталын несиелендіруі. Мұнда 

несиелендіру төлемші (сатып алушы) төлемеген борышқорлық талаптарды (жеткізілген тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін төлем құжаттарын) 

басқа тұлғаға (факторға) берумен және факторға ол бойынша төлем алу құқығын табыстаумен байланысты болады. Факторинг рөлін банкілер, несие, қаржы мекемелері, 

банк операцияларымен айналысатын басқа да мекемелер атқарады. Факторинг қызметімен айналысу үшін фактор ұлттық (орталық) банкіге жазбаша өтініш жасап, оның 

келісімін алуы тиіс. Факторинг қызметінде банк талаптан шегіну шарты бойынша тапсырыскердің борышқорларынан борышты өндіріп алу құқығын тапсырыскерден сатып 

алады және тапсырыскерге өзінің қаражатынан сатып алынған борыштың 90%-ына дейінгісін төлеп‚ өзінде сыйақы ретінде әлдебір пайызын қалдырады. Факторингілік 

қызмет көрсетудің мақсаты — алашақты (дебиторлық берешекті) дер кезінде инкассолау, төлемнің мерзімі өтуінен болатын шығасыны қысқарту, күмәнді борыштың пайда 

болуына жол бермеу, несиені басқаруда және бухгалтерлік есепті жүргізуде көмек беру, жеткізушінің өндірістік қызметінің ойдағыдай болуы үшін жақсы жағдай жасау, 

мұның өзі кәсіпорынның айналым мен пайданы молайтуына септігін тигізеді. Факторингілік компания төленбеген шот-фактуралардың меншіктенушісіне айналады және 

олардың төленбеуі қатерін өз мойнына алады. Факторингілік операциялар жеткізуші мен оның контрагенттері бір елдің ішінде болатын ішкі операциялар және халықар. 

операциялар (халықар. несиенің түрі ретінде) болуы мүмкін. 1988 ж. Халықараралық Факторинг туралы конвенция қабылданды. Конвенциялық (ашық) Факторинг және құпия 

(жасырын) Факторинг түрлеріне бөлінеді.  1988 жылы жеке құқықты жүйелеудің халықаралық институтымен қабылданған Халықаралық факторинг туралы Конвенцияға 

сәйкес, келесідей төрт белгі қанағаттандырылғанда ғана факторинг операциясы болып саналады. 1. қарыздық талаптарды алдын ала төлеу формасында несиелеудің 

болуында; 2) жабдықтаушымен бухгалтерлік есепті жүргізу, ең алдымен өткізу есебін; 3) жабдықтаушы қарызын инкассолау; 1. несиелік тәуекелден жабдықтаушыны 

сақтандыру. Факторингтің үш қатысушысы: фактор, бастапқы несие беруші, борышқор. Жабдықтаушы өз қарыздық талаптарын факторға сатады. Фактор, ол талаптың 80% 

бөлігін сол жерде төлейді (комиссиондық төлемдерді алып тастағанда). Қалған бөлігі борышқормен төленгеннен кейін қайтарылады. Сонымен қатар, банк осы операциямен 

байланысты барлық жауапкершілікті, тәуекелді, талаптарды инкассолауды өз мойнына алады. Жабдықтаушы шығындарына мыналар жатады: бухгалтерлік есепті жүргізгені 

үшін және факторлық жиындар үшін комиссиондық төлемдер; банктің немесе факторингтік комиссияның пайдасы. Факторингтік келісімнің бірнеше типтері бар. Толық қызмет 

ету туралы келісім әдетте факторингтік компания мен жабдықтаушы тұрақты, ұзақ қатынаста болатын болса қолданылады. Толық қызмет ету мыналарды қамтиды: күмәнді 

қырыздардың пайда болуынан толық қорғау, төлемдердің кепілдік түсімін қамтамасыз ету, несиені басқару, сатуды есептеу, белгілі бір мерзімге алдын ала төлем 

формасындағы несиелеу, Регресстік кұкы бар толық қызмет етудің алдыңғысынан айырмашылығы – факторингтік компания жабдықтарушы көрсететін несиелік тәуекелді 

сақтандырмайды. Бұның мәні компания егер төлем құжаттары төленбесе, оларды жабдықтаушыға қайтарып бере алады. Толық қызмет ету туралы факторингтік келісімнің 

тағы бір түрі – агенттік келісім немесе көтерме факторинг туарлы келісім. Бұл жағдайда жабдықтаушы факторингтік компанияға тек 326 Ақша, несие, банктер несиелік 

тәуекелдің қорғау функциясын береді, ая қалған элементтер жабдықтаушыда қалады, яғни ол факторингтік компанияның талаптарды есепке алу мен инкассолаудың агенті 

болады. Егер жабдықтаушы тек несиелеуге қызығушылық білдірсе, ол ашық немесе конференциялдық шот-фактураны есепке алу туралы мәміле жасау мүмкін. Факторингтік 

компания үшін шот-фактурараларды дисконттау өте тәуекелді болып келеді. 21. Еңбек ұжымының қалыптасуы. Жаңа персоналды іздеу каналдары және таңдау әдістері. 

Еңбек ұжымы– қоғамның мүддесіне керекті өнім өндіруді немесе қызмет етуді көздеген адамдар бірлестігі. Ұжымның қарапайым түрі алғашқы қоғамда қалыптасқан. 

Орталықтанған меншікке негізделген экономикада еңбек ұжымын ұйымдастыру мемлекеттің қолында болады. Мемлекеттік мекеменің еңбек ұжымын еңбек шарттарының, 

сондай-ақ қызметкерлер мен Мемлекеттік мекеменің арасындағы еңбек қатынастарын реттейтін басқа құжаттарды негізінде оны қызметіне өз еңбегімен қатысатын барлық 

азаматтар құрайды. Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алып, қысқа мерзім ішінде нарықтық экономикаға бет бұрды. Сондықтан, осыған байланысты жалдамалы 

қызметкерлердің еңбек құқығын қорғауда үлкен мәселелер туындады. Себебі, олардың құқықтарын кейбір жұмыс берушілер жиі бұзып, еңбек құқығы нормаларын 

қолданғанда көп қателер жібереді. Осыған байланысты, еңбек қатынасындағы әлсіз жақ – жалдамалы қызметкерлердің құқығын қорғау қазіргі еңбек құқығының 

функционалды рөлі болып табылады. Ал осы еңбек қатынасындағы әлсіз жақтың құқығын қорғауды қамтамасыз етудің басты тәсілі осы мақсатқа арналған еңбек дауы 

институты танылған. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің (бұдан әрі ҚР ЕК) 1 – бабының 1 – тармағының 19 – тармақшасына сәйкес еңбек дауы – бұл ҚР еңбек 

заңнамасын қолдану, келісімдердің, еңбек шартының және (немесе) ұжымдық шарттың, жұмыс беруші актілерінің талаптарын орындау немесе өзгерту мәселелері бойынша 

қызметкер (қызметкерлер) мен жұмыс берушінің (жұмыс берушілердің) арасындағы келіспеушіліктер болып табылады. Еңбек дауларын құқық қатынастарының түрі бойынша 

еңбек құқықтық қатынастарынан туындайтын жеке еңбек даулары және еңбек ұжымы мен жұмыс беруші арасында туындаған ұжымдық еңбек даулары болып екіге бөлінеді. 

Қазіргі заңи әдебиеттерде ұжымдық еңбек дауларының мәселелері, оның ішінде ұғымы, классификациясы әлі толық зерттелмеген. Қазақстан Республикасында ұжымдық 

еңбек дауларын шешу тәpтiбi мен әдістерін, сондай-ақ ереуіл жасау құқығын жүзеге асыру тәртібін реттейтін құқықтық негіз 1996 жылы шілденің 8-інде қабылданған 

«Ұжымдық еңбек даулары мен ереуілдер» туралы Қазақстан Республикасының Заңы болды. Мұнда: «ұжымдық еңбек даулары – ұйымдарда еңбек жағдайларын белгiлеу мен 

өзгертуге және еңбекке ақы төлеуге, ұжымдық шарттар мен келiсiмдер жасасуға, оларды орындауға байланысты, сондай-ақ қолданылып жүрген заңдардың, ұжымдық 

шарттар мен келiсiмдердiң ережелерiн қолдану мәселелерi бойынша жұмыс берушi (жұмыс берушiлер бiрлестiгi) мен қызметкерлер ұжымдары (қызметкерлер өкiлдерi) 

арасындағы келiспеушiлiктер» – деп белгіленген. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырда Еңбек кодексі шығуымен байланысты бұл заң өз күшін жойды. Басқа 

елдердің Еңбек кодекстерімен салыстырғанда ұжымдық еңбек дауларының түсініктемесі ҚР ЕК көрсетілмеген. Бірақ ҚР ЕК комментарийінде қазақстандық ғалым, профессор 

Е.Н.Нургалиева ұжымдық еңбек даулары – бұл ұйымдарда еңбек жағдайларын белгілеу мен өзгерту (жалақыны қоса), ұжымдық шарттар мен келісімдерді жасау, өзгерту 

және орындау бойынша, сонымен қатар еңбек құқығы нормаларынан тұратын актілерді қабылдаған кезінде қызметкерлердің сайланбалы органының ойын ескеруге жұмыс 

берушінің бас тартуымен байланысты қызметкерлер (олардың өкілдері) және жұмыс берушілер (олардың өкілдері) арасындағы реттелмеген келіспеушіліктер деген 

түсініктеме береді. Бұл анықтаманы нақтырақ деуге болады.



Кәсіпкерлік қызметтегі еңбек ресурстарын 

жоспарлау және бағалау

1997 жылы маусым айында қабылданған Қазақстан Республикасының «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы» 

Заңының 3-ші бабында шағын кәсіпкерліктің субъектілерінде айдай анық анықтама берілген, нақтылап айтқанда, «шағын 

кәсіпкерліктің субъектілері болып жұмысшыларының орташа жылдық саны 50 адамнан аспайтын және жалпы активтерінің 

құны жылына орта есеппен есептік көрсеткіштен алпыс мың еседен артып кетпейтін заңды тұлға мен заңды тұлғаларды 

құрамайтын жеке тұлғалар болып саналады». Шағын кәсіпкерліктің артықшылығы: 1. айырықша қажеттіліктерді 

(ксерокөшірме, бала тәрбиелеушілер қызметі, сәлемдемелерді жеткізу қызметін құру және т.б.) қанағаттандыру мүмкіндігі; 

2. өзгерістерге тез икемделу қабілеттілігі; 3. жаңа тауарларды, жұмыстардың жаңа тәсілдерін мақұлдау мүмкіндігі. 

Баршаға белгілі, Қазақстандағы шағын кәсіпкерлікті дамытудың негізінен үш мақсаты бар: өнімдер мен қызметтерді өндіру 

көлемін ұлғайту; халықтың жұмыспен қамтылуын күшейту; салықтар мен басқадай төлемдердің бюджетке түсуін көбейту. 

Алынған статистикалық есепті талдаудың көрсетуіне қарағанда 1997 жылғы республикадағы шағын кәсіпорындардың 

және онда жұмыс істейтін адамдардың саны оншалықты өспеген. 1996 жылдың соңында 21,2 единица болса, 1997 жылдың 

аяғында – 21,9 болған. Күшіндегі заң бойынша шағын кәсіпорындарды дамыту оның барлық қызметтері салаларында 

ынталандырылуы тиіс. Кәсіпорындардың және оларды жұмыс істейтін жұмыскерлер санының тұарақтамауы, шағын 

бизнестің тиімсіз салалық және аймақтық құрылымдарының құрылуы және оның қылмысқа баруы, ұсақ кәспікрлердің 

өндірістен және инвестициядан «қашуы» сияқты шағын кәсіпкерлік аясында соңғы кездері көрініс берген дағдарыстық 

процестер қазіргі Қазақстан экономикасының маңызды секторының басқаруға келмейтіндігі, оның ұйқы-тұйқы 

қалыптасқандығы туралы тұжырым жасауға негіз болады.  Мәселе, оның жетілген инфрақұрылымының жоқтығы шағын 

кәсіпкерлікті қолдауға бөлінген қыржылық қаражаттың шектеулілігінде ғана емес, сонымен бірге шағын кәсіпкерлікті 

қолдаудың мемлекеттік стратегиясының, тиісті салалық, аймақтық және басқадай артықшылықтың айқындалмауы, 

кәсіпкерлік құрылымдармен кері байланыстың болмауы, өтіп жатқан процесстерді бақылау және оларды теңестірудің 

жоқтығында болып отыр. Шағын бизнес аймақтық жергілікті масштабта, ұлттық экономиканың айырқша секторы түрінде 

әлдебір секілді өмір сүріп және дамып келеді, сонымен бірге нақтылы кәсіпорын болып әйгіленген. Шағын кәсіпкерліктің 

бірталай сапалық ерекшеліктері бар, ол ерекшеліктер оны экономиканың спецификалық секторы ретінде бөлектеп көрсету 

мәжбүр етеді. Оларға мыналар жатады: -меншік құқықтың бүтіндігі және кәсіпорынды тікелей басқару, бір жағынан, 

менеджерлерді бақылаудың қажеттілігін жояды, екінші жағынан – басшының табысқа жетудегі рөлі мен мәнін күшейтеді; 

-кәсіпорын масштабының шектеулілігі және қожайын мен жұмыскерлердің арасындағы тікелей байланыс, бір жағынан, 

басқару тиімділігін арттырады, екінші жағынана - өндіріске тұлғалық қатынас ықпалын күшейтеді; -кәсіпорын мүмкіндігі 

мен ресурстардың шектеулілігі, бір жағынан, оған тауар түріне (жұмыс, қызмет) берілген бағаға және тауарлы рынок 

жағдайына айтарлықтай ықпал ету мүмкіндігін тудырады, екінші жағынан – қызмет түрін тез өзгертуге жағдай жасайды. 

-тұтынушылар шеңберінің шектелінуі және жергілікті рынокқа бағдарлануы




Бөлімшелер – персоналды басқару функцияларын атқарушылар, кең мағынада персоналды басқару құрылымы 

ретінде қарастырылады. Ұйымда персоналды басқару бойынша негізгі құрылымдық бөлім – кадрлар бөлімі болып 

табылады. Ол кадрларды жұмысқа қабылдау, босату, оқыту, біліктілігін көтеру және қайта даярлау функцияларын 

атқарады. Ұйымдарда әлеуметтік мәселелерді шешу үшін әлеуметтік зерттеу немесе қызмет көрсету бөлімдері 

ашылады. Бірқатар ұйымдарда персоналды басқару бойынша директор орынбасарларының жетекшілігімен 

кадрлармен жұмыс істеуге қатысы бар бөлімдерді біріктіретін персоналды басқару жүйелері құрылады.Кіші және 

орта ұйымдарды персоналды басқару жөніндегі көп функцияларды бөлімше жетекшілері, ал ірі ұйымдарда оларды 

орындайтын жеке өзіндік құрылымдық бөлімшелер қалыптастырады.Кәсіпорынның персоналын басқару өзара 

байланысқан іс - әрекет түрлерінің кешенінен тұрады:  кәсіпорын іс - әрекетінің стратегиясына сәйкес әр түрлі 

біліктілігі бар жұмысшылар, инженерлер, менеджерлерге деген қажеттілігін анықтау;  еңбек нарығын талдау және 

жұмысбастылықты басқару;  персоналды іріктеу және бейімдеу;  кәсіпорын қызметкерлерінің мансабын, олардың 

кәсіби және әкімшілік өсуін жоспарлау;  еңбек етуді қолайлы жағдайлармен қаматасыз ету, соның ішінде әрбір адам 

үшін игілікті әлеуметтік-психологиялық хал-ахуал құру;  өндірістік процестерді ұйымдастыру, еңбек шығындары мен 

нәтижелерін талдау, құрал – жабдықтар бірлігінің саны мен әр түрлі топтардағы персонал саны арасындағы тиімді 

қатынасты бекіту;  еңбек өнімділігін басқару;  тиімді іс - әрекетті мотивациялау жүйесін жасау;  еңбекақы төлеу 

жүйесін жобалау;  кәсіпорынның әлеуметтік саясатын жасау және жүзеге асыру;  дау-жанжалдан сақтау және 

болдырмау.  Персоналды басқару аспектілері: Персоналды басқару және оның жұмыс істеуіне қажетті жағдайларды 

жасау үшін керекті мәселелерді орындау қажет. Олардың ішіндегі ең маңыздылары:  әлеуметтік-психологиялық 

диагностика;  топтық және жеке адамдардың қарым-қатынастарын, басшылықтың көзқарасын талдау және реттеу; 

        Егер әміршілдік-әкімшілдік жүйесіндегі бұл мәселелер екінші дәрежеде болса, нарыққа өту жағдайында олар 

алдыңғы қатарда орын алып, оның шешілуіне әрбір ұйым мүдделі болып отыр. Кадрлар қызметін басқарудағы 

ұйымдастырушылық құрылымы. Персоналды басқару – бұл функция тек қана кадрлар қызметіне жатпайды. Осы 

және басқа да бағыттағы жұмысқа өз құзырының көлемінде персонал басқарудың басқа да субъектілері - өндірістік 

бөлімшелердің сызықтық жетекшілері оған бағынатын мамандарымен бірге міндетті түрде қатысады. Басқарудың 

жоғары сатыларында стратегиялық сипаттағы мәселелер шешіледі: кадрлар саясаты, оны орындаудың стратегиясы 

мен тактикасы және оны орындаудың тапсырмалары, әдістемелік пен нормативтік материалдарды жасау 

тапсырмалары қалыптасады

Бөлімшелер – персоналды басқару функцияларын атқарушылар, кең мағынада персоналды басқару құрылымы 

ретінде қарастырылады. Ұйымда персоналды басқару бойынша негізгі құрылымдық бөлім – кадрлар бөлімі болып 

табылады. Ол кадрларды жұмысқа қабылдау, босату, оқыту, біліктілігін көтеру және қайта даярлау функцияларын 

атқарады. Ұйымдарда әлеуметтік мәселелерді шешу үшін әлеуметтік зерттеу немесе қызмет көрсету бөлімдері 

ашылады. Бірқатар ұйымдарда персоналды басқару бойынша директор орынбасарларының жетекшілігімен 

кадрлармен жұмыс істеуге қатысы бар бөлімдерді біріктіретін персоналды басқару жүйелері құрылады.Кіші және 

орта ұйымдарды персоналды басқару жөніндегі көп функцияларды бөлімше жетекшілері, ал ірі ұйымдарда оларды 

орындайтын жеке өзіндік құрылымдық бөлімшелер қалыптастырады.Кәсіпорынның персоналын басқару өзара 

байланысқан іс - әрекет түрлерінің кешенінен тұрады:  кәсіпорын іс - әрекетінің стратегиясына сәйкес әр түрлі 

біліктілігі бар жұмысшылар, инженерлер, менеджерлерге деген қажеттілігін анықтау;  еңбек нарығын талдау және 

жұмысбастылықты басқару;  персоналды іріктеу және бейімдеу;  кәсіпорын қызметкерлерінің мансабын, олардың 

кәсіби және әкімшілік өсуін жоспарлау;  еңбек етуді қолайлы жағдайлармен қаматасыз ету, соның ішінде әрбір адам 

үшін игілікті әлеуметтік-психологиялық хал-ахуал құру;  өндірістік процестерді ұйымдастыру, еңбек шығындары мен 

нәтижелерін талдау, құрал – жабдықтар бірлігінің саны мен әр түрлі топтардағы персонал саны арасындағы тиімді 

қатынасты бекіту;  еңбек өнімділігін басқару;  тиімді іс - әрекетті мотивациялау жүйесін жасау;  еңбекақы төлеу 

жүйесін жобалау;  кәсіпорынның әлеуметтік саясатын жасау және жүзеге асыру;  дау-жанжалдан сақтау және 

болдырмау.  Персоналды басқару аспектілері: Персоналды басқару және оның жұмыс істеуіне қажетті жағдайларды 

жасау үшін керекті мәселелерді орындау қажет. Олардың ішіндегі ең маңыздылары:  әлеуметтік-психологиялық 

диагностика;  топтық және жеке адамдардың қарым-қатынастарын, басшылықтың көзқарасын талдау және реттеу; 

        Егер әміршілдік-әкімшілдік жүйесіндегі бұл мәселелер екінші дәрежеде болса, нарыққа өту жағдайында олар 

алдыңғы қатарда орын алып, оның шешілуіне әрбір ұйым мүдделі болып отыр. Кадрлар қызметін басқарудағы 

ұйымдастырушылық құрылымы. Персоналды басқару – бұл функция тек қана кадрлар қызметіне жатпайды. Осы 

және басқа да бағыттағы жұмысқа өз құзырының көлемінде персонал басқарудың басқа да субъектілері - өндірістік 

бөлімшелердің сызықтық жетекшілері оған бағынатын мамандарымен бірге міндетті түрде қатысады. Басқарудың 

жоғары сатыларында стратегиялық сипаттағы мәселелер шешіледі: кадрлар саясаты, оны орындаудың стратегиясы 

мен тактикасы және оны орындаудың тапсырмалары, әдістемелік пен нормативтік материалдарды жасау 

тапсырмалары қалыптасады

Кәсіпорын персоналын бағалау әдістемесі.Персоналды 

басқарудың құрамы



Document Outline

  • Slide 1
  • Slide 2
  • Slide 3
  • Slide 4
  • Slide 5
  • Slide 6
  • Slide 7
  • Slide 8
  • Slide 9
  • Slide 10
  • Slide 11
  • Slide 12
  • Slide 13
  • Slide 14
  • Slide 15
  • Slide 16
  • Slide 17


жүктеу 181,81 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
Жұмыс бағдарламасы
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
бекіту туралы
қызмет стандарты
туралы хабарландыру
Сабақ тақырыбы
Әдістемелік кешені
Қазақстан республикасы
республикасы білім
титулдық парағы
білім беретін
Сабақ жоспары
Қазақстан облысы
Конкурс туралы
Қазақстан республикасының
жылдарға арналған
мемлекеттік әкімшілік
бойынша оқыту
біліктілік талаптары
Республикасының білім
қойылатын жалпы
мемлекеттік қызметшілері
жалпы біліктілік
жұмыс істеу
ткізу туралы
қатысушыларға қойылатын
қағидаларын бекіту
қатысушыларына арналған
ортақ біліктілік
мамандығы бойынша
денсаулық сақтау
арналған ортақ
конкурс қатысушыларына
пәнінің мұғалімі
Мектепке дейінгі
бағдарламасының титулдық
Республикасы кіметінің
біліктілік талаптар
жұмыспен қамту
мамандығына арналған
мемлекеттік мекемесі
Бастауыш сынып
Республикасы білім
жалпы білім
Конкурс ткізу
мектепке дейінгі
облысы бойынша